Құқықтық реттеу әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 15:16, реферат

Описание работы

Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормаларға қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнің құрайды.

Файлы: 1 файл

Құқықтық реттеу әдісі.docx

— 18.95 Кб (Скачать файл)

Құқықтық  реттеу әдісі

Конституциялық  құқық – Қазақстан Республикасының  құқық жүйесі салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді  және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормаларға қоғамдық қатынастардың  ерекшеліктерімен белгіленетін, солар  арқылы реттелетін  жалпы белгілердің  болатындығын білдіреді. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар оның пәнің құрайды.

  Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды, сондай ақ мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық  құқық пәнін түсінудің теориялық, сондай ақ практикалық мәні бар. Онсыз  Конституциялық құқықтың нормалары  мен институттарына тән мәнін  дұрыс түсінуге болмайды, орлардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін  ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын  анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты  құқықтық әрекеттерді орындау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу  керек Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.

 Конституциялық  құқық нормаларымен реттелетін  қатынастар аясы мейлінше кең.  Ол мемлекет пен қоғам өмірінің  барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа  салаларды қамтиды. Әрине конституциялық  құқық нормалары аталған салаларды  барлық көріністері бойынша және  жан-жақты реттемейді. Ол аталған  салаларда тек ең негізгі, базалық  қабаттарды ғана реттейді. Бұл  қабаттар мемлекет пен қоғамдағы  кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуеттік, діни байланыстардың  негізін қалайды.

 Конституциялық  құқық, тұтас алғанда, құқықтың  реттеу әдістері деп аталатын  белгілі бір тәсілдер мен әдістердің  көмегімен мемлекеттік және қоғамдық  қатынастары реттейді. Конституциялық  құқықтық қатынастарды реттеу  үшін төмендегідей әдістер қолданылады:

1. Міндеттеу  әдісі;

2. Тыйым салу  әдісі;

3. Рұқсат  ету әдісі;

4. Тану әдісі.

 

 Міндеттеу  әдісі мемлекеттік органдарға  сияқты, жеке тұлғаларға қатысты,  олардың барлық қызмет саласында  қолданылады.

 Контитуциялық  құқықта тыйым салу әдісі де  кең қолданылады. Бұл әдіс, көбіне  мемлекеттік органарға, қоғамдық  құрылымдарға қатысты қолданылады.  Тыйым салу әдісі азаматтарға  қатысты шектеулі жадайларда  ғана қолданылады. ҚР Конституциясының 39 бабының  3 тарауында былай делінген: «Саяси себептер бойынша азаматтардың  құқықтарымен бостандықтарын қандай  да бір түрде шектеуге жол  берілмейді». Конституция заңда  қаралмаған әскерилендірілген құрамалар  құруға тыйым салады.                            

 ҚР  Конституциялық құқығы демократияның  шынайы көрінісі болып табылатын  рұқсат ету әдісін де кең  қолданады. Мұндай әдіс көп  жағдайларда адамдардың және  азаматттардың мәртебесін белгілеу  үшін қолданылады. Мысал ретінде  әркімнің, заңмен белгіленгеннен  басқа ретте, Қазақстан аумағында  еркін жүріп тұруын және тұратын  орнын еркін тандауын айтуға  болады. Рұқсат ету әдісінің өзіндік  ерекшелігі мынада, Конституция  белгілі бір ауқым, шекке дейін  еркін әрекет ету мүмкіндігін  бере отырып, субъектінің әрекетін  айтарлықтай шектей алады.

 Рұқсат  ету әдісі мемлекеттік органдардың  өкілеттігін белгілеу кезінде  де қоланылады. Айталық, ҚР Конституциясының 53-бабының  3-тармағына сәйкес  Парламент Платаларының бірлескен  отырысында Президентке, оның  бастамасы бойынша, әр палата  депутаттары жалпы санының үштен  екі дауысы мен бір жылдан  аспайтын мерзімге заң шығару  өкілеттігін беруге хақылы.

 Қазақстан  Республикасының конституциялық  құқығы құқықтық реттеудің тағы  бір әдісі тану (танымау) әдісін  де қолданады. Кеңестік кезеңнен  кейінгі конституциялық құқық  жөніндегі әдебиеттерде мұндай  әдістің қолданылу мүмкіндігі  байқалмайды. Оның үстіне бұл  әдіс объективті факторлардан  адамдардың табиғи құқығын заң  тұрғысынан танудан туындайды.  Мемлекет адамдардың таиғи құқығына  рұқсат етеді емес, дәлірек айтқанда  таниды. ҚР Конституциясының 12-бабының  2-тармағында былай деп жазылған: «Адам құқықтары мен бостандықтары  әркімге тумысынан жазылған, олар  абсолютті деп танылады, олардан  ешкім айыра алмайды, заңдар  мен өзге де нормативтік құқықтық  актілердің мазмұны мен қолданылуы  осыған қарай анықталады». Құқықтық  реттеуді әдіс ретінде тану  да конституцияның құқықтың демократиялық  және адамгершілік мәнін сипаттайды.

 

 

Адам  әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар  арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық  жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық  идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы камтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс  табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың  жиынтығы.

Құқық жүйесі

Құқық нормалары  өзара үйлесімді жұмыс істеуі кажет. Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі деп аталады. Құқық жүйесі құқық  нормаларынан тұрады, аталған нормалар құқық саласын құрайды, салалар  ішінде құқық нормалары құқық  институттарына топтастырылады. Бірқатар іргелі құқық салалары құқық салашықтарына  бөлінеді. Кез келген құқық саласы өзінің пәні мен құқықтық реттеу әдістеріне ие. Құқық нормалары арқылы реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастар құқықтық реттеу пәні болып табылады.

Құқықтық  реттеу әдісі дегеніміз — біртектес  қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтың реттеуді жузеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер. Құқықтық реттеудің  мынадай негізгі әдістері бар:

имперактивті (тегеуірінді түрде) — тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген  жазбаша өкім әдісі;

диспозитивті  —рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық  пен теңдікке негізделген тараптардың  тең құқықты әдісі.

Сондай-ақ қосымша әдістер де болады:

көтермелейтін—  құрметтеуге лайықты іс-өрекет үшін марапаттау әдісі;

ұсынылатын— мемлекет пен коғам үшін лайыкты  мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес  беру әдісі.

Императивтік  норма – заңмен белгіленген және құқық субъектісі үшін міндетті болып  табылатын құқық нормасы.

Императивтік  нормада іске асырылуы барысында  өзгертуге болмайтын ережелер, яки  бас тартуға жол берілмейтін  өктем тапсырмалар баяндалады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық  кодексінің бірқатар нормаларында шарт тараптары үшін міндетті мінез-құлық ережелері немесе шарт талаптары қарастырылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі тек қана императивтік сипаттағы нормалардан құралған. Іс жүргізу заңнамалары, негізінен, императивтік сипатта болып келеді. Мысалы, Әкімшілік іс жүргізу кодексі, Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық іс жүргізу кодексі өктем тапсырма сипатында. Жыл сайынғы демалысты ақшалай өтеммен ауыстыруға болмайтыны атап көрсетілген еңбек құқығының нормасы да императивтік норманың мысалы бола алады.

Атқарушылық іс жүргізу дегеніміз – бұл  соттың нормативтік және басқада  органдардың юридикциялық актілерін  мәжбүрлеп орындау мақсаты болып  табылатын азаматтық іс жүргізудің дербес саласы.

 Әр  құқық саласының өзінің реттейтін  нақты қоғамдық қатанастары болады, сондықтан атқарушылық іс жүргізуде  нақты қоғамдық қатынасты реттеуге  бағытталады, яғни азаматпен және  шаруашылық істер жөніндегі сот  шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын, мүлікті өндіріп алу бөлігіндегі  қылмыстық істер жөніндегі үкімдер  мен қаулыларды міндетті түрде  және уақтылы орындау және  өзге де органдардың шешімдері  мен қаулыларын орындау жөніндегі  қатынастарды реттейді.

 Атқарушылық  іс жүргізудің пәні деп –  сот орындаушысы мен екінші  жақтың яғни өндіріп алушымен  борышкердің арасындағы қоғамдық  қатынастарды реттейтін, атап  айтқанда, яғни азаматтық және  шаруашылық істер жөніндегі сот  шешімдерін ұйғарымдары мен қаулыларын  міндетті түрде уақтылы орындау  жөніндегі қатынастар.

 Атқарушылық  іс жүргізу - бұл атқару құжатының  негізінде сот орындаушысы және  өзге де іс жүргізуге қатысушылар  арасында туындайтын процессуалдық  қатынастар мен әрекеттер жиынтығы  болып табылатын азаматтық іс  жүргізудің дербес сатысы. Осы  аталған құқықтық қатынастарды  реттеуде 2 әдіс түрін белгілеуге  болады.

 Диспозитивті  әдіс белгілі бір әрекеттер  мен іс-қимылдар жасауға заңда  белгіленген тәртіппен рұқсат  етеді. М, атқару құжатын өз  еркімен 5 күн мерзім ішінде  орындау диспозитвитік әдіспен  жүргізіледі. Императивтік әдіс  заңмен белгіленген тәртіпті  іс-әрекеттерді нақты орындау.  М, борышкердің мүлкі немесе  борышкерден белгілі бір ақша  сомасын өндіру.

ҚР салықтық құрылысын императивті әдістін мысалы ретінде алып қарастырайық.

ҚР салықтық құрылысы

 Салық  төлеушінің құқықтары. 

 Салық  төлеуші: 

- қолданылып  жүрген салық және бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдер туралы; салық заңдарындағы  өзгерістер туралы салық қызметі  органдарынан ақпарат алуға 

- салық  қатнастары мәселелері бойынша  өз мүдделерін жеке өзі не  өз өкілі арқылы немесе салық  консультантының қатысуымен білдіруге 

- салық  бақылауы нәтижелерін алуға 

- жеке  шотын салық міндеттемелерінің  орындалуы бойынша бюджетпен  есеп айырысудың жай – күйі  туралы көшірме алуға 

- салық  құпиясының сақталуын талап етуге 

- салық  салуға қатысы жоқ ақпарат  пен құжаттар табыс етпеуге  құқылы 

- салық  төлеушінің ҚР салық заңдарында  көзделген өзге де құқықтары  бар. 

 Салық  төлеушінің міндеттері.

 Салық  төлеуші: 

- салық  қызметі органдарының анықталған  салық заңдарын бұзушылықтарды  жою туралы заңды талаптарын  орындауға, сондай – ақ қызметтік  міндеттерін атқаруы кезіндегі  заңды қызметіне кедергі жасамауға 

- нұақама  негізінде салық қызметі органдары  лауазымды адамдарының салық  салу объетісі және салық салумен  байланысты объект болып табылптын  мүлікті тексеруіне жол беруге 

- заңды  тұлғаның қайта ұйымдастырылуына  және таратылуына, жеке кәсіпкердің  кәсіпкерлік қызметінің тоқтатылуына  байланысты құжаттық тексеруді  жүргізу туралы салық органыны  өтініш беруге міндетті.

 Салық  қызметі органдарының құқықтары. 

- Салық  кодексіне сәйкес кесімдік құқықтық  актілерді жасау және бекіту 

- өз  өкілеттілігі аумағында салық  міндеттерінің туындауы, атқаруды  және тоқтатылуына байланысты  түсініктем беру 

- салықтық  бақылауды жүргізу 

- ҚР  заңнамасында бекітілген талаптарды  сақтай отырып салық төлеушінің  міндеттемесімен байланысты ақша  қаражаттаоының құжаттарын, бухгалтерлік  кітаптарды, есептерді, сметаларды, қолма – қол ақшаларды, бағалы  қағаздарды, есеп айырысуларды, декларацияларды  және өзге де құжаттарды тексеру 

- салық  төлеушілерден есептелген және  төленген салық және бюджетке  төленетін басқа да міндетті  төлемдер туралы жинақтаушы зейнетақы қорына жасалатын міндеттерді зейнет ақы жарналары туралы құжаттарды талап ету

- салықтарды  тексеру барысында салық заңдылықтарын  бұзушылықтарын растайтын құжаттарды  тәркілеу 

- ҚР  Үкіметі бекіткен тізбе бойынша  салық төлеушіден электрондыққұжаттарды  алу 

- банктерден  және банктік операциялардың  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын  ұйымдардан салық төлеушінің  банк шоттарының номерін ондағы  ақша қозғалысымен қалдық туралы  мәліметтер алу және тағы басқа  құқықтары бар. 

 Салық  қызметі органдарының міндеттері.

- салық  құқықтарын сақтау 

- мемлекет  мүддесін қорғау 

- салық  төлеушілердің салықтық міндеттерін  дұрыс орындауын және жинақтаушы  зейнетақы қорына міндетті зейнетақы  жарналарын толық әрі уақтылы  аударуын бақылау 

- салық  төлеушілердің салық салу объектілерінің  және төленетін басқа да міндетті  төлемдердің есебін жүргізу 

- салықтық  тексерулерін нұсқама бойынша  жүргізу 

- салық  құпиясын сақтау 

- салық  заңнамасын бұзған салық төлеушілерге  әкімшілік шараларын қолдану 

- мемлекет  меншігіне айналған мүліктерді  есепке алу, сақтау, бағалау, өткізу  және оны өткізуден түскен  түсімінің бюджетке толық әрі  уақтылы түсуін бақылау және  тағы басқа міндеттер. 

 Салық  құқығының пәні, әдісі және жүйесі.

 Салық  құқығы дегеніміз мемлекеттің  салық құқығыың барысында туындайтын  қоғамдық қатнастарды реттейтін  құқықтық нормалардың жиынтығы.

 Салық  құқығының әдістеріне императивтік  және диспазитивтік әдістер жатады. Салық салу аясында мемлекет  тарапынан қолданылатын негізгі  әдіс – императивтік әдіс болып  табылады. Салық құқығының болмысының  нысаны ретінде салық заңдарын  айтуға болады. Салық заңдарына  мемлекеттік салық салу аясындағы  қоғамдық қатнастарды реттейтін  құқықтық нормативтік актілердің  жиынтығы жатады.

Информация о работе Құқықтық реттеу әдісі