Қазақ мәдениетінің бастаулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2013 в 12:36, реферат

Описание работы

Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.

Файлы: 1 файл

Қазақ мәдениетінің бастаулары.docx

— 73.65 Кб (Скачать файл)

Түрік этностарының мәдени кеңістігін қарастырғанда мынадай ерекшеліктерге назар аудару керек. Біріншіден, түріктің төлтума мәдениеті арабтардікіндей шөл сахарада емес, жер бедері қолайлы Саян-Алтайдың орманды даласында ұяланған. Яғни қуаң еуразиялық Ұлы Даланы игеру үшін Өтүкеннің қара орманында қор жинау қажет еді. Бұл қор жинақтау аймағын Қытай мен Иранның шет пұшпағы деп қарастыру ақиқаттан алшақ. Екіншіден, түріктік этномәдени тұтастықтың тарихи тұрақтылығының тағы бір себебі Орталық Азияның мыс-темір кендеріне бай болуымен де қатысты. Металл өндеуді өте ерте кезден меңгерген прототүріктік мәдениет бұл аймақта қуатты күш болған. Мөдениет тарихын зерттеушілердің кейбіреулері шумерлік металлургия мен Сібірлік қару-жарақтардың ұқсастығын атап көрсетеді (О. Сүлейменов, Н. Оспанұлы, М.М. Әуезов т.б.). Үшіншіден. А. Гумилев атап көрсеткендей, дала биоценозының тағдырын көптеген жағдайда құрғақшылық пен ылғалдылық циклдерінің ауысып тұруы шешіп отырған. ([9]. А., 1992, 18-бет). Полюстік және тропикалық ауа мұнараларының алмаса әсер етуі еуразиялық даланы не қуаң шөлге, не гүлденген далаға айналдырған. Мысалы, Гоби кезінде шөпті дала, ал Арал мен Каспийдің арасы шалғынды мекен болған. Айталық, IX ғасыр ылғалды болса, XI ғасырда далада қуаңшылық басым болған. Даланы құрғақшылық басу түрік-моңғолдардың әлсіреуіне және олармен көршілес қытайлардың, ирандықтардың, славяндардың, маньчжурлардың күшеюіне әкеп соқты. Мысалы, дағдарыс жағдайындағы Қытайды басып алған далалықтардың ұрпақтары (көбісінің аналары қытай әйелдері) көшпелілік дағдыдан айырылып қалды. Кейін Қытай күшейген кезде олар қытайланып кетті және әлсіреген Дала отырықшы өркениетгің боданына айналды. Яғни, ландшафтың ауысуы, не ондағы түбегейлі өзгерістер автохтонды мәдениеттің икемделу (адаптация) қабілетін кемітті.

 

Осыған дейін айтылған қағидалардан бір қорытынды жасауға болады. Тарихтағы салмақты және салыстырмалы тұрақты өркениет аймағын тұтас кеңістіктік континиум деп қарастыру керек. Әртүрлі мәдениеттерді салыстырғанда үлгі ретінде олардың жеке бөліктерін емес, қалыптасқан суперэтностарды алу қажет.

 

Кеңістік аясындағы мәдениеттің табиғи қалыптасқан тұтастығын бұзу осы мәдениетті терең күйзеліске ұшыратады. Мұны Еуразияны Ресей отарлауынан анық байқаймыз. Орыс казактары көшпелілер үшін табиғи кедергі болып табылатын өзендерге бекініп алды. Скандинав теңізшілерінің навигациялық әдістерімен таныс казактар өзендерді орыстың байырғы жерлерімен байланысу артериясы ретінде шебер қолдана білді. Ал көшпелілер үшін өзен транспорттық байланыс құралы болмап еді. Көшпелілерден салт атпен соғысуды жақсы үйренген казактар қайықтарын да тастамады. Осының нөтижесінде көшпелілік этномәдени кеңістіктің буыны үзілді, тұтастығы бүлінді. Кейін Столыпин әрекеттері нәтижесінде қазақтар және басқа да көшпелі халықтар өздерінің шұрайлы жерінен айырылды. Бұл көшпелілік этномәдени кеңістіктің егіншілік алқабына айналуына негізгі себепкер болды. Ал бұл процесті прогресшіл немесе реакцияшыл деп бағалау әр мәдениет үшін әртүрлі сипатта.

 

Жалпы алғанда, кеңістіктің этномөдениетке тигізетін әсерін дұрыс бағалау керек. Қысқаша айтқанда, Отаны жоқ халық болған емес. Бұған бүкіл тарих куә. Әрине, кеңістік ерекшеліктері(ландшафт, биоценоз, оқшаулық ж.т.б.) өркениетке үлкен әсер етті. Алайда, басқа мысалдар бұл қағиданың абсолюттігіне күмән келтіреді. Айталық, Солтүстік Американың прерийлерінде, Аргентинаның пампасында, Австралияның жайылымдарында номадалар пайда болмады. Яғни, өркениетті дұрыс түсіну үшін басқа да факторларды қарастыру қажет.


Информация о работе Қазақ мәдениетінің бастаулары