Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2015 в 17:55, реферат

Описание работы

Елiмiздiң сыртқы саясатын қалыптастыру Қазақстан тәуелсiздiгiнiң негiзi болып табылғаны белгiлi. Осы тұста халықаралық дәрежеде Қазақстан деген елдiң бұрын-соңды танылмағаны анықталды. Елiмiздiң егемендiгiн таныту барысында сан қилы күрделi асулардан өткен тәуелсiздiгiмiздiң бейнесiн Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кiтабынан да аңғаруға болады: «Бiзде сыртқы саясат қызмет дәстүрлерi бұрын-соңды болған жоқ.

Файлы: 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасының-Сыртқы-істер-министрлігі.doc

— 725.50 Кб (Скачать файл)

 

Ќазіргі уаќытта бірќатар елдердіѕ (АЌШ жјне ЕО), сондай-аќ Азаматтыќ авиацияныѕ халыќаралыќ ўйымыныѕ бастамасы бойынша јлемніѕ барлыќ мемлекеттерініѕ шетелдік паспорттарыныѕ ќорєаныш деректеріне талап ќатая тїсуде. Паспортта биометриялыќ деректердіѕ болуы - дамыєан елдердіѕ шекарасын кесіп ґткен кезде шекаралыќ баќылау рјсімін жеѕілдетеді. Осыєан байланысты ЌР-дыѕ тиісті органдары паспорттардыѕ жаѕа буынын јзірлеуді жоспарлауда.

ЌР ЎЌК Шекаралыќ ќызметініѕ деректері бойынша жыл сайын шетелге 4 миллионнан астам ЌР азаматтары сапар шегеді, бўл ел халќыныѕ 20 пайызы дерлік кґрсеткіш.

ЌР-дыѕ шетелдік мекемелерініѕ консулдыќ есебінде 50 мыѕєа жуыќ ЌР азаматтары тўрады (тўраќты тўрєын орнына жол жїретіндер, келісім-шарт бойынша жўмыс істейтіндер, студенттер, таєылымгерлер, туристерді есептемегенде). ЌР азаматтары сапарларыныѕ жаєрапиясы уаќыт озєан сайын кеѕеюде, ЌР Сыртќы істер министрлігіне Батыс Еуропа, Африка, Латын Америкасы, Оѕтїстік Шыєыс Азия жјне Австралия елдерінен консулдыќ жјрдем кґрсету туралы сўрау салулар келіп тїсуде.

ЌР-дыѕ шетелдердегі мекемелері јлемніѕ бар болєаны 58 мемлекетінде бар. Бўл ресурстар ЌР азаматтарыныѕ ќўќыќтарын толыќќанды ќорєау їшін, оныѕ ішінде шетелдіктер асырап алєан, ЌР азаматтары - 5,5 мыѕ баланыѕ жаєдайына мониторинг жїргізу їшін жеткіліксіз.

Осыєан байланысты Африка мен Оѕтїстік Шыєыс Азияны ќоса алєанда, јлемніѕ бірќатар ґѕірлерінде ЌР-дыѕ консулдыќ мекемелерініѕ санын ўлєайту ќажеттігі туындайды.

ЌР азаматтары Еуропа елдеріне сапар шеккен кезде Шенген визасын алуда ќиындыќтарєа душар болатынын атап айту керек (визаларды ресімдеуге ўзаќ мерзім кетеді). Осыны ескере отырып, Сыртќы істер министрлігі Еуропалыќ комиссиямен бірлесіп, ЌР азаматтары їшін ЕО елдерініѕ визалыќ режімін жеѕілдету мјселесін пысыќтауда.

Визалыќ рјсімдерді оѕайлату маќсатында заѕсыз кґші-ќон мен ўйымдасќан ќылмысќа ќарсы кїрес саласында, босќындар ісін тјртіпке келтіруде, паспорт деректерін ќорєауды кїшейтуде жјне шекаралыќ баќылауды басќаруда Еуропалыќ Одаќпен ынтымаќтастыќты жолєа ќою талап етіледі. 2011 жылы қазақстан Республикасы және Еуропалыќ Одақ  арасында Визаларды ресімдеуді жеѕілдету туралы келісімге ќол ќою жоспарлануда.

Сонымен бірге дипломатиялыќ жјне ќызметтік паспорттары бар азаматтарды визадан босату туралы Еуропа елдерімен бірнеше халыќаралыќ келісімдер пысыќталу їстінде.

 

 

3 Сыртқы істер министрлігінің  сыртқы саясатының Өзекті мӘселелері

 

3.1 Мемлекеттік шекара мәселелері  және оны шешу жолдары

 

 

Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саяси міндеті қойылған болатын. Бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтастықты және шекараның мызғымастығын қамтамасыз етудің кепілі ретінде түсінідіріледі [23].

КСРО-ның тарауы бұрынғы одақтас республикалардың аумақтық мәселені шешуі қажеттігін туғызғанын ескере отырып, Қазақстан шекараны рәсімдеу бойынша келіссөздер процесіне белсене кірісті.

1991 жылға дейін Қытаймен  келіссөздерді ҚХР-мен шекаралас  одақтас республикалар өкілдерінің  қатысуымен құрылған кеңестік  үкіметтік делегация жүргізді. Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері арасындағы Қытай Халық Республикасымен шекаралық мәселелер бойынша келіссөздер туралы 1992 жылғы 8-қыркүйектегі келісімге сәйкес, 1992 жылы КСРО Үкіметтік делегациясының орнына ҚХР-мен келіссөздер жүргізу  үшін Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы үкіметтерінің Бірлескен делегациясы құрылды.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қытай Халық Республикасымен қазақ-қытай шекарасы маңында әскери саладағы сенімді нығайту әрі қарулы күштерді өзара қысқарту жөніндегі келіссөздер туралы және шекара мәселелері жөніндегі келіссөздер туралы» 1992 жылғы 17-шілдедегі № 607 қаулысының негізінде Қазақстан өз делегациясын жасақтап, Қытаймен келіссөздерге кірісті. Делимитациялау туралы келіссөздер 1992-1998 жылдары өтіп, демаркация толығымен 2002 жылы аяқталды.

Келіссөздер процесінің негізіне Ресей Империясы мен Қытай арасында ХІХ ғасырда жасалған сегіз шарттар мен хаттамалар алынды.

ҚР мен ҚХР арасындағы келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының өту сызығын және оның жергілікті жерде шекаралық белгілермен белгіленуін нақты анықтап әрі егжей-тегжейлі сипаттап берген халықаралық шарттар жасалды, олар:

1. Қазақстан-Қытай мемлекеттік  шекарасы туралы Қазақстан Республикасы  мен Қытай Халық Республикасы  арасындағы 1994 жылғы 26-сәуірдегі келісім;

2. Қазақстан Республикасы мен  Қытай Халық Республикасы арасындағы  Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1997 жылғы 24- қыркүйектегі қосымша келісім;

3. Қазақстан Республикасы  мен Қытай Халық Республикасы  арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік  шекарасы туралы 1998 жылғы 4 - шілдедегі  қосымша келісім;

4. Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы 1999 жылғы 5 - мамырдағы келісім;

5. Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және  Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы 1999 жылғы 25 - тамыздағы келісім;

Қытаймен мемлекеттік шекараны демаркациялауды Қазақстан-Қытай бірлескен демаркациялық комиссиясы жүргізді, комиссияны Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылғы 26 - сәуірдегі келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі құрды [22, 196-б.].

Демаркациялық жұмыстарды алты жұмыс топтары 1996 жылдың шілдесінен бастап 2001 жылдың желтоқсанына дейін жүзеге асырып, 2002 жылы Пекинде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев пен Қытайдың Сыртқы істер министрі Тан Цзясюаньнің Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының сызығын демаркациялау туралы Хаттамаға қол қоюымен аяқталды.

1991 жылғы 21 желтоқсандағы  Алматы Декларациясы, Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық  қағидаттарын сақтау туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы декларация, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі декларация, түрлі екі жақты құжаттар, Одақтық және республикалық деңгейдегі Жоғары Кеңестердің заң актілері бұрынғы КСРО-ның әкімшілік-аумақтық шекарасын межелеуді тану қағидаттарын бекіткен жалпы сипаттағы құқықтық құжаттар болып табылады.

Осы құжаттарға сәйкес, Тараптар одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік-аумақтық межелеуді шекаралық келіссөздерде негіз ретінде таныды.

Бұрынғы одақтас республикалардың арасындағы әкімшілік шекаралардың бәріне ортақ ерекшелік ретінде ондағы кейбір учаскелердегі іс жүзінде орныққан шекара сызықтары қолда бар құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес келмейтіндігін айтуға болады. Мұндай жағдайларда тараптар ұлттық және экономикалық мүдделерді ескере отырып, өзара тиімді шешімдер қабылдады, аумақтарды теңдей бөлісті және алмасып отырды.

Қазақстан тарапының мемлекеттік шекараны делимитациялау бойынша жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы туралы (ҚР Үкіметінің 2000 ж.24.02. №289, 2000 ж. 06.06. №856, 2002 ж. 17.07. №791,  2003 ж. 02.06. №509, 2004 ж. 01.07. №726 қаулыларымен енгізілген өзгертулері бар) 1999 жылғы 1 - қыркүйектегі №1283 қаулысына сәйкес жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Комиссияның құрамынан мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің өкілдерін кіргізе отырып, тиісті Үкіметтік делегацияларды жасақтап отырды. Сапрапшы ретінде әртүрлі мекемелердің мамандары тартылды, геодезистер, картографтар, жерге орналастырушалыр мен гидрологтардан жұмыс топтары құрылды.

Орталық Мемлекеттік мұрағаттағы, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарындағы, арнайы мекемелеріндегі құқықтық база мен онда бар материалдар түпкілікті зерттеліп, әрбір мемлекетпен келіссөздер жүргізудің қағидаттары мен әдістемесі жасалды. Делегацияның мүшелері, сонымен қатар жұмыс топтарының өкілдері қажет кезде жергілікті тұрғындармен, қоғам өкілдерімен және басшылармен кездесіп отырды. Халыққа ақпарат беру мақсатында келіссөздер процесі барысында пресс-конференциялар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбаттар беріліп отырды. Қажет болған кездерде жергілікті жерлерге далалық сапарлар ұйымдастырылып, шекара белдеуін әуеден және космостан суретке түсірулер және басқа да іс-шаралар жасалып отырды.

Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі келіссөздер 1999 жылдың қарашасынан 2001 жылдың желтоқсанына дейін жалғасып, мемлекет басшыларының 2001 жылғы 15 - желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюымен аяқталды.

Екі жақты келіссөздер өзара сыйластық және тең құқылық қағидаттарына негізделіп, іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Аталған Шарт 2008 жылғы 5 - тамызда күшіне енді.

Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесі 2000-2002 жылдар аралығында өтті. Анықталған күрделі учаскелер мен тараптардың ұсыныстары өзара сыйластық пен тең құқылық қағидаттарының негізінде, жергілікті халықтың мүдделері ескеріле отырып шешілді. Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесін екі кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең. Шекара сызығының бүкіл ұзақтығының 96 пайызын анықтап берген, 2001 жылғы 16 - қарашада Астанада мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы шартты дайындау.

Екінші кезең. Ортақ шекара сызығын анықтауды толығымен аяқтаған, 2002 жылғы 9 - қыркүйекте Астанада Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері қол қойған Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шартты әзірлеу.

Қазақстан-өзбек Мемлекеттік шекарасы туралы екі Шарт та 2003 жылғы 5 - қыркүйекте күшіне енді. Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау процесі 2003 жылы, ал тікелей далалық жұмыстар 2004 жылдың 1 - сәуірінен басталды [24].

Шекаралық белгілерді шекара сызығында орнату жөніндегі далалық демаркациялық жұмыстар толығымен дерлік аяқталды. Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі ауданында ғана шекаралық белгіні орнату қалды. Шекара сызығы 1620 шекаралық белгілермен белгіленген, оның ішінде 837 белгі Қазақстан тарапымен, 783 өзбек тарапымен орнатылған. Казіргі уақытта тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты жүргізуде.

Қазақстан Республикасы мен Түрікменстанның Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартқа мемлекет басшылары 2001 жылғы 5 - шілдеде Астанада қол қойды.

Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 2000-2001 жылдар аралығында сындарлы әрі іскерлік жағдайда өтті. Тараптар 1972 жылы Қазақ КСР-і мен Түрікмен КСР-і арасында келісілген шекара сызығын өзгерту туралы ешбір ұсыныстар білдірмеді.

Ортақ шекараны демаркациялауға бағытталған іс-шаралар 2003 жылы басталды. Шекарада шекаралық белгілерді орнатуға тараптар 2005 жылы кірісті. Шекаралық белгілерді шекара сызығында орнату жөніндегі далалық демаркациялық жұмыстар толығымен дерлік аяқталды. Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі ауданында ғана шекаралық белгіні орнату қалды. Шекара сызығы 278 шекаралық белгілермен белгіленген, оның ішінде 134 белгі Қазақстан тарапымен, 144 түрікмен тарапымен орнатылған.

Казіргі уақытта мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келіссөздер 1999 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін жалғасты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары барысында 2005 жылдың 18 - қаңтарында Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа мемлекет басшылары қол қойды.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюмен Қазақстан өзінің құрылықтағы шекарасын бүкіл өн бойында құқықтық рәсімдеуді аяқтады. Шарт 2006 жылғы 12 - қаңтарда күшіне енді.

Қазақстанның мемлекеттік шекарасында көрші елдердің шекараларымен төрт түйісу нүктелері бар. Үш жақты форматта қол қойылып, күшіне енген келісімдер:

1. 1999 жылғы 5 - мамырдағы  Қазақстан Республикасы, Қытай Халық  Республикасы және Ресей Федерациясы  арасындағы Үш мемлекеттің мемлекеттік  шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы келісім;

2. 1999 жылғы 25 - тамыздағы  Қазақстан Республикасы, Қытай Халық  Республикасы және Қырғыз Республикасы  арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік  шекараларының түйісу нүктесі  туралы келісім;

3. 2001 жылғы 15 - маусымдағы  Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім.

Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекаралары түйісу нүктесінің ауданы туралы шартқа қол қою жоспарлануда.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі