Мемлекет және азаматтық қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 14:28, реферат

Описание работы

Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.

Содержание работы

1. Құқықтық мемлекет.
2. Биліктің жіктелуі, принциптің мәні
3. Құқықтың мемлекеттің негізгі белгілері
4. Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы
5. Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны
6. Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы
7.Пайдаланылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

саясат.docx

— 29.41 Кб (Скачать файл)

 

Құқықтық мемлекеттің  белгі-нышандары:

1. Заңның үстемдік етуі.

2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі.

3. Тұлға мен мемлекеттің  өзара жауаптылығы. 

4. Азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарының шын мәнділігі,  олардың құқықтық және әлеуметтік қорғалатындығы.

5. Саяси және идеологиялық  плюрализмнің болуы. 

6. Азаматтық қоғамның  қалыптасуы.

7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған халықаралық құкықтық нормалар мен принциптерге сәйкес келуі.

 

     

4.Азаматтық қоғамның түсінігі және құрылымы.

 «Азаматтық қоғам»  түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т.б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасы инсти-туттары мен қатынастарының жиынтығы, солардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын.

Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:

1) мемлекеттік емес, әлеуметгік-экономикалық  қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);

2) мемлекеттен тәуелсіз  өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар  және т.б.);

3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;

4) саяси партиялар мен  қозғалыстар; 

5) тәрбиелеу мен мемлекеттік  емес білім беру саласы;

6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;

7) отбасы;

8) шіркеу және т.б.

 Азаматтық қоғамның  белгілері: 

- адам мен азаматтың  құқықтар мен бостандықтарының  мейлінше толық қамтамасыз етілуі;

- өзін-өзі басқару;

- оның құрылымдары мен  адамдардың әртүрлі топтарының  бәсекелестігі; 

- еркін түрде қалыптасатын  қоғамдық көзқарас пен плюрализм; 

- жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;

- өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);

- экономиканың көпжақтылығы;

- биліктің заңды және демократиялық сипаты;

- кұқықтық мемлекет;

- адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т.б.

        5.Құқықтық мемлекеттің түсінігі  мен мазмұны .

Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені  адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта  да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

 Сондықтан болашақта  құқықтық мемлекет бірнеше дамыған  елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ  ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе  нысанында объективтік ерекшеліктері  болады.

Құқықтық мемлекеттің  мазмұнының негізгі талаптары:

1) Құқықтық мемлекет азаматтық  қоғамның объективтік даму процесіне  сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.

2) Құқықтық мемлекеттің  экономикалық негізі - өндіргіш күш  пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нытайтуға болады.

3) Құқықтық мемлекеттің  әлеуметтік негізі — өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет.

4) Құқықтық мемлекеттің  моральдық негізі - гуманизм, әділеттік,  бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.

5) Құқықтық мемлекеттің  саяси негізі — халықтың, ұлттық  тәуелсіздігін қалыптастырып қоғамдық  билікті жан-жақты дамытып, адамдардың  бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті,  демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару.

 Міне қоғамның осы  негіздеріне сүйене отырып құқықтық  мемлекет орнатуға мүмкіншілік қалыптасады.

 

      6. Мемлекет пен қоғамның өзара  қатынасы.

Қоғам - бұл, кең мағынада, адамдардың бірлескен қызметінің тарихи қалыптасқан нысандарының жиынтығы немесе, тар мағынада, әлеуметтік жүйенің  тарихи нақты типі, қоғамдық қатынастардың  белгілі бір нысаны.

      Мемлекет - бұл саяси биліктің саяси-аумақтық, егеменді түрде ұйымдастырылуы. Қоғам мен мемлекет - әртүрлі түсініктер. Біріншісі екіншісіне қарағанда кең болып келеді, себебі, қоғамда мемлекетпен қатар мемлекеттік емес құрылымдар да (саяси партиялар, саяси қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б.) болады. Мемлекет қоғамның саяси бөлігі, элементі болып табылады.

      Мемлекет  қоғамда орталық орынды және  басты рөлді иеленген. Мемлекеттің сипаты бойынша бүкіл қоғамға. Оның мәніне сипаттама беруге болады. Мемлекет қоғамға қатысты оның істерін шешу, басқару құралы рөлін атқарады. Қоғам мен мемлекеттің хронологиялық шектері де әртүрлі болып келеді: біріншісі екіншісіне қарағанда ерте пайда болған және бай даму тарихына ие. Дамыған қоғамның негізінде пайда болған мемлекет оған қатысты салыстырмалы түрдегі дербестікті иеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жамбылов Д.-Саясаттану-Алматы: Жеті жарғы,2007ж
  2. И.Г.Хан.Саясаттану:оқу құралы-Алматы,2003ж
  3. Булатова А.Н.,Исмагамбетова З.Н. Политология-Алматы,2000ж
  4. kk.wikipedia.org

Информация о работе Мемлекет және азаматтық қоғам