Мемлекеттік саясат: түсінігі, мәні, тұжырымдамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 10:25, контрольная работа

Описание работы

Мемлекеттік саясаттың мәні.
Мемлекеттік саясаттың принциптері.
Мемлекеттік саясаттың әдістері

Файлы: 1 файл

1 семинар.docx

— 16.26 Кб (Скачать файл)

1-семинар: Мемлекеттік саясат: түсінігі, мәні, тұжырымдамалары

 

  1. Мемлекеттік саясаттың мәні.
  2. Мемлекеттік саясаттың принциптері.
  3. Мемлекеттік саясаттың әдістері

 

1. Мемлекеттік саясат –қоғамдық мәселелерді шешуде, қоғамның немесе оның жекеленген салаларының дамуын жүзеге асыратын мемлекеттік билік органдарының мақсатты бағытталған қызметі. Мемлекеттік саясат мемлекеттің құзырындағы ресурстарына сүйене құқықытық, экономикалық, әкімшіліктік арасалу әдісін пайдалана отырып, мемлекетке белгілі салада белгілі мақсатқа жету құралы болып табылады. Саясат ашық, бәсекеге қабілетті және нәтижелікке бағытталған болуы тиіс.

Мемлекеттік саясат қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарынан импульс  алады,  ал бұл топтардың әрқайсысы  өз алдында өз мақсат мүдделеріне  жету үшін басқа бір әлеуметтік топтың  мақсат-мүддесіне әсер етіп, талас-тартыстарды  және шиеленістерді реттеуде мемлекетті дәнекер ретінде пайдаланады. Сол  себепті мемлекеттік саясатты қоғамдық маңызды мүдделерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті пайдалану, өз қолында ұстап қалу немесе билік үшін күресу арқылы топтардың өзара мақсатты әрекеттестігі нәтижесінде жинақталған қатынастар деп анықтасақ болады.

Қазіргі кезде мемлекеттік  саясаттың мәні мен мағынасын  түсіндіруге көп көңіл бөлінуде, бұл саясаттың қоғамдық өмірге араласуынан  ғана емес, сонымен қатар, экономикалық және әлеуметтік үрдістерді басқаруда  шешуші фактор болып есептелінуінде.Мемлекеттік саясатты жетілдіріп және жүзеге асыратын институттар – президент, Үкімет, және т.б. 

 

2. Мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеуде мақсаттармен қатар саяси-басқару принциптері де болады. Егерде мақсатты тұжырымдау басқарушылық  шешімдердің жасалуына және қабылдануына тікелей қатысы болатын болса, принциптер, әдістер және технологиялар қойылған мақсаттардың орындалуы мен әлеуметтік салаға, экономикаға және мемлекеттік саясаттың басқа да объектілеріне әсер етуін  ұйымдастыру және реттеу болатын толық басқарушылық циклдың тәжірибелік сатысымен байланысты. Мемлекеттік саясаттың принциптері 2-ге бөлінеді: жалпы(әмбебап) және салалы (арнайы).

  • 1-шісі мемлекет саясатының барлық түрлерінде және жалпы, әмбебап сипатта болады. Мемлекеттік саясаттың әмбебеап принциптері :

- объективтілігі – қоғамның  дамуындағы қоғамдық қатынастардың  заңдылықтарын ескере отырып  мемлекеттік басқаруды анықтау;

- нақтылық – Мыс.: сол салаға бөлінетін қаржының жоспарлануы т.б.

- тиімділік;

- заңдылық;

- кері айналым;

- негізгі буын – инновациялы  үдемелі индустриялық даму арқылы  қоғамды алға жылжытуға болады.

  • 2-шісіне қоғамның жеке салаларында басқарушылық ететін  немесе тек мемлекеттік саясатта, саяси партьиялардың саясатында және саяси-қоғамдық ұйымдарда қолданылатын принциптерді жатқызуға болады.

Принциптерді талдауда тағы бір көзқарасты көрсетуге болады. Ол демократия құндылықтарына негізделеді, олар: үкіметтің конституциялығы, халық өкіметі, есеп берушілік, тиімділік, ашықтық, қабілеттілік, іс жүргізу формасына сәйкестік, өкімет билігінің бөлінуі.  Аталған принциптерді ұстануда шешім қабылдауға қол жеткізу, шешім қабылдау жолдары және демократия сапасы мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге қатысты маңызды теориялық және тәжірибелік сұрақтарды шешуге болады.

3.

Тиімді мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда принциптермен қатар басқару әдістері маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік субъекттер мен саяси институттардың басқарылатын объектілерге әсер етуін ұйымдастыратын және реттейтін тәсілдерді, олардың оңтайлы қызмет етуі мен даму шарттарын анықтайды. Мемлекеттік саясаттың әдістері де принциптеріндей жалпы және арнайы болып 2-ге бөлінеді. Алғашқысына әкімшіліктік-ұйымдастырушылық (нұсқаулықты), экономикалық әдістер және моральді ынталандырудың әлеуметтік-психологиялық әдістері жатады. Нұсқаулықты әдіс мемлекеттік-құқықтық мәжбүрлеуді, ал экономикалық әдіс – материалдық ынталандыруды қолдануды қарастырады. Мемлекеттік саясат жүйесінде қолданылатын арнайы әдістердің ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті ерекше атап кетсек болады. Бұл әдіс нүктелі өзекті экономикалық, әлеуметтік және басқа да мәселелерді шешу үшін қаржылық,   материалды, ұйымдастырушылық ресурстар мен құралдарды бірыңғай кешенге біріктіре алады.


Информация о работе Мемлекеттік саясат: түсінігі, мәні, тұжырымдамалары