Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 23:08, практическая работа
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Тақырып:
Саясаттану ғылымы. Саяси ғылымның пайда
болуы және қалыптасуы.
Орындаған: Арипбаева Мөлдір
2014ж.
Саясаттану сөзі ("политология")
гректін, «политика" және "логос"
деген сөздерінен шыққан, саясат туралы
ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың
орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында
саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы,
сайып келгенде, адамдардын, халықтардың
тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы,
мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық
соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары
бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке
соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет
ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат
жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы
болары да белгілі.
Кеиiнрек адамзаттың іс-тәжірибесінің,
ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты
саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары
пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік
және саяси құрылымы мен қатынастарының
одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің,
халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің
тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай
жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми
тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың,
мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын
іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси
теориялар туды. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың
ортасында саясаты діни-мифологиялық
танудың орнына философиялық-этикалық
түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек
еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель
сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар
саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп,
оны этикамен тығыз байланыста қарады.
Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне
сай келуге, адамгершілікке негізделуге
тиіс деп ұқты.
Әдетте, саясаттанудың негізін
қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді
атайды. Өйткені ол өз заманында лицей
ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде
оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген
еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің
(онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін)
саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы
ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің
- түсінігіміздей басын ашып бере алмады.
Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл,
хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты.
Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш
келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін
тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке
жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік
қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу
керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану
мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен
бірге қарады.
Аристотель (б.з.б 384ж)
Ұлы ғалым»Саясат»деген енбек жазып,онда
ежелгі грек мемлекеттерін саяси жуйесін
зерттейді
Платон
Бұл ойшыл саясатты теориялық тұрғыдан
зерттеп,этикамен тығыз байланыстырды.
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес
қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген
ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты
теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден
саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған
мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің
өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды
және оны қалай қолға түйрудің, пайдаланудың
неше түрлі әдіс-тәсілдерін керсетті.
Соның арқасында саясаттануды біздің
казіргідей түсінуімізге
жол ашылды.феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың
қалыптасу қоғамды демократияландырып,
жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге;
көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың
кеңінен қанат жаюына, акпарат кұралдарының
өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың
қызметтері мен міндеттері күрделігіне
түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен
процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану
теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте
Дж. Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон,
Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті
ғалымдар көп еңбек сіңірді.
XIX ғасырдың екінші жартысында
өз алдына жеке пән ретінде калыптасты,.Оған
бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік
(эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла
бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың
Колумбия колледжінде (кейін Колумбия
Саясаттануға деген көзқарас
80 жылдардын екінші жартысында бұрынғы
Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға
қоғамнын демократиялануына, тоталитарлық
жүйенің күйреуі не байланысты өзгерді.
1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында
саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс
істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым
және техника бойынша мемлекеттік комитеті
"Саяси ғылымдар" деген атпен саяси
ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми
түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық
бойы елдеріңде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның
басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады.
Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу
орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән
ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ
Мемлекеттік Ұлттық университеті және
Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық
университетт бұл салада арнаулы мамандар
даярлайды.Саяси билік пен қоғамның саяси
жүйесі – саясаттанудың негізгі зерттеу
объектісі мен пәніне жатады. Осылар арқылы
қоғамның саяси өмірін анықтауға болады.
Сондықтан саясаттану қоғам өмірінің
өте қажетті қызмет саласы туралы
білімді, түсінікті қалыптастырады.. Оған
жүктелген міндет әрі күрделі, әрі маңызды,.
Осымен
аяқталды.
Назар аударганыныз ушін ракмет
1
Информация о работе Саясаттану ғылымы. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы