Саяси элита

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2014 в 21:26, реферат

Описание работы

Саяси элита - қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ сапыстырмалы интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы.
Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары

Файлы: 1 файл

саяси эл.docx

— 23.83 Кб (Скачать файл)

       Саяси элита - қоғамның ішіндегі аз топ, іштей жіктелген, біртекті емес, бірақ сапыстырмалы интеграцияланған қоғамдық институттарда басшылық позицияларға ие және тікелей қоғамдағы билік шешімдеріне ықпал ететін тұлғалар тобы.

Саяси элита: ұғымы, түрлері, тұжырымдамалары

«Элита» термині француздың elite деген сөзінен шыққан таңдап алынған, сұрыпталған деген мағына береді. Элитаның түрлері өте көп: саяси, басқарушы, экономикалық, рухани, әскери т.б.

«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.

Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ.

Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік.

Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.

Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.

Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.

Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік.

Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.

Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.

Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.

 

 

 

 

Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. 
Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына келушілер өз реформаларын ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері Ф.Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", т.с.с. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары, т.б. жатады. 
Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды. 
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура. т.б. жатады.

 

Саяси жүйелердегі элиталар мен бұқараның  арақатынасыаса маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Егер бұл кез- келген саяси  жүйенің қажетті құрамдас бөлігі дейтін болсақ, онда олардың қолайлы арақатынасы туралы мәселе сөзсіз көлденең тұратыны анық. Элиташылар үшін элита-саяси процестің шынайы субъектісі, ал бұқара- қолайлы саяси жүйеге төнген қауіп-қатер сияқты көрінеді.Элиташыларға қарсылар үшін саяси процестің субъектісі-халық, ал элиталар-демократияға төнген  қауіп- қатер ретінде  қарастырылады.

 

“Саяси элита” дегенімізді саясаттану ғылымы:

-   шенеуніктік, төрешілдік, номенклатура (мәртебелілер тобы)  

-  жалпы мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға құзырлы лауазымды орындарды иеленетін адамдар 

-  билеп-төстеуші таптың үстемдігін қамтамасыз ететін топ ретінде түсіндіреді.  

Саяси элиталарды, олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге отандық саясаттанушылардың қызығушылық білдіруі заңды да табиғи құбылыс. Жоғары мемлекеттік билік басындағылар хақында жауырды жаба тоқыған ондаған жылдар бойғы үнсіздіктің, хабар-ошарсыз  меңіреуліктің орнына қалыптасқан саяси болмысты мейлінше объективті түйсіну, мәртебелі әлеуметтік жік – саяси элитаның ортақ іске қосар үлесін салиқалы бағалау кезеңі келеді. Қазіргі тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарын іздестіруге байланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның рөлін негіздеу бұл күндері айрықша зәрулікке айналып отыр.

 

Қоғамдағы саяси саланың қызметі билікпен байланысты. Билік саясаттың ең өзекті мәселелерінің бірі және саяси ғылымның негізгі зерттеу пәні болып есептеледі.

Билік әрқашанда жалпыға бірдей үміттену, дәмелену объектісі болған. Ол адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Оның қажеттілігі туралы ертедегі грек ойшылдары айта бастаған. Биліктің қажеттілігі:

1) Адамдардың әр кезде, барлық жағдайда өз құқықтарын  қамтамасыз ету үшін.

2) Қоғамдық қатынастардың  негізі болып келетін қоғамдық  ережелерді бекіту үшін.

3) Қоғамдағы шаруашылық  қызметін атқару үшін қажет.

Билік ұғымы саяси ғылыми әдебиеттерде әр түрлі жағынан түсіндіріледі. Билік туралы түсінік күнделікті өмірде ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мысалы, философтар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы. Социологтар әлеуметтік билік, экономистер шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар адамның өзіне деген билік, ата-аналар отбасы билігі туралы айтады.

 

Саяси биліктің қасиеттерінің бірі — оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші күш ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет- биліктің иерархиялық сипат алуы. Келесі қасиет- үстемдікті шоғырландыруға және монополизациялауға ұмтылу.

Саяси билік қоғамда көбінесе мемлекеттік билік арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік билік саяси биліктің бір түрі. Оның ерекшеліктері:

1) Ол белгілі бір территориясында  ерекше аппарат арқылы жүргізілетін  билік.

2) Мемлекеттік билік өзінің  күштеу аппаратына сүйенеді.

3) Мемлекеттік билік монополиялық сипат алады.

 

 

 

 Қазіргі қазақстандық саяси элитаның қандай ерекшелігі бар? Қазақстандағы саяси элитаның құрамын жаңадан толықтыру үрдісі бірнеше бағытпен өрбуде. Осы процестің негізгі тәсілдерінің бірі- Парламентке еркін сайлаулар өткізу, соның нәтижесінде әрқилы әлеуметтік топтардың саяси элитаға өз орнын иеленуіне үміттенуіне мүмкіндік береді. Алайда мынандай да мәселелер байқалып жүр:саяси құрамды жаңадан толықтыру, яғни, саясаттағы басты рөлдерді жауапкершілікке  алатын қызметкерлерді даярлау мен іріктеу процесі, көбінесе, кәсіби қабілеттілік емес, қайта жеке байланыстар мен рулық-тектік,  жекжаттық негізде жүзеге асады.

Қазіргі Қазақстанның элитасын мынадай әлеуметтік-экономикалық топтарға: Қазақстан Республикасының министрліктері мен мемлекеттік комитеттерінің элитасына, өнеркәсіптік-қаржылық, аймақтық, салалық топтарға, мұнай-газ, банк, қаржы салаларының топтарына бөлуге болады. Алайда, саяси элитаның осы топтарының, оның ішінде саяси әйелдер элитасының қызметі бұқаралық ақпарат құралдарына  толықтай жазылып жүрген жоқ. Мұның өзі сарапшылардың “Қазақстанның мемлекеттік билік құрылымындағы ықпалды топтар томаға тұйықтық пен толықтай құпиялылық ахуалында әрекет етеді”,- деп ой түюіне негіз болды.

 

 

 


Информация о работе Саяси элита