Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2014 в 17:04, реферат
“Саяси элита” ұғымы XX ғасырдағы саясаттану ғылымында өзекті тақырыпқа айналды.Қоғамның үш негізгі саласындағы – экономикадағы, саясаттағы, армиядағы басты институттарды басқарушы, мәртебелі орта өкілдері сол қоғамдағы саяси элитаның мүшелері болып табылады. Отандық басқарушы элитаның құрамына екі жікті:1) республикалық және аймақтық биліктің жоғары және орта эшалондарына жайғасқан саясаткерлерді;
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Саяси элитаның теориялары
Орындаған: Алипбаев М.
С-11 тобы
Тексерген: Копежанова Д.
Астана,
2014 жыл
Саяси элита теориялары
“Саяси элита” ұғымы XX ғасырдағы саясаттану ғылымында өзекті тақырыпқа айналды.Қоғамның үш негізгі саласындағы – экономикадағы, саясаттағы, армиядағы басты институттарды басқарушы, мәртебелі орта өкілдері сол қоғамдағы саяси элитаның мүшелері болып табылады. Отандық басқарушы элитаның құрамына екі жікті:1) республикалық және аймақтық биліктің жоғары және орта эшалондарына жайғасқан саясаткерлерді;2) экономика субъектілерін: жеке меншігі барларды, меншікті қосанжар иеленушілерді, бірлескен корпорациялар,компаниялар, банктер, қорлар, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар сияқты беймемлекеттік, мемлекеттік кәсіпорындардың, ірі және орташа экономикалық ұйымдардың басшыларын, басқарма мүшелерін, басқа да жауапты қызметкерлерін кіргізу әдетке айналған.Әдетте, осы екі жік бір-бірімен етене байланыста болады. Бір жағынан экономикалық элитаның өкілдері биліктің барлық “тармақтары” мен деңгейінің құрамына кіреді. Екінші жағынан, саяси элита бизнеске сұғына кіріседі.
"Элита" деген сөз француз тілінде
тандаулы, іріктелген, сұрыпталған деген
мағынаны білдіреді. Қазіргі өндірістік
дамыған елдерде элитаның құрамы әр түрлі
келеді. Оған саяси серкелер, шенеуніктер,
зиялылар, бизнесмендер кіреді. Сонымен
қатар басқарушы элитаға кірмей қалған
топ оған кіруге немесе жаңа элитаны құруға
күреседі. Саяси жетекшіліктің, топ бастаушылықтың
(лидерліктін) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар
ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардын.
ішінде ерекше көзге түсетін Н. Макиавеллидін.
"Патша" деген еңбегіндегі тиімді
басшылық. Ол басшы мен бағы-нушының өзара
қатынасына негізделген мынадай төрт
ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны
жақтаушылардың қолдауы-на сүйенеді; 2)
бағынушылар өз басшысынан нені күтеді
және өз кезегінде басшы олардан нені
күтуі мүмкін — соны білулері керек; 3)
топ бастаушының қандай жағдай болмасын
аман қаларлык қайрат-жігері, қабілеті
болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына
даналык пен әділетгіліктіц үлгісі болуы
керек. Кейін келе топ бастаушылықгың
табиғаты әр түрлі түсіндірілді.
Ерте қытай ойшылы Конфуций (Кун-Цзы
б.д.д.V ғас.) жақсы басшы әділетті басқаруы
міндетті деп есептеген.Конфуцийдің пікірінше,
басшы өзінде бес «тамаша қасиетті» ұштастыра
білуі керек: «ізгілікті басшы қайырымдылықты
есепсіз шашпайды», «еңбекке күштеп көндіргенімен,
халықтың ашу-ызасына жол бермейді», «өзінің
талап-тілектерін орындауда қанағаттылықты
ұстайды», «жоғары мәртебесін сезінгенімен
өркөкірек емес», «құрметті талап еткенімен,
қатыгез болмауы керек». Платонға сүйенсек,
даналық билігі, саяси ақыл үстемдігі
абсолютті басқару болып табылады. Ең
үздік мемлекетте, кім бақытқа жетсе және
кім қайырымды бай болса, солар басқарады.
Саясаттың қазіргі заманғы түсініктері
Флоренциядан шыққан ойшыл Н. Макиавеллиден
бастау алады. Макиавеллидің “Билеуші”
трактаты (1513 жылы жазылды) оқырманды тағы
да көшбасшылық мәселесі көтеретін саясаттың
жаңа әлеміне әкеледі. Ғалымның пікірінше
жаңа мемлекеттік құбылысты жаңа билеуші
басқаруы тиіс. Билеуші билікке халық
пен ақсүйектердің жақтауы арқасында
келеді. Саяси кӛшбасшылық – кӛпшіліктің
саяси қарекетін топтастыру, ұйымдастыру,
оған белгілі бір бағыт беру механизмі.
Ең алғашқы көшбасшылық типологиясын
жасаған М.Вебер болды.
Көшбасшылық – М.Вебер бойынша
«бұйрық беру мен бағынуды қамтамасыз
етуге қабілеттілік». Бірінші типі – дәстүрлі
көшбасшылық, бұл билік дәстүрлерінің
қасиеттілігіне сенуге негізделеді. Екінші
типі – жария ұжымды немесе бюрократиялық
көшбасшылық: жеке адамға емес заңға бағыну;Үшінші
типі – харизматикалық аса білімділігі,
сапасы, айрықша қабілеті бар көшбасшы.
Элитаға кімдер жататындығын анықтауда біздің зерттеуші ғалымдар негізінен ресейлік және шетелдік ғалымдардың элитаға қатысты жасаған концепциялары, теориялары мен жүйелеу әдістеріне сүйенеді. Элита теориясы қоғамның таңдаулы, игі жақсы-жайсаңдарының ерекше міндеттері мен әлеуметтік-саяси және интеллектуалдық белсенділігі және қалың бұқараның енжарлығы түсінігінен туындайды. Мысалы, В.Паретоның пікірінше, қоғам пирамидалық құрылымнан тұрады, оның биік шыңында басқарушы әлеуметтік топ элита тұрады. Олар қоғамның даму бағытын анықтайды. Теориялар қалану негізіне байланысты түрліше ажыратылады. Мәселен, биологиялық теорияларда биологиялық-генетикалық белгілеріне байланысты (Р.Уильямс, Э. Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс және кеміс деп бөлсе, психологиялық теорияларда (Г.Джилберт, Б. Скиннер) біреулердің кереметтілігі және екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психологиялық қасиеттерге сүйенді. Психоаналитикалық теорияларда (З.Фрейд, Э.Эриксон) нәпсіні тежей білу қабілетіне және билікке немесе басыбайлыққа ұмтылуға, ал, әлеуметтік-психологиялық теорияларда (Э.Фромм, Г. Лассуэл) әрбір адамның психологиялық ерекшеліктеріне, оның өмірінің әлеуметтік факторларына байланысты өзгерген мінез-құлықтың әртүрлі типтерін мойындаудан шығады. Қазақща айтсақ, «бес саусақ бірдей емес» дегенге саяды. Технократтық теорияларда (Дж.Бернхэм, Дж. Гелбрейт) өндірісті басқаратын және өздерінің техникалық дағдыларының арқасында «техно-құрылымда» ерекше жағдайға ие адамдардың ұйымдастырушылық міндеттеріне, постиндустриялды теорияларда (Д.Белл және т.б.) – ғылыми білім факторлары және «постиндустриалды қоғамның» ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуын айқындайтын жетекші күш ретінде ғалымдардың осы заманғы дүниеде атқаратын рөліне баса назар аударылады. Белгілі бір мәселелерді түсіндірудегі алуан түрлі өзгешеліктерге қарамастан барлық элита теориясы үшін: қоғамды әрқашан элитаға және бұқараға бөлетін адамдардың табиғи теңсіздігі бар; ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші ретінде элитаның қажеттілігі негізделеді; біреулердің сөзсіз үстемдік етуі және басқалардың бағынышты болуы заңдылық; көпшіліктің үстінен қарайтын билеуші азшылықтың толық құқылығы мен заңдылығы туралы жорамалдар ортақ болып табылады. Элита түрлерінің ішінде зерттеушілерді, әсіресе ықпалы тұрғысынан күшті саналатын саяси элита қатты қызықтырады. Жалпы, саяси элита деген не, оның құрамына кімдер енеді, оның құрылымы кандай деген сұрақтарға жауап табу өте маңызды.
Қазақ тілінде элита терминінің бір баламасы ретінде «дегдар» сөзі қолданылып жүр. Тіпті, елімізде «Дегдар» атты гуманитарлық қоры жұмыс істейді. Қазақ тілі қорына иран тілінен («дәһдар» – бастық, ел басқарушы) енген. Диалектологиялық сөздіктерде «асыл тұқымды, өте жақсы, ерекше тәуір, заты бар, текті» деген мағынаны береді. Мысалы, Біржан сал: «Ұл тумас Қазанқаптай ата ұлынан, тұқымы дегдар шыққан жатынынан» десе, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романында: «Ежелден дегдарлымысың тұқымы оңған, малыңа, басыңа да қыдыр қонған» деген шумақтар кездеседі. Бұдан бөлек ақсүйек, бекзат нәсіл, бекзада, төре, қожа деген сөздер қолданылады. Шәкәрім қажының «Ең жақсы адам не қылған кісі?» деген сауалына «ел тағдырын шешер биліктің екі тізгін, бір шылбыры кемелдің, үздіктің үздігінің қолында болуы қажет» делінетін сөзі бар екен. Шоқан мен Абайдың көзқарастарында да элита теориясын ұлттық мазмұн тұрғысынан байытуға қызмет ететін ой-пікірлер кездеседі. Сайып келгенде, элита түсінігі қазақ үшін текпен байланысты дүние.
Бүгінгі таңда элитаны кәсіби біліктілік жағынан анықтауға қатысты зерттеулердің ішінде ағылшын әлеуметтанушысы М.Янг енгізген меритократия идеясы басым ұстанымдардың біріне айналуда. «Меритократия» ұғымы бюрократияны, технократияны және жалпы қоғамның таптық құрылымын өзгерте алатын қоғамды басқарудың жаңа қағидасы ретінде қаралуда.
Ұлттық мүдде тұрғысынан элитаны патриоттық-өнімді және компродорлық деп бөліп қарастыруға болады. Элитаның бір бөлігі ұлттық құндылықтар өндіріп, елдің ұлттық байлығын көбейту үшін жұмыс істеп жатса, екінші біреулері бұрын жасалып жиналған дүниені шашумен, ұрлаумен шұғылданады. Алғашқысын өз ұлтының нағыз элитасы десек, екіншілерін «квазиэлита» немесе жалған элита деуге болады. Ресей президенті В.В.Путин экономикаға қатысты бір мақаласында мынадай бір ой айтады: капиталдары бар, инвестициялық шешім қабылдай алатын экономикалық және қаржы элитасы осы елде (Ресейде) тұруы, өз балаларының тағдырын осы мемлекеттің мүдделері мен ұзақ мерзімді дамуымен байланыстыруы тиіс. Ресейлік тағы бір саясаткер, философ әрі дін маманы, халық депутаты Виктор Аксючиц өзінің бір сұхбатында былай: «Ресей элитасы тек өз елінде ғана басқарушы топ, элита бола алатынын енді түсінді. Егер, Ресей өмір сүруін тоқтататын болса, онда бұл элитаның капиталдарын тартып алады және өздерін түрмеге отырғызады. Сол себепті, олар Ресейдің мемлекет ретінде сақталуы үшін күресуде» дейді.
Басқарушы элитаның ел алдында тұрған міндеттерге сай келмеуі, ұлттық-мәдени ортадан қол үзуі және олардың компрадорлық сипаты ұлттың құлдырауы мен мемлекеттің іріп-шіруіне әкеледі. Халықтың кедейленуі мен елдің ойсырай қирауының басты себебі де осында жатыр.
2011 жылы Ярославь форумында сөз сөйлеген американдық саясаттанушы З.Бжезинский реселік қатысушыларға қарата мынадай бір пікір айтқан екен: егер, сіздің элиталарыңыз ақшаларын біздің банкілерде сақтайтын болса, онда ол енді біздің элита (яғни, батысшыл) болып табылады. Демек, әрбір ұлттық элита ең әуелі өз ұлты үшін қызмет етуі тиіс.
Бүгінгі Қазақстанның ұлттық элитасының алдында тұрған маңызды бір мәселе – өз Отанына азаматтық-мемлекеттік тұрғыдан қызмет ету және осы қызмет аясында елдің экономикалық-материалдық және рухани-мәдени ресурстарын сақтау, дамыту, ұлғайту. Қазақстан келешегі ұлттық элитаның дайындығына, кәсіптілігіне және патриотизміне тікелей байланысты.