Тұлға және саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 09:19, реферат

Описание работы

«Тұлға және саясат » деген тақырып саясаттанудың ең өзекті және күрделі мәселесі. Себебі тұлға мен саясат бір-бірімен тығыз байланысты. Саясат адам үшін жүргізіледі, адам арқылы іске асырылады. Енді адам мен саясат арақатынасына тоқталайық.
Адамгершілік адамдардың іс-әрекеттері рақымшылдық, ізгілік, ар-намыс, борыш, парызға сәйкес келуін қажет етеді. Яғни адамдардың жүріс-тұрысы туралы заңдар мен ережелерді қамтиды. Қазір адамзат қоғамы өркениетті дәрежеге жетіп, демократияланып жатқанда саясаттың ең алдымен адамгершілік бағдары болуы қажет.

Содержание работы

Кіріспе...........................................................................................3
Негізгі бөлім
Саяси әлеуметтендіру: мәні, факторлары, кезеңдері, нәтижелері........4
Саяси қатысу мен оның мәндері............................................................7
Қорытынды...................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер..............................................................16

Файлы: 1 файл

Тұлға және саясат.docx

— 34.69 Кб (Скачать файл)

Алматы энергетика және байланыс институты

 

 

 

 

                                    Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

№ 1 Семестрлік жұмыс

Тақырыбы:   Тұлға және саясат

 

 

 

 

 

 

Орындаған: БЭк- 10-13 тобының

студенті Куанжанова А.К.

                                                               Тексерген: Шокатаев Д.К.

 

 

                                     

 

 

 

 

                                           Алматы 2012

                                                    Мазмұны

 

    1. Кіріспе...........................................................................................3
    2. Негізгі бөлім
  1. Саяси әлеуметтендіру: мәні, факторлары, кезеңдері, нәтижелері........4

  • Саяси қатысу мен оның мәндері............................................................7
      1. Қорытынды...................................................................................15 

    Қолданылған әдебиеттер..............................................................16    

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    КІРІСПЕ

              «Тұлға және саясат » деген тақырып саясаттанудың ең өзекті және күрделі мәселесі. Себебі тұлға мен саясат бір-бірімен тығыз байланысты. Саясат адам үшін жүргізіледі, адам арқылы іске асырылады. Енді адам мен саясат арақатынасына тоқталайық.

          Адамгершілік адамдардың іс-әрекеттері  рақымшылдық, ізгілік, ар-намыс,  борыш, парызға сәйкес келуін  қажет етеді. Яғни адамдардың  жүріс-тұрысы туралы заңдар мен  ережелерді қамтиды. Қазір адамзат қоғамы өркениетті дәрежеге жетіп, демократияланып жатқанда саясаттың ең алдымен адамгершілік бағдары болуы қажет.

            Саясаттың  субьектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Алайда саясаттың ең негізгі субьектісі – жеке адам, тұлға. Басқаша айтсақ, әңгіме саяси процестегі адам факторы туралы: адам саяси процеске қалай қатыстырылады, онда қандай роль атқарады, қандай жағдайда әрбір тұлғаның саясаткер ретінде ролі өрлеп -өсуі, ал қандай жағдайда төмендеп өшуі мүмкін?

             Мен бұл семестрлік жұмыста жоғарыда айтылып өткен сұрақтарға толық жауап беруге тырысамын. Сонымен қатар,  еліміздің жастар саясатына қысқаша тоқталып өтемін.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Тұлғаның  саяси әлеуметтенуі.

    Бұл тақырып  толығымен түсінікті болуы үшін бірнеше терминдерге тоқталып өтейік.

             Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайларды қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.

            Субъект деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.

        Объект  деп субъектінің танымдық және  басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Объект— зерттелеін  зат. Сонда саясаттанудың объектісіне  саясат, саясат әлемі жатады.  Саясатпен араласу үшін, саяси субъект ролін атқару алу үшін адамның тиісті дайындығы, нақтылы айтқанда білімі, қабілеті, дағдысы болуы керек. Мұның бәрі әр адамда саяси әлеуметтану деген процесте қалыптасып пайда болады.

          Саяси әлеуметтену деген ұғымды  ғылымға батыстың саясатанушылары  50 –ші жылдары кіргізген. 1959 ж АҚШ- та Г.Хайменнің «Саяси әлеуметтану» деген кітабы шыққан. Саяси әлеуметтену дегеніміз -  адамның саяси өмірге қатыстырылу процесі, сол процестің нәтижесінде жабайы адамның саяси адамға айналуы, саяси адамға тән қасиеттерге ие болуы.

          Осы жерде әлеуметтену деген  терминнің жалпы мағынасын ескерген жөн. Социологияда, философияда және психологияда бұл ұғым адамның тұлғаға айналуын, әр адамның бойында тұлғалық қасиеттердің толық қалыптасуын суреттеуге қолданады:  адам туып -өсіп әр түрлі сатыдан өтеді, бірақ кенеттен адам болып шыға келмейді, тұлға болып қалыптасу үшін әр адам қоғамның мүшесі ретінде өзінше «пісіп» жетілуі керек, яғни адамзаттың жатаханада қабылданған тәртіптерді үйреніп сақтаудан бастап сол адамзаттық қоғамды белгілі әлеуметтік функциялардан дербес атқаруға қабілетті болуға дейін. Басқа түрде айтқанда, адам болу үшін сол адамзаттық қоғамға бірте –бірте кіріп араласып, тиісті әлеуметтік қасиеттерге ие болу, яғни әлеуметтенуі қажет. Онсыз адам, адам болмайды. Мысалы: кездейсоқ жағдайларға байланысты жас бала хайуандардың арасына түсіп, тірі қалып, бой жетіп өсуі мүмкін, бірақ адамға тән мүшелері түгел болғанмен, ол адам қатарына қосылмайды, себебі адамзат қоғамнан тыс қалып, әлеуметтік қасиеттерге иеленбеген, былайша айтқанда – «әлеуметтенбеген».

          Сол сияқты саяси әлеуметтендіру  тұлға саяси өмірге кіріп –араласып  әр түрлі саяси функциялар  атқаруға мүмкіндік беретін қасиеттерге  ие болуын анықтайды. Тұлғаның  саяси әлеуметтенуі – адамның  саяси «Мен- мендігінің» қалыптасуы  деуге болады; ол «мен –мендік»  адамның өзімен бірге тумайтын, тек өмір бойы ғана пайда  болып, дамып қалыптасатын құбылыс.

          Саяси әлеуметтену екі жақты  процесс біріншіден ол макро-деңгейде  жүреді – тұлғаның саясатқа  қатыстырылуы бүкіл саяси жүйенің  деңгейінде өтеді, бұл мағынада  тұлғаға саяси жүйеге кіретін  барлық саяси күштер және ұйымдар  ықпал етеді; екіншіден әлеуметтену  процесі микро-деңгейде өтеді,  яғни әр адам нақтылы саяси  ортаның ішінде белгілі рольдер  мен функциялар атқаруға бейімделеді.

          Саяси әлеуметтену процесі екі  жолмен жүзеге асады. Біріншіден ол бұрынғы тарихта өшіп кеткен ұрпақтардың саяси мәдениет болып қалыптасқан  саяси тәжіриебесін жаңа жас ұрпақтарға жеткізуге мүмкіндік туғызады. Мұндай процесс отбасы –жанұядағы тәрбие арқылы, мектепте оқу және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орын алады. Екіншіден, саяси әлеуметтену процесі арқылы әр жеке адам бұрын тарихта кездеспеген жаңа саяси тәжіриебеге ие болады. Өмірде осы айтылған саяси әлеуметтенудің екі жолы бір – бірімен аралас –шиеленісіп, бірін –бірі қосымша толықтырып отырады, бірақ кейде екі жолдың тәжірибиелері біріне –бірі қарама –қарсы қайшыланып шығуыда мүмкін.

          Сонымен бірге саяси әлеуметтену  процесі әр түрлі кезеңнен  өтетін азаматтық кемелдену процесі  деуге болады. Саясаттанушылар үш  кезеңді атап айтады. Бірінші  –адамның 3-5 тен 12-13 ке дейінгі  жасы. Бұл кезеңде балалар бастапқы  саяси мәліметтерді ата-аналарынан, туғандарының ортасынан алып, солардың көзқарастарына еліктейді. Дегенмен, осы кезеңді алғанда балалардың саяси ақпарат жөнінде хабарлары көбейіп, кейбір жалпы саяси ұғымдарды түсінуге мүмкіндіктері пайда болады.

          Екінші кезеңде (13-18 жастардың  арасы) тұлғада жеке саяси сана  – саяси «мен-мендік» қалыптасады,  әр түрлі саяси фактілер, құбылыстарға  деген сезімдік көзқарас саяси  жүйенің  көлемінде әр түрлі  институттар мен өкілдердің рөльдері  және функциялары туралы  біліммен толықтырылады.

          Үшінші кезеңде (18 жастан бастап)  тұлға саяси өмірге толық мағыналы  түрде қатысады

          Біздің елімізде адам 16 жасында  мемлекеттің азаматы ретінде  төл-құжатқа ие болады. Алайда  саяси әлеуметтену  паспорт  алумен тоқтатылмайды, ол өмір  бойы жалғаса беретін процесс. 

          Саяси әлеуметтену процесінде  адамға оны қоршайтын бүкіл  әлеуметтік ортаның ықпалы әсер  етеді. Бұл ортаға саяси және  саяси емес факторлардың қатысы  бар.Саяси факторлар – бұл  мемлекеттің түрі, оның құрылымының  ерекшеліктері саяси режимі, саяси  институттар, партиялар, жастар  ұйымдары, оқу орындарындағы саяси  саяси білім беретін пәндер  т.б. Саяси емес факторларға  отбасы, мектеп, жұмыс, шіркеу, мәдениет, әдебиет, өнер, әлеуметтік-экономикалық  қатынастар т.б. 

          Отбасы адамның саяси көзқарастарының  қалыптасуына үлкен әсер етеді.  Жанұяда алған тәрбиенің арқасында  қалыптасқан парасаттылық қасиеттердің  тікелей саяси құбылыстарға жатпаса  да саясатқа қатысы болуы мүмкін. Мысалы, жас кезінен, адалдық және  әділдік принциптеріне бағытталып  тәрбиеленген адам саяси өмірге  араласқанда сол өзінің парасаттылық  қасиеттерін жоғары ұстап, принциптерінен  таймай ешкімнің алдында жоғарламай, арам-қулық жолына түспей, өзінің  саяси идеяларын, мақсаттарын  халықтың алдында ашық жариялап, басқа саяси күштерді ашық  және адал жарыста жеңуге тырысады.

          Батыс саясаттанушылардың пікірі  бойынша жанұяның жас өспірімдерге  әсер ететін ықпалы ата-аналарының  саяси көзқарастарына байланысты.

          Саяси әлеуметтену процесінде  мектептің де ролі зор. Оқушыларға, біріншіден, оқытушы ұстаздардың  пікірі мен көзқарастары, екіншіден   оқу бағдарламаларына  енгізілген  мемлекеттік билік органдарының  саяси принциптері әсер етеді. 

          Кейбір елдерде саяси әлеуметтену  процесінде шіркеудің ықпалы  күшті орын алады. Мысалы, Польшада  жастарды коммунистік партия  мен үкіметке  қарсы тәрбиелеуде,  «Солидарность» ұйымын қолдауда  католик көсемдерінің атқарған  ролі әлемге белгілі. 

          Күнделікті өмірде саяси және  саясаттан тыс факторлар араласып  шиеленісіп, бірімен-бірі байланысып  жатады. Мысалы, көп елдерде жүздеген-мыңдаған  адамдар саясаттан тыс фактор  – табиғатты қорғау қозғалысына  қатысу арқылы араласады. «Жасылдар»  қозғалысы біраз елдерде бірте-бірте  саяси партияларға айналғаны  да белгілі. 

          Саяси әлеуметтену процесінің  нәтижесінде тұлғаның саяси құрылымы  қалыптасады. Мұндай құрылымға  бірнеше элементтер кіреді: саяси  сана, саяси талап, мұқтаждық,  мүдделер, саяси жігер, саяси қимыл.

          Саяси сана дегеніміз – адамның  саяси сезімдері, көзқарастары, сенімдері.  Адам бастапқы дүниеге келгенде, онда ешқандай прогресивтік , я  болмаса реакциялық ой-сана, көзқарастар  болмайды. Тұлғаның ой –санасы  саяси әлеуметтену процесі арқылы  қалыптасады. Бұл процесте адам  өзінің өмірлік және саяси  тәжірибиесіне сүйеніп, әр түрлі  идеологиялардың ұсынатын саяси  құндылықтарын бірімен –бірін  және қоғамда іс жүзінде орын  алған саяси жағдайлармен салыстырып, өзінің пікірін, көзқарасын, ұстайтын  жолын анықтайды. 

          Тұлғаның саяси құрылымының мағызды  элементтерінің бірі – талап,  мұқтаждық, мүдделер. Бұл элементтерді  ескермей адамның саяси қарекеттерін  талдап түсінуі мүмкін емес. Саяси  қарекеттің талаптары әр түрлі  болуы мүмкін: альтуристік, яғни  риясыздық , я болмаса эгоистік, яғни тек өзінің жеке пайдасын  ғана мүдде ету. Талап адамды  іс –қарекетіне итеретін күш.  Талаптардың ішінде ең негізгісі  болып адамның мұқтаждары саналады. Маркстің айтқанындай, ешкім өзінің бір белгілі мұқтажын орындауға ұмтылмай, ешнәрсе істемейді. Саясатқа араласқанда адам әр түрлі қажеттіліктерін іске асырамын деп ұмтылады.

          Саяси мүдделер- тұлғаның саясат  саласында өзінің қажеттіліктерін  танып, ұғып, білгенін көрсетеді.

          Адамның саяси құрылымының ең жоғарғы көрінісі сенім болып саналады. Бұл адамның тұлға болып қалыптасу процесінде ең соңғы нәтиже, тұлғаның дамуының ең жоғарғы деңгейі. Сенім адамның барлық іс-әрекеттерін өзіне бағындыратын күш.

          Адамда саяси ой –сана, мүдделер, сенім болып, бірақ бұлардың  бәрі іс -әрекетке айналуы мүмкін. Ол үшін саяси жігер керек. Жігер тұлға құрылымының психологиялық элементі болып саналады. Бірақ саяси жігер дегеніміз- адамдар мінездері арасында кездесетін соқыр кесірлік емес, ол саясаткердің қоғам алдында тұрған үлкен, күрделі мақсаттарды шешуге бел байлап, қиындықтардан бет бұрмай, қайратты және батыл кірісуге ұмтылдыратын қабілеттілік. Дер кезінде М.Горбачев дұрыс айтқан, елімізге қайта құру саясатын әрі қарай жүргізу үшін саяси жігердің жетіспегендігін көреміз, сондықтан да реформаларды әрі қарай жүргізуші болып тарихи сахнаға басқа саясаткерлер шықты.

          Тұлғаның саяси құрылымының ең  соңғы, ең кемелденген элементі  болып іс, саяси қимыл болып  саналады.

          Адамның саяси ой –санасы,  мүдделері, еркі, сенімдері –  барлығы бірімен – бірі бірігіп,  нәтижесінде іс, қимыл-әректке айналады.     

    Саяси қатысу мен оның түрлері.

          Саяси әлеуметтену нәтижесінде әрбір адамның саясат объектісінен оның субъектісіне айналуына мүмкіндік туады. Осы процестің аяқталғанының ең негізгі белгісі болып саяси қатысу болып саналады.

          «Политология» деген энциклопедиялық  сөздікте саяси қатысу – тұлғаның  саяси билік қатынастарына, саяси  мәні бар басқару және шешім  қабылдау процестеріне таратылуы деп анықталған. Қарапайым түрде айтқанда, адамның саяси өмірге нақтылы түрде қатысуы туралы.

          Саяси қатысудың талаптары, формалары,  деңгейлері, оның қарқындылығы әр  түрлі болады. Талаптар жөнінде  бірнеше теориялар бар. Мысалы, компенсациялық теория бойынша  адам саясатқа билікке жетуді  мақсат етіп қатысады, ал билікке  ұмтылуы – ол адам өзін төмен  бағалағанымен билік арқылы өзінің  беделін толықтырып күшейткісі  келеді. Прагматикалық теория бойынша  адамдар өмірде саясаттың ролі, ықпалы зор екеніне түсініп,  сол ықпалды бақылап отыру  үшін өздеріде саясат процесіне  қатысуға тырысады.

    Информация о работе Тұлға және саясат