Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 17:10, реферат
Полигонда барлығы 456 ядролық сынақ жүргізілген. Оның қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе күштірек болғаны белгілі. Сондай-ақ полигонында термоядролық, сутегі бомбаларының бірнеше түрлері сыналған, ол туралы деректер мен зардаптары кешеге дейін өте құпияландырылып келеді. 1957 жылға дейін жер үстінде, әуеде сыналған бомбалар зардаптары тексерілмеген десек те болады. Олай дейтініміз, Семейдегі №4 құпия диспансер тек 1957 жылы ғана ұйымдастырылған. Ондағы анықтамалар халықтан жасырылып, жеті қат жер астына тығылған.
{
Радиациялық жағдай
Тайбосунова Айгерiм
ТПерп-12-13
Полигонда барлығы 456 ядролық сынақ жүргізілген. Оның қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе күштірек болғаны белгілі. Сондай-ақ полигонында термоядролық, сутегі бомбаларының бірнеше түрлері сыналған, ол туралы деректер мен зардаптары кешеге дейін өте құпияландырылып келеді. 1957 жылға дейін жер үстінде, әуеде сыналған бомбалар зардаптары тексерілмеген десек те болады. Олай дейтініміз, Семейдегі №4 құпия диспансер тек 1957 жылы ғана ұйымдастырылған. Ондағы анықтамалар халықтан жасырылып, жеті қат жер астына тығылған.
Азғыр аумағында сонау 1966-1979 жылдары 17 мәрте қуаттылығы әртүрлі ядролық жарылыс болғандығын ұмытпалық. Олар диаметрі 600-1000 милиметрлік ұңғымаларда 165-1500 метр тереңдікте жасалған. Соның ішінде А2 алаңында жеті рет ядролық сынақ жүзеге асырылған. Солардың бәрі ізсіз кетті деп айтуға бола ма? Мәселен, А9 сынақ алаңында диаметрі 600 және тереңдігі 35 метрлік жарық пайда болған. Ол кейін жаңбыр және тасқынмен толығып, қазір мұнда 20 мың текше метр көлемінде су жиналған. Яғни, бұл өңір радиациялық әсерге шалдыққан. Сонысымен де ерекше қамқорлыққа алынып, аса назарға ілігуі тиіс.
Совет одағы ядролық сынақ алаңына айналдырған Семей полигонының жабылғанына 20 жыл толды. Радиоактивті қалдықтары әлі жойылмаған аймақтағы ауылдың ауыз су мәселесін шешуге де дәл осыншама уақыт кетіпті.
1973 жылғы қанқұйлы кеңес атомшыларының аудан жерінде жасаған «Кетпенқалған» ядролық жарылысының зардабының әлі де жойылмағанын, және жыртқыштық немкеттілікпен өндірілген уранның айналаға тараған радиоактивті сәулесінен қаншама адамның өмірін жалмағаны да ескерілмеді. Сол уақыттардан бері аудан көлемінде медицинаның шамасы келмейтін рак, жүрек, қан-тамырлары аурулары асқындап және нерв жүйесі қызметінің бұзылуынан өз-өзіне қол салу (суицид), соның ішінде жастар арасында орын алуы да алаңдатарлық жағдайда.
Аймақтағы Шаған және Ащысу деп аталатын
екі өзеннің түйісер тұсында, 1965 жылдың
15 қаңтарында жер асты жарылысы болды.
Осының салдарынан атақты Атом көлі пайда
болды.
Бұрынғы Семей облысының орталығы Семей қаласында жеті жасар «хрустальді бала» Уәлихан Серікқалиев тұрады. Оның сүйектерінің осалдығы соншалық, болмашы қимылдан-ақ жиі сынады. Медицинада бұл сырқат «остеогенез» деп аталады. Уәлиханды сырқатынан жазу мүмкін емес, тек оның жан қиналысын жеңілдетуге ғана болады дейді мамандар. Оны тек әлдебір керемет қана жазуы мүмкін.
1963-1965 жылдары Қарағанды облысының бірқатар аудандарында сол кездегі Бүкілодақтық геология министрлігіне қарасты «Волковгеология» мемлекеттік кәсіпорны кен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Кеңестік дәуірдің аса құпия рәсімімен жүргізілген сол зерттеулердің белгісі ретінде облыстың әр түкпіріндегі тау бөктерлерінде үңірейген апандар, ұңғысынан улы ауа иісі аңқыған ұралар қалды. Сондай қазба бұрғылау орындарының бесеуі облыстың Ақтоғай ауданының бес бірдей жерінде әлі күнге елеусіз, елеусіз болса да, аумағына у-зәһарын шашып, қауіп көзі ретінде қараусыз жатыр.
Жайылымдар мен суаттар уланып, ластанды. Сүт пен етте, жемістер мен көкөністерде радионуклидтер аса көп мөлшерде жинақталды. Суды, ет пен сүтті, басқа да тамақты пайдаланған кезде адамдар радиацияның қосымша әрекеттеріне ұшырады. Олардың денсаулығына келтірілген залал-зардапты бүгінде өлшеп болмайды. Алғашқы 14 жылда уран, сутегі және плутон бомбаларын сынау ісі ашық әуе кеңістігінде және жер үстінде жүргізілді. Бұл кезеңде халықты радиациядан қорғау жөнінде іс-шаралар қолданылмады.
Атыраудағы Тайсойған, Азғыр полигондарымен іргелес орналасқан Ақтөбе облысының Ойыл ауданында екібасты бұзау дүниеге келді. Осыны естіп алаңдаған қызылқоғалықтар Азаттық тілшісіне телефон шалып, бұл оқиғаны Тайсойған мен Азғыр полигондарының зардабы деп санайтындарын мәлімдеді.
Информация о работе Тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық режимдер сипаттамасы