Тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық режимдер сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 18:43, реферат

Описание работы

Осы тақырыпты таңдаудағы менің негізгі мақсатым Қазақстанның мемлекеттік билігіндегі саяси процестердің жүзеге асу формаларын зерттеу болып табылады. Біздің мемлекет әлі де болса бір саяси режимнен екінші саяси режимге, атап айтқанда тоталитаризмнен демократияға, ауысу кезеңінде орналасқандықтан бұл мәселенің зерттелуі өте маңызды болып табылады.
Өз жұмысымда мен саяси режимдердің түрлері мен сипаттамасын, белгілерін, принциптерін, кемшіліктері мен жақсы жақтарын, бұл терминдерді толығымен ашып көрсетуге тырыстым.

Содержание работы

Кіріспе
І. Саяси билік деген не? Оның мәні мен түсінігі.
ІІ. Саяси биліктің түрлері.
Тоталитаризм
Авторитаризм
Демократия
ІІІ. Демократиялық қоғамға көшу.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

реферат.САЯСИ РЕЖИМДЕР.docx

— 60.08 Кб (Скачать файл)

Мысалға ХХ—ғасырда көп  авторитарлық мемлекеттерде легитимация  мақсатымен ұлттық идеология және формальды  билік бақылайтын сайлау көп қолданған. Көптеген Азиядағы, Африкадағы және Латын Америкасындағы болған авторитарлық режим өзін өмір сүруін ұлттық босаумен ақтайды.

Авторитарлық режимнің типологиясы:

Авторитарлы режимдердің  ең жақсы типологиясын неміс саясаттанушысы Дирк Берг – Шлоссер ұсынған болатын. Ол авторитаризмнің келесідей түрлерін ұсынды:

  1. Дәстүрлі абсолютистік монархия (Эфиопия 1947 жылға дейін, Непал 2007 жылға дейін, Марокко, Саудовская Аравия т.б.)
  2. Олигархиялық типтегі дәстүрлі авторитарлы режим. Латын Америкасы елдеріне тән (Гватемала, Куба  1959 жылға дейін, Никарагуа 1979 жылға дейін).
  3. Жаңа олигархияның гегемониялық авторитаризмі (Камерун, Тунис, Филиппины Ф. Маркос билігі кезінде 1972—1985 жылға дейін).
  4. «Социалистік ориентациядағы»  елдер: Алжир, Бирма, Гвинея, Мозамбик, Венесуэла, Танзания т.б.
  5. Әскери режимдер (Г. А. Насер  Египетте, Х.Перон Аргентинада, Ирак, Перу т.б.).

Соңғы онжылдықта авторитарлық жүйелер жиі кейбір демократиялық  институттармен пайдаланған – олар сайлау, т.б. Мысалы, конкурентті емес немесе жартылай конкурентті сайлаулар: авторитарлы немесе жарты авторитарлы режиммен Мексикада, Бразилияда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде, Қазақстанда және басқа да мемлекеттерде пайдаланған.

Жалпы зерттеушілер авторитаризмнің  айрықша белгілерін береді, олар:

  • Күшті орталықтанған билік;
  • Бір топтың немесе партияның билікке монополиясы;
  • Саяси элитаның қалыптасуы;
  • Оппозицияға толық немесе толық емес тыйым салу;
  • Шектелген плюрализм;
  • Билікті ұстап қалу үшін күш құрылымын кең қолдануы;
  • Өкіметтік билік органдарының, сайлаудың және оппозицияның бар болуы. Бірақ олардың қызметі шектелген, тек формальды түрінде ғана;
  • Халықты билікке жақындатпау;
  • Қоғам мен жеке адамның үстінен тотальды бақылаудан бас тарту.

Қазіргі әлемде авторитаризмнің  сақталып қалуына көп жағдайлар себеп болып келеді.

Мысалы:

  • Азаматтық қоғамның дамымағандығы;
  • Экономиканың артта қалуы;
  • Дамушы қоғамдарда шиеленістің биік тәсілі.

Қазіргі уақытта тоталитарлық саяси жүйенің ыдырауымен әлемнің көптеген коммунистік мемлекеттерінің авторитаризмге деген ғылыми және саяси қызығушылығы жоғарылады. 80 – 90 жылдары авторитарлық мемлекеттер (Оңтүстік корея, Чили, Қытай, Вьетнам т.б.) өзінің экономикалық және әлеуметтік күштілігін көрсетті және экономикалық гүлденудің саяси тұрақтылығымен күшті биліктің – бостандық экономикамен және қауіпсіздікпен дамыған әлеуметтік плюрализммен дамығандығын дәлелдейді. Сондықтан авторитаризмнің реформаторлық мүмкіндіктері бар екен деп ғалымдардың пікірлерімен келісуге болады (В.П.Пугачев). Бірақ, демократияға көзделген авторитарлық тәртіп көпке шыдамайды.

 

ІІ. 3. Демократиялық саяси режим

Демокра́тия (др.-греч. δημοκρατία — «халық билігі», от δῆμος — «халық» и κράτος — «билік») — негізінде коллективті шешім қабылдау, барлық қатысушылардың билік процесіне бірдей әсер ету әдісі жататын саяси режим.

Демократия ол:

  • Белгілі бір қалыптасқан ұйым мүшелерінің шешім қабылдауына қатысуына негізделген;
  • Қоғамдық құрылымның идеалы және оған сәйкес әлем көзқарасы;
  • Халық билігі және демократияның мақсаты мен идеалының жүзеге асуы үшін әлеуметтік – саяси қозғалыс.

Демократияны мемлекеттік құрылым ретінде зерттегеннен кейін оның тағы бір белгілерін көрсетуге болады:

  • Қоғамда көптеген қызығушылықтар мен мүмкіндіктердің бар болуы;
  • Саяси институтқа, топтарға кепілденген жолы;
  • Жалпы сайлау құқығы;
  • Өкіметтік институттардың іс – әрекеттік бақылау;
  • Саяси нормаға қатысты көпшілік қоғамның келісуі;
  • Пайда болған шиеленістерді бейбітшілік түрінде шешу.

Демократия келесідей жағдайлар орын алған кезде пайда болады және сақталады:

Біріншіден, экономикалық дамудың биік деңгейі. Курт жасаған зерттеу қорытындысы бойынша тұрақты экономикалық өсуі ең соңында демократияға әкеледі.

Екіншіден, қоғамда толеранттылықтың бар болуы, саяси азшылықтың құқығын  сыйлау.

Үшіншіден, қоғамның базалық  құндылығына, тең құқығына қатысты  келісімі.

Төртіншіден, халықтың саяси қатысушылыққа ұмтылысы (сайлау түрінде)

Демократиялық саяси режимді  демократиялық тәртіпке негізделген  басқару түрі деп атауға болады. Оның негізінде – адамның бостандығы, құқық кепілдігін қорғау.

Демократияда өмірді реттейтін  негізгі құрал – заң. Мемлекет міндетті түрде құқықты болады және қоғам азаматты түрде болады.

Принциптері:

  1. Билік органдарын сайлау.
  2. Биліктің бөлінуі.
  3. Саяси пікірдің әртектілігі.
  4. Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
  5. Заң.
  6. Қоғамдық пікірді ескеру.
  7. Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.
  8. Жариялылық.

 
Жүзеге асыру формалары:


  • Сайлау өткізу, есеп беру.
  • Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.
  • Референдум өткізу.
  • Митинг, жиналыс.
  • Съезд, конференция, пленум.
  • Шеру, бойкөрсетулер.
  • Сессия
  • Шетелге сапарлар.
  • Ереуілдер

 

Демократиялық режим белгілері:

Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.

Экономика саласында:

  1. Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
  2. Меншік түрлерінің әркелкілігі;
  3. Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
  4. Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қоғауы;
  5. Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
  6. Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;

Саяси салада:

  1. Саяси пікірдің әралуандығы;
  2. Көппартиялылықтың болуы;
  3. Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;
  4. Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;
  5. Оларды іс жүзінде қолдану;
  6. Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;
  7. Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;
  8. Оппозицияның болуы;

Әлеуметтік салада:

  1. Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;
  2. Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
  3. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;
  4. Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;
  5. Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;
  6. Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатынын шектелу;

Рухани салада:

  1. Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;
  2. Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;
  3. Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;
  4. Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;
  5. Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;
  6. Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;

 

Батыс саясаттанушылары демократиялық  режимнің мынадай басқару түрлерін ажыратады:

  1. Президенттік режим
  2. Парламенттік режим

Президенттік режим түрі онда парламенттің және заң шығарушылық  қызметінің орындалуына қарамастан толық билік президенттің қолында  болады. Осы режимде Президент  үкіметті өзі құрайды, оның заңға вето салуға және заң шығаруға құқығы бар; парламентті отставкаға жіберуге және парламенттік сайлаудың мерзімге дейін жариялауға құқығы бар және т.б. Президенттік режимнің классикалық түрін АҚШ – та көруге болады.

Парламенттік режим түрінде  толық заң шығарушы билік парламентте  мемлекет басшысы - монарх немесе парламентпен тағайындалған президент болса да, осы режимде праламенттің Президент ветосын қабылдамауға, президент заң шығаруына қарсы заң қабылдауға құқығы бар: импичмент арқылы үкімет үстінен бақылау жүргізуге құқығы бар және т.б.

Маңызды қызығушылық қазіргі  демократиялық жүйенің талдауын көрсетеді. Ол А.Лейцхарттың «вестминистрлік демократия үлгісі» мен «демократияның консенсустық үлгісін» ұсынуы.

Бірінші үлгі көпшілік принципін  білдіреді. Бұл үлгі өмір тәжірибесінде  атқарушы биліктің концентрациясын  сипаттайды (бір партиялық кабинет  немесе «таза көпшілік кабинеті»); биліктің тұтасуы; ассиметриялық екіпалаталы  парламент; партиялардың біртүрлілігі плюралистік сайлау жүйесі; унитарлық  және орталықтанған басқару; парламент  суверенитеті мен жазылмаған конституция; өкілдік демократия. Мұндай демократия үлгісі Ұлыбританияда, Австралияда, Жаңа Зеландияда және т.б. елдерде бар.

ІІІ. Демократиялық  қоғамға  өту  жолдары.

 
Әр  түрлі  елдердің  демократияға  бейімделу  жағдайларын  талдап, қорыта  келіп,  ғалымдар  бір  жолда  бір  жүйелілік  болуы  керек  дейді. 
Теориялық  жақтан  алғанда  бұл  мәселеде  екі  түрлі: либералдық  және  консервативтік  көзқарас бар. 
          Либералдар жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халықтың  білім  дәрежесіне  баса  назар  аударады. Мұнда төбе топ (элита) және қатардағы азаматтардың ұлттық  процеске  тартылу  деңгейі  шешуші  рөл  атқарады. Себебі, олардың  арқасында  саяси  реформалар  жүзеге асады. 
          Консерваторлардың  ойынша, демократиялық  үрдісте  тәрбиеленген, билік  институттарын  дұрыс  пайдаланып, басқара  білмейтін  халықты  билікке  араластырудың  керегі  шамалы. Сондықтан  дамып  келе  жатқан  елдердің  жаңа  жағдайға бейімделуі  үшін мықты  саяси  тәртіп, тұрақсыздықты  тежей  алатын  заң, беделді  саяси  партия, авторитарлық  тәртіп  болуға  тиіс  дейді. Солар  ғана  билікке  саяси  басшы  жасай  алады, мемлекетте  мықты  бюракратия  қалыптасады, реформаларды  кезең - кезеңмен  жүйелі  түрде  жүзеге  асыруға  болады  деп  түсіндіреді. 
Әр  елдің  даму  сатысына  байланысты  бейімделу  әр  қилы. 
 
         Бұрынғы  социолистік  елдер  бірінен кейін  бірі  тотаритарлық  жүйеден  бас  тартып, демократиалық  жолға  түсті. Капиталистік  және  социолистік  жүйеге  бөлінудің  нышанындай  көрінген  Берлин қабырғасының күйреуі Шығыс  және  Орталық  Еуропаның  арасында  жаңа  жағдай  туғызады. Ал  бұрынғы  КСРО  еліндегі тотаритарлық  тәртіп  күйреп, оның  қарамағындағы  республикалар  көп жылдар  бойы  аңсаған  егемендігін  алып, терезелері  тең елдер  қатарына  қосылды. 
Польшаның  әлеуметтанушысы, саясаттанушысы  Ежи Вятордың  ойынша, демократияға  революция  арқылы  келуге  болмайды. Себебі, революция  кезінде  зорлыққа  жол  ашылды, ол  зорлық  қарсы  жақтан  зорлықты  тудырды. Сондықтан  оған  жетудің  үш жолы  бар: 
1.Реформа  жоғарыдан  басталады.  Мұнда  авторитарлық  басқарушылар  жағдайдытүсініп, ешкімнің  зорлығынсыз, өз  еріктерімен  саяси  жүйені  өзгертеді. Мысалы, Түркия  президенті  Ататүріктің  басқаруы  осылай  болды. 
2. Амалсыздан  биліктен  бас  тарту. Мысалы, 1974 жылы  Грекия  басқарушы  полковниктері  Кипрде  әскери  төңкеріс  жасамақ  болды. Оған  жауап  ретінде  Түркия  Кипрге  әскер  кіргізіп, нәтижесінде  арал  екіге бөлінеді. Грекия  АҚШ-қа  арқа  сүйемек  болып  еді, бірақ  олар  қолдамады. Сондықтан  билік  басындағы  грек  полковниктері  амалсыздан  билікті  азаматтық  үкіметке  берді. 
3. Билік  басындағылар  оппозициядағылармен  келісімге келу  арқылы  авторитарлық  тәртіптен  демократияға  өтеді. Мысалы, Испания (Франко  өлгеннен  кейін), Оңтүстік  Корея, Польша, Венгрия  және  т.б. 
Авторитарлық  тәртіптің  күйреуінің  бірнеше себептері  бар: 
Ол  тәртіпті  өмірге  әкелген  мақсаттардың  орындалуы; 
Сол  тәртіптің  шеңберінде  шешілмейтін  қайшылықтардың  көбюі; 
Авторитарлық  тәртіп  дағдарысқа  ұшыраған  кезде  өз  елдеріндегідей  демократиялық  тәртіпті  орнатқылары  келген  дамыған  батыс  елдерінің  ықпалы  мен  қысымы. 
Қазіргі  кезеңдегі  демократияға  көшу  ТМД  елдерінің  алдында  да  тұр. Біреулер  Батыс  үлгісіне, енді  біреулер  Шығыс  үлгісіне  жүгінеді. 
Батыстан –  жеке  адамның  еркіндігі  мен  бостандығын  жоғары  қою, оны  мемлекеттің  езгісінен  босату, олармен  сауда - саттықты  өрістету, тәжірибелерінің  жақсы  жақтарын  қабылдау, мәдениетін  алу, т.с.с. 
Ал  Қазақстан  Шығыс  үлгісіне  көбірек  сүйенеді. Оған  дәлел – діні, мәдениеті, бұрынғы  жазуы. Мәдениет  бізге  ең  алдымен  сол  жақтан келді. Шығыс мәдениетіне  қазақтардағыдай  қауымдастық, ұжымдастық, туыстық  жақын. Ал  Жапония  басқа  елдердің  ең  жақсы  жақтарын  қабылдай  отырып, өзіндік  ерекшеліктерін, төл тумалығын  жоғалтпайды. Ұлттың  бар  күшін  Батыстың  ең  жақсы  жаңа  технологияларын  меңгеруге  жұмсап, жұмылдырып, әлемдегі, ең  озық , дамыған  елдердің  біріне  айналды. 
Егер  республикамыз  өркениетті  елдердің  даму жолын, тәжірибесін  терең  саралап, орынды  пайдалана білсе, олардың  жіберген  қателіктерін  қайталамай, реформаны  жылдам жүргізуге  болар  еді. Батыс  елдері  реформаны  жасағанда  халықпен  кеңесе  отырып  істейді. Халықтың  келісуінсіз  демократияны  орнату  қиын. 
Біздің  халықтың  санасына  авторитарлық  тәртіп белгілері сіңіп  қалған. Сондықтан  халықтың  саяси  мәдениетін  көтеру  басты  мақсаттардың  бірі  болуға тиіс.  
Біздің  мақсатымыз – ата-бабамыздың  дәстүр  ерекшеліктерін  сақтай  отырып, алдыңғы  қатарлы  елдердің  өркениетті  тәжірибесін  бойға  сіңіріп,  нағыз  демократиялық  жолға  түсу.

Информация о работе Тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық режимдер сипаттамасы