Заманауи өркениеттің дамуының ерекшеліктері мен көкейкесті мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 15:16, реферат

Описание работы

Заманауи өркениеттің дамуының ерекшеліктері мен көкейкесті мәселелері
Өркениет – тарихи, географиялық шеңберде рухани дәстүрлермен қосылған тұрақты адамдар қоғамы. Негізгі өркениеттер тарихта айқын орын қалдырып басқа да өркениеттерге әсер етті. Мысалы шумерлік, вавилондық, минойлық, эллиндік, қытайлық , индуисттік, исламдық, христиандық. Жергілікті өркениеттер: американдық, германдық, орыстық және т.б.

Файлы: 1 файл

Заманауи өркениеттің дамуының ерекшеліктері мен көкейкесті мәселелері.docx

— 31.52 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Заманауи  өркениеттің дамуының ерекшеліктері мен     көкейкесті мәселелері

 

 

 

 

 

                                                                          Орындаған: Бақытжанқызы Б.

                                                                              Қабылдаған:  Канагатова А. М.

 

 

 

 

 

 

 

2012 ж., Алматы

 

 

Заманауи  өркениеттің дамуының ерекшеліктері мен көкейкесті мәселелері

Өркениет – тарихи, географиялық шеңберде рухани дәстүрлермен қосылған тұрақты адамдар қоғамы. Негізгі өркениеттер тарихта айқын орын қалдырып басқа да өркениеттерге әсер етті. Мысалы шумерлік, вавилондық, минойлық, эллиндік, қытайлық , индуисттік, исламдық, христиандық. Жергілікті өркениеттер: американдық, германдық, орыстық және т.б.

Ішкі жүйесі бойынша өркениет – шығармашылық азшылық және көпшілік инерттілік болып бөлінеді. 

Біріншісі өркениеттен тыс қалған сұрақтарға жауаптар беру үшін екіншісін алға тартады.   Әр бір өркениет 4 кезеңнен өтеді: пайда болу, өсі, жарылу, дезинтефация, өліммен бітіп бүкіл өркениетті жойып жібереді.

Шпенглердің мәдениет түсінігі Тойнбидің өркениет түсінігіне  ұқсас келеді, бірақ Шпенглердің өркениеті басқаша мағына береді.

Өркениет- мәдениет дамуының жоғарғы дәрежесі. Мәдениет дамуын тоқтатып өліміне алып келеді. Шпенглер сегіз мәдениетті көрсетеді: үнді, қытай, вавилондық, египеттік, антикалық, арабтық, орыстық, батысеуропалық.

Менің ойымша өркениет белгілі бір даму дәрежесіне жетіп, ғылымда көптеген жетістіктерге жетті. Ең көп ашылулар XX ғасырда ашылды.

Өркениеттің жеткен жетістігі өнеркәсіптің дамуы, ғылыми прогрестер, жылдам жүретін поездар, алып ұшақтар мен зауыт – фабрикалар болғанымен, адамгершілік құндылықтарын материалдық қажеттіліктермен теңдестірмейінше біз өркениеттің кері әсерін көретін боламыз. Адамға берілген барлық мүмкіндіктерді пайдалану дұрыс , бірақ оны дұрыс жолда қолдану керек.

XX ғасырдан бері жер  асты ресурстары мен капитал өте тез жоғалуды, қазіргі таңда табиғат ресурсы өте қатты өзгеріске ұшырап экологиялық проблемаларға алып келуде. Әлемдік проблемалардың бірі биосфераға кері әсері. Жиырмасыншы ғасырдың ең қатты көрініс беріген мәселесі демографиялық болып табылады. 1950 жылы әлемдегі адам саны 2,5 млрд болса 1984 жылы екі еселеніп 6,1 ге жетті. Ресейде адам саны кеміп бара жатса Қытайда өсуде. Жарты ғасырдың ішінде адамдар табиғаттан жаға тұрғын үй кешендерімен, тас және темір жолдарымен, теңіз және әуе жолдырамыен көп орындарды жарамысыз етуде. Сонымен қатар ғылыми техникалық революция көптеген территорияны ластайтын радиоктивті атомдық энергияны берді. Атмосфераның озон қабатын жоятын реактивті жылдам авиациялар пайда болды. Ауаны ластайтын мыңдаған автокөліктер көбейді. Мұның барлығы көптеген ірі экологиялық проблемаларға алып келуде. Глобалдық экологиялық проблема бірнеше бөліктен тұрады:  демографиялық мәселе адам санының күрт өсуі; энергетикалық мәселе; азық түлік қорының азайуы; табиғат ресурстарынң сақталу мәселесі шикі және минералды ресурстарының азайуы. Соңғы жылдары климат күрт жылынуы байқалуда. Соның әсерінен Солтүстік полюсте мұздар еріп су мөлшерін көбейтіп жатыр. Қазір адам жыл сайын 4,5 млрд т. көмір, 3,2 млрд газ, жаңғыш жаттарды ауаға жіберіп жатыр. Мұның барлығы көмірқышқыл газына айналуда. Сонымен қатар ауаға улы газ метанның таралуы көбейді.

Бұл дағдарыстардың себептерін үшке бөліп қарастырамыз:

ғылыми – техникалық, биология- психологиялық және әлеуметтік- саяси.

Биосфера деградациясының негізгі себебі- әлемнің минералдық және тірі ресурстарының мөлшерден тыс көп қолданылуында. Соның кесірінен техногендік қалдықтар қоршаған ортаны улауды.

Әлеуметтік- экологиялық процестерге табиғат ресурстарының азайуы;

генетикалық мутация; химиялық ластанудың әсері; ауа райының негативті түрде өзгеруі; адам денсаулығының нашарлауы жатады.

 

Қорытынды:  Жаһандық проблеманың пайда болуы замануаи өркениеттің қауіпсіздігін сақтау үшін барлық адамдардың бірігуін талап етеді. Қоғамның жақсы жаққа дамуына жету үшін барлық әлеуметтік, экономикалық, экологиялық институттардың жұмыла жұмыс жасауы керек. Экологиялық проблемалардың шешімі ғылымның дамуына тікелей байланысты. Адамзатқа жүз миллиондаған аш адамдарды тойдыру мен кедейлікті жою мәселесі бірінші орында тұру қажет. Қазіргі қоғамның қажеттіліктерін өтеп болашаққа да көп нәрсе қалдыруымыз қажет. Егер осы талаптар орындалса, мүмкін адамзаттың жаһандық табиғи апаттардан құтылу мүмкіндігі бар деп ойлаймын.

 


Информация о работе Заманауи өркениеттің дамуының ерекшеліктері мен көкейкесті мәселелері