Аудит готовой продукции

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 17:16, курсовая работа

Описание работы

Фарабидің этикалық тұжырымдамасында негізгі орынды жақсылық санаты алады. Ойшыл "Әлеуметтік-этикалық трактатында": "Жақсылық негіздің атрибуты бола тұра, материяға кіреді, жақсылықтан жамандық болмысының жоқтығымен ажыратылады" - деп есептейді. "Музыка туралы үлкен трактатында" музыка ғылымының мәселелерін зерттейді (музыкалық дыбыстардың құрылысынан музыка мен поэзияның байланысына дейін). Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік мәнін жан-жақты ашып көрсетеді. Музыканың әр түрлі жанрын жетілдіруде пайда болатын адам дарындылығының дәрежелерін талдайды. Әлеуметтік өмірдің шындығына тән кереметтілік тұрмыстық құбылыстардың шындығын көрсете білуде екенін дәйектейді.
Фараби адамзат құрметі үшін интеллект өте қажет нәрсе деп есептейді. Ақыл халықтар арасындағы тартыстың (соғыстардың) мағынасыздығын көрсетеді. Содан олар "ең биік игілікке", яғни жер бетіндегі бақыт пен бейбітшілікке жету үшін "келісімге көшуіне тура келеді". Шынайы бақытқа жету үшін үнемі іздену мен оқу керек дейді. Өзінің "Әлеуметтік-этикалық трактатында" ғалым: "Үлгі-өнегенің арқасында бұзақылық та, керемет істер де шығады", - деп жазды.
Фараби "Ғылымды жіктеу және анықтау туралы кітап" деген еңбегінде орта ғасырлық ғалымдардың ақырғы жігін ашып береді. Бұл кітап ғылым салаларының өзіндік жікке бөлінуімен ерекшеленеді.
Сайып келгенде, Әл-Фараби "Қайырлы қала тұрғындарының кітабы", "Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы", "Музыканың үлкен кітабы", "Өлең сөз және шешендік туралы", "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат", "Логика", т. б. еңбектері - ғылым тарихында өзіндік орны бар дүниелер.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 274.57 Кб (Скачать файл)

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

 

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, түркітанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (Қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).

Батырлықты, билікті салт қылған ірі мінезді адамдары көп ортада туып-өскен Ахметтің тәрбиесі мал бағып, күйбің тірлік кешкен өзге қазақты ортадан бөлектеу еді. Әділетті жақтау, қиянатқа төзбеу - атадан балаға қалған мұра секілді қасиет еді мұнда. Әулеттің ісін тізіп, әріге бармай-ақ, беріден қайырсақ, әкесі Байтұрсынның параға сатылып, аулына қиянат жасаған Торғай уезінің начальнигі, "кәрі ояз" атанған Яковлевті сабап, басын жаруы да сол қасиеттің құдіреті болатын. Осы қасиет Ахметті де өз ортасынан суырып алып, күрес жолына салды. Патша өкіметінің зұлым саясатын, халқына жасап отырған көренеу зорлық-зомбылығын, қорлығын көріп-біліп отырып, жан бағып, жайына жүре алмады. Бар оқығаны: ауылдағы екі жылдық, Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектептерімен шектелгеніне қарамастан, "өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмаш болып, кейбірі арын сатып, ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды..., халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті" (С. Сейфуллин). Ол замана ағымымен кетпей, өзгелер құсап қазақ халқын бай, кедейге бөлмей, тұтас жақсы көрді, намысын бірдей жыртты, арын бірге жоқтады.

Ол отаршылықтың озбыр саясатына  қарсы халықты ояту үшін халықты  ағартудан басқа жол жоқ екенін, надандықпен, қараңғылықпен күресу керектігін толық түсініп, бар ғұмырын осы жолға арнады. Қуғын-сүргінге түсті - мұқалмады; түрмеге қамалды - жасып, жұқармады. Мұғалім болып, бала оқытып, жас ұрпақтың көзін ашты; газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді; өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты, түрлі қызмет істеп, үлгі-өнеге көрсетті. Ол өзі атқарған үлкенді-кішілі қызметті де, сабақ берген мектепті де, мақаласы мен өлеңдерін шығарған баспа орындарын да - бәрін-бәрін халқына қалтқысыз қызмет етудегі өз идеясын, өз саясатын жүзеге асырудың құралы етті. "Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - "Қырық мысал", "Маса"; "Қазақ" газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын" (М. Әуезов). Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған оны туған халқына жау етіп көрсетіп, "халық жауы" деген жалалы жамылғы жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала - бұлт, шындық - күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, өз халқымен қайта табысты.


Информация о работе Аудит готовой продукции