Басқару, мектепішілік басқару және мектепшілік менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 12:44, реферат

Описание работы

Жалпы басқару дегенді — шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытын-дысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп-ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе — орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.

Файлы: 1 файл

Басқару менеджмент.doc

— 78.00 Кб (Скачать файл)

Жеке билік пен басқарудың біртұтастығы

Бұл қағиданы іске асыру педагогикалық  жүйені басқаруда субъективтілікке, билеп-төстеушілікке жол бермеуге бағытталады. Басқару қызметінде әріптестердің  тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, оларды талдамалар жасау мен шешім қабылдауға қатыстыру, әр түрлі көзқарас-тарды салыстыра отырып оңтайлы шешім қабылдаудың маңызы зор. Оның үстіне алқалық шешім ұжымның әрбір мүшесінің тапсырылған міндетке жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды.

Басқарудағы жеке билік тәртіпті қамтамасыз етіп, педагогикалық процеске қатысушылардың өкілеттілігін айыптауды және оны  қатаң сақтауды қамтамасыз етеді. Егер алқалы билік қабылданған шешімді  іске асыру кезеңінде белгілі  бір шешім қабылдаса, бұл өте маңызды.

Педагогикалық жүйе басшысының жеке билігін билеп төстеуді, беделді  алға салу емес, ол терең педагогика-лық  бітім мен тұлғаның және әлеуметтік психологияны жете меңгеру, оқушы, мұғалім, ата-ананың дербес-психологиялық ерекшеліктерін жіті есепке алуға негіз-деледі. Басқарудағы жеке мен алқалы билік біртұтастығы-ның көрінісі. Жеке билік шешімді орындауда жеделдігімен ерекшеленсе, алқалы билік біршама »бәсеңдігімен» ерекшеленеді. Сондықтан да тактикалық әрекеттерді айқындағанда жеке билікке, ал стратегияны талдап жасағанда алқалы билікке арқа сүйенген дұрыс болмақ.

Бұл принцип оқу-тәрбие процесін басқаруда  қоғам-дық негізде жұмыс істейтін түрлі комиссиялар мен кеңестердің  қызметінен көрініс табады. Әсіресе  ұжымдық ізденіс пен қабылданған  шешімге жеке жауапкершілік қажет болатын съезд, слет, конференциялардың жұмысы осы қағиданы қатаң басшылыққа алады. Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты орталықта және жергілікті жерлерде бұл қағиданың күнделікті практикада орнығуына қолайлы жағдай туғызады.

Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі және толықтылығы

Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық  ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпараты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіз-дікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады.

Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен немесе тым аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. Ал оқу тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар жетіспей жатады.

Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау және қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау, анкета жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау жиі қолданылады. Техника-лық құралдарды және компьютерлендірудің нәтижесінде материал жинау, оны өңдеудің мерзімі едәуір қысқарды. Қазіргі мектеп басшысының міндеті — мектепішілік ақпараттық басқару технологиясын жасап, енгізу. Ол технологиияны басшымен бірге мұғалімдер де пайдалана алуы тиіс.

Педагогикалық жұйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белігілеріне қарап басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша — күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару қызметіне қарай — талдамалық, баға беруші, конструктивті, ұйымдық; жиналған мәлімет көзіне қарай — мектепішілік, ведомстволық, ведомстводан тыс; мақсатты пайдалануы бойынша — директивалық, таныстырушылық, кепілдемелік және т.б.

Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану технологиясын енгізуде, еңбекті басқару ғылыми ұйымдастырудың деңгейін арттырады.

Қолданылған әдебиеттер

Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.

Айтмамбетова  Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.

Айтмамбетова  Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда  адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985.

Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.

Айғабылова  Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.

Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу  жолдары. //Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан,1994.

Алмаханова  Х. Жас өспірімдерге эстетикалық  тәрбие беру.   /Методикалық нұсқау. А., 1990.

Ақназарова  Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.

Әбенбаев  С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.

Әбенбаев  С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.

Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі. -Шымкент 1994.

Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.

Әбиев Ж. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық  негіздері. -Алматы, 1997.

Әбиев Ж. Оқушыларға атеистік тәрбие беру. Алматы, //Қазақстан мектебі, 1959. ғ3.

Әбілова З. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. -А., 1972.


Информация о работе Басқару, мектепішілік басқару және мектепшілік менеджмент