Мемлекет және азаматтық қоғам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2013 в 19:53, курсовая работа

Описание работы

Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтық қоғам, оның тарихы. қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары .............................................................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы.......................................................................................................................9
1.4 Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздері..................................................................................................................12

І. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ: ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Құқықтық мемлекет шығу тегі, мазмұны және мемлекет қызметінің орындалу әдістері..................................................................................................16
2.2 Құқықтық мемлекет негіздері, белгілері......................................................19
2.3 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы.............................................................................................................23

ІІІ. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ..................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................31

Файлы: 1 файл

мемлекет жане азаматтык когам.DOC

— 207.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа  бөлінеді: категория «а» Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория «б» бірінші топтағы лауазымды түлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория «в» екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.

Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі  мүдде - мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым - қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.

Сонымен, мемлекеттің  фуикциясы - қоғамды әлеуметгік баска-рудағы мемлекеттің атқаратын жүмыстарының неғізгі бағыттары мен әдістері.

Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде - мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешілік кездеседі.5

Біздің пікіріміз - функцияның өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің  мүдде - мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа  жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.

Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп бөлмейді. Өйткені олардың  шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген  дұрыс, функцияның басым көпшілігінің шекарасы белгілі.

Мемлекет — басқару  функциясын орындайтын және соның көмегімен  қоғамның тіршілік - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен  алғышарттар жасауға ұмтылатын  адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай - ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.

Көрсетілген негізгі  жағдайлар біздің түсінігімізде  және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін  табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне карай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабатты» қамтиды.

Мемлекет дегеніміз  бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси  ұйым:

а)  қоғамды басқару  міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б)   оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекеттік билік толып  жатқан субъектілердің сан алуан нақты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықтық нысаны дейді.

Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді:

1). Нормативтік актілер  арқылы орындалу нысаны;

2). Жалпылама нормативтік  актілер арқылы орындалу нысаны.

Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:

1). Құқық шығармашылық;

2), Құқықты орындаушылық;

3). Құқықты қорғаушылық.

Мемлекеттік билікті  орындаудың ерекше нақты түрі - әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.6

Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т.б.

Мемлекеттік билікті  орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл қызметке  нормативтік актілердің қажеті жоқ.

Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:

-  жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;

- мемлекеттік органдарға  көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;

- материалдық-техникалық  операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып шығару т.б. қүжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;

-    әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;

-    мемлекеттік  органның тәжірибелерін жинақтап, қорытынды

жасау;

- мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдар-  ының ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап, қорытынды жасау;

-   мемлекеттік органның  жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды қатыстыруды ұйымдастыру

-    шет елдермен  қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т.б. қызмет істері.7

 

2.2  Құқықтық  мемлекет негіздері, белгілері

 

Таптық қоғамдағы саяси  биліктің негізгі құралы болып табылатын  мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншік пен антагонистік таптардың  түзілуінің нәтижесінде пайда болған.

Егер, мемлекетке дейінгі  рулық қоғамда билікті ақсақалдар жүргізіп, өмір әдет-ғұрыптар арқылы реттеліп отырған болса, ал мемлекеттің құрылуына  орай, өкімет билігі (халық билігі) пайда  болды. Үстем таптың еркін жүзеге асыратын әскер, сот органдары, түрме мекемелері құрылып, оның мүддесін қорғау үшін құқық пайда болды. Осылайша, үстем таптың мүддесін қорғау үшін қалыптасқан құқық нормалары бірте-бірте әдет-ғұрыптарды ығыстыра бастайды.

Мемлекет алғашқы қауымдық құрылыстан мемлекет билігін жүзеге асыратын айрықша органдар мен мекемелер жүйесі, яғни басқарудың айрықша қызметін күштеп жүргізетін аппараты болуымен; мемлекет санкция берген белгілі бір нормалар жүйесін бекіткен құқықтың, сондай-ақ осы мемлекеттің юрисдикциясы жүретін белгілі бір аумақтың болуымен де ерекшеленеді. Сөйтіп, мемлекет дегеніміз — өзі орналаскан аумақтағы бүкіл ел көлемінде билік жүргізетін басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым. Мемлекеттің пайда болуына орай, адамдар тура мағынасында айтқанда нақты бір аумаққа "байланып қалады". Қондырма ретіндегі мемлекеттің мәні нақты коғамдағы өндірістік қаты-настардың тиісті түрлеріне орай айқындалады.

Бүгінгі тандағы мемлекеттің  басты ерекшелігі азаматтарды мемлекеттік  және қоғамдық істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі, демократиялық қоғам кұру болып табылатындығында. Республика Конституциясының 3-бабында: "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық" деп көрсетілсе, 1-бабында Қазақстан Республикасы  демократиялык, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады" деп атап көрсетілген. Мұның мәні неде? Оның мәні бәрінен бұрын ізгілік іргетасының қалануында, яғни азаматтың, жеке адамның бостандығы, ар-ожданы, ар-намысы қорғалатындығында. Бұл — халықтың, қоғам мен мемлекеттің өмірінде заңның үстем болуы аркылы қол жеткізілетін нәрсе. Ол адамның құқығы мен бостандығын, бейбітшіл азаматтық қоғам құруды және ұлтаралық татулықты, сондай-ақ адамның өзі және өз ұрпақтары үшін лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді. Құқықтык мемлекетте мемлекет пен оның органдары Конституцияның 3-бабында тиянақталғандай, заңдарда белгіленген өкілеттік шеңберінде әрекет етеді.

Құқықтық мемлекеттің  ұлы мұраты мемлекет өз органдарының әрекеті үшін жауап беретін, ал азаматтар  мемлекет алдындағы жауапкершілік сезімін толык сезінетін мемлекет пен жеке адамның арасындағы өзара міндеткерлік болып табылады. Құқықтық мемлекетте заңдар мен басқа да нормативтік актілерді жүзеге асыру барысындағы пәрменді қадағалау мен бақылаудың маңызы зор. Зандардың бұрмалануына ешқандай да жол берілмеуі керек.

Құқық  пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі  болатынын да анықтай алады. Мұның  өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.

Құқықтық мемлекеттің түрлі түсінігінің болуы — оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты мемлекет тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық  мемлекет мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық  мем леке туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.

Әрине, құқық мемлекет туралы зерттеушілердің көзқарасы  бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты  таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру жолында кең орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық — үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады. Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге төлуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топка артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

Құқық  мемлекет (объективтік  тұрғыдан қарағанда) — жалпыға бірдей міндетті, құқықтық  мемлекет күшімен  қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми  құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Енді, құқықтың  мемлекет негізгі белгілерін қарастырайық, мысалы жүйелілігі. Құқық мемлекет — бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі — табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ»8 (15-бап). Құқықтық жүйенің екінші бөлігі — мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық  мемлекет жүйенің үшінші бөлігі — субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы —оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.9

        Құқық мемлекет негізі жөнінде  әңгімелегенде, бәрінен бұрын  құқықтың пайда болуы мен оның  әрекет етуіне негіз болатын  қозғаушы күштердің мағынасы  әнгімеге арқау болады. Мұндай  қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.

Бұл тұрғыдан құқық мемлекет негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да «құқық негіздері» ұғымының тар мағынасы да бар. Заң ғылымында «құқық мемлекет негіздері» дегеніміз — қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.10

Әдетте құқық мемлекет негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құқықтық мемлекет келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.

Құқықтық мемлекет әдеттер  — қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми  түрде бекітілген әдет-ғұрыптар.

Кезінде қазақ даласында  құқықтық мемлекет әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.

Информация о работе Мемлекет және азаматтық қоғам