Менеджмент ғылым ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2013 в 23:49, доклад

Описание работы

Менеджмент ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің даму барысында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ғылымының алғашқы белгісі «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады.

Файлы: 1 файл

Менеджмент ғылым ретінде1.docx

— 18.31 Кб (Скачать файл)

Менеджмент ғылым  ретінде 

   Менеджмент ғылым ретінде XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің даму барысында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ғылымының алғашқы белгісі «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады. 
   Алғаш рет «ғылыми басқару» мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1986 – 1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңаық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан жақты дәлелдеді. Ф.Тейлор кәіспорынды басару ісін өнер ретінде қарастыра келіп, менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853–1931), Генри Форд (1863–1947), Френк Гилберт (1868–1919), Лилиан Гилберт (1861–1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты. 
   Классик үлгідегі (әкімшілік) мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А.К.Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841–1925) практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынандай қорытындыға келді: «басқару – кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу». Ол сондай – ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылыми жолмен ұйымдастыру принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті. 
    Бихевиористік (мінез–құлық) мектебі ХХ ғасырдың 20–шы жылдардың аяғы мен 50–ші жылдардың басында қарқын белең алды. Бұ бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі – Элтон Мейо (1880–1949) болды. Осы ілім формалық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды: қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс салалары мен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды. Америкалық зерттеушілер де Мери Пркер Фоллет (1868–1933), Абрахам Маслоу (1908–1970) бихевиосристік (мінез–құлық) мектептің өкілдері болып табылады. 
   Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950–1960) қазіргі сандық негізінде басқаруда математика иен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп, «басқару ғылымы немесе сандық ықпал» мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері: американдық ғалымдар С.Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х.Райфа. 
ХХ ғасырдың 60–шы жылдарында миенеджментте жаңа бағыт қалыптасты. Ол «ситуациялық әдіс» деп аталады.Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды  талап етеді. Өзінің зерттеуінің негізіне бұл мектеп кәсіпорын, ұйымның жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді. Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан , мүкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады.

    Басқару теориясы  мектептерінің пайда болуын зерттеушілер  сол уақытта қалыптасқан белгілі  себептермен, жағдайлармен байланыстырады.

   Мысалы, басқару теориясының  «классикалық мектебі» мыналардың  әсерінен қалыптасты: ұйымдар санының  өсуі, тауар мен қызмет көрсету   нарығының өсуі, бірінші дүниежүзілік  соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және  постиндустриялды  революцияның  басталуы.

      Бихевиористік (мінез–құлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әсерімен түсіндіріледі,дайындығы жақсы менеджерлерге сұраным екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты.

    «Басқару ғылымы»  мектебінің дамуы корпарация  концерн, концерн – конгомераттаркөлемі  өсуі әсерімен, «қирғи - қабақ соғыс»  өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі.

   «Ситуациялық әдіс»  мектебінің пайда болуы экономика  мүмкіндіктерінің ұлғаюы әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық,  жоғары технологиялық өнімнің  өмірге келуі, азаматтық құқық  күресінің өсуі, жоғары біліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырылады.

    Басқарушылық  ойлар  жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың  - американдық , жапондық, арабтық  және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.

 

 

 

                       Менеджменттің ғылым ретіндегі құрылымы.

 



 




 





 


 










 


Информация о работе Менеджмент ғылым ретінде