Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 12:16, реферат
Менеджмент ғылым ретінде 19 ғасырдың аяғымен 20 ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді бастан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» ағымымен байланысты екені айтылады.
Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерок Тейлор /1859-1915/. Ол өңдірісті ғылым басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаналық болған бұл құбылысты кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Ф.Тейлор кәсіп орынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасау болатының» нысан етті.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Тақырыбы: Менеджменттің шығу тарихы
Тексерген: Ерсұлтанқызы Ә.
Астана, 2013
Менеджмент ғылым ретінде
Менеджмент ғылым ретінде 19 ғасырдың аяғымен 20 ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді бастан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» ағымымен байланысты екені айтылады.
Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерок Тейлор /1859-1915/. Ол өңдірісті ғылым басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаналық болған бұл құбылысты кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Ф.Тейлор кәсіп орынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасау болатының» нысан етті. Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қамтамасыз етті. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд(1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.
Классик үлгідегі «әкімшілік» мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни,А. К.Райли басқарудың әмбебап принциптерің ойластырды. Сондай мектептің негізің салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірибені жинақтау негізінде мынадай қорытындыға келді - «басқару - кәсіпорынның мүмкіңдіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу». Ол сондай-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылыми жолымен ұйымдастыру принциптерің қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.
Бихевористік «мінез-құлық» мектебі 20 ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқың белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарың басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі – Элтон Мейо (1880-1949) болды. Осы ілім формалдық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерің , еңбек өңімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды - қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өңдіріс салаларымен еңбекті гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды. Американдық зерттеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868-1933), Абрахам Маслоу (1908-1970) бихевористік (мінез-құлық) мектептің өкілдері болып табылады.
Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқарудың математикамен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтіп «басқару ғылымы немесе сандық ықпал» мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізгі өкілдері - американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джей Форрестер, Х Райфа.
20-шы ғасырдың 60-шы жылдарында менеджментте жана бағыт қалыптасты.Ол «ситуациялық әдіс» деп аталды .Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық - басқарушылық мәселені шешуді нақты қалыптасу жағдаймен байланыстыруды талап етеді. Өзінің зерттеуіне бұл мектеп кәсіпорын, ұйымның жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді.Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан, мүмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады.
Басқару теориясы мектептерінің пада болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады. Мысалы, басқару теориясының «классикалық мектебі» мыналардың әсерінең қалыптасты - «ұйымдар санының өсуі, тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның басталуы.
Бихевиористік (мінез-құлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әсерімен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджерлерге сұраным екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты.
«Басқару ғылымы» мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн -конгломераттар көлемі өсуі әсерімен, «қырғи-қабақ соғыс», өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі. «Ситуациялық тәсіл» мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерінің ұлғаюы әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық, жоғары технологиялық өнімнің өмірге келуі, азаматтық құқық көресінің өсуі, жоғарғы биліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырылады.
Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың - американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.