Республикадағы инвестициялық процестерді басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2014 в 17:02, курсовая работа

Описание работы

Экономика құрлымын реформалау Қазақстанның қазіргі және келешек мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен мемлекеттік инвестициялық саясат негізінде жүзеге асырылады.Жинақталған қорлану деңгейінің жеткіліксіздігін, қозғалыстағы нарық капиталының болмауы, қаржы-несиелік ресурстарының шектеулігі инвестициялық саясат сипатын және оның іске асырылуының кезеңдігін қатаң түрде алдын-ала анықтайды.

Содержание работы

1 Кіріспе................................................................................................3 I бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері.
1.1 Инвеститциялардың маңызы,мәні және түрлері.........5
1.2 Қаржы инвеститциялары ..............................................8
1.3 Инвестициялардың тиімділігін бағалау......................11

II бөлім. Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.
2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау.........................................................................................16
2.2 Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және
оның маңызды мәселелері.........................................................18

III бөлім.Республикадағы инвестициялық процестерді басқару.
3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері.....21
3.2 Қазақстандағы инвестицияларды мемлекеттік
басқару жүйесі...........................................................................22
3.3 Мемлекттің құрылымдық инвестициялық саясатын
қалыптастыру негіздері...........................................................25

Қортынды....................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер..............................................................34

Файлы: 1 файл

мемл. Kaрылым инв.сясат-1.doc2003.doc

— 175.00 Кб (Скачать файл)

     Экономикадағы құрылымдық  өндірістерді сипаттайтын көрсеткіштер  жүйесі мен деңгейі көбінесе  мемлекеттің экономикалық саясатын  жүзеге асыру мен болашақтағы  кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты.Басқаша айтқанда,жалпы мемлекеттік экономикалық саясат-макроэкономикалық,салық және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізі болып табылады.

    Макроэкономикалық тұрғыдан  алғанда  құрылымдық саясатты  қалыптастыру негізіне өзара  тиімді қатынастарды қамтамассыз  ету жөніндегі бірқатар мәселелер  жатады.Олар:қоғамдық өнім өндіру  бөлімшелері арасындағы,аралық және  дайын  өнім,өнеркәсіптегі өндіріс құралдарының өндірісі(«А» өнімі),ұлттық  табыстағы тұтыну қоры мен қор жинау,өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары  мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау аралығындағы қатынастар.Олардың негізінде тиімділікке қол жеткізу дегеніміз-қоғамның         табиғи-шикізат,материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларын қолдана отырып,халықтың материалдық және мәдени қажеттіліктерін,жақсы тұрмыс жағдайын қамтамассыз ету.Мұнда аталған мәселені  шешуді тездетудің негізі әрдайым аз шығын  жұмсап көп нәтижеге қол жеткізуге бағыттайтын шаруашылық жүргізудің  нарықтық модулі.

         Макроэкономикалық  салада оңтайландыру ісі халық  шаруашылығының  салалық құрамына  да әсер етеді.Өйткені мұнда  өндірістерді жүзеге асырудың  маңызды тетігі макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер ететін салалық басымдықтарды ғылыми негіздеу болып табылады.Республикамыздың жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау-экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

         Болашақтағы  салалық өзгерістерді негіздеу  де ескерілетін маңызды фактор-жиынтық  сұраныс құрылымы жайлы болжамды  мәліметтер. Олар ішкі  қорлармен  импортты алмастыратын  өндірісті  ұйымдастыру есебінен тиісті  жиынтық ұсыныс құрылымын қажет етеді.Әлемдік тәжірибе, басқа елдерден алынатын ресурстар экономикалық егемендікті нығайтуға  септігін тигізбейтіндігін дәлелдеп отыр.Ал,егерде мәселе азық-түлік өнімдеріне деген  сұранысты  өтеу жөнінде болса,онда импортқа бағытталу елдің азық-түлік бойынша қауіпсіздігін айтарлықтай  нашарлатады.

       Дағдарысты жағдайдан  шығу және экономиканы дамыту-ұлттық  табыстағы өндірістік  қор  жинау  үлесін арыттыруға байланысты.Ал  бұл,өз кезегінде әсіресе барынша  жетілдірілген өндіріс құралдарын  шығаратын салаларда өндірістің өсу қарқынын арыттыруды қажет.Мұнда да шетелдік технологиялық инвестицияларға бағытталуға болады және бағытталу керек деген жаңсақ пікірлер бар.Шетелдік технологиялық инвестицияларға толықтай бағытталу,біріншіден,отандық машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру мен автоматтандыруды қамтамассыз ететін салалардың мүддесіне шек келтіруі мүмкін,екіншіден,елде техникалық процестің негізгі бағыттары бойынша күрделі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге қажеттілік төмендеуі мүмкін.Бұл екі жағдайда да өндірісте интеллектуалдық ұтылыс анық байқалады,ал оны болдырмау үшін мемлекеттің құрылымдық саясатын қалыптастыруда халық шаруашылығының

инфрақұрылымдық және әлеуметтік салаларының өндірістік негізін жаңарту мен пайдалану тиімділігін арттыру мүдделерінің көзделуі тиіс. 

 

     Мұндай  саясатты қалыптастыру  қалдықсыз  технологияларды  кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру  мүдделеріне  де  негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық әлуетін арттыру –шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік  беруі қажет.Сол арқылы экономиканың, оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттың бағытын жою мүмкін болар еді.

     Мемлекеттің құрылымдық  саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болады.

     Инвестициялық саясат  маңызды үш бағытта жүргізіледі:

  • мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
  • ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
  • шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;

   Осы бағыттар ішінен басымдысын  таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық –салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету –мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды.Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттілігі де ескеріледі.

     Іс жүзнде,белгілі  мақсатқа қол жеткізуді көздейтін  мемлекеттің құрылымдық –инвестициялық  саясатының бағыттары мен көрсеткіштері  сандық жағынан айқындалып, атқарылатын  мерзімі бойынша анықталуы тиіс. Ал бұл, өз кезегінде, мүдделер,ресурстық база, механизмдер,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де  салалардың, аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын білдіреді.

    

 Онда оның баланымтық нәтижелерін анықтап, экономикалық –математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде, бухгалтерлік қосарланған  жазу әдісі арқылы толтыруға болады.

 

 

Өндіріс

Тұтыну

Күрделі қаржы аржы жұмсау

Басқа

 елдер.

Ұлттық санақ

 жүйесі

Өндіру

         

Тұтыну

         

Күрделі қаржы

жұмсау

         

Басқа елдер

         

Ұлттық санақ

жүйесі

         

        

 

 

Болашаққа әзірленген, мақсаттары мен әдістерін ескере отырып, салалық тжәне аймақтық деңгейлерге жасалған матрицалық модельдердің мәліметтерін талдау –халық шаруашылығының тиімді құрылымы мәселелерін жоспарлы түрде шешудің негізін құрайды.Осы тұрғыдан ғана экономиканың салалық және аймақтық құрылымдарын мемлекеттік реттеу механизмдерін қолдау мәселелерін қарастыруға болады.

    Қазақстан Республикасы  Үкіметінің құрылымдық саясаты  біздің ойымызша келесідей мәселелерді  қамтуы тиіс:

-дайын өнім шығару экспорттық  әлеуметті арттыратын салалар  дамуына басымдық беру.

-ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын  және импортты алмастыратын өнім өндірісін кеңейту;

-негізінен отандық өндіріс есебінен  халық шаруашылығы барлық салаларының  өндірістік аппаратын жаңарту;

-халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға  бағытталған салалар дамуын қамтамасыз  ету.

-экономиканың аграрлық секторының  дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру және т.б.

        Жоғарыда айтылғандарды  қорытындылай келе келесідей  негізгі тұжырым жасауға болады: мемлекеттің құрылымдық –инвестициялық  саясатын алдын ала ғылыми  негіздемейінше  және салалық, аймақтық деңгейлерде оны жүзеге асырудың механизмдерін дұрыс таңдамайынша құрылымдық өзгерістерді қажетті бағытта қамтамасыз ету мүмкін емес.Сұраныс пен ұсынысты сәйкестендірудің нарықтық заңы бойынша стихиялы түрде  капитал мен өзге де қорлардың бір саладан екіншісіне ауысуы ешқашанда бірінші кезектегі әлеуметтік мәселерді шешуге және қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермейтіндігін

түпкілікті ұғыну қажет.Ал, олардың шешім тұтастай алғанда мемлекеттің жалпы экономикалық саясатынан туындайтын құрылымдық саясатты жүзеге асырудың басты мақсаты.

         Макроэкономикалық  деңгейде оны жүзеге асырудың  шешуші механизмі –басымды салалар  дамуының мақсатты бағдарламалары. Онда әлеуметтік –экономикалық, ғылыми –техникалық, ұйымдық –құқықтық  сипаттағы шаралар жеткілікті түрде нақтыланады. Сондай –ақ, ішкі және сыртқы нарықтарда тиісті орын алу мақсатында осы салалар шығаратын өнім сапасы мен техникалық деңгейін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді.

       Бағдарламаның  көрсеткіштер басымды салалармен  аймақтардың барынша қарқынды дамуы үшін тиісті жағдайлар жасау жөніндегі барлық шараларды қормен қамтамасыз ету барысында қамтиды. Бұл жерде әселе ең ету алдымен қаржы ресурстары туралы болып отыр, өйткені оларды анықтау кезінде сала ішіндегі (аймақтық) резервтер ескеріледі. Құрылымдық –инвестициялық саясатты жүзеге асырудың маңызды механизмдерінің бірі –басымды салаларда жеделдетілген өтелім нормасын белгілеу –бұл жоғарыда аталған резервтерді арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл істе қарастырлып отырған салалар кәсіпорындарының пайдасына салынатын салықты азайту (жеңілдікпен салық салу), сондай –ақ иновациялық  қызметке,әсіресе жаңа ғылыми –техникалық жетістіктерді ендіруге бағытталған пайда бөлігін тұтастай салықтан босату маңызды рөл атқарады.

 

                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

     Мен осы курстық жұмысымды аяқтай отырып,бұл жұмысымды қорытындылайтын болсам,мен өте күрделі тақырыпты талқыладым.

     Біріншіден жалпы инвестиция дегеніміз не екенін ұғынып,содан соң оның мәнін,мазмұнын, объектілерін және субъектілерін ашып түсінік беріп өттім.

    Себебі,менің тақырыбымның негізгі түйіні инвестиция деген ұғымға негіз болатын.

     Енді тақырыбымды аша отырып,өз ойымды айта кетейін.

     Азаматтар мен кәсіпорындардың,қаржы институттарының,мемлекеттердің арасында алуан түрлі әрі күрделі экономикалық процестер мен өзара қарым-қатынастар қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында ішкі және сыртқы нарықта капиталды көдейту мақсатында тиімді салым салу немесе инвестициялау—аса күрделі,маңызды мәселе.

    Кең мәнінде инвестиция дегеніміз —мемлекеттің,заңды және жеке тұлғалардың пайда табу мақсатында жаңа кәсіпорындарды құруға, кеңейтуге, қайта құруға,техникалық қайта құралдандыруға, жылжымайтын мүлікті,сондай-ақ акциялар мен облигацияларды және басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалатын ақша қаражаттары,мүліктік және интеллектуалдық құндылықтары.

    Инвестицияның экономикалық табиғаты кеңейтілген ұдайы өндіру процесінің заңдылығымен байланысты және оның мәні қосымша қоғамдық өнімнің бір бөлігін қоғамың өндірістік күші жүйесінің барлық элементтерінің саны мен сапасын көбейту үшін пайдалану болып табылады.

    Ғалымдар инвестициялау түсінігімен ең алдымен құрал-жабдықты,технологияны байланыстырады,сонымен қатар бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу процесінде қарастырады.

    Мұндай анықтама бірнеше шектеуші сипатта болады,өйткені кең мағынада алғанда,ол әр алуан текті операциялардың тізбектеліп орындалуы бар белгілі бір процесі болып табылады.

    Осы процестің әлеуметтік-экономикалық   салалары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамассыз ететін белгілі бір механизм ретін бағалауға болады.

    Тақырыпты инвестиция негізінде қолдана отырып,үлкен мәлімет алдым деп ойлаймын, мәліметпен қатар түсінік ала отырып мен осы   курстық жұмысымды қорытып аяқтаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Инвестиция туралы ҚР мемлекеттік комитетінің құрылуы»  Заңы 9.11.1996ж.
  2. «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы»   ҚР Заңы 28.02.1997ж.
  3. Әубакиров Л.Ә. Нәрібаев К.Н. «Экономикалық теория»   Оқулық Алматы, 2000ж.
  4. К.Б.Бердалиев «Қазақстан Экономикасын басқару негіздері»   Оқу құралы Алматы 2001ж
  5. И.В.Игошин «Инвестиции»  Учебник Москва,2000 ж
  6. Ж.О.Ихданов. Э.О.Орманбеков «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Оқу құралы-Алматы, 2002ж.
  7. Кажамгулов.Т. «Саяси экономия негіздері»   Алматы, 2001ж.
  8. Т.С.Крылова «Экономикалық теория»Алматы, 2004ж.
  9. А.Г.Куликов «Кредиты инвестиции»Учебное пособие. Москва, 1995ж.
  10. Ғ.Т.Курманова, Қ.Ғ.Дюсембаева «Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру» Орал 2003ж.
  11. А.Қ.Мейірбеков,Қ.Ә.Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы»Оқу құралы Алматы,2003ж.
  12. Осипова «Экономикалық теория негіздері»Алматы 2002ж.
  13. В.С.Савчук «Анализ инвестиционных проектов»Учебник .Украина.2000г.
  14. С.С.Сахариев А.С.Сахариева «Жаңа кезең-экономикалық теория»-Алматы,2004ж.
  15. А.М.Сейтказиева, А.Б.Байкадамова, Ж.И.Сариева «Инвестиционная деятельность предприятия»Учебное пособие. Алматы. «Экономика» 1998г.
  16. И.С.Сергеев «Финансирование и организация инвестирования»Учебное пособие Москва 2000г.
  17. Ө.Қ.Шеденов, Ч.С.Байжомартов «Жалпы экономикалық теория»Алматы,2004ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 


 



Информация о работе Республикадағы инвестициялық процестерді басқару