Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2015 в 19:40, курсовая работа
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.
Кіріспе 4
1 Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Орталық Банкі ретінде
1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымы және басқару органдары 6
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметтері мен операциялары 8
1.3 Шет мемлекеттердегі Орталық Банктердің даму ерекшеліктері 15
2 Қазақстан Республикасының банк жүйесіне талдау
2.1 Ұлттық Банктің қаржылық жағдайын талдау 19
ҚР екінші деңгейлі банк жүйесіне талдау 23
2.3 ҚР бірінші және екінші деңгейлі банк жүйесінің өзара байланысын талдау 31
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары
3.1 Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері 37
Қорытынды 42
Пайдаланылған әдебиеттер 45
Қосымша кесте
Мазмұны
Кіріспе
1 Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Орталық Банкі ретінде
1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
құрылымы және басқару органдары
1.3 Шет мемлекеттердегі Орталық Банктердің
даму ерекшеліктері
2 Қазақстан Республикасының банк жүйесіне талдау
2.1 Ұлттық Банктің қаржылық жағдайын
талдау
2.3 ҚР бірінші және екінші деңгейлі банк
жүйесінің өзара байланысын талдау
3.1 Ұлттық қордың негізгі мақсаттары
мен міндеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша кесте
Кіріспе
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйсінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эммисиялық құқығы негізінде эканомиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша қолма-қолсыз ақша массасы тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне эканомикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің опрацияларын басқару арқылы реттейді.
Қазақстан Республикасының орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мемкеттік банкінің Республикалық кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқы Қазақстан Мемлекетінің банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталды.
Ол республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, бантік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер “Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы”, ”Вестник Нацианального Банка Казахстана” атты қазақ және орыс тілінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материялдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктік құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар және сєйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады. Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қоры 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттардың есебінен құрайды республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Жұмыстың мақсаты шетелдегі және еліміздегі Орталық банктің қызметі даму ерекшеліктерімен талдау және қаржылық жағдайына талдау жасау.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
1.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органы
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың мәселелері «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Ережесі негізінде анықталады. Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындау үшін басқарма директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы төменгі сызбада көрсетілген. Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мөшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынандай сұрақтарды шешеді:
- мемлдекеттік ақша несиелік саясатын жасайды;
-Ұлттық банк шығарған, банктер
ісіне қатысты нормативтік
-Парламент бекіткен тұжытым
негізінде банкноттар мен
-Ұлттық банкінің банктермен
және Қазақстан
-Қазақстан Республикасының
-сыртқы резервтерде сақтауға
алатын сыртқы активтер типтері
-Ұлттық банкінің жұмысы
-Ұлттық банк туралы Ережені,
Ұлттық банк құрылымын
-банктер және олардың филиалдары үшін эканомикалық нормативтерін бекітеді.
-Басқарма
шешімдерін басқарма қаулылары
формасында жүзеге асырады.
-Басқарма
мәжілісі қажет кездерде
Кезектен тыс мєжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк
төрағасы ҚР Президентінің
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа да ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасасуға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіліктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі, ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қарауындағылардан басқа барлық мєселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарына келесідей: ақша-несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырылады.Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.
Кеңес – ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орган болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице-президент мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.
Директорат – жоғары атқарушы орган.Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталқ операцияларды, валиюталық операциялрды жүзеге асырады.
1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің даму перспективалары