Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 14:05, курсовая работа
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуда. Төлем жүйесін реформалау қолма-қолсыз есеп айырысуларды тиімді, қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………......3
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕCІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы ..................................................5
1.2 Төлем жүйеcінің түрлері мен қатысушылары...................................................8
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы...........................11
2 ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі……………………….16
2.2 ҚР төлем жүйесінің қызметін талдау…………………………………………19
2.3 Банктің электрондық қызметін оңтайландыру………………………………27
3 ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту…………………….30
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………........34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………36
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төлем карточкалары, кепілдендірілген чектер, вексельдер сияқты төлем құралдарының Қазақстан территориясында қолдануын реттейтін нормативті-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, 1998 жылы 29 маусымда қол қойылған «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы дайындалды.
Қолма-қол ақшасыз аударым бойынша Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығына қызмет көрсетуге байланысты қатынастарды реттеу үшін, жүйенің ұйымдастырылуы мен қызмет ету тәртібін анықтайтын ҚР Ұлттық банкі басқармасы дайындаған «Банкаралық ақша аудару жүйесіндегі ақша аудару ережесі» қабылданды.
Әр түрлі кадрлық мәселелерді шешудегі сапа мен жылдамдық мамандардың біліктілігіне байланысты болады.Интернет-банкинг жүйесін дайындау үшін, программистер, жүйелік администраторлар, веб-дизайнерлер, веб-программистер, компьютер мен коммуникацияны қорғау бойынша сарапшы-экономистер, маркетологтар, заңгерлердің барлығы интернет әлемін өте жоғары деңгейде білу керек. Мысал үшін,қазіргі кезде электронды коммуникациядан хабары бар заңгерді табу қиын және табылған күнде де оңай заңгерлердің қызметі өте қымбат болады. Дәл осы жағдай желінің қауіпсіздігін сақтайтын мамандарға да қатысты, себебі көп жағдайда жалған пластикалық карточканы жасаушылардан сақтану қажеттігі туындайды. Бұл шараларды құқық қорғаушы органдардың қатысуынсыз нығайту мүмкін емес, ал олардың қызметі пластикалық карточка туралы заңдардың жоқтығына байланысты шектелуде.
Күнделікті өмірде интернет-банкинг саласында қызмет ету үшін аралас маманның қажеттілігі туындай бастады.
Құқықтық мәселелер: интернет-банкингтің дамуына кедергі келтіретін проблемаларға нақты жүйеленген, қалыптасқан жалпы электронды коммерция саласындағы қауіпсіздікке байланысты заңнаманың жоқ болуы жатады. Интернет-бизнеспен айналысатын тұлғалардың алдында кедергі туындамайды. Олар өз қызметінде акт, қаулылардан жинақталған ақпараттарға сүйеніп заңды негіздеме жасап шығарады. Бірақ, жаңа іс ашқысы келетін тұлғалар заң мен жаңа технологияны жеткілікті деңгейде білмесе, онда бұл жағдай оның интернет-бизнеспен айналысуына кедергі болады.
Қаржылық мәселелер: нақты мәліметтерге келтірілген шығындардың орнын қайта толтыру үшін, орташа есептегенде шамамен 5 жыл уақыт кетеді. Интернет-банкингтің тағы бір маңызды аспектісі - ол электронды есеп айырысу жүйесіне қатысушыдан ережеге сәйкес белгілі көлемдегі ақшалай соманы сақтауды талап ете алады. Банкаралық есеп айырысуда сақталған қаражаттар корреспонденттік шоттарда-қалдықтар, ал банк клиенттері үшін шоттағы қалдықтар - лимит болып табылады. Қысқаша айтқанда, онлайндық есеп айырысудың ыңғайлылығы үшін қаражаттың бір бөлігін белсенді айналымнан шегеру керек. Сондай-ақ қаржылық мәселеге рентабельдік және микротөлемдер құны мәселесін жатқызуға болады.
Интернет арқылы кішігірім сатып алулар жасауға болатыны барлығына белгілі. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес микротөлемдердің сомасы 1$ аспайды. Осындай трансакцияны жоғары емес ставкада жүзеге асыру клиенттерге маңызды әрі қолайлы жүйе ретінде көрінсе, ал оның иесіне пайда табу тұрғысында тиімсіз.
Электрондық есеп айырысу жүйесін енгізу мен қолданудың экономикалық тиімділігі өте маңызды. Жаңа өнімді енгізудегі тиімділікті есептеу үшін, енгізу мен пайдалануға кеткен шығындар мен түскен пайданы, орнын қайта толтыру мерзімін есептеу керек. Мұны жүзеге асыру мүмкін емес, себебі электронды есеп айырысуды енгізуге арналған нақты схема жоқ. Сонымен қатар, енгізудің әртүрлі схемасы электронды есеп айырысу жүйесін енгізу мен қолдануға байланысты түрлі деңгейдегі пайдалар мен шығындарды көрсетеді. Телефондық қызмет көрсету жүйесін енгізу бағдарламасының құны 10 000 $ оған жұмсалатын қаржы 1500 $ жетеді.Сонымен қатар банк телефоға қосылу үшін де қаржы бөледі.Электрондық банкілік қызмет жүйесін енгізуге орта есеппен 300 $-дан 20 000 $-ға дейін қаржы жұмсалғанын анықтауға болады.Бұл жерде инфрақұрылымды дамыту мен қолдануға кеткен шығындар есептелінбейді. Сондықтан, банк жұмсалған қаржыны өтей алмайтынын білсе, онда мұндай аз сомаға шығындалмайды.
Аталған мәселелерді шешу үшін Мемлекетаралық интеграциялық комитет жалпы есеп айырысу, төлем жүйесін құру мүмкіншілігі туралы ұсыныстар жасады. Осыған байланысты наурыз айының екінші жартысында осы мемлекеттердің Орталық банкілерінің өкілдері ҚР Ұлттық банкі мен Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығына келді. Мұндағы мақсат - Кедендік Одаққа мүше мемлекеттер арасында есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстандық төлем жүйесін қолданудың мүмкіншіліктерін анықтау болды. Кедендік Одаққа мүше мемлееттердің Орталық банкілері сарапшыларының хаттамасында Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің жалпы төлем жүйесін құру туралы мәселе қарастырылды. 2000 жылдың 29 наурызында Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығында төлем жүргізудің технологиялық және бағдарламалық қауіпсіздігінің деңгейі жоғары екені анықталды.Қазіргі уақытта ТМД мемлекеттері төлемдерінің трансшегаралық жүйесін құру концепциясы дайындалуда.
ІІ. ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қолма-қолсыз
есеп айырысуды ұйымдастыру
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттарында көрсетіледі.
Сонымен, қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асады. Осы нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.
Жоғарыдағы ережеге сәйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу мынадай құжаттар талап етіледі:
1.Резидент-заңды тұлғалар үшін:
2. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін:
3. Шаруа (фермер) шаруашылғы:
4. Жеке кәсіпкерлер үшін:
5. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін:
6. Жеке тұлғалар үшін:
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресі, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы “Қазақстан Республикасыныңың Мемлекеттік классификаторы - төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалу ережесі туралы” ҚР Ұлттық банктің Басқармасының бекіткен N388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының
бірдей классификаторы Қазақстан
Республикасындағы ақша-несие
Кесте 3
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы:
І |
ІІ |
ІІІ |
ІV |
V |
VІ |
VІІ |
VІІІ |
ІХ |
Х |
мұндағы:
І – ақшаны аударушының резиденттік белгісі;
ІІ – ақшаны аударушының экономика секторы;
ІІІ – бенефициардың резиденттік белгісі;
ІV – бенефициардың экономика секторы;
V, VІ, VІІ – валюта және бағалы металдар коды;
VІІІ – операция түрі;
ІХ – төлемнің сипаты;
Х – төлемнің ашып көрсетілуі.
Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді:
“1” – резидент;
“2” – бейрезидент.
Экономиканың секторының коды мынадай:
0 – Халықаралық ұйымдар;
1 – Үкімет;
2 – Аймақтық және жергілікті басқару органдары;
3 – Орталық (ұлттық) банктер;
4 – Ақшалай- депозиттік ұйымдар;
5 – Депозиттік емес қаржылық корпорациялар;
6 – Мемлекеттік қаржылық емес корпорациялар;
7 – Мемлекеттік емес қаржылық емес корпорациялар;
8 – Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;
9 – Үй шаруашылықтары.
Халықаралық ұйымдар секторына мыналар жатады: Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкі, Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және өзгелер.
Үкімет секторына мыналар жатады: республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ҚР Үкіметі, Министерліктер, ведмоствалар, Орталық мемлекеттік басқару органдары, бюджет мекемелері, шетел Үкіметі.
Аймақтық және жергілікті басқару органдары секторына жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық, қалалық, облыстық әкімшіліктер, бюджет мекемелері жатады.
Информация о работе Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысулар