Жалпы орта білім беретін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2011 в 22:05, реферат

Описание работы

Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отрады. Қазіргі кезде орта мектепте шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімдік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады.

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 84.00 Кб (Скачать файл)

  Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отрады. Қазіргі кезде орта мектепте шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімдік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады.

   Орта  мектепте шетел тілін оқытудың  басты мақсаты коммуникативтік  мақсат болуға тиіс, яғни орта  мектепті бітіруші бағдарламада  белгіленген көлемде оқыған шетел тілін қатынас құралы ретінде меңгеруге тиіс. Демек сөз әрекетінің негізгі түрлерін: монолог және диалог түрінде сөйлеу ауызша айтылған сөзді тыңдап, түсіну, жазбаша мәтіндерді оқып , ондағы ақпаратты қабылдай білу іскерліктерін меңгеруге тиіс.

    Жалпы  орта білім беретін мектепте  шетел тілін оқыту осындай  практикалық мақсатпен бірге  білімдік мақсатты да көздейді, яғни, шетел тілін оқыту барысында оқушылардың филологиялық білімін арттыру және жалпы дүниетанымын кеңейту мақсаты жүзеге асады. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылымдар саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, көркемөнерімен танысады , сөйтіп шетел тілі пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.

    Шетел  тілінің лексикалық, грамматикалық,  фонетикалық құралдарын игеру  барысында оқушылардың бойында  білім алуда белсенділік, өз  бетімен жұмыс істеуге қабілеттілік, қорытынды жасай білу іскерлігі қалыптасады.      

 Жалпы білім беретін мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Оқушылардың білімін арттыру олардың жалпы дүниетанымын кеңейту мақсатында жүзеге асырылады. Осы мақсатпен анықтама әдебиеттерді пайдалану, мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және оның кейбір жерлерін түсінгендерін қысқаша айтып беру,шағын хабарлар дайындау және өз пікірін айтып, баға беру сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор.

   Шетел  тілі пәні оқушылардың жан-жақты  дамып жетілуіне, дүниеге көзқарасының, сана-сезімінің, рухани және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына, өз бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруына игі әсер етеді. Шетел тілін оқып үйрену барысында оқушылар өз сөзін жоспарлай білуге икемделеді, сөз әдептерін дұрыс пайдалануға дағдыланады.

   Шетел  тілі мектепте оқытудың шарттарын  ескере отырып, оқушылардың мектепті  бітіргеннен кейін де шетел  тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуге тиіс. Осыған орай шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғы шарты – оқыту әдіс-тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.                        

    Комуникативтік лингвистика саласындағы қазіргі ғылыми зерттеулердің нәтижелері шетел тілдерін оқытуда көптеген теориялық және практикалық мәселелерін, оның ішінде ең алдымен оқытудың мазмұны туралы мәселені жаңа тұрғыдан шешу қажеттілігін көрсетуде. Қазіргі кезде шетел тілінің атқаратын ролі ерекше. Қазір адамдардың тіл саласындағы қызметі тіл арқылы қарым қатынасқа түсуі, коммуникативтік және танымдық мәні бар міндеттерді ойдағыдай шешуде және ойдағыдай түсінісуде көмекке келетін тәсілдер мен құралдар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлуде.

  Мұғалім  оқушыларға шетел тілін үйрету  үшін, біріншіден шетел тілі бізге  неге керек? Не үшін оқимыз? Қандай пайдасы бар? – деген сұрақтарға жауап беру керек. Осы сұрақтарға жауап берген соң әрбір мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сабақтың қызғылықты да әсерлі өтілуі жаңа сабақтың тартымды түсіндірілуіне де байланысты. Көрнекілік пен техникалық құралдарды ұтымды пайдалану жоғарыдағы міндетті ойдағыдай шешуге ықпал етеді. Оқушылардың материалды жеңіл меңгеруіне мүмкіндік туғызады, олардың ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар шетел тілін үйренумен қатар шетелдің тарихымен, әдет-ғұрпымен,әдебиетімен танысады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдарының бірі сыныптан тыс жұмыстар және қосымша материалдар беру. Қосымша материалдарды пайдаланып отыру оқушылардың сөздік қорын кеңейтіп, тіл байлығын жетілдіреді, шетел тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

 Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бірі – ойын. Бірақ мектепте ойынды сабақтан мүлде бөліп қарауға болмайды. Жалпы орта білім беретін мектептердегі шетел тілдерін оқыту тұжырымдамасында төменгі және орта сатыда, тіпті жоғары сатыда да ойын элементтерін кеңінен қолданған тиімді болатыны көрсетілген. Шетел тілін оқытуда қолданылатын әдістердің ішінде ойын элеметтері маңызды роль атқарады. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда, жаңа сөздерді меңгеруде, тілге деген қызығушылығын арттыруда, білім деңгейін тексеруде ойын элементтерін пайдаланған жөн. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар оқушылардың жас ерекшелігіне,сөз байлығына, білім деңгейіне сай болуы керек. Сабақ барысында ойын элементтерін пайдалану үшін мұғалім алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Жоспар әдістемелік тұрғыдан қарағанда мынандай шарттарға жауап беруі тиіс:

- ойынның өтілетін  сабақтың тақырыбы мен мазмұнына  сәйкес болуы;

- ойынға бөлінетін  уақыттың нақты белгіленуі;

- ойынның ойналу  түрінің нақтылануы (топпен ойын немесе жекелей ойын);

- ойынға қажетті  материалдардың дайындалуы;

- қолданылатын  сөздер, сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, тақпақтардың таңдалынып алынуы;

- пысықталатын грамматикалық, лексикалық, фонетикалық материалдардың анықталуы;

- ойынның өту  барысының жоспары жасалуы.

Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар оқу  ойындары және коммуникативтік ойындар  болып екіге бөлінеді. Бұл ойындардың шетел тілі сабақтарында әрқайсысының пайдалану орны, мақсаты, атқаратын қызметі жағынан айырмашылықтары бар. Шетел тілін оқытудың бастапқы сатысында оқу ойындарын немесе коммуникативтік ойындарды қолдану оқушылардың білім, білік дағдыларына байланысты шешіледі.Тілді жаңадан үйреніп жүрген оқушылар еркін қарым-қатынас жасап, сөйлесе алмайды, сондықтан мұғалім тек коммуникативтік ойындарды қолдана алады. Ойынды бастар алдында түсініктеме ана тілінде жүргізіледі. Ойын жарыс түрінде өткізілсе барлық оқушылар басынан аяғына дейін ықыласпен қатысады. Ойын элементтері оқушыларды жалықтырмайды, керісінше қызықтырады. Ойын соңынан оқушылардың пікірі, көзқарасы талданады, баға беріледі. Ойын арқылы оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Ең көп қолданатын ойындар ауысша ойындар және қимыл ойындар. Ауысша ойындарға мына ойындар жатады:

1. Кім көп сөздерді  атайды ?

2. Кім соңғы сөздерді атайды ?

3. Кім сөздерді аяқтайды ?

4. Кім шешімін табады ?

Ойынның бұл  түрлері балаларға жаңа лексиканы есіне сақтап қалуларына көмегін тигізеді.

Қимыл ойынында балалар тек қана сөздерді біліп қоймай, сонымен қатар сол заттарды көрсете біледі. Егер сол заттарды көрсете алмаса, ол бала ойыннан шығып қалады. Қимыл ойын әдістері көбінесе көрме сабағында кеңінен қолданылады. Қимыл ойындарын етістіктерді  өткен кезде де қолдануға болады.

   Қимыл  ойын әдістеріне «Кім шеңберде қалады» - ойыны жатады. Мұнда ойынға қатысушылар шеңберге кіреді. Осы шеңбердің ішінде бір оқушы ойынды бастайды. Ол допты алып, шеңберде тұрған біреуге тастап, бір етістікті айтады.(ойнау, жүгіру, жазу т.б.) Допты алған оқушы аз уақыт ішінде қимылмен сол етістікті көрсетіп,келесі етістікті айтып, допты басқа бір оқушыға лақтыруы керек. Ойын барысында қай оқушы қателессе немесе сол етістікті қимылмен көрсете алмаса шеңберден шығып кетеді. Ойын осылай жалғаса береді.

 Ойынның тағы бір түрі – жазбаша ойын әдісі.

Егер мысал  келтіретін болсақ;

1. Кім берілген сөзді  2 минутта жазады ?

2. Кім 5 минут аралығында  көп сөздерді жазып үлгереді ? Ойынның бұл әдісінде қателікке, сөздердің аудармасына көп көңіл аударылады.

Шетел тілін оқытуда қолданылатын ойындардың бірнеше түрімен танысайық:                 

«Кім сөздерді жадында жақсы сақтап қалады?»

Бұл ойында сынып  екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сөзді қазақ тілінде айтса, ал екінші топ оны неміс тіліне аударады. Немесе алма,алмұрт ағашын үлкен қылып плакатқа салып, оларға алма,алмұрттар ілеміз. Әрбір алма, алмұрт астында 2-3 сөз болады. Мұнда да сынып екі топқа бөлінеді. Қай топ көп алма, алмұрт жинаса, яғни сөздерді дұрыс аударса, сол топ жеңіске жетеді.

«Кім  сөздерді көп біледі?» Бұл ойында мұғалім оқушылардың қаншалықты сөз білетінін тексереді. Мұғалім қолына доп алып, сөздердің немісше немесе қазақша аудармасын айтып, оқушыларға допты лақтырады. Оқушы допты қолына көп ұстамай, мұғалім айтқан сөздің аудармасын айтып, тез мұғалімге лақтыруы керек. Сөйтіп ойын жалғаса береді.

«Қара да есіңе сақта»

Тақтаға суреттер ілініп, оқушылар оған анықтап қарайды. Содан сурет алынады да, оқушылар сол суретті неміс тілінде суреттеп береді. Кім көп сөз қолданса, сол оқушы жеңіске жетеді.

«Есіңде сақта, сөз қалай  жазылады»

Мұнда сынып  екі топқа бөлінеді. Бірінші топ  сөзді неміс тілінде айтады, ал екінші топ сол сөзді әріптеп  айтады. Егер дұрыс айтса, сол топқа бес бал беріледі, ал қате айтса бір балы кемиді. Сөйтіп ойын жалғаса береді, қай топ көп бал жинаса, сол топ жеңіске жетеді.

«Кім  тез санайды»

Бұл ойынды ойнау  үшін мынандай таблица керек. 

   4    8    18    23       11    32    7    15
   6    19     24    12   31     3    27    5
   1    17    28    22   14    30         16    21
   13     2    25    9   16    26    10   29

 

Бұл таблицада 32 дейінгі сандар ретсіз орналасқан.

Оқушы санды  рет-ретімен көрсете отырып. Тез санауы керек. Егер оқушы санды айтып, таблицадан санды көрсете алмаса, сол оқушы ойыннан шығады.       Бұл ойынды көбінесе оқушы санап үйреніп жүрген кезде ойнаған жөн.

Ойын элементтері  оқушылардың қызығушылығын арттырып, тілді меңгеруде, материалды дұрыс  түсінуге жол ашады. Ойын элементі тек қана тілді меңгеруде ғана көмегін тигізіп қоймай, сонымен қатар оқушының сана-сезімінің артуына, жаңа сөздерді есіне сақтап қалуына көмектеседі. Егер ойын элементтері кеңінен қолданылса, оқушының тілге деген көзқарасын кеңейтеді. Шетел тілі сабақтарында ойын дұрыс ұйымдастырылса, дұрыс пайдаланылса оқушының алған білімін шыңдап, шығармашылықта қолдануына және үлкен табыстарға жетуіне көмектеседі. Сондықтан ойын шетел сабақтарында өте керек және пайдалы деген пікір айтуға болады.

      

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының білім және гылым  министрлігі

Қазақ мемлекеттік  қыздар педагогика институты 
 

Арнайы  шетел тілдері кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Курстық жұмыс 

Тақырыбы: 
 
 
 
 

                                                    Орындаған:

                             Тексерген: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы, 2006ж. 

I. Кіріспе: 

              Мектепте шетел тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері. 

II. Негізгі бөлім: 

         

         а) Шетел тілін оқытудағы ойынның қолданылуы.

        ә)  Ойын - шетел тілі сабақтарында оқушылардың білімін қалыптастырудағы әдістердің бірі.   

Информация о работе Жалпы орта білім беретін