Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 08:24, курсовая работа
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Кіріспе 3
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы 5
1.2 Инвестицияның қызметі 8
1.3 Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру 12
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ
ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері 14
2.2. ҚР-ғы инвестициялық қызметті реформалау заңдары 18
2.3. 2009-2011 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау 22
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ТАРТЫМДЫ РЕСУРСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ҚР-ң инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер 28
ҚОРЫТЫНДЫ 34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сондай-ақ жеміс-жидек өндейтін 20 цех пен зауыт, 5 кант зауыты, 29 сүт өндірісі, 25 шарап зауыты, 12 құс фабрикасы, жугеріні калибрлейтін 5 өндіріс орны, тағы баска да кәсіпорындар оны өндіру бағытында толық қайтарымен жұмыс істеуде. Сол сияқты Казақстан Рсспубликасының Индустриялық-иновациялық даму стратегиясы бойынша облыстың кластерлік өнімдер өндіру жөніндегі ізденістері де қуантарлық. Бұл тұрғыда көкөніс, жеміс-жидек, шарап, темекі, сут және құс етін қайта өндеу мақсатындағы жұмыстар нақгы нәтиже беруде.
Ұлан-байтақ аймаққа орналасқан облыс байлығын тізіп айта берсек, ұзақ-сонар әңгімеге арқау болары анық. Өйткені, өсу көкжиегі сәт сайын кеңейген көптеген басқа да салалар аз емес. Соның бірі балық кәсіпшілігі, балық зауыты, кұрылыс материалдарын өндіру, шағын өзендерде энергетикалық нысандар салу аралығы олардың куатты энергетикалық кешеңдерге баламалық қабілетін күшейту, ірі караның және үй кұстарының еті мен ішек-қарын, тағы басқа мүшелерін қайта өндеу және бұқтыру, сүт, қант, сусын, ұн, кондитерлік бұйымдарды қайта өңдеу кәсіпорындарын барынша көбейту де күн тәртібінен, уақыт ауанынан түспейтін мәселе.
Ауыл шаруашылығы дегенде, тіл ұшына алдымен ірі қара, жылқы және кұс, жүгері, қант қызылшасы, майбұршақ, темекі, картоп пен көкөніс өсіру және сүт пен жұмыртқа, жүн өндіру кәсіптері оралады. Өйткені, аграрлық кешенде көпсалалы, тұрақты 4 жылда орта есеппен жыл сайын 455,3 мың тонна көкөніс өсірілгені осының дәлелі. Айталық, Еңбекшіқазақ ауданында қуаттылығы 20 тонна табиғи шырын шығаратын ″Ақжол" ЖШС іске қосылды. Ал "Фуд Мастер Компания" ЖШС "Пике" сауда маркісімен табиғи жеміс-жидек және көкөніс шырындары шығарылуда. Сол сияқты Текелі қаласындағы "Зеленый дом" ЖШС ұзақ мерзім сақтауға шыдас беретін сапалы өнімдері де мол сұранысқа ие.
Облыстың жеміс-жидек өсірудегі тәжірибесі мол. Жеміс ағаштарының, жалпы көлемі 17,2 мың гектарды, оның ішінде күзімдік алқалардың өзі 4,5 мың гектарды алып жатыр. Соңғы жылдары алманың ежелг ″Апорт'" сортын қалпына келтіру қолға алынды. Сондықтан, Алматы облысының өз атынаа лайық дүниежүзіне даңқы жайылатын кезі де алыс емес екендігіне сенім мол. Бұл бағытта, Қарасай, Жамбыл, Іле, Еңбекшіказақ, Талғар аудандарындағы бағбандар еңбегі үлгі, етуге тұрарлық.
Жүзім шаруашылығын дамытуда да жақсы істер бар. 4,5 мың гектарға жуық алқапты осы жеміс ағашынан жасалатын сапалы жүзім шарабы ауыл шаруашылығының тиімді буындарының қатарына жатады.
Облыстағы қаржылық саланы дамытудың тағы бір көзі — туризм. Табиғат таңғажайып облыстарымыздың тау-тасы, өзен-көлі, таза ауасы кімді болса да тамсандырмай қоймайды. Өйткені шөл дала мен мәңгі қарлы шындары бар 5 климатық аймақтың өзіндік ерекшеліктерін айтып жеткізу мүмкін емес. Ежелден бері Талгиз, Алмалық, Құйған, Қойлық, тағы басқа атақты елді мекендері болған байсын өлкеде қазір Алматы, Алакөл мемлекеттік қорықтары мен Іле Алатауы, "Алтынемел" табиғи парктері бар. Шынында да бір кездері көршілес Қытайдан шыққан Жібек жолымен Жетісу арқылы Түркия және Еуропа елдерін шарлауға мүмкіндік беретін киелі жерімізде тарихи орындар қаншама десеңізші.
Облыс Қытай мен Орталық Азия республикаларының, Ресей мен Қырғыстанның және Тәжікстанның арасындағы қолайлы көлік дәлізі ретінде де үлкен маңызға ие. Достық темір жол бекеті және Қорғас автокөлік жолдары арқылы Қытайға және одан әрі әлемнің басқа да елдеріне қазақстандық тауарлар экспортка еш кедергісіз шығарылады. Көліктік логистикалық қызмет көрсетулер кластерін дамытудың аясында Алматы қаласының "Достық'' бекетінін; жол желілерінде ірі көліктік-логистикалық орталықтар кұру көзделіп отыр.
Инвестиция салымдар құрылысқа жұмсалған қаржының үлсс салмағы басым 61,2 пайыз. Жаңарту және техникалық қайта жарақтау жалпы инвестиция көлемінің 28 пайызын құрайды.
Қазақстанның интеллектуалдық және рухаи потенциалдығын негізі болып саналатын білім жүйесі туралы қазіргі заманның талабына сай жалпы ұлттық жоспар қабылдап, әртүрлі тәжірибелерді тоқтатып, оларды реттейтін уақыт жеткен сияқты. Толыққанды білім жүйесіне мүмкіншілік беретін экономикалық - ұйымдастыру тетіктерін жетілліру - мемлекет алдында тұрған үлкен міндет. Бұл мәселеде бюджеттің әлеуметтік салаға үлесін көтеріп қана коймай, бюджеттен тыс қаржылаидыру мүмкіншіліктерін жетілдіру қажет. Осы орайда инвестицияның орны ерекше. Еліміздегі үлкен-үлкен коммерциялық компанияларды бұл мәссле бойынша жоспарлары болып олардың жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан бақыланып отырылуы керек. Мұндай оңтайлы процесті одан әрі дамыту үшін Қазақстан экономикасындағы шынайы жағдайды сараптап, инвестициялық процестін даму стратегиясын жасау кажет. Ең бастысы, бұл стратегия алдымен салаға инвестиция жүмсаумен жене шаруашылық инвестициясынан түсетін кайтарым мен ерекшеленуі керек. Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негзігі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде инвестицяны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық" кұрылымдарды қатар қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дағдарыстан ептеп құтылуға болады. [Қосымша Д]
Әрине, экономикалық және әлеуметтік тиімділіктерді, дегенімен де олардың нақты қырларын айқындап, нәтижелерін қадағалап отыру қажет. Сонда ғана инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық саланың құрамдас бөлігі ретінде өз міндеттерін атқарып отырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.
Екінші бөлімде мен инвестиция туралы заңдылықтар мен нармативтік актілерді сараладым. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқару аспекттілерін жаздым. Және де екінші бөлімнің соңғы бөлімшесінде Қазақстан Республикасының аумағындағы 2009-2011 жылдар арасындағы мәліметтер бойынша кәсіпкерліктердің ұзақ мерзімді қаржылық салымдарына талдау жасадым. Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен
компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражатгарын мобилизациялайды, жаңа компаняларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметгін бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін басқаруда кездесетін бір қатар өзекті мәселелелерді талқыладым. Олардың алатын деңгейімен қаншалықты екенің анықтап, сондай-ақ қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздері, яғни инвестициялар мен лизингтер, бағалы қағаздарда тууы мүмкін мәселелердін шешу және оңтайландыру бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А
Сурет 1 Инвестициялардың түрлері
ҚОСЫМША Б
Сурет 2 Қазақстанға тура шетел инвестицияларының 1993-2010 жылдар аралығында құйылуы
ҚОСЫМША В
Сурет 4 Өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынған инвестициялар
ҚОСЫМША Г
Сурет 5 Қазақстанға шетел инвестицияларының 2009-2011
жылдарда салалар бойынша жұмылдыруы
№ |
Мәселелер |
Шешу жолдары |
Нәтиже |
1 |
Қазақстаның экономикасын көтеру. |
Қазақстанның экономикасын көтеруде шет мемлекеттердің қасқан үлесін айтуға болады. Шет мемлекеттер инвестицияларының құйылуы, олардың банктерінің берген қарыздарын айтамыз. |
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы. Шет мемлекеттер инвестицияларының тиімді пайдалануы және Қазақстан аумағында салаларды дамыту жолдарын айтуға болады. |
2 |
Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен салаларын дамыту. |
Қазақстан Республикасының қаржы саясатының дұрыс және тиімді басқарылуы. Салық жеңілдіктері және төмен ставкасын орнықтыру. |
Осы арқылы салалардың күрт
дамуын көруге болады. Қазақстан аумағында
инвестицияларды тарту |
3 |
Әлеуметтік салаларды инвестициялау. |
Қазақстанда әлеуметтік қорғаудағы адамдарға көмек беру, кадр мәселелерінің шешілуі, білім берудің жоғарғы сапалығы және тағы басқалары. |
Қазақстан тұрғындарының тұрмысының жақсаруы, білім берудің Европалық стандартқа сай келуі, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы. |
ҚОСЫМША Д
Кесте 1 Қазақстан аумағындағы өзекті мәселелер мен шешілу жолдары
Информация о работе ҚР-ң инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер