Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2014 в 14:10, доклад
Авторлық мектептер - автор немесе авторлық ұжым жасаған жетекші психологиялық-педагогикалық концепцияға негізделген экспериментальды оқу-тәрбие мекемелер. Оқу процесін өзіндік ерекшелікпен құруға, білім беру мекемесінің жаңа құрылымын құруга, педагогикалық еңбек ақыны ерекше төлеуге, бірінші кезекте материалды-техникалық жабдықтауға құқық беретін авторлық мектептер статусы. Статусын арнаулы қоғамдық - мемлекеттік экспертиза өткізгеннен кейін білім беру басқармасының сәйкес органы береді.[1]
Авторлық мектеп - педагогтардың (немесе бір педагогтың)
өздері жасаған білім берудің педагогикалық
тұжырымдамасына негіздеп құрған мектебі, училищесі, сын
Авторлық мектептер - автор немесе авторлық ұжым жасаған жетекші психологиялық-педагогикалық
концепцияға негізделген экспериментальды оқу-тәрбие ме
Қ.М.Нұрғалиевтың (1925 – 1988 ж.ж.) педагогикалық көзқарасы
I. Қ.М.Нұрғалиевтың өмірбаяны және ұстаздық
көзқарасы
Құмаш Нүрғалиев Шығыс Қазақстан облысының
Марқакөл ауданында дүниеге келген. "Шыңғысхан"
мектебінің 6-сыныбын бітіріп, еңбекке
араласты, 19 жасында Ұлы Отан соғысына
аттанады. 1944 жылы жараланып, екі аяғы,
бір қолынан айырылды, Мәскеу госпиталінде
екі жыл емделіп, көптеген операциялардан
өткен. Сол госпитальда емделген жылдарында
8-ші, 9-шы, 10-шы сыныптар емтихандарын тапсырып,
орта білім туралы атестат алып, сонымен
қатар бухгалтерлік курсты сырттай бітіріп
алады. Ауылға оралған бойда бірінші топтағы
мүгедектілігіне қарамастан ұстаздық
еңбек жолын орыс тілі пәнінен сабақ беруден
бастайды. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік
институтының тарих факультетін сырттай
оқып бітіріп, Боран орта мектебінде 30
жылдан астам уақыт үздіксіз директор
қызметін атқарды. Ол Ленин, Қызыл Ту ордендерімен,
5 мақтау қағазымен марапатталды, КСРО
халық мұғалімі және Қазаң ССР-інің еңбек
сіңірген мұғалімі. 2005 жылдың қазан айында
Құмаш Нұрғалиұлының 80 жылдық мерейтойы
атап өтілді. Бұл есім республикада педагогикаға
бар ғүмырын арнап, педагогикалық қызметін
жалғастырушылардың кітабына ең алғашқыларының
бірі болып енді. Осынау тамаша адам туралы
Дінмұхамед Қонаев былай деген: "Бұл
ғажап адамның өз өмірі – ерлік, шәкірттерді
биік рухқа, адамгершілікке тәрбиелеуде,
олардың азаматтық санасын қалыптастыруда
ғибратты өнеге болық табылады".
Боран ауылындағы оның авторлық мектебін
қазір баласы, педагогика ғылымдарының
кандидаты Талант Құмашұлы басқарады.
Түлектерінің 30 пайыздан астамы жоғары
оқу орындарына грант арқылы түсіп, көптеген
мектеп бітірушілер "Алтын белгіге"
ие болды. Мектеп ақпараттық-коммуникациялық
технология негізінде білімді ақпараттандырудың
педагогикалық идеясын жүзеге асырып,
теледидар-техникалық студиясы арқылы
ауыл эфиріне шыға алады. "Қашықтан
оқыту" жобасы бойыншабұл мектеп Юнеско
зерттеу институтының арнайы мәртебесіне
ие болған. Құмаш Нұрғалиұлы туралы толығырақ
"Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев. Педагогикалық
әулет" атты кітаптан оқуға болады.
II. Қ.М.Нұрғалиевтың негізгі идеялары мен
педагогикалық тәжірибесі
Идеясы: Боран мектебін білімдар әрі бала
жүрегіне сезімтал ұстаздар ордасына
айналдыру, жаңалыққа ұмтылуды мақсат
ету, жаңалық үшін ғана емес, жалпының
игілігі үшін жұмыс істеу. Жаңашыл ұстаздың
басына тән басты қасиеттер: ерен ерлігі,
жауапкершілігі, еңбекқорлығы, турашылдығы,
біліктілігі, талап қойғыштығы, ұйымдастырушылық
қабілеті, адамгершілігі, педагогтың ізденімпаздығы,
шығармашылығы. Еліміздің таңдаулы мектептерінің
бірі Боран мектебі мыңға жуық оқушы оқыған
ауылдық жердегі аралас мектеп болған.
Мектеп жанындағы оқу өндірістік кешенінде
9-10 сыныптағылар екі жыл ішінде жүргізуші,
тракторшы, электрик мамандықтарын алып
шыққан. Мектептің бүкіл оқу тәрбие жұмысы
техникалық құралдарды қолдануға негізделіп,
барлық 40 кабинеттің техникалық орталығы
республикамызда тұңғыш рет осы мектепте
жасалып, мыңдаған дыбыстық фонограммалардың,
диафильмдер, диопозитивтердің, кинофильмдер
мен кино-фрагменттердің, магнитофон жазбаларының
үлкен қоры жинақталған орталық телестудиясы
болған. Студиядағы операторлар да, режиссерлар
да 7-сыныптан жоғары оқитындар болды.
Мектеп жанында зәулім спорт залы, екі
дене шынықтыру залы, ән-күй, саз кабинеті
мен бөлмелері 200 орындық жиын залы, 200
орындық кинотеатр, медициналық кабинет,
240 орындық асхана жас буынның игілігіне
айналған. Сол кездегі совхоз малшыларының
балаларына арналған 60 орындық интернат
үйі, толық жабдықталған өнер бөлмесі
(көрмесі), екі оқу залы жұмыс істеген.
Қазақтың ұлы ағартушыларына, көрнекті
педагогтарға арналған стенділер, мәңгі
от алаулары тұрған жауынгерлік даңқ залы
тәрбие орталығына айналған. Ұжым барлық
пәндер бойнша толық үлгерімге жетіп,
құқық тәртібін бұзу оқиғасы кездеспеген.
Жыл сайын мектеп бітірушілердің көбі
совхоз өндімнде қалып, жөндеу, көгалдандыру,
т.б. мектеп жұмыстарын оқушылар атқарған.
Мектеп директоры – Қ.Н.Нұрғалиев: "Мектепті
алға бастыруды анық ойласақ, істі кадрдан
бастауымыз қажет. Келешектің адамын қалыптастыру,
еңбекке баулу, адамгершілікті дамыту,
Мұның бәрі сегіз қырлы бір сырлы дейтін
маұғлімдердің олдарынан келетінін үнемі
ескеріп отырғанда ғана жақсы ұстаз бен
жас шәкірт арасында мәңгі үзілмес алтын
жолі тартылады. Ол мұғалімнің оқушыға
сенуі, оқушының мұғалімді сүюі" - деп
оқу-тәрбие процесін, ізгілендіру идеясын
қолдаған.
Архимед Мыңбайұлы Ысқақовтың өмірбаяны және ұстаздық қызметі
Ысқақов 1953 жылы туған, жаңашыл ұстаз,
1975 жылы Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік
университетінің физика математика факультетін
бітіріп, Алматы, Ресей мектептерінде
математика пәнінен сабақ беріп мол тәжірибе
жинақтаған дарынд ұстаз. 1988-89 оқу жылынан
бастап ерекше тәрбиені қажет ететін жоғары
сынып оқушыларына арналған эксперименттік.
мектептің директоры қызметін атқарады.
Білім саласы бойынша "Тарлан-2000"
сыйлығының иегері.
II. Негізгі идеялары мен тәжірибелері:
Көпшілік Архимед мектебін "Болашақ"
мектебі дейді. Оқу-тәрбие жұмысында бетбұрыс
жасау идеясын ұсынып, әр оқушының еркін
дамуына, азамат ретінде белсенді әрекет
етуін, мүмкіндік туғызатын мектептің
жаңа моделін құру идеясын ұсынды. Педагогикалық
процесті еркін демократиялық негізде
жүргізу де Мыңбаевтың идеясы. Архимед
мектебінің басым көпшілігі ерекше тәрбиені
қажет ететін әдеттегі қиын балалар деп
аталып жүрген 9-10 сынып оқушылары. Алайда,
педагогикалық ұжым өз еріктерімен келген
жасөспірімдердің ешқайсысын қиын оқушы
деп есептемейді. 200 жасөспірімнің барлығын
да, өздерінің бейімділігі мен ынта-ықыласына
қарай іске тартып, сенім артып, адал еңбектің
пайдасына көздерін жеткізеді.
Архимед мектебінің міндеті - балаларға
сапалы білім, саналы тәрбие беріп, олардың
өмірдегі өз жолын табуына көмектесу.
Бұл мектеп сол кезде жартылай шаруашылық
негізде жұмыс істеп, оқушылар түске дейін
қалалық жүзден астам өндіріс орындарында
міндетті түрде 4 сағат еңбек еткен. Тапқан
табыстарының 50 сомын мектеп қорына өткізіп,
оны бос уақыттары мен каникулдарын мазмұнды
ұйымдастыру үшін жұмсаған. Оқуға деген
ынтасына қарай оқушыларға 10 сомнан 50
сомға дейін шәкірт ақысы төленген. Бағдарламаның
ерекшелігі – жалпы білім беретін пәндерден
басқа әр оқушының қалауына сай бір-екі
пәнді тереңдетіп оқытуында, бейнелеу
өнері, кино, театр, саз, дін тарихы пәндерін
енгізілуде, биология курсының "Экология
негіздері" деген қосымша сабақтармен
толықтырылуында. Оқушылардың денсаулығын
нығайту мақсатымен дене шынықтыру сабағы
аптасына 5 рет өткізіліп, бір сабағы міндетті
түрде бассейінде өткізілген.
Сондай-ақ ағылшын тіліне аптасына 4 сағат
бөлініп, компьютер сыныбымен қатар, "Журналистика
негіздері", "Социология және психология
негіздері", т.б. курстар оқылып, балалардың
толықтай орта білім алуына, өздігінен
білім алуына деген құштарлығы мен дағдыларын
қалыптастыруға ықпал жасалды. Оқушылар
отандық және дүниежүзілік мәдениет байлығымен
танысып, адамгершілік және ерік-жігерлерін
қоғамдық дәрежеде шынықтыра алады.
Мектепте барлығы 25 мұғалім және жоғары
оқу орындары мен мекемелерден шақырылған
мамандар тобы еңбек етіп, 8 оқушы, 8 мұғалімнен
тұратын мектеп кеңесі болды. Мектеп бітіруші
түлек мемлекеттік аттестат, паспорт,
2 жыл еңбек стажы бар еңбек кітапшасын,
жұмысшы мамандығын алып шығады. Сол кездегі
бір оқушының "Сіздің мектебіңізде
оқығым келеді. Мені мектебіңізге алыңыз,
өтінемін. Мен ешкімге де керек емеспін",
- деген хатын тебіренбей оқу мүмкін емес.
Архимед мектебінің педагогикалық процесі
демократиялық және ізгілік негізінде
құрылған. Мектеп оқушыға кең еркіндік
береді. Тек бір ғана мақсатты - заманына
сай саналы да өрелі, әрі дені сау, парасатты
азамат болып өсуді талап етеді.
Мектеп оқушылары өз мектебін мақтан етіп,
пікірлерін білдіреді. Оқушы Дина Бектасова:
- Мектепті бітіргенде "аңғал сары ауыз
балапан емес, өмірдің сынына, күресіне
дайын азамат болып шығатыныма күмәнім
жоқ ".
Мектеп кеңесінің мүшесі, 9-сынып оқушысы
Асфендияр Құрбанов:
- Біз өз мектебімізге өзіміз қожамыз.
Сондықтан өзімізді ересек жігіт пен бойжеткен
сезінбесек болмайды.
- 9-сынып оқушысы Данияр Орынбеков:
- Мектепті жақсы бітірген соң кез келген
жоғары оқу орнына қиналмай түсерімізге
сөз жоқ. Себебі мұндағы оқудың сапасы
өте жоғары.
Міне, А.Ысөақов өз пәнімен қатар педагогтік
мамандығына шынайы сүйіспеншілігі әке
тәрбиесінен дарыған, шәкірт жүрегіне
жол таба білген, үнемі даму, ілгері басу,
ізденуді өмір өзегі еткен, әрі іскер,
әрі білікті, жігерлі жаңашыл ұстаз. Атаулы
мектеп директоры оқушылар мен педагогтардың
ұйымдастырушысы әрі білікті тәлімгер.