Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 15:57, реферат
Экономика саласындағы мемлекеттің саясаты стратегиялық мақсаты әлеуметтік бағыт болатын инновациялық экономика құруға негізделуі керек. Инновациялық даму жүйелік көзқарасты қажет етеді, өйткені ол тек қана ҒЗТКЖ және инновацияларға апаратын жолдарды ғана емес сонымен қатар әлеуметтік, ұйымдастырушылық, экономикалық және т.б. факторлар кешенінің кері байланысын және қарым-қатынас үрдісін қарастырады. Мемлекеттің инновация саласына әсер етудегі мақсаты зерттеу жүргізудегі тәуекелдерді төмендетуге және нарықты реттеуге бағытталған жақсы инновациялық саясат құру болуы керек.
Шетелдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай инновациялық саясаттың ең негізгі қаржылық құралы сол салаға мемлекеттік бюджет қаражаттарын қолдану болып табылады.
XX басында американлық ғылым негізінен университеттер мен жеке компаниялардың зертханаларында шоғырланғаны белгілі. Мемлекеттің ұлттық ғылым шығындарындағы үлесі 10-20% аралығын қамтиды. Осыған байланысты ғылыми және техниқалық саясат мемлекеттік реттеудің басым бағытына айналды.
Технологиялық шешімдердің коммерциялануы деңгейіне байланысты АҚШ ғалымдардың жиі сілтеме жасайтын бір заңнамалық актісі бар – ол 1986 жылы қабылданған федералды технологияларды беру туралы заң [34.36-39б.].
Осы заңды тура мағынада оқитын болсақ, онда бұл заңның жеке сектор мен мемлекеттік сектордың әріптестігін жетілдіруге бағытталғанын аңғаруға болады. Осы заңға байланысты университеттерге, федералды зертханаларға, жеке формаларға, консорциумдарға және штаттардың үкіметтеріне ҒЗТКЖ бірлесіп жүргізу туралы корпоративтік келісімдер жасасу құқығы берілді. Бұл заң АҚШ осы салаға қызығушылық білдірген барлық фирмаларға федералды зертханалардың ғылыми-технологиялық ресурстарын пайдалану мүмкіндігін берді.
Көптеген зерттеушілер үшін құқықтық проблемалардың шешімі шетелдік құқықтың нормаларының қызметін анықтау және осының нәтижесінде отандық заңнаманы жетілдіру жолдарын табу болып отыр. Бірақ бұл жерде тәжірибесіне жүгініп отырған елдің құқықтық жүйесінің ерекшелігі (специфика) ескерілмейді. Осыған байланысты АҚШ заңнамалық тәжірибесін және осы елдің инновация саласындағы жетістіктерін саралау барысында ағылшын-американдық құқық жүйесі мен континентальды құқық жүйесінің бір-бірінен өзгеше екендігін және осыған байланысты механикалық тұрғыдан бірігуі мүмкін еместігін ескеру қажет.
Германия экономикасындағы кедергілер оның АҚШ пен Жапониядан, ал жекелеген көрсеткіштер бойынша Швеция мен Финляндиядан артта қалуын анық көрсетуде. Бірақ, Германия ғылыми өнімдер экспортындағы жоғарғы пайызды иеленуіне байланысты инновациялық дамудағы көшбасшылардың бірі ретіндегі өзінің орнын сақтап қалып отыр. Германия экономикасы үшін көлікжасау және автомобиль жасау буынының маңызы зор. Европалық патенттік ведомоствоның тіркеген көлік саласындағы патенттердің жартысы Германияға тиесілі. Осы саладағы жаңашылдықтар аралас өндірістегі инновациялық белсенділікке күшті әсер етуде.
Германиядағы ғылыми зерттеулердің қаржыландырудың басты көзі-жеке бизнес болып табылады. Неміс ғылымын қолдау қорларының одағының өзінде бизнестен қаржыландырылатын 307 қор бар. Бұл одаққа көптеген ірі және өз бетімен қызмет ететін Фольксваген Қоры, Роберт Боштың Қоры, Бертельсманның Қоры, Кербердің Қоры және т.б. қорларының кірмейтіндігін ескерген жөн. Қорлардың қызметінің негізгі бағыты зерттеулердің жоғары сапасын қамтамасыз ету [30.10б.]. Мемлекет өз кезегінде салықтық жеңілдіктер беру арқылы қорлар үшін жағымды жағдай туғызып отыр.
Өнеркәсіп пен университеттер арасындағы өсіп келе жатқан ғылыми байланыстарды және елдегі ғылымды қаржыландыру мемлекеттік тарапынан жүзеге асырылуда. Университеттер мен жоғары оқу орындарының тек қана өнеркәсіптік кәсіпорындардың қаржысы негізінде өмір сүре алмайтындығын ескеріп, ЖОО зерттеу жұмыстарын мемлекеттік қаржыландыру аса маңызды екенін түсінуге болады. Дамыған нарықтық экономиканың өзінде мемлекет ұлттық ғылым мен инновация жүйесінің белсенді элементі ретінде көрініс табады. Бұл жағдайда мемлекет тек қана реттеуді жүзеге асырмайды, сонымен қатар барлық деңгейдегі биліктің міндетіне жататын әлеуметтік талаптарды шешуді жүзеге асырады және осы саладағы нарықтық механизмдегі кемшіліктерді реттеу арқылы ҒЗТКЖ тікелей қолдайды.
Германияның Федеральды білім және ғылым министрлігінің жылдық есебінің көрсеткіштері бойынша 2009 жылы бұл елде 750 ұйым ғылыми зерттеулерді жүзеге асырған, ал осы ғылыми зерттеулердің шығындары 59 млн. евро, яғни ЖІӨ-нің 2,6%-ын құрайды. 2010 жылы Германия ғылым және білім саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүргізу арқылы ғылым және инновация шығындарын ЖІӨ-нің 3%-на жеткізді [35.37-38б.].
Қазіргі заманғы мемлекеттік саясатының мақсатының бірі мемлекттік ғылыми зерттеу институттарының “нарықтық” бағдарлануын күшейтуді көздейтін интеграцияланған ғылыми-техникалық және инновациялық саясат жүргізу.
Германияда мемлекеттік сектор мен жеке өнеркәсіп арасындағы, университеттер мен мемлекеттік зертеушілік зертханалар арасындағы коперацияланудың дамуына ерекше назар аударылады. Бұл жерде ҒЗТКЖ нәтижелерін тікелей өнеркәсіпке берілуіне (трансфер) негізгі назар аударылады.
Франция заңнамасы тарихи тұрғыдан көптеген елдер мен Ресей үшін үлгі бола алады. Бұл елде 1971 жылы 7 қаңтарда өнертапқыштардың патент алуға құқығы туралы алғашқы заң қабылданды [36.43-47б.].
1971 жылғы Франциялық заң өнертапқыштардың құқықтарын қорғайтын облигаторлық қағиданы орнатты, ол заң талаптарына сай өтінішке жауап ретінде өнертапқыштың патент алуға құқығын мойындайтын мемлекеттің міндетін бекітті.
1971 жылғы Заң патент иесінің өнертабысты пайдалануға «айрықша құқық» терминін алғаш қолданғандардың бірі болды. Өнертапқыш заңнамалық деңгейде үшінші тұлғаларға өз өнертабысын сәйкесінше рұқсатсыз қолдануға тыйым салу құқығына, сонымен қатар контрафакторларды соттық тәртіппен қудалау құқығына ие болды.
Қазіргі таңда Францияда инновациялық белсенділікті мемлекет ынталандырады және қолдайды, ал ғылыми зерттеулер мен технологиялық даму жалпы ұлттық басымдық ретінде мойындалады. Франциядағы ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға шығындар бүгінгі таңда шамамен жылына 35 млрд. құрайды, ол ЖҰӨ 2,13% тең. Оның ішінде ЖҰӨ 0,9% мемлекет, ал 1,4% - жеке меншік компаниялар береді, соңғы жылдары бұл арақатынас мемлекеттік шығындар пайдасына өзгеріп келеді [36.43-47б.]. Францияның 15.07.1982 жылғы № 82-610 «Зерттеулер мен технологиялардың дамуының негізгі бағыттары туралы» заңына сәйкес мемлекеттік ғылыми зерттеулер тек «мемлекеттік маңызы бар істі құрап» қана қоймайды, сонымен қатар «зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу» мақсатын қояды. Франция ұлттық экономиканың дамуын құрайтын инновацияны күшейту бағыттары бойынша шешімді қадамдар жасауда. 1999 ж. 12 шілдеде Францияда № 99-587 «Инновациялар мен ғылыми зерттеулер туралы» заң қабылданды, ол табиғаты бойынша 1982 жылғы заңның жалғасы болды. 1-13, 15-17, 21-24 баптары жаңа заңға өзгеріссіз ауысты, ал қалғандары – жаңа редакцияда мазмұндалды [36.43-47б.].
1999 жылғы Заң біріншіден, экономиканың мемлекеттік секторымен қаржыландырылатын зерттеу нәтижелерінің трансферіне, өнеркәсіпке және шағын инновациялық компанияларды жасауға бағытталды. Елдегі қолданыстағы азаматтық заңнаманы ескере отырып, бұл заңның пәні онымен қиылыспайды, алайда оның бар болу фактісін ескереді. Мұнда қолданбалы зерттеулерді басқарудың бағдарламалық-мақсатты әдістері қолданылады.
1999 жылғы «Инновациялар мен ғылыми зерттеулер туралы» заң Франциядағы жоғарғы оқу орындары білім беру ұйымдарының және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлеріне кәсіпорын жұмысына өз ғылыми үлесін қосуға мүмкіндік берді. Франциялық заңнаманың мұндай тәсілі, Франциядағы ғылыми жетістіктерді жасайтын ғалымдарды ынталандыруға бағытталған жаңа прогрессивті шараларды жүзеге асырудың алғы шарты болып табылады.
2002 жылы Францияда ғылыми саланы дамыту концепциясы қабылданды. Берілген концепция шегінде 2002 ж. «Инновациялық жоспар» бағдарламасы бекітілген, ол компанияның ғылыми-зерттеушілік және енгізушілік қызметін ынталандыруға бағытталды.
Бағдарламаның ерекшелігі болып қарастырылып отырған концепцияның шараларының фискалды сипатқа ие болуы танылады. Негізгі құрал – жақында құрылған инновациялық фирмаларға берілетін салықтық жеңілдіктер, оларға ерекше заңдық мәртебе беріледі – «жас инновациялық компания мәртебесі».
Мұндай мәртебе алған фирмалар келесілерден босатылады:
· алғашқы үш жыл ішінде корпаративтік салықтан, ал келесі екі жылдары жай салық соммасының жартысын төлейді;
· әлеуметтік қорларға жарналардан (толығымен 6 жылға);
· жергілікті салықтарды төлеуден (бұл төлемдерді мемлекет өз мойнына алады).
Бұл компаниялар шығарған бағалы қағаздарды иеленетін жеке тұлғалар бағалы қағаздан түсетін пайдаға салынатын салықты төлемейді. Берілген мәртебені алуға келесі шарттар қойылады:
·фирманың 8 жылға дейінгі жасы;
·фирманың қызмет етуінің орташа кезеңіндегі жалпы шығындардағы ҒЗТКЖ-ға кеткен 15%-дан кем емес үлестік салмағы;
·жеке меншік тұлғаларға компанияның 75%-дан кем емес капиталының тиесілі болуы.
2004 жылға дейін Францияда компанияға инновацияны ынталандыруға қаражаттар әр түрлі арналар арқылы бюджеттің барлық деңгейлерінен түсетін. Жергілікті деңгейде оны Ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу бойынша ұлттық агенттік бөлімшелері жүзеге асыратын, ұлттық деңгейде – үш министрліктердің (экономика, көлік, ғылым және білім) департаменттері. 2004 жылы Францияда аймақтық деңгейдегі бірыңғай үйлесімдік органды – «Инновацияға көмектің аймақтық бөлімін» құру туралы шешім қабылданды, оның негізгі өкілеттілігі болып нақты аймақтың (олар Францияда 22) инновациялық қызметін дамыту мақсатында әр түрлі бюджеттерден бөлінетін қаражаттарды үйлестіру функциясы табылады [37.68-71б.].
Францияның инновациялық дамуының кезекті қадамы болып 2006 жылғы 18 сәуірдегі «Ғылыми зерттеулер бойынша бағдарлама туралы» заңның қабылдануы танылады, ол ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібін жетілдіруге бағытталған. Сонымен, айтылған заңның 1-бабына сәйкес ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың негізгі көздері айқындалған:
· «ғылыми зерттеулер және жоғарғы білім беру» жобасының бюджеттік қаржыландыруы;
· бюджеттен тыс ресурстар;
· фискалды шығындар (бағдарлама шегінде бұларға зерттеушілік пен инновациялық қызметке бөлінетін қаражаттар шамасында берілетінін ерекше атап кеткен жөн) [27.34-43б.].
Инновациялық белсенділіктің шетелдегі (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Австралия, Германия, Канада, Жапония, Франция, Швеция, Корея) ынталандыру формалары мен әдістерін талдау инновациялық және ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру саласында жасақталған барлық шаралар қатарынан ең маңызды болып үш негізгі қағида табылатынын көрсетті:
·салықтық ынталандыру;
·амортизациялық саясат арқылы ынталандыру;
·өнімнің жаңа түрлерін меңгеретін компанияларға тікелей бюджеттік дотациялар.
Инновациялық белсенділіктің мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері туралы айтқанда оның басты құраушысы болып салықтық жеңілдіктер танылатынын айта кеткен маңызды, олар ғылыми ұйымдарға емес, өз кезегінде зерттеу мен инновацияға сұранысты қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен инвесторларға ұсынылады. Бұл кезде салықтық жеңілдік аванс ретінде емес, табысқа салынатын салықтан инновацияға шығындардың кезекті қосылмауы жолымен нақты инновацияға ұсынылады. Амортизациялық саясат капитал мен материалды емес активтердің құнын төмендету нормативтерін бекіту, сонымен қатар оларды өндірістік шығындар немесе шығыстарға жатқызу тәртібі ретінде қолданылады. Дамыған елдерде құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану мерзімдерін анықтайтын нормативті шектеулер қолданылады. Тікелей бюджеттік дотациялар жаңа өнімдерді меңгеретін немесе бұл өнімдерді қолданатын кәсіпорындарға беріледі. Әдетте дотацияларды мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды жабдықтаумен ұштастырады.
Сондықтан, инновациялық қызметтің құрылымдық-құқықтық механизмі екі өзара байланысқан құқықтық блоктар арасында көрінеді. Бірінші блок инновациялық қызмет саласында нақты қатынастарды ұйымдастыруды, мұндай қызмет пен мемлекет қатысушыларының қажеттілігімен сәйкес олардың қызметтері мен дамуын қамтамасыз ету мақсатына ие болатын нормаларды жасайды. Өзінің табиғаты бойынша бұл нормалар инновациялық қызмет қатысушыларының қатынастарын экономикалық өзін өзі реттеуге бағытталған. Екінші – мемлекеттік қорғаушылық реттеу нормалары, оған инновациялық үдерістерді олардың белгілі бір қызметтерімен бірге мемлекеттік басқару органдары жүйесін құру жатады. Бұл инновациялық үдерістерге субъектілерінің қатысуын (жеке меншік құқықтық) және субординациялық қатынастардың (көпшілік-құқықтық) заңдық теңдік қатынастарын реттейтін нормалар жиынтығы, ол инновациялық қызметтің құқықтық ортасын қалыптастырады және оның қатысушыларының тиімді экономикалық тәртібін қамтамасыз етеді. Жеке құқықтың оның рұқсат етілген тәсілдерімен бірге әдістермен, мүліктік қатынастардың қатысушыларының теңдігімен және еркіндігімен еркін нарықтың даму міндеттері шешіледі, мұнда өзін өзі реттеу мемлекеттік реттеудің көп жағдайда қолданылатын баламасы ретінде қарастырылады. Нарықтың қажет арнаға бағытталуы көпшілік құқықтың құралдарымен және әдістерімен шешіледі. Бұл жерде әкімшілік құқық нормалары маңызды рөлге ие болады, «олар атқарушы билік органдары мен негізгі нарықтық құрылымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейді».
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей инновациялық дамуды мемлекеттік реттеудің келесідей негіздердері бар:
-инновациялық қызметті заңнамалық құқықтық реттеу;
-университеттер мен ғызыми зерттеу орталықтарында фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамыту;
-инновациялық жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру;
-мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;
-салық салынатын базаны анықтау барысында инновацияларғы кеткен шығындарды шегеру және т.б. жеңілдіктер ұсыну арқылы тиімді салық саясатын жүргізу;
-қаржы-несиелік саясат арқылы ынталандыру;
-бюджеттен тыс ресурстарды жұмылдыру;
-ғылым мен өндіріс арасында тығыз байланысты ұйымдастыру;
-технопарктер, технополистер және ғылыми зерттеу орталықтарын құру арқылы инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпкерлікті дамыту;
-экономиканың маңызды салаларын жоғары технологиялармен қамтамасыз ету және т.б. арқылы тиімді мемлекеттік саясат жүзеге асырылады.
Сонымен қатар Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және инновациялық инфрақұрылымды дамыту, ғылыммен айналысуды ынталындыру және басқада әлеуметтік-экономикалық жағымды жағдайлар қалыптастыру. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекеттік реттеуді елдегі бар ресурстарды тиімді пайдалануға қарай бағыттау және дамыту.
Информация о работе Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі