Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 14:58, реферат

Описание работы

Жөндеу шаруашылығының бөлiмiн бас механик басқарады. Әрбiр геологиялық барлау, бұрғылау, өндiру кәсiпорында жабдықты пайдаланумен байланысты көп көлемде жөндеу жұмыстарын өткiзедi. Сондықтан, жабдықтың iстен шығуын алдын-ала болдырмау, оны жөндеуге кеткен шығындарды қысқартудың, бiрден-бiр амалы жабдыққа техникалық қызмет ету немесе техникалық күту.

Файлы: 1 файл

ондиристик менедж.doc

— 80.50 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру

 

1.1.Жөндеу қызметінің құрылымы мен құрамы

 

Өндiрiстегi ең iрi қосалқы шаруашылық – жөндеу шаруашылығы. Жөндеу шаруашылығының құрамына:

  • жөндеу-механикалық және басқада цехтар, немесе жабдық жөндеу шеберханалары;
  • жөндеу-механикалық немесе электра-механикалық учаскiлер кiредi.

Жөндеу шаруашылығының бөлiмiн бас  механик басқарады. Әрбiр геологиялық  барлау, бұрғылау, өндiру кәсiпорында  жабдықты пайдаланумен байланысты көп  көлемде жөндеу жұмыстарын өткiзедi. Сондықтан, жабдықтың iстен шығуын алдын-ала болдырмау, оны жөндеуге кеткен шығындарды қысқартудың, бiрден-бiр амалы жабдыққа техникалық қызмет ету немесе техникалық күту.

Техникалық  қызмет ету – дегенiмiз әр сменалық күту, яғни механизмдердi (тетiктердi) уақтылы қалыпқа келтiру, майда бұзылыстарды жою, профилактикалық техникалық байқау өткiзу. Мұнын бәрi белгiленген уақытта өткiзiлiп, бұзылыстардың байқалып, қалпына келтiру мақсатымен атқарылады.

Жөндеу шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру, жабдықтардың үздiксiз, әрi тиiмдi пайдалануда маңызды жағдай болып келедi.  Оны ұйымдастырудың үш нысаны бар:

  • Орталықтандырылған;
  • Орталықтандырылмаған;
  • Араластырылған.

1. Ұйымдастырудың орталықтандырылған нысанында жөндеулердiң барлық түрi - жөндеу-механикалық цехтың жұмысшыларымен атқарылады. Әртүрлi күрделiлiгi бойынша жөндеу жұмыстары әрбiр цехiнiң бригада күшiмен жүргiзiледi. Механикалық жөндеу базасы бөлiмшiлердiң тапсырысы бойынша қосалқы бөлшектердi шығару және күрделi жөндеу жұмыстарымен айналысады. Мысалы, ұңғыларды жерасты және күрделi жөндеу үшiн арнаулы бригадалар болса, ал жабдықтарды жөндеу және модернизациялау - орталық базаларда жүргiзiледi.

Базаларда бүкiл жұмысшылар тобы және жөндеу құралдары шоғырланған. Өндiрiс  цехтарында тез тозғыш бөлшектердi ауыстыруымен байланысты жабдықты күту, бақылау, майда күнделiктi жөндеу жұмыстарын атқаратың тек кезектегi жұмысшы бригадалары ғана қалады. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастырудың бұл нысанында жөндеушiлер механизация құралдарын пайдаланатын бiртектес жұмыстарда маманданады – бұл жөндеу мерзiмiң қысқартып, еңбек өнiмдiлiгн өсiрiп, жөндеу шығындарының азаюына әкеледi.

2. Ұйымдастырудың орталықтандырылмаған нысанында кәсiпорын-ның әр цехi жөндеу жұмыстарын өзi жасайды. Жөндеу-механикалық цех бұл жағдайда қосымша бөлшектерге тапсырыс алады және агрегаттардың күрделi жұмысын өткiзедi. Бұл нысаны тиiмсiз болып табылады, себебi мұнда жөндеудi атқарушы жұмысшылар мен жөндеу құралдарын орынсыз пайдалану, жөндеудi  бiтiруi мен жөндеуге дайындалу мерзiмiнiң ұзаруы айқындалады.

Жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы:

 Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын  құрудың басты мақсатына негізгі  өндірістік қорларды ұтымды пайдалану  жатады. Жөндеу шаруашылығының негізгі  міндеттеріне:

 

  - негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;

-  кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынған құрал-жабдықтарын орнату;

- қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;

- қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық жұмыстарды жоспарлау.

 

1.2. Жөндеу қоры

 

 

Жөндеу қоры – негiзгi қорларды жөндеудiң барлық түрлерiн (күрделi, орташа, ағымдағы) жүзеге асыру үшiн кәсiпорындарда, бiрлестiктерде құралатын ақшалай қаражаттың арнаулы қоры. Өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны есебiнен норматив бойынша құрылады. 

Араластырылған түрi бойынша жөндеу жұмыстарын цехтағы жөндеу қызметкерлерi және мамандандырылған жөндеу цехтары  және ұйымдары жүргiзедi. Бұл нысаны бойынша цехтағы жөндеу қызметiн жабдықты күн-делiктi жөндеу, күту және қадағалау жұмысын, ал күрделi жөндеу жұмыстарынын көлемi ортақтандырылыған тәртiппен жүргiзiледi.

Өнеркәсiптегi жұмыс iстейтiн құрал  жабдықтардың жұмыс қабiлеттiлiгi жоспарлы алдынала жөндеу (ЖАЖ) жүйесi арқылы қамтамасыз етiледi.

ЖАЖ-дың ерекшелегi:

  • алдынала және жоспарлы күту;
  • қызмет ету және жабдықты жөндеу шараларын жүргiзу;

ЖАЖ жүйесiне мына жұмыстар жатады:

  • жабдықтарды күту;
  • жөндеу аралық қызмет ету;
  • қарау, тексеру, жуу және майды ауыстыру;
  • кезеңдiк жоспарлы жөндеулер (шағын, орташа және күрделi);

 Құрал жабдықтарды  күту - негiзгi өндiрiс жұмысшыларымен жүргiзiледi. Жабдықтарды таза сақтау, мерзiмдi жұмыс бөлшектерiң сүрту, оларды реттi майлау.

Жөндеу аралық қызмет ету – жабдықтарды пайдалану, күту, уақы-тында ұсақ оқастарың жою. Бұл қызметтер жабдықтың жұмыс үзiлiсiнде жүргiзiледi.

Шағын және орташа жөндеулер ағымдағы (күнделiктi) жөндеу деп аталады.

Шағын жөндеу – бөлшектердi (детальдарды) ауыстыру және механизмдердi (тетiктердi) түзеу.

Орташа жөндеу – шағын жөндеу мен қатар, iшiнара ажырату, тозған бөлшектерiң ауыстыру және қалпына келтiру.

 Күрделi жөндеу – агрегатты толық ажырату, тозған детальдарын, түйiндiлерiң ауыстыру. Күрделi жөндеу арқылы құрал жабдықтың қуаты бұрынғы қалпына келедi. Кейбiр жағдайда күрделi жөндеумен қатар жабдықты модернизациялауда жүргiзiледi.

Өндiру ұңғылардың жұмысы - жабдықтарың  күту және оларды жоспарлы жөндеудiң  өткiзуден тұрады.

Ұңғылардың жербетiндегi жабдықтарды  жөндеуге шағын (күнделiктi), орта және күрделi жөндеулер жатады.

Күнделiктi жөндеуге сораптарды ауыстыру немесе оның кейбiр бөл-шектерiң, сорап штангiлердiң үзiлуiн немесе бұралуынан шығып кетуiн, сорап-компрессорлық құбырлы түтiктердiң және штангiлердiң ауыстырулары.  

Күрделi жөндеуге өндiру қабатының (горизонтың) жұмыс қабiлетiң қалпына келтiру, жерасты өндiру жабдықтарын күрделi жөндеу жұмыстары мен жерқойнауын қорғау шаралар жатады.

Жерасты жұмысшылары жөндеу жұмыстарың жүргiзу үшiн техникалық наряд-тапсырма  алады. Онда ұңғының өндiру әдiсi, жерүстi жабдығының (құрылысының) түрi, жерасты жабдығы, өзiқозғалу агрегатының түрi, қозғалмалы механизмнiң жабдықталуы, дайындық жұмыстары операция бойынша негiзгi жұмыстардың тiзiмi, жөндеу ұзақтылығы, ұңғының жөндеуiн бағалауы, жөндеу жұмысының мезгiлiң аяқтағаны үшiн берiлетiн сыйақының мөлшерi көрсетiледi.

Жөндеу жұмыстарының тиiмдiлiгiн  ұйымдастыру үшiн нұсқаулық карталар жасалады. Жөндеу аяқталғаннан кейiн  ұңғыны тапсыру үшiн кепiлдiк акт  жасалады.

Күрделi жөндеу жүргiзу үшiн кешеңдi бригада наряд алады. Онда ұңғы жөнiнде мәлiмет, жөндеу категориясы, түрi, оның басталу және ұзақтық мерзiмi, жасалған жұмыстың бағалауы көрсетiледi.  Жөндеу аяқталғаннан кейiн ұңғыны тапсыруы жәйлi кепiлдiк акт жасалады.

Кәсіпорыннның құралдараға қажеттілігін жұмсау және айналым қорларынан құралады. Жұмсау қорлары деп өндірістік бағдарламада қарастырылғандай, өнімдерді дайындау үрдісінде толық пайдаланылатын құралдарды атайды. Олар құрал-саймандардың жұмсау мөлшері бойынша анықталады. Соңғылары өндіріс түріне, құралды қолдану ерекшелігіне, оны пайдалану шарттарына байланысты әр түрлі әдістерін анықталады.

Жұмсау қорларымен қатар жабдықтардың айналым қорлары да есептелінеді, яғни өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін оның минималды қажетті  көлемі анықталады.

 Айналым қоры цехтардағы пайдалану қорлары және орталық құрал-сайман қоймаларындағы запастар жиынтығын құрайды.

 Орталық құрал-сайман қорларында (ОҚҚ) технологиялық құрал-саймандардың қорларын реттеу және қалыптастыру негізінен «максимум-минимум» жүйесін құрайды. Ол ОҚҚ-дағы құрал-саймандардың әр түріне максимум-минимум қорларының мөлшерлері бекітіліп, сәйкес боуы тиіс. «Максимум-минимум» жүйесі құрал-сайман запастары-ағымдық және сақтандыру деп екіге бөлінеді. Ағымдағы запас- өндірісті құрал-саймандармен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қолданылады. Көрсетілген кезең аралығында ағымдағы қор мөлшері қатысты өзгеріп отырады, яғни тапсырыс берілген құрал-сайман партиясының түсу кезіндегі максимумнан келесі партияның түсу кезеңіне дейін (нөлге дейін) өзгереді.

Сақтандыру қоры – құралдардың тұрақты түсуінде тоқтап қалу немесе үзіліс пайда болған жағдайда өндіріс жұмысының ырғақтылығын қамтамасыз етуге арналған. Ол әрқашан қоймада болуы керек және ол өндірісті құрал-сайманмен қамтамасыз ету үшін қажетті минималды қордв білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.Құрал-сайман шаруашылығынның  мақсаты, міндеттері мен құрамы

 

 

  Өнеркәсіп өнімін өндіру  кезінде құрал-саймандар, жабдықтар және тағы басқа көптеген технолоигялық құралдар кеңінен пайдаланылады. Кәсіпорында көп бөлшекті, конструкциясы күрделі бұйымдарды өндіру үшін мыңдаған типтік размерлі құарл-саймандарды қолданады.     Технологиялық жабдықтардың сапасына, оларға қойылатын талаптарға байланысты өндірілетін өнімнің техникалық деңгейі, өндірістің тиімділігі анықталады.

    Кәсіпорынның  құрал-сайман шаруашылығы өндірісті  технологиялық жабдықтармен қамтамасыз  ету, оны сақтау, қолдану және  жөндеу жұмыстарын жүргізуді  басқару үшін бір жерге орталықтандырады. Құрал-сайман шаруашылығының негізгі  міндеттеріне кәсіпорынның жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құралдарды пайдалануды және оларды қолдану кезіндегі техникалық бақылауды ұйымдастыру, құарл-сайман шаруашылығын жетілдіру шараларын дайындау кіреді.

    Кәсіпорынның  құралсайман шаруашылығының құрамына  құрал-сайман бөлімі, технолоигялық жабдықтарды дайындау цехтары, орталық құарл-сайман қоймасы, цехтың құарл-сайман тарату қоймалары, құрал-саймандарды қайрау, жөндеу шеберханалары жатады. Өндірістік цехтарда құрал-саймандар мен қызмет көрсетуді ұйымдастырумен құрал-сайман шаруашылығы айналысады.

    Қолданылатын құралдардың  әр түрлілігін есере отырып, өндірісте  оларды дайындауды және қолдануды  болжау үшін оның нақты жіктемесі  жасалып, индекстелуі керек.    Жабдықтауды іктеу негізінде  өндірістік-техникалық және конструкциялық  белгілері бойынша оның топтамасы жасалады. Кәсіпорында толығымен қолданылатын құрал-саймандарды пайдалану сипаттамасы бойынша арнайы және стандартты болып екіге бөлінеді. Арнайы құрал ретінде нақты операцияда белгілі бұйымды өндіруге ғана қолданылатын құрал-сайманды айтады. Оны тұтынатын кәсіпорындардың өздері дайындайды. Стандартты деп әр түрлі бөлшектерді өңдеу үшін қолданылатын құрал-саймандарды атайды. Олар құрал-сайман шығаратын зауыттарды өндіріледі. Құрал-саймандар атқаратын қызметіне қарай бақылау-өлшеуші, технологиялық жабдықтар болып бөлінеді.

 Мысалы, темір өңдеуші құралдар  бойынша келесі топтарға бөлінеді: кесуші, өлшеуші, монтаждау, қосалқы құралдар және т.б.

    Құрал-жабдықтарға деген  кәсіпорынның қажеттілігін анықтау  үшін бағдарламаға сәйкес құрал-жабдықтардың  шығындарын анықтау, кәсіпорынның  қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін  құрал-жабдықтардың қорын есептеу,  өндірісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарын құру қажет.

 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда  құрал-саймандарды ұйымдастыруды  жетілдіру кәсіпорынның тиімділігн  арттырудың негізгі көзі келесі  болып келеді:

- стандарттық құрал-сайман өндірісінің  орталықтандыруы және мамандануы;

 - арнайы жабдықтардың унификациясы және стандартизациясы;

- кәсіпорында технолоигялық жабдықтарды  қайта құру немесе қалпына  келтіру бойынша жұмыстарды кеңейту;

- жұмыс орындарын жабдықтармен  қамтамасыз ету әдістерін және  прогрессивті жүйелерді қолдануды кеңейту;

- технологиялық жабдықтарды және  құралдардың арнайы қоймаларын  құру, қоймалық операцияларды автоматтандыру  негізінде құрал-сайман қоймаларының  жұмыстық жүйесін құру;

- оперативті-өндірістік жоспарлаудың  алдыңғы қатарлы жүйелерінің және құрал-сайманмен қызмет көрсетуді ұйымдастыруына есептің кең енгізілуі.

 

 

Қорытынды

 

 

Жөндеу шаруашылығының бөлiмiн бас  механик басқарады. Әрбiр геологиялық  барлау, бұрғылау, өндiру кәсiпорында  жабдықты пайдаланумен байланысты көп  көлемде жөндеу жұмыстарын өткiзедi. Сондықтан, жабдықтың iстен шығуын алдын-ала болдырмау, оны жөндеуге кеткен шығындарды қысқартудың, бiрден-бiр амалы жабдыққа техникалық қызмет ету немесе техникалық күту.

  Техникалық қызмет ету – дегенiмiз әр сменалық күту, яғни механизмдердi (тетiктердi) уақтылы қалыпқа келтiру, майда бұзылыстарды жою, профилактикалық техникалық байқау өткiзу. Мұнын бәрi белгiленген уақытта өткiзiлiп, бұзылыстардың байқалып, қалпына келтiру мақсатымен атқарылады.

   Құрал- жабдықтарды жоспарлы түрде алдын ала жөндеу жүйесі құрал-жабдықтарды жөндеу, бақылау, күтуге байланысты шаралар жиынтығын қамтиды. Осы жүйенің құрамына құрал-жабдықтарды күту, жөндеуаралық қызмет көрсету, мерзімді жөндеу операциялары кіреді. Құрал-жабдықтарды күту техникалық қолдану ережелерін сақтау, жұмыс орнында еңбек тәртібін қолдау үшін сүрту, майлау, жұмыстарын жүргізу кіреді. Бұл жүмыстардың барлығы дерлік өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады.

Информация о работе Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру