Новатор Кумаш Нургалиев

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2015 в 17:20, реферат

Описание работы

Құмаш Нұрғалиев – КСРО халық мұғалімі, педагогтар әулетінің негізін салушы, Елбасының “«Книги профессиональных династий Республики Казахстан», " атты кітабының бірінші бетіне енгізілген. Өмірге деген құштарлықтың керемет үлгісін көрсеткен аңыз-адам аға ұрпақ өкілдерінің есінде. Рухы мықты, қайратты, зор адамгершілік иесі бар өмірін білім беру саласына арнаған. Құмаш Нұрғалиев 1925 жылы 29 қазанда Марқакөл ауданы Боран аулында туған. Ұлы Отан соғысына аттанған жас өрен 19 жасында бірінші топтағы мүгедек атанды. Латыш жеріндегі Ауце қаласының түбінде әскери бұйрықты өтеу барысында ауыр жараланады.

Файлы: 1 файл

кумаш нургалиев.docx

— 30.44 Кб (Скачать файл)

Құмаш Нұрғалиев – КСРО халық мұғалімі, педагогтар әулетінің негізін салушы, Елбасының “«Книги профессиональных династий Республики Казахстан», " атты кітабының бірінші бетіне енгізілген. Өмірге деген құштарлықтың керемет үлгісін көрсеткен аңыз-адам аға ұрпақ өкілдерінің есінде. Рухы мықты, қайратты, зор адамгершілік иесі бар өмірін білім беру саласына арнаған. Құмаш Нұрғалиев 1925 жылы 29 қазанда Марқакөл ауданы Боран аулында туған. Ұлы Отан соғысына аттанған жас өрен 19 жасында бірінші топтағы мүгедек атанды. Латыш жеріндегі Ауце қаласының түбінде әскери бұйрықты өтеу барысында ауыр жараланады. Санитарлық самолетпен Құмашты Мәскеудегі әскери госпиталға жеткізеді. Дәрігерлер күні-түні өмір үшін күресе отырып, Құмашқа 12 операция жасалады. Өзінің ерік –жігерінің арқасында Құмаш Нұрғалиев өмірге қайта оралады. «Ол өзінің шыдамдылығымен, қайраттылығымен дәрігерлерді таң қалдырды, еш уақытта шағымданбайтын, өзіне басқаның мүсіркеуін қажет етпейтін. Өмір сүруге құштарлығы керемет еді, ауруды жеңе отырып, өз бойынан ерен күш – қуат таба алатын.Протезге, таяққа сүйене жүріп, керемет еңбектің үлгісін көрсетті. Ерік жігері керемет еді» - деп еске алады тұстастары.

Осындай ауыр күндердің өзінде ол білім алып, кәсіп меңгеруді армандады. Соғыстан кейінгі өміріндегі алғашқы қуанышы – аурухана палатасында оған он класты бітіргені туралы аттестат салтанатты түрде тапсырылды. Сұм соғыс Құмаш Нұрғалиевтің екі аяғы мен бір қолын жұлып алса да, өмірге құштарлығын, адамдарға деген сүйіспеншілігін ала алмады. Мықты ерік –жігердің арқасында дене жарақатын ұмытып, алға ұмтылды. Ол бар жоғы –жиырма жаста ғана болатын. Алда - қызықты өмір күтіп тұр еді. Өз халқына қызмет ету мақсатында осы өмірге деген үлкен сеніммен аяқ басты. Ауылға оралысымен педагогтық еңбек жолын орыс тілі пәнінен сабақ беруден бастайды.

Отбасын құру, сүйіспеншілік сезім әр адамның өмірге деген құштарлығын оятса, Құмаш Нұрғалиұлы үшін орны ерекше еді. Ол кісінің өмірдегі тірегі -шын мәніндегі батыр әйел, жары- Қанипа Әйкенқызы болды. Ол екеуі бір күнде, бір өзеннің екі жақ жағасында Қаба өңіріндегі Шағанаты бойында дүниеге келген екен. Қазақ ырымына сенсек, тағдыр екеуін бақытты өмір кешуге жазыпты. Соғыстан кейінгі ауыр жылдары екеуі Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтын бірге бітіреді.

Мектеп - Құмаш өмірінің мәніне айналды. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында Шығыс Қазақстан облысының бір түкпіріндегі Боран ауыл мектебін толық компьютерлендіріп, спутниктік жүйеде “қашықтан оқыту” идеясын жүзеге асырды. Өз мектебін Қазақстандағы ең үздік мектептер қатарына жеткізіп, КСРО- бүкілодақтық ауыл шаруашылығының көрмесінде көрсетіп, қола медаль алу үшін қаншама еңбек сіңірді десеңізші! Осы Боран мектебін Құмаш Нұрғалиұлы 31 жыл бойы басқара отырып, өзін ұстаздар көшбасшы ретінде көрсете білді. Өз мектебін ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықтай отырып, мектеп мәселесін жоғары орындарға жеткізе алды. Мектеп ауылдың әлеуметтік- мәдени орталығына айналды. Мектеп түлектері екі-үш мамандықты игеріп, совхозда жұмыс істеуге қалды. Ол үшін Құмаш Нұрғалиұлы бар жағдайды жасаған болатын: мектепте дәнекерлеу , ағаш өңдеу, автоіс, шеберханалары, тігін, кондитер цехтары, тоғыз өндірістік оқу кабинеті жұмыс істеді. Еңбекке баулумен қатар, алыстағы ауыл балаларының фундаменталды білім алуына көп еңбек сіңірді.Ол үшін мектепте телевизиялық техникалық орталық ұйымдастырылды. Әр класта телевизор орнатылып, мұғалім өз сабағына кез-келген көркем, ғылыми-көпшілік фильмнен үзінді көрсете алатын. Осының бәрі ірі қала мектептерінің тәжірибесін зерттей отырып, жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста, ғылыми-педагогикалық негізде жүзеге асырылды,

Бүгінгі күні Боран ауылындағы Құмаш Нұрғалиұлының атаулы мектебін, ұлы- педагогикалық ғылымдардың кандидаты Талант Құмашұлы басқарады. Әке арманын жүзеге асыра отырып, білім саласында көшбасшы болуда. «Ең үздік мектеп2005» атағын алды.

Мектеп ЮНЕСКО мен республикалық білім саласын ақпараттандырудың “Қазақстан Республикасындағы ауыл мектептерін қашықтан оқыту” бағдарламасы бойынша жаңашыл-ақпараттық технологиялар орталығы болып саналады.

Оқушылар бүгінгі заманның ақпараттық- коммуникациондық технологияларын еркін меңгерген. Олар электронды мектеп газетін, электронды дидактикалық оқулықтар шығарады.

Құмаш Нұрғалиұлының мерейтойына орай, оның жеке өміріне, жаңашыл ұстаз ретіндегі еңбегіне қызығушылық туғызған қоғамдық пікірлердің куәсіндей «Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев. Педагогикалық династия» атты кітап жарық көрді. Кітапта халық мұғалімі туралы замандастарының, қызметтестерінің, шәкірттерінің, қаруластарының естеліктері, ақын –жазушылардың өлең-жырлары жарияланған. Сонымен қатар кітапта жартығасырлық мектеп өмірі, мұғалімдер мен оқушылар жетістіктері, Құмаш Нұрғалиұлының идеясын жалғастырушы ұстаздар династиясы туралы әңгімеленеді.

Бес баласының төртеуі мұғалім мамандығын таңдаған. Үлкен қызы Манира ағылшын тілінің мұғалімі, «Қайнар» университетінің доценті, Шетел тілі факультетінің теориялық пәндер кафедрасының меңгерушісі.

Манира Құмашқызы «Қазақ ССР-і халыққа білім беру ісінің үздігі» құрметті белгісімен марапатталған, республикалық «Мұғалім 1990» конкурсының лауреаты, жоғарғы санатты ұстаз.

Әкесінің кәсіптік білім жетілдіру идеясын кіші ұлы Марат Құмашұлы жалғастыруда. Ол Құмаш Нұрғалиев атында колледж ашты.

Кіші қызы Гүл Құмашқызы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми орталығының директоры ретінде "Оқушы қай жерде болмасын қалада ма, алыстағы ауылда ма сапалы білім алуға тиіс" - деген әке идеясын жүзеге асыруда.

Қ, Нұрғалиұлының жауынгерлік ерлігі мен халыққа сіңірген еңбегі жоғарғы үкімет наградадалары Әскери қызыл Ту, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бес медалмен марапатталған.

Нұрғалиевтардың педагогикалық династиясы бүгінде 36 адамнан тұрады. Олардың барлығы Құмаш Нұрғалиұлынан тәрбие алған, ең тамаша мамандық - мұғалім мамандығы екендігіне көз жеткізгендер. Боран орта мектебіне, Өскемен қаласындағы көпсалалы колледжге  тамаша ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО халық мұғалімі, Құмаш Нұрғалиевтің аты берілген.

 

 


Информация о работе Новатор Кумаш Нургалиев