Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 18:37, творческая работа
Работа содержит презентацию по дисциплине "Экономическая теория"
Қазақстандағы өнеркәсіп
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия
өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен,
өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын
өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына
өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын
кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кен
Өнеркәсіп
Өндіруші өнеркәсіптен
Өңдеуші өнеркәсіптен
1) өндіруші өнеркәсіптен – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті металл кентастарын, металлургия үшін кентасқа жатпайтын құрылыс материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;
2) өңдеуші өнеркәсіптен – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар, химиялық өнімдер, цемент және басқа құрылыс материалдарын, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.
Өнеркәсіп – қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдық өндіріс саласы. Халық шарушылығы мен халықтың жоғары сапалы өнімге деген қажеттілігінің қанағаттандырылу деңгейі, техникамен қайта жарақтандырылуы, халық шаруашылығының барлық салалары өндірісінің қарқынды дамытылуы, мемлекеттің қорғаныс қабілеті өнеркәсіп тің дамуында қол жеткізілген табыстарға байланысты.
Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсіп
Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстанда өнеркәсіп негізінен өте қарапайым еңбек құралдарын пайдаланатын ұсақ кәсіпшіліктер, шеберханалар мен цехтар түрінде дамыды. 1913 жылы небәрі 118 мың т мұнай, 0,1 млн т көмір өндірілді. Кеңестік дәуірде өнеркәсіпті дамыту үдерісі жедел қарқын алды. Алғашқы бесжылдықта (1928 – 1932) өнеркәсіпке 90 млн. сом күрделі қаржы бөлінді. Бұл осының алдындағы тоғыз жылда бөлінген қаржыдан 2,5 есе көп еді. Соның нәтижесінде бесжылдықтың әр жылында өнеркәсіп өнімі орта есеппен 17% өсті. Көмір өндіру, түсті металлургия, металл өңдеу, тамақ өнеркәсіпі салалары шұғыл дамыды. 2-бесжылдықта (1932 – 1937) өнеркәсіп өнімі жыл сайын 19,5%-ға өсті. Мұндай қарқын 3-бесжылдықтың алғашқы үш жылы бойына сақталды. 1933 – 1940 жылдары республикада Шымкент қорғасын зауаты, Балқаш мыс қорыту, Ақтөбе химия комбинаттары сияқты ірі өнеркәсіп орындары қатарға қосылып, Қарағандыда көмір шахталары кешені, мұнай құбырлары, электр стансияларылары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Бұл кезеңде өнеркәсіпті дамытуға 446 млн. сом күрделі қаржы жұмсалды. Бұл 1920 – 1932 жылдары аралығында бөлінген қаржыдан 3,4 есе көп еді. Нәтижесінде халық шаруашылығының негізгі салалары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында елеулі құрылымдық өзгерістер болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімінен асып түсті.
2- ші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан өнеркәсібі
2- ші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан өнеркәсіпті дамытуда маңызды үш міндетті шешті, олар:
КСРО-ның батысынан көшірілген фабрикалар мен зауаттарды қабылдап алып, орналастыру және іске қосу;
өнеркәсіпті одан әрі дамытып, жаңа объектілер салу;
майданның қажетін ескере отырып, кәсіпорын номенклатурасын қайта қарау. Соғыстан кейінгі 4-5 (1946 – 1950) республика өнеркәсіпі бейбіт жағдайға бейімделіп қайта құрылды. Өнеркәсіп өнімін қарқынды дамытудың іргетасы қаланып, оның көлемі 70%-ға өсті. Бесжылдықта (1951 – 1955) өнеркәсіп өнімі 82%-ға артты, халық шаруашылығы үшін зор маңызы бар темір кентасын, болат, көмір, электр энергиясын, машиналар мен механизмдер, өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын өндіру қарқынды жүргізілді.
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы барысында өнеркәсіптің түрлі салаларындағы кәсіпорындардың техникасы мен технологиясы, ұйымдастырылу деңгейі төмен екендігі байқалды. 20 ғасырдың 90-жылдары басталған экономикалық реформа нәтижесінде өнеркәсіп орындары мемлекет иелігінен алынып, жекешелендіріле бастады. 2003 жылғы мәліметке қарағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық меншік нысандары бойынша кәсіпорындардың саны және олардың үлесі айтарлықтай өзгерді. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар саны 1184 (9,3%), жеке меншікте 11217 (88,3%), ал басқа мемлекеттердің (олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының) меншігінде 306 (2,4%) кәсіпорын болды. Бірақ меншік нысандары бойынша өндірілген өнімнің (көрсетілген қызметтің) жалпы көлеміндегі өнеркәсіптік өндірістің құрылымы тиісінше 1,3; 82,1 және 16,5% болды. Жаңа жағдайда өнеркәсіп орындары ірі, орта, шағын кәсіпорын және өнеркәсіптік қызметті жүзеге асыратын бейөнеркәсіптік кәсіпорын түрлеріне жіктелді. Сондай-ақ нарықтық экономиканың дамуы барысында ірі-ірі корпоративтік құрылымдар да қалыптасты.
Қазақстан экономикасы
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.
Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.
Жылы |
Жалпы ішкі өнім |
АҚШ долларының айырбас бағамы |
Инфляция индексі |
Жан басына шаққандағы
ЖІӨ |
1995 |
78,014,200 |
61.11 тенге |
64 |
3.81 |
2000 |
102,599,902 |
142.26 тенге |
100 |
3.53 |
2005 |
147,453,000 |
132.88 тенге |
140 |
9.01 |