Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 11:36, курсовая работа

Описание работы

Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................

I. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны...............................

1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...............................................................

1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы.........................................

1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері..................................

II Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру............................................................................................

2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері...............................................................

2.2 Салық алуды ұйымдастыру.........................................................

2.3 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері..........................

2.4 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары.....................................................

Қорытынды..........................................................................................

Қосымша кесте....................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................



3


4


4-7


7-11


11-13


15


15-21


21-24


24-29


29-34


34-35


36


37

Файлы: 1 файл

курсавои.docx

— 75.76 Кб (Скачать файл)

 
Экономикалық теория 
 
 
Тақырыбы: «Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері» 

 

 
Мазмұны 
 
Кіріспе................................................................................................. 
 
I. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны............................... 
 
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні............................................................... 
 
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы......................................... 
 
1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері.................................. 
 
II Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру............................................................................................ 
 
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері............................................................... 
 
2.2 Салық алуды ұйымдастыру......................................................... 
 
2.3 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері..........................  
 
2.4 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары..................................................... 
 
Қорытынды.......................................................................................... 
 
Қосымша кесте.................................................................................... 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................  

 
 
 

 
 

 
 
4-7 
 
 
7-11 
 
 
11-13 
 
 
15 
 
 
15-21 
 
 
21-24 
 
 
24-29 
 
 
29-34 
 
 
34-35 
 
 
36 
 
 
37 





 

 

 

Кіріспе

 
 

Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.  
 
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.  
 
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі. 
 
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда. 
 
Менің курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беру, оның қалыптасу кезеңдерін, принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы салық жүйесіндегі мәселелерді зерттеу және оның шешілу жолдарын қарастыру.  
 
 
I Нарықтық экономикада салықтың алатын орны 
 
 
1.1 Салық ұғымы, тарихы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні 
 
Ұйымдық–құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. 
 
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді. 
 
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік –экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцйяларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. 
 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. 
 
Салықтарды ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын ) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:

  1.  
    пайда (алынған игіліктер ) қағидаты;
  2.  
    «қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі ) қағидаты.

 
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды. 
 
Салықтың Ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:

  1.  
    салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
  2.  
    салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық қағидаты);
  3.  
    әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
  4.  
    салықты алудың шығындары өте аз юолуы тиіс (үнем қағмдаты).

 
Бұл қағидаттарды пайдалану салық  салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және Адам Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды. 
 
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтың міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төламдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтың міндеттемелері туындауының, орындалуынынң және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. 
 
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануға жатады. 
 
Салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерешеліктерін білдіреді. 
 
^ Фискалдық функция- барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік- мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамассыз етеді. 
 
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесісіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді. 
 
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы - 19,7%, 1998 жылы – 16,6%,1999 жылы-17,4%, 2000 жылы- 22,6%, 2001 жылы-22,2% болды (салыстыру үшін: Украйнада-29%, Ресейде -33 %). (Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев // Қаржы // Алматы, 2003, бет 214). 
 
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.  
 
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың өзін ақтамаған қағидатынан бас тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың уәждемелік механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік жасайды. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі.  
 
 
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы 
 
 
Салық, алым, баж және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес, төлеушілердің бюджетке, немесе, бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отырып, салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесінде пайда болатын қателіктерді жоюға мүмкіндік туғызады, адамдардың осы немесе басқа әрекеттердің дамуын ынталандырады. 
 
Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.  
 
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтың элементтері белгіленеді:

  •  
    салықтың субъектісі, немесе, салық төлеуші – арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы, басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы – салықты ақиқат төлейтін тұлға белгіленеді;
  •  
    салықтың объектісі – салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б. )
  •  
    табыстың көзі – есебінен салық төленетін табыс;
  •  
    салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).

 
Тұрақты, пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік салық ставкалары болады.  
 
Тұрақты ставкалар – табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. 
 
Пропорционалдықтар – салық объектісіне , оның жіктелуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады. 
 
Прогрессивттік ставкалар – табыстың өсіп отыруына байланысты прогрессивтік салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік ставкасы бойынша, салық төлеуші табыстың үлкен абсолюттік көлемін төлеп қоймайды, ол оның үлкен үлесін төлейді.Прогрессивтік салықтардың зардабын үлкен табысы бар адамдар тартады. 
 
Регрессивттік ставкалар – табыстың өсіп отыруына сәйкес регрессивтік салықтың орташа ставкасы төмендейді. Регрессивтік салықтар үлкен табыстары барларға пайдалы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді. 
 
Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты салықтар тікелей және данамаға бөлінеді.  
 
Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:

  •  
    азаматтарға салынатын табыс салығы және корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
  •  
    мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке), әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік салықтар және әлеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар; пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар.

 
Жанама салықтар – бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері:

  •  
    үстеме құнға салынатын салық, акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар);
  •  
    мұрагерлік салық;
  •  
    жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.

 
Дамыған елдердегі салық салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші екі  түрі болады. Мұның негізін табыс салығы – азаматтар және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құнға салынатын салық құрайды.  
 
Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы және заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.  
 
Индивидуалдық табыс салығы – бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын алым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады, бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалады. Салықтың бұл түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады. Әр елдердің салық жүйелерінің ортақ ұқсастықтары болады, бірақ солардың әрқайсысында өздерінің ерекше салық ставкалары мен салық салуға жатпайтын, салық несиелері мен төлем даталары болады. Осымен қатар, салық жүйелерінің көбінде серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне салынады.  
 
Соңғы жылдары табыс салығының ставкасын төмендеу тенденциясы байқалып отыр. Көп экономистердің тұжырымдауы бойынша, «әділетті» салық жүйесі үшін табыс салығының ашық бейнеленген прогрессивтік ставкалары қажет, яғни байлар кедейлермен салыстырғанда үлкен салық төлеу керек.  
 
Заңды тұлғаларға табыс салығы – корпорациялардың пайдасына салынатын салық. Көп елдерде бұл тікелей прогрессивтік салық болып табылады. Осы салық корпорация заңды тұлға болса ғана алынады. 
 
Корпоративтік салық фирмалардың салық төлемдердің басым көбін құрайды. Салық фирманың таза пайдасына (жалпы түскен түсімнен барлық шығындар мен зияндары алып тастағанда қалғандар) салынады. Дивиденд түрінде акйионерлер арасында бөлінуге тиісті таза пайданың бөлігіне салық салу әр елде әр түрде жүреді. Алынған дивидендтер физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы объектісіне жатады. Мұның нәтижесінде бір сомаға екі рет салық салынады – бастапқыда, фирманың пайдасының бөлігі деп осыдан кейін, салық салу жүйесінің көзқарасы бойынша, акционерлердің табысына айналан, бөлінетін пайда деп, оған жеке табыс салығы салынады. 
 
Салықтың дамыған елдердің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі – қосылған құнға салынатын салық. Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына құн қосқан салық төлеушілеріне, олардың қосқан құнына салық салынады. Бірақ салық төлеушілердің әрқайсысы осы соманы түпкі тұтынушыға жылжып отыратын өзінің тауарының бағасына қосады. Қосымша құн салығы тауарлар мен қызметтер сататын фирмаларға сатылатын тауар құнының 5-тен 38% көлеміне салынады және осы салық көп қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынады. 
 
Дамыған елдердің салық жүйесі салықтарды кәсіпкерлікті қолдап ынталандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен белгілі жеңілдіктер қолданылады. Олардың маңыздысына инвестициялық салық несиесі, тездетілген амортизация, жер қойнауының әлсіреуіне жеңілдік беру жатады. Мән жағынан инвестициялық несие жеке бизнесті мемлекеттің капиталдық салыммен қаржыландыруы болып табылады. Мазмұны жағынан инвестициялық салық несиесі салықтың жеңілдікке жатады. Ол ескірген жабдықтарды айырбастау және жаңа техника енгізуді талап етеді.  
 
Жанама салықтың қатарында кеден , баж алымдары жатады.Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі бері өткенде төленетін салықтар. Қазіргі кезенде, әсіресе шет елдер тауарлардан алынатын кеден салығының маңызы зор. Кеден салығының механизмі  
 
1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері 
 
 
Салық салу жүйесінің басты буыны – бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған корпорациядан алынатын салық. Салық акционерлік қоғамның таза пайдасынан алынады, яғни жалпы пайдадан басқаларды шегергеннен кейін мысалы, жедел амортизация, табиғи кендердің азаюы, қайырымдылық қоры төлемдері және т.б. шығындар. Көптеген елдерде корпорация пайдаларына салық салу ставка пропорциялары арқылы жүреді. 
 
Салық салу тарихында жоғары пайдаға салық салу деген де бар. Ол пайданың белгілі мөлшерден артық болуына байланысты салынады. Мұндай шара әдетте төтенше жағдайларда, соғыс, экономикалық күйзеліс кездерінде қолданылады. Табыс салығының қатарына мүлік салығы және капиталды пайдаланумен байланысты атқарылған істер салығы да жатады. Бірінші жағдайда салық мүліктің құнына қарай (жер, құрылыс) әрбір адамнан және заңды тұлғалардан алынады.  
 
Капитал ісінен алынатын салық корпорациялардаың бағалы қағаздарды сату, сатып алуынан түскен табыстардан алынады. Тікелей табыс салықтарымен қатар жанама салықтар да маңызды рөл атқарады.Олар тауарлар немесе қызмет көрсету бағаларына қосылады. Бұл салықты тауарды тұтынушылар төлейді. Қаржы ресурстарын бюджетке шоғырландырудың басты құралы тікелей салықтар, алайда жанама салықтардың да рөлі кеміген жоқ. 
 
Жанама салықтар бүгінде үш түрде көрінеді: акциздер, фискалды, монопольді салықтар және кеден салығы. Бұлардың ішіндегі ең бастысы – акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір елдің ерекшеліктеріне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түріне салынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі – қосымша құнға салық салу кенінен дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгенен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезендегі өндірістік қызметтік нәтижесінде қосылған құнға салынады. 
 
Фискалды, монопольды салық мемлекеттің монопольды өндіретін тауарларына салынатын жанама салық. Нақты елдердің ерекшеліктеріне қарай олардың қатарына темекі бұйымдары, алкогольдік ішімдіктер, сусындар, тұз және т.б. басқа болуы мүмкін. Фискалды, монопольды түсімдері әдетте мемлекеттік бюджетке, біраз бөлігі жергілікті үкметтің бюджетіне түседі. 
 
Жанама салықтың қатарына кеден, баж алымдары жатады. Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі-бері алып өткенде төленетін салықтар. Қазіргі кезеңде, әсіресе шет елдер тауарларынан алынатын кеден салығының маңызы зор. Кеден салығының механизмі арқылы мемлекет белгілі тауарлардың шеттен әкелінуін тежеп, өзінің ішкі рыногын шетелдік бәсекеден қорғайды. Қазіргі мемлекеттердің финанс жүйесінде маңызды рөлді орталық үкіметтің салықтарымен қатар жетгілікті жерлердің салықтары да атқарады. Олардың ішіндегі ең бастылары: меншік салықтары, әр түрлі жанама салықтар. 
 
Жергілікті әкімшіліктің қажеттіліктерін өтеуге өз салықтары жетіспегендіктен көптеген елдерде орталық үкіметтің жергілікті органдарға субвенция (көмек) беруі үшін белгілі сомалар бөлінеді. Жалпы өзінің табиғаты жағынан субвенция дегеніміз орталық үкіметке түсетін салықтың бір бөлігі, ол жергілікті бюджетке бөлініп беріледі. 
 
Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта салықты корпорация қызметтерінің түрлеріне қарай пайдалану жөнінде түрлі жеңілдіктер беріледі. Мұндай шараларға мысалы, өндіруші компанияларды (әсіресе мұнай мен газ өнеркәсібінде олардың табиғи қорларының азаюына байланысты) салық арқылы ынталандыру жүйесі жатады. Бұл ережеге сәйкес өндіруші компаниялар пайдалы қазбалар көзінің азаюына және өндіріс жағдайларының қиындауына байланысты салық төлемейді. Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет өндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға және т.б. айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюннктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бүкіл экономикалық конъюктураны ынталандырудың ірі шараларына мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейген әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А. Лаффердің есебі алынған. Олсалықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. Лаффердің айынша корпорациялар табысына шектен тыс салық ставкасын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.  
 
Мемлекттік бюджет пен салық ставкасының арасындағы тәуелділік графикалық бейнесі – ^ Лаффердің қисық сызығы деп аталады. Суретте ордината сызығында салынған ставкаларын (R), абциссада мемлекеттік бюджетке түсетіндер (Y) бейнеленген. Салық ставкасы өскенде мемлекет табысы салық салудың нәтижесінде ұлғаяды. Салық ставкасының қолайлы мөлшері (R) мемлекеттік бюджетке жергілікті түсімдерді қамтамасыз етеді(Y). Салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетіп, 100 пайыздық салық салу мемлекеттік табысты нөлге теңейді, өйткені ешкім де тегін жұмыс істегісі келмейді. Басқаша айтқанда болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін ұлғайтады. Нәтижесінде салықтық түсімдердің нәтижелілігі өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсеңдейді. Әрине Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл теорияға сын тұрғысынан терең талдау жасамай, мынаны ғана атап өтуге болады. Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады. Жалпы рыноктық экономика жағдайында инвестицияға салық ставкасынан басқа да факторлар ықпал етеді. Бұлардың ішіндегі ең бастылары циклдық ерекшеліктер және компания тауарларына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, олардың пайдаларының өсуі.

 

 

 
 
 
Лаффердің қисық сызығы.  
 
 
II. Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру. 
 
 
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері 
 
 
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетке алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды. 
 
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.  
 
1991жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.  
 
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 14-інде Қазақстан Республикасы Презмдентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.  
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сында №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.  
 
Салықтардың, олардың төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.  
 
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша былайша жіктеледі: 
 
Салық салу объектілері бойынша; 
 
Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;  
 
Пайдалану тәртібі бойынша; 
 
Объектінің экономикалық белгісі бойынша. 
 
Салықты алатыын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады. 
 
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді. ^ Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады және әеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.  
 
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар. 
 
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде. 
 
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығының есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады. 
 
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты жәнежерсалығын төлеушілер салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді. 
 
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер: 
 
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар; 
 
Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар; 
 
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар; 
 
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар; 
 
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар; 
 
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялары табыс етеді. 
 
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға хұқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді. 
 
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді). 
 
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. ^ Патент – арнаулы салық режімін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат.  
 
Салық есебінің екі әдісі қолданылады:

Информация о работе Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері