Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 07:55, лекция
Өлім жазасы – ежелден келе жатқан ең ауыр жаза. Өлім жазасы қоғамдағы ауыр қылмыстармен күресу үшін қолданылған. Көне замандарда негізінен патшаның әмірін орындамаған адамды, иесіне қарсыласқан құлды, ұрлық жасаған адамды, бұйрықты орындамаған жауынгерді өлім жазасына кескен. Шыңғысхан әскерінде бір адам шайқас кезінде шегінсе немесе қашса құрамына сол жауынгер кіретін бір ондық түгел өлтірілген. 13 ғасырда Еуропада басталған инквизиция католик шіркеуінің ілімінен дүниетанымы өзгеше адамдарға өлім жазасын (өртеу) қолданды.
Өлім жазасы – ежелден келе жатқан ең ауыр жаза. Өлім жазасы қоғамдағы ауыр
қылмыстармен күресу үшін қолданылған.
Көне замандарда негізінен патшаның әмірін
орындамаған адамды, иесіне қарсыласқан
құлды, ұрлық жасаған адамды, бұйрықты
орындамаған жауынгерді өлім жазасына
кескен. Шыңғысхан әскерінде бір адам шайқас кезінде
шегінсе немесе қашса құрамына сол жауынгер
кіретін бір ондық түгел өлтірілген. 13
ғасырда Еуропада басталған инквизиция католик
шіркеуінің ілімінен дүниетанымы өзгеше
адамдарға өлім жазасын (өртеу) қолданды.
Ислам елдерінде кісі өлтірушілер, зинақорлар
осы жазаға кесілді. Қазақ қоғамында да
жазаның бұл түрі ауыр қылмыс жасағандарға
қолданылды. Қанға қан қағидасын бірте-бірте
құн төлету жазасы ығыстырғанымен, соғыс
кезіндегі сатқындық, туыс адаммен көңіл
қосу сияқты бірқатар қылмыстар үшін өлім
жазасына кесті (ат құйрығына байлау, таспен
атқылау). 20 ғасырдың 2-жартысында адам
қоғамын ізгілендіру ағымының күш алуы
нәтижесінде өлім жазасын жоюға бағытталған
халықаралық шаралар іске асырыла бастады.
Еуропа Кеңесі Адам құқықтары мен бостандығын
қорғау туралы конвенцияға қосымша 1983 жылғы 28 сәуірде өлім жазасын
жою туралы №6 хаттама қабылдады. БҰҰ Бас Ассамблеясы Азаматтық
және саяси құқықтар туралы халықар. пактіге
қосымша 1989 жылы 15 желтоқсанда өлім жазасын
жою туралы екінші қосымша хаттама қабылдап,
әлем елдерін сол хаттамаға қол қойып,
қосылуға шақырды. Осы шаралардан кейін
әлемнің 80-нен астам мемлекеті өз қылмыстық
заңынан өлім жазасын алып тастады. Қазақстанда
өлім жазасы (ату) тек айрықша ауыр қылмыстар
(лаңкестік, геноцид, айуандықпен кісі
өлтіру, т.б.) үшін тағайындалады. 18-ге толмаған
жасөспірімге, әйел адамға, сот үкімі шыққанға
дейін 65 жасқа толған ер адамға қолданылмайды.
Рақымшылық жасалған жағдайда өлім жазасы
өмір бойына немесе 25 жылға бас бостандығынан
айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Қазақстанда2003 жылдан бастап өлім жазасына мораторий жарияланған
Өлім жазасын жоюдың жолдары сараланды
Әлемнің ең озық өркениетті елдерінің қатарына қадам басқан Қазақстанның алдында қат-қабат мәселелерді әлемдік стандарттарға сәйкестендіру міндеттері тұр. Соның бірі адам құқын қорғау саласындағы ұлттық заңдылықтарымызды одан әрі дамыту болып табылады. Бұл орайда біздің еліміз өлім жазасын жою саясатын біртіндеп жүзеге асырып келеді. Мұндай маңызы зор істі жүзеге асыру саясаты Елбасының «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес бастау алып, бұл бағытта елімізде бұрын-соңды болмаған көптеген ізгілікті іздер тұңғыш рет салынды. Міне, осыған орай кеше елордада бұл мәселені одан әрі пысықтаған «Орталық Азияда өлім жазасын түбегейлі жою» жобасы шеңберінде аймақтық конференция болды.
Оның жұмысына Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан республикалары президенттері әкімшіліктерінің, конституциялық бақылау органдарының, әділет министрліктерінің, прокуратура және сот жүйесі органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен елшілік өкілдері қатысты. Ал жалпы аталған конференция Еуропалық Одақтың қаржыландыруымен «Халықаралық түрме реформасы» Орталық Азиядағы өкілдігінің «Өлім жазасын біртіндеп жою және оның адам құқықтары халықаралық стандарттарына сәйкес баламасы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Бас ұйымдастырушы PRI-дің Орталық Азиядағы өкілдігі. Сондай-ақ, конференция жұмысына еліміз Сыртқы істер министрлігі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының аймақтық бөлімі, Ұлыбританияның Қазақстандағы және Қырғызстандағы елшілігі және Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшілігі атсалысты.
Аталған конференцияда, негізінен, өлім жазасын жою және оның баламасы ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасының қолданылуынан туындап отырған мәселелер талқыға салынды. Бұл орайда сөз алғандар өлім жазасының жойылуы Орталық Азияның бірқатар елдерінде елеулі мәселелер тудырғанын атап өтті. Әрине, өлім жазасының орнына оның баламасы ретінде адамды өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кеңінен қолданыла бастады. Мәселен, қазір Қазақстанда 84 адам, Қырғызстанда 242 және Тәжікстанда 100-ге жуық адам өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген екен. Ал енді осы санаттағы адамдарды қамтамасыз ету мәселесі көптеген қарама-қайшылықтар туғызуда. Демек, мұндай мәселелердің шешімін тез арада табудың жолдарын қарастыру керек. Бұл орайда өзге елдердің тәжірибесі ортақ істі дамыта түсетіні сөзсіз.
Міне, конференцияға қатысушылар осы бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған адамдардың жағдайын, оларды қамаудан босату мүмкіндігінің болмайтындығынан туындайтын қарама-қайшылықтарды және Қазақстан мен Қырғызстанда өлім жазасын түбегейлі жоюға қатысты өзге де мәселелерді кеңінен талқылады.
Қазақстанда өлім жазасын орындауға 2004 жылдан бері жарияланған мораторий одан бас тарту жөніндегі мәселелер толық шешілгенге дейін сақталатын болады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі халықаралық құқық
және мемлекеттің мүліктік құқын қорғау
жөніндегі департамент директоры Эльвира
Әзімова хабарлады.
Мораторий жарияланған кезде 28 қылмыскерге
кесілген өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан
айыру жазасына өзгертілген болатын.
Әділет министрлігіне қарасты Қылмыстық-түзеу
жүйесі комитетінің статистикалық мәліметіне
қарағанда, қазір бізде өмір бойы түрмеде
отыру жазасына кесілген 86 қылмыскер бар
екен. Солардың ішінде мораторийге байланысты
өлім жазасынан құтылып кеткен жаңағы
28 қылмыскер отыр, – дейді Әзімова.
«Орталық Азияда мораторийден өлім жазасынан
толық бас тартуға дейін: өтпелі кезеңнің
қажеттілігі» атты конференцияда осындай
күрделі мәселе ортаға салынды.
Өз кезегінде Сыртқы істер министрлігінің
ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі
Мәдина Жарбосынова өлім жазасынан бас
тартуға бағытталған азаматтық және саяси
құқық туралы халықаралық пактіге қосылу
жөніндегі мәселе бойынша пікірталастар
тағы да өзекті бола түскенін хабарлады.
– Халықаралық гуманитарлық құқық және
адам құқы жөніндегі халықаралық келісімшарт
бойынша ведомоствоаралық комиссияның
таяуда өткен 11 сессиясында екінші факультативті
хаттамаға қол қоюды оның ратификациялануымен
бірге неғұрлым кейінгі мерзімге қалдыру
мүмкіндігі туралы мәселені қайталап
келісіп алу жөнінде мемлекеттік органдарға
ұсыныс қабылданды, – деді ол.
Сонымен, елімізде өлім жазасына жарияланған
мораторийдің орнына бұл жазадан мүлде
бас тарту бағытында тағы бір қадам жасалды.
Там
11
“Өлім жазасы. (Шындық пен ақиқат)”
Бұл мақала 2176 рет оқылды, 1 рет бүгін
(7 дауыс, орташа: 4.29 / 5)
Әлемдегі барлық мемлекеттердің
жартысынан астамы өздерінің заң тәртібі
негізімен кесілетін өлім жазасының күшін
тоқтатты немесе оны тәжірибе жүзінде
қолданып көрмеген.
Санға жүгінер болсақ 80 мемлекет барлық
қылмыстық әрекеттер бойынша кесілетін
өлім жазасының күшін жойса, 15 ел кейбір
(мысалы әскери жаза түрі) жеке-дара жағдайларда
ғана болмаса, басқа кез келген жаза түріне
өлім жазасын кеспейтін болды. Ал 23 мемлекетті шын мәнісінде
аболиционистерге жатқызуға болады. Бұл
мемлекеттерде өлім жазасы қарастырылған,
алайда соңғы он жылдан аса ол жаза әлі
орындалмаған. Ал адам тағдырын «алақанына
ұстап» тұрған тағы 78 мемлекет әр жылда
ауыр жаза жасағандар үшін өлім жазасын
беріп жатқанымен, олардың саны аз.
Жаңа ғасырдың алғашқы бес жылдығында
да «адам өлтіргіш мемлекеттердің» көшін
бастап келе жатқан ел – Қытай. Бұл ел
барлық өлім жазасының жылына 84%-ын еншілеп
отырады екен. Сондай-ақ Иран да Қытаймен
үзеңгілес мемлекеттің бірі болып саналады.
Одан кейінгі кезекті АҚШ және Вьетнам
иемденген. Қытайда, толық емес, әрі шектеліп
көрсетілуі бойынша жылда 800-ге жуық адамның
мойнына қыл арқан салынады.
Өлім жазасы әр мемлекетте әр
түрлі орындалады. ХІХ-ғасырда солт.Америкада
кейде жазықтыны көпшіліктің көзінше
өртейтін болған. Ал Қытайда әсіресе жаңа
жыл алдында көбінде ату жазасы орындалады.
Немес көпшілік алдында дарға асылады.
Ал биыл мамыр айының соңында пара алуға
(немесе беуге) қатысы бар деп айыпталған 3000
чиновниктің арасында мәңгілік бас бостандығынан
айрылғандар мен өлім жазасына кесілгендер
көптеп кездеседі.
Өлім жазасы. Исламда
Исламда белгілі ережелерге
сай заңсыз кісі өлтіргендерге, жары бола
тұрып зинақорлық жасағандарға және діннен
безгендерге өлім жазасы бар.
Құранда: «Әй мүміндер! Сендерге қысас
(есе қайтару) парыз етілді: Азатқа-азат,
құлға-құл, әйелге-әйел (өлтіріледі). Дегенмен
оған туыс жағынан кешірілсе, оның ережеге
үйлесуі екінші жақтың да оған дұрыс төлеуі
қажет. (Егер қысас кешіріліп, күнәға тоқтаса,
алушының орынсыз егеске қысас істемеуі,
берушінің де дұрыс орындауы керек.) Міне
осы Раббылары жағынан жеңілдік және мәрхамет.
Ал кімде-кім бұдан кейін шектен шықса
(кек сақтаса), ол үшін ақиретте күйзелуші
азап бар.» «Бақара сүресі» 178аят.
Ал Алла елшісі (с.ә.у): «Өз дінін айырбастағандарды
өлтіріңдер» деген. Әл-Бұхари 6922.
Сондай-ақ, гомосексуализм сияқты жиіркенішті
әрекеттерге де өлім
жазалары кесілген.
Елімізде өлім жазасына мораторий
жария¬ланған. Асқан қатігездік болып
саналатын¬ бұл жаза өмірлік бас бостандығынан
айы¬румен алмастырылды. Дегенмен осыдан
екі ай бұрын депутаттар жас балалар мен
аяғы ауыр аналарды жазықсыз өлтір¬ген¬дерге
өлім жазасын беру туралы мәселе көтерді.
Халық қалаулылары қатігез қылмысқа қатты
жаза бермейінше ауыр қылмысты азайту
мүмкін емес деп са¬найды. Себебі кейбір
елдерде өлім жазасы әлі күнге күшін жоймаған.
Өлім жазасы қалай пайда болған?
Шынтуайтына келгенде, өлім жазасы¬ның
тарихы тым тереңде. Ықылым заманнан келе
жатқан бұл жаза түрлі жағдайда орындалған.
Кейбір елдерде өлім жазасы тамырға у
жіберу арқылы орындалса, кейбір мемлекеттер
жазаны әлі күнге қылмыскерді электрлі
орындыққа отырғызу арқылы орындайды.
Кеңес үкіметі кезінде Отанын сатқандар
дарға асылған. Ал басқа ауыр қылмысқа
барғандар ату жазасына кесілген. Біз
бүгін жазаның осы түрін кім және қалай
орындайтыны туралы сөз қозғамақпыз.
Біздің білуімізше, Қазақстандағы ату
жазасы негізінен Алматы қаласындағы
1904 жылы салынған тергеу изоляторын¬да
орындалған екен. Түрлі дерек көзде¬рі¬нен
алынған мәліметтерге үңілсек, Қа¬зақстанда
1997 жылы – 45 адам, 1999 жы¬лы – 33, 2000 жылы
– 11 адам ату жазасына кесіліпті. 2002 жылы
бұл «көр¬сеткіш» – 21 адамға көбейсе,
2003 жылы – 15, ал 2004-2006 жылдар аралығында
алты адам өлім жазасына кесіліпті.
Біздің елдегі өлім жазасы туралы нақ¬ты
мәлімет табу аса қиын. Себебі түсі¬нікті:
мұндай мәліметтер мен ақпараттар¬ аса
құпия сақталады. Бұл Кеңес үкіметі кезінен
келе жатқан «қатып қалған» қа¬ғида. Сондықтан
ату жазасына кесілген адамның кім екені,
қылмысы мен жасы, оның қай күні, қалай
атылғаны туралы дерек табу мүмкін емес.
Тіпті жазаны кім орындайтынын да біле
алмаймыз.
Бұл жазаны кім орындайды?
Интернет деректеріне сенсек, өлім жазасын
орындайтын жендеттің рөлін изо¬лятордың
қызметкері атқарады екен. Бірақ ол кез-келген
қызметкер емес, ар¬найы дайындықтан өткен,
моральдық жә¬не психологиялық тұрғыдан
сынақтан өткен адам болуы шарт. Әрине,
адам ату оңай емес. Сондықтан жендет тапанша
ұстағаннан кейін оған белгілі бір нүктені
көздетеді де, көзін байлап тастайды. Сөйтіп
«өлім жазасына кесілген адам әкелінді»
деп бұйрық беретін көрі¬неді. Бұл жендеттің
ауыр міндетке қаншалықты дайын екендігін
анықтау үшін жасалатын тәжірибе. Мұндай
ауыр қыз¬мет үшін өлім жазасын орындайтын
жен¬детке жалақысынан бөлек «моральдық
және психологиялық зиян» төленеді екен.
Дегенмен бұл шығынның нақты со¬масы құпия
болғандықтан оны анықтау мүмкін болмады.
Сол сияқты жендет¬тердің аты-жөні де
белгілі себептерге байланысты жария
етілмейді.
Информация о работе Экономикалық талдау мазмұны, пәні, міндеттері