Экономиялықи теория

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 13:34, реферат

Описание работы

Ғылымды қоғамдық сананың формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы нақты білім беретін мәдениет сферасы ретінде қарастыру -толық емес және аяқталмаған жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының формалары туралы мәселелер толығымен шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің негізгі формасы ғылыми теориялар деп санайды.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................2
Негізгі бөлім............................................................................................5
1. Ғылыми теориялардың классификациясы...................................5
2. Теориялық білімнің әдістемелері........................................................8
3. Теориялық білім беру сабағында электрондық оқулықтарды пайдалану...........................................................................................12
Қорытынды.............................................................................................16
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................

Файлы: 1 файл

Экономика.docx

— 45.51 Кб (Скачать файл)

-шұғыл кері байланысты  қамтамасыз етеді;

-дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

-гипермәтінді түсіндірмелерді  бірнеше рет қарап шығу барысында  уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді.

Оқу үрдісінде дәстүрлі оқытумен қоса дәстүрлі емес құралдармен оқыту да кейінгі кезде кең таралуда. Соның біріне тоқталатын болсақ, бұл- электронды оқулықтың көмегімен оқыту.

Электрондық оқулықтар білім алушының білім сапасын бақылау жүйесін өзгертуге мүмкіндік жасайды. Дәстүрлі оқытуда оқытушы тарапынан әр студентті бақылау өте жиі болмай қалуы да кездеседі, ал электронды оқулықтың көмегімен оқыту үрдісінің әр кезеңін бақылай алады. Тіпті кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керекті тақырыбына немесе қажет ақпаратқа сілтемелер беріп отырады. Бұл студент үшін, біріншіден үлкен көмек, жеңілдіктер туғызса, екіншіден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әділ бағасын беруге, студентке кажетіне қарай кеңес беруге, сол жағдайында барынша мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Мысалға, электронды оқулықтағы бір тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша теориялық материал берілген:

1.Осы материалды студент  оқып, тыңдайды.

2.Теориялық білімді негіздейтін мультимедиалық материалды көреді.

3.Берілген тақырып көлемінде  түрлі жаттығулар мен тапсырмалар  орындайды.

1.Компьютермен сұхбаттасу  арқылы койылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетеді.

2.Тақырыпты түсінгендігін  тексеретін тест-

пен жұмыс жасайды.

Электронды оқулықтар  білім алушылардың

-білім деңгейін тереңдетуге;

-тапсырмаларды өзбетімен  орындай білу дағдыларын қалыптастыру;

-өз бетінше іздену  қабілетін қалыптастыруға;

-ойларын дамытуға;

-студенттердің сөздік  қорының молаюына;

-жаңа бағдарламаларды үйренуге деген ынтасымен қызығушылығын артуына;

-сабақта өзін еркін  ұстап, өз мүмкіншілігін кеңінен  пайдалана алуына;

-өз ісіне талдау жасай  алуға көптен-көп көмегін тигізеді.

Қорыта келе айтарым, оқу үрдісінде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Пайдаланушы электронды оқулықпен сабақ бойы үздіксіз байланыста болғандықтан, тақырыпты меңгеруіне үлкен мүмкіндіктері бар.

 

 

 

Қорытынды

Теория – бұл тәжірибенің, практиканың және бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Осы дұрыс  па? Мысалы, суық бөлменің ішінде пешке  от жаққанда уақыт өте келе пештің суығанын, ал бөлме ішіндегі ауа  қызғанын байқаймыз.

Біз мұны қорытындылай келе:

А) қыздырылған пеш жалыны жеткіліксіз болғандықтан суи бастайды;

В) бөлмедегі ауа мен  пештің температурасы бірдей болған жағдайда суыну тоқталады. Бұл білім  де қорытындылау нәтижесінде алынғанымен, оны теориялық деп айтуға келмейді. Кез келген қорытынды жекелеген  заттармен, жағдайлармен және үрдістермен  бірқатар бақылаулар, эксперименттер мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.

Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық  бола алмайды. Оның себебі ғылыми қорытындылар, бақылаулар мен эксперименттердегі ортақ жалпылықтарды ерекшелеп  қана қоймай, бірқатар ерекше логикалық  тәсілдерді қолдануда да болып шығады.

Бастапқыда көптеген ғылым  заңдары гипотеза формасында көрінеді. Гипотезалар – бұл толығымен  бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өзінің логикалық формасында олар әдетте мына пікірлер кейпінде болады. Егер: А және В арасында R қатынасында болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады және т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: алғашқы және теориялық.

Алғашқылары – жекелеген  заттар, жағдайлар мен үрдістер туралы болжамдар мен жорамалдар. Екінші топтағы гипотезаларға мысалы, Д.И. Менделеевтің химиялық элементтер қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы жорамал  негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжамдалды. Бұл болжамдар дәлелденген соң, гипотезаны ұсыныс ретінде емес, берік  ғылыми дәлелденген заң ретінде  қарастыра бастады. Теориялық білімдер өз құрамына практикадан дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған. Бірақ  теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық гипотезаларда да, әр түрлі  эмпирикалық түйіндерде де кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін және жоғарғы  дәрежеде дәлелденген гипотезалар  құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң және тексерілген бөлігі болып  табылады. Логикалық формасы жағынан  өзара бір-бірінен белгілі бір  логикалық қатынастармен байланысқан  пікірлердің жүйесі болып көрінеді. Мұндай қатынастар қатарына ең алдымен  эквивалентті және туындамалы немесе логикалық жалғастық қатынастары  жатады. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз дәлелденген, объективті шынайылығы болуға тиісті. Олар өздерінің шынайылығы мағынасында эквивалентті. Теорияның  негізгі маңызы – оны құрайтын пікірлердің бастапқы, түпкі ұсыныстардан таза логикалық немесе математикалық  жолмен шығарылатындығы. Мұндай түйін  нәтижесінде алынған пікірлер теория салдары деп аталады. Салдарлар өз мазмұны жағынан қарастырылар теорияның заңдары болуымен қатар белгілі бір жағдайдың ахуалдары мен үрдістерді сипаттайтын эмпирикалық тұжырымда болуы мүмкін. Салдардар туындайтын ұсыныстар әдетте теория постулаттары, принциптері және аксеомалары деп аталады. Танымның ерекше түріне әлеуметтік танымды жатқызамыз. Мұндағы ең маңыздысы зерттейтін объектілерге объективті түрде сипаттама беріліп қана қоймай, адамның құнды мәніне де көңіл бөлінеді. Ғылым адамзат қызметінің басқа да салаларымен тығыз байланысты және қазіргі замандағы жалпы адамзаттың мәселелерді шешудегі жетістіктерді анықтайды.

Ғылымдар, ғылыми танымның қандай артықшылықтары бар екенін айқын  аңғаруға болады. Адамның кез келген әрекеті қандай да бір міндеттерді  және мәселелерді шешуді білдіреді. Қазіргі ғылыми танымның қалыптасуы барысында ғылыми теориялар көмегімен  мұндай шешімдердің іске асуы уақыттың ондаған және жүздеген есе қарастыруға  мүмкіндік туады. Ол үшін тек ғылыми теория ғана құру қажет. Оған белгілі  ережелерге сәйкес салыстырмалы түрде  аз уақыт ішінде көптеген берік салдарларды  алуға болады. Шындығында теориялар  құрудың өзі көптеген орасан зор  күш жігерді талап етеді және қоғам үшін қымбатқа түседі. Яғни, ғалымдарды дайындауға, құрал-жабдықтарға, экспериментке  орасан зор шығын кетеді. Оның есесіне  ең құнды нәрсе уақытты ұтуға  болады.

Бүгінгі күнгі техникалық дамудың өте жедел қарқыны  күннен күнге ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар үдемелі жылдамдықпен өндіріске  еніп жатумен де сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Экономиялықи теория