Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 20:58, реферат
Нарықтық Экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.
Әлеуметтік зерттеуде бұл екі
процес, яғни сұраныс пен ұсыныс
қатар қолданылады, өйткені, зерттеуші
әлеуметтанушының басты назары ең алдымен
мұндағы алуан түрлі
Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономика құбылыстар мен процестерді жеке адамның топты оның ішінде жіктің экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқаты, одан туатын сана, ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды, экономикалық ынта, ықылас, мәдениет, т.б. мәселелерді зерттейді. Міне, осылардың бәрі экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері.
Қазіргі уақытта біздің еліміз нарқытық экономикаға өтуде. Ал, нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын айтамыз. Нарықтық қатынастар- бұл экономикалық қатынастар.Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер (жекешелендіру, акционерлендіру, аренда, фирма, корпорация, аукцион, биржа, т.б.) өмірге келіп, жаңа ұғымдар, түсініктерді туғызды. Бұл құбылыстарды, оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық теория тікелей зерттейді. Ал, әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен, адамның, әлеуметтік топтың, жіктің экономикалық мінез-құлқын қарайды. Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалық қшбылыс, процес болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен, олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.
Сонымен, экономикалық жүйедегі адам, оның нысаны бағыттары, тіртібі – міне экономикалық әлеуметтанудың құбылыстары мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері. Дәлірегі, адамның өмір сүріп, отырған ортасы – қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерітсерге (ой-пікірлері, көзқарастары), нарықтық қатынастарға, ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді. Алғашқы кезде көпшілік халық нарықтық қатынастарға, экономикаға көшкісі келмей оған бөгет жасады. Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стереотипті ойлаудың болып жатқан іс-әрекеті сол уақыттағы кер тартпалылығымен түсіндіруге болады. Тек қана кейінгі 2-3 жыдарда ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын, пайдалы, тиімді екенін түсініп, мойындайды. Сөйтіп қазіргі халықтың басым көпшілігі нарықтық экономикалық қатынастарды жақтап, оның ілгері джамуына күш салуда. Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді. Олар:
1.Қандай да бір экономикалық
процестерді зерттеу
2.Қандайда бір әлеуметтік
3.Экономиканы,
4.Әлеуметтік-экономикалық міндеттері шешуде әлеуметтік, яғни,адам факторына басты назар аударады.
5.Экономикалық және
6.Шаруашылық тетігімен салыстырғанда әлеуметтік тетіктің ықпалы басым түсінетінін әр уақытта ескеруді қажет етеді;
7.Экономикалық және
Экономикада адамның тәртібін басқарып, реттеп отыратын құрал-ол шаруашылық механизмі. Бұл механизм өндірістегі жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау және ынталандыру құрал-әдістерін толық қамтиды. Ол өндірістегі адамдардың жұмысын, тәртібін, басқалай да жағдайларын қадағалап отырады, бұларды бұзса,оларға құқық ережелерін (санкция) қолданады, осылай еңбекке ынталандырудың бүтіндей жүйесін қалыптастырады. Сөйтіп ол өндірістегі еңбек ұжымын, жеке жұмысшы, қызметкердің, маманданған топтардың іс-әрекетін, жұмысын әр уақытта реттеп басқарады және өндірісте қажеттібағытта жүргізуге зорықпалын жасайды. Екінші жағынан,өндірістегі адам факторы өндірістің дамуына, еңбек ұжымының тәртібіне, әсіресе, олардағы әлеуметтк реттеу, басқару құралдарына күшті әсер етеді.
Өндірістегі әлеуметтік реттеу, басқару құралдары депондағы экономикалық тұрақты тәртіп жүйесі мен алуан түрлі әлеуметтік топтардың өзара байланысын, әлеуметтікфакторлардың іс-әрекетін реттеуді айтады. Сөйтіп бұл механизм әлеуметтік-экономикалық объектілердің іштей бірлігін, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуын сәйкестендіріп отырады.
Енбекті, өндіріс ұжымдарын әлеуметтік құралдар арқылы басқару, реттеудің негізіндеқызметкерлердің белгілі бір типі қалыптасады. Қалыптасқан бұл тип, бір жағынан, олардың ең жоғары адамгершілік қасиеттерін танытса, екінші жағынан, олардың кейбір жағымсыз қылықтарын де ашады.
Жоғары адамгершілік қасиеттерге еңбек сүйгіштік, сенімділік, әділеттілік, еңбекке саналықпен қарау, еңбекті сапалы әрі тез істеу, адамның еңбек процесінде өзінше шешім қабылдауы, жауапкершілік, белсенділік, т.с.с. жатады. Ал, керісінше, кейбір еңбеккерлер мен қызметкерлердің өзінің Отан, ел, халық алдында борышына, немқұрайлы, тапсырылған жұмысты, қызметті қалай болса солай істеу, оларға жауапсыз қарау сияқты келеңсіз мінез-құлықтары да орын алып отырды.
Осыларға сәйкес әрбір жұмысшы мен қызметкердің типін анықтау үшін экономикалық әлеуметтану олардың әрқайсысының барлыққасиеттерін терең талдап, содан кейін оның мінез-құлқының, тәртібінің өндірісте қай жағыбасым екенін салыстыру өлшемі арқылы адам типін анықтайды. Осыған орай өндірісте алуан түрлі еңбек ұжымдары, топтары қайта құрылып, қалыптастырылады.
Транзит- жолаушыларды немесе жүктерді жөнелтілген жерден жеткізілетін жерге дейін аралық бекеттерде қайта отврғызбай және қайта тиемей тасымалдау.
Транзит операциялары – жүкті жөнелтушілердің жеткізушілермен жасасылған шарт бойынша шикізатты, материалдарды , отынды және басқа материалдық құндылықтарды жүк алушыға тікелей жөнелтуіне байланысты операциялар.
Транзиттік тауар айналымы-көтерме сауда айналымының бір түрі, мұнда көтерме сауда кәсіпорындары тауарларды өз қоймаларына әкелместен, өндірістік кәсіпорындардан немесе жеткізушілерден тікелей сатып алушыларға жөнелте отырып, сатады.
Нарықты мемлекеттік реттеу- нарықта шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет , құрылымдық инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады.
Нарықтық экономика- нарықпен қатар тауарлар мен қызметтерді өндіру,тұтыну, бөлу, оны бағдарламау және реттеу саласын біріктіретін экономика.[2, 217 б.]
Экономикалық реттеу екі нысанда -өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қаржылылқ реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікте және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында :” Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік,тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда , 2010 жылы екі есе ұлғайтуды жоспарласақ та,бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге сеніміміз мол.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда біз 225 пайыз ұлғайтуға қолжеткіздік, ал былайғы дүниеде ол 1.3 еседен аз болды,” –деген.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік –экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құрды.
Қазір Ұлттық қор 5 миллиард 300 миллион доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын- валюта резервтері, 14 млрд. АҚШ долларынан асып түсті.
Қазақстан тауар айналымының құрылымында 2004 жылы Еуропалық одаққа мүше елдер , Ресей, Швейцария мен Қытай алғашқы орындарға шықты.
Сонымен әлемдік экономиканың бір бөлігіне айналып, жаһандық бәсекелестік арнасына енбей қоймайтынымызға анық көз жетті.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан терең экономикалық қайта ұйымдастырулар экономиканы мемлекеттік реттеудің негізінде жатқан постулаттар мен қалыптасқан стереотиптерге сынмен қарауға мәжбүр етті. Нарықтық қатынастар жағдайында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үрдістердің заңдылықтарын зерттеу экономикалық қызметті басқарудың тиімді әрекет жүйесін құруға жол ашты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізі шаруашылық байланыстары мен өзара әрекеттестіктері мақсатты бағытталған тәртіпке келтірудің процесі ретінде оның маңызын көрсетеді. Өзінің маңыздылығы жағынан мемлекеттік реттеу бұл нарықтық қатынастар жүйелері мен субъектілеріне мемлекеттік мақсатты бағытталған ықпал етуі. Ол нарықтың өзін -өзі реттеу механизмімен бірлесіп, аймақтық экономика дамуының қуатты фыакторы ретінде қатысады.
Мемлекеттік реттеу- бұл экономикада жүргізілетін процестердің мемлекеттің экономикалық саясатына бағыныстылығы.
Нарықты экономикалы елдердің тәжірибесі экономикаға мемлекеттің белсенді араласуының объективті қажеттілігіне куәлік етеді. Ол қоғамдағы мемлекет пен нарық субъектілерінің ортақ және өзара қарама-қайшы мүдделерінен көрініс табатын өндірістік қатынастарға негізделген. Бірақ та, тиімді мемлекеттік реттеу оған сәйкес келетін жағдайлар болған кезде ғана жүзеге асырылады.Бұлардың ең бастылары:
Сонымен, экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп тұрмыз.
Жоспар
Пайдаланылған әдебиет