Тақырып. қазіргі кездегі экономикалық теория: пәні, әдістері, функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 10:48, лекция

Описание работы

Экономикалық ғылым практикамен байланысты. Біздің әрқайсымыз дайындығымызға байланыссыз күнде экономикалық көрініспен кездесеміз. Біз барлығымыз еңбектенеміз - кіріс аламыз, нарыққа бет бұрамыз, бағаны қадағалаймыз, тұтынушымыз. Экономикалық теория экономикалық адамды оның әрекетін және мүдделерін оқытады.

Содержание работы

1.1 Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері және дамуы.
1.2 Экономикалық теория пәні және әдістері. Экономикалық заңдар мен категориялар

Файлы: 1 файл

Лекция 1.doc

— 90.00 Кб (Скачать файл)

Осылайша  бірнеше рет тексерілген және бекітілген экономикалық процестерді  жинақтап қорытуды экономикалық заңдар деп атайды.

Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің арасындағы қажетті, тұрақты байланысты білдіреді және олар (заңдар) объективті түрде болады.

Жекеленген  және жалпылама қорытындыланған  экономикалық фактілерде адамдардың экономикалық қызметі көрінеді және оның негізінде  сол қызметтер процесінде адамдар бір-бірімен байланысқа түсетін қатынастары тұр.

Ендеше, экономикалық заңдар – бұлар экономикалық қатынастардың  көріну формасы. Олар адамдардың қоғамдық қызметінің заңдары болып есептеледі.

Экономикалық  заңдар әлеуметтік, қоғамдық заңдарға жатады, табиғат заңдарынан айырмасы да осында. Екінші айырмасы экономикалық заңдар тарихи шектеулі сипатта болады, ал табиғи заңдар мәңгілік.

Экономикалық  заңдар өз әрекетінің ұзақтығына байланысты ерекше және жалпы боп бөлінеді.

Ерекше экономикалық заңдар әрбір жеке алынған формацияға тән. Мысалы, құл иеленуші немесе феодалдық дәуірдегі материалдық игіліктерді бөлу заңы.

Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларға тән. Мысалы, еңбек өнімділігін өсіру заңы, уақытты үнемдеу заңы, т.б.

Экономикалық теория пәнінің анықтамасында көрсетілгеніндей, екіншіден ол экономикалық заңдарды әр түрлі шаруашылық деңгейінде зерттейді.

Микроэкономикада  анализдің (талдау) негізіне кіші шаруашылық бірлігі – жеке фирма, бірлестік  т.б. алынады.

Мезоэкономика халық шаруашылығының салаларын (агроөнеркәсіптік кешен, әскери-өнеркәсіптік кешен, аймақтық экономика және т.б.) немесе ұлттық экономиканың белгілі жеке жүйелерінің заңдарын және мінез-құлқын зерттейді.

Макроэкономикада  жалпы елдің экономикасы зерттеледі. Оның объектілері ретінде қоғамның табысы мен байлығы, экономикалық өсудің факторлары мен қарқыны т.б. қаралады. Макроталдау халық шаруашылығы мәселелерін шешуге: инфляциямен, жұмыссыздықпен күреске, іскерлік белсенділікті ынталандыруға т.б. бағытталған.

Мегаэкономика жалпы әлем экономикасының мінез-құлқын, заңдарын реттейді.

Экономикалық теория пәнінің анықтамасынан шығатыны, үшіншіден, ол түрлі тарихи дәуірдегі шаруашылық субъектілерінің мінез-құлықтары мен шаруашылықты рационалды жүргізу заңдарын зерттейді. Бірақ әлем тарихын әр түрлі дәуірге жіктеуде экономистер арасында бірыңғай ой жоқ. Мысалы, маркстік теория бес қоғамдық-экономикалық формацияны бөледі (алғашқы қауымдық қоғам, құл иеленуші, феодалдық, капиталистік, коммунистік).

Қазіргі кездегі ғылым әлем тарихын басқаша жіктейді және оны зерттеу үшін басқа жолдарды қолданады (8-тақырыпта айтылады).

Басқа да ғылымдар сияқты, экономикалық теория танымның әр түрлі формалары мен әдістерін  пайдаланады, олар танымның методологиясын құрайды, ал соңғысына шаруашылық өмірді зерттеудің әдістері кіреді. Олар жеке және жалпы ғылымдық болып бөлінеді.

Жалпы ғылымдық әдістер дегеніміз - көне грек философтарымен негізделген, сосын кейінгі ұрпақ, ғалымдармен дамытылған диалектикалық-материалистік принциптер. Бұл әдістерге сүйенсек, барлық экономикалық процестер қарама-қайшылықта және үнемі қозғалыста болады.

Бұл процестерді  зерттеуде тарихи және логикалық (теориялық) жолдардың байланысы пайдаланылады.

Тарихи жолмен құбылыстарды олардың пайда болу, даму, бір-бірін алмастыру кезегі бойынша талдауға болады.

Логикалық (теориялық) жолмен бұл құбылыстарды талдау олардың  тарихи дамуының көрінісі болып табылмайды. Ол зерттелмекші құбылыстың өзара байланысын, мәнін терең ұғыну үшін абстракциялау әдісін қолданады. Яғни қосалқы, жанама қасиеттерге көңіл аудармау. Осының негізінде сол құбылыс туралы ғылыми көзқарас туындайды, басқаша айтқанда, логикалық түсінік немесе экономикалық категория пайда болады. Мысалы, тауар, баға, ақша, бәсеке т.б. Зерттеудің мұндай түрі ғылыми абстракция әдісі деп аталады.

Ғылыми  танымның жеке әдістеріне жататындар: байқау, алынған мәліметті синтез және талдау (анализ) арқылы өңдеу, индукция және дедукция, заңдар жүйесі мен категорияларды жіктеу, оларды тексеру, эксперимент  жүргізу, модельдер жасау, оларды математикалық формалау т.б.

Математикалық модельдер кескіндер (графиктер) мен  математикалық теңдеулер арқылы жүргізіледі. Бірақ бұл әдісті дұрыс өңделген экономикалық көрсеткіштерге пайдаланған жөн.

Экономикалық  теория тарихпен, философиямен, статистикамен, математикамен және т.б. ғылымдармен тығыз байланыста. Экономикалық ғылымдар жүйесінде ол орталық орынды алады.

Экономикалық  теория маңызды үш функцияны атқарады: танымдық, методологиялық (әдістемелік), іс-тәжірибелік (практикалық).

Қоғамдық ғылым  болғандықтан ол үш сұраққа: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? жауап беруі керек.

Нарықтық экономикада  мемлекет тек үшінші міндетті, әлеуметтік бағдарламаны жасап және оны жүзеге асыру мен табысты қайта бөлуге қатысады. Қалған сұрақтың бәрі нарық арқылы шешіледі. Ю.А.Львов айтқандай, бірінші сұрақтың шешуі: фирмалар тек табысты көп әкелетін тауар шығарады. Ол үшін ең аз шығындалатын технологияны пайдалану қажет, бұл - екінші сұраққа жауап, ал халық өз табысымен тауар бағасын салыстыра алады, бұл - үшінші сұрақтың жауабы (Қараңыз: Львов Ю.А. Основы экономики и организации бизнеса. – Спб., 1992).

Қорытындылар:

  1. Экономикалық теориялар шаруашылық практикасы қойған сұрақтарға шешімді іздеу кезінде дамыған. Теорияларды модельдеу барысында зерттеуші позитивтік (негізделген) пен нормативтік (мөлшер) тұжырымдарды қолданады. Позитивтік тұжырымдар не болды, не бар, онда не болмақшыны суреттейді. Нормативті тұжырым ол позитивтіктен шығады, яғни ол - не болу керек туралы ой. Теориялар позитивтік тұжырым түрінде құрылады.
  2. Экономикалық теорияның негізінде экономикалық саясат анықталады. Оның міндеті – экономикалық мәселелерді шешудің варианттары мен механизмдерін табу.
  3. Экономикалық саясатты іске асыру кезінде барлық экономикалық жүйе жетілдіріледі, ал осының өзі экономикалық теорияны жаңа сатыға көтереді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Негізгі әдебиеттер

  1. Әкімбеков С., Баймухаметов А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.Оқу құралы.- Астана 2002.
  2. Шеденов Ө.К., Жүнүсів Б.А., Байжомартов У.С. Жалпы экономикалық теория. – Алматы. 2002.
  3. Экономикалық теория негіздері /Осипова Г.М. – Алматы. Каз.ГЭУ.2002.
  4. Курс экономической теории. Учебное пособие/Под общ. ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой.-Киров: АСА.
  5. Курс экономической теории: Общие основы экономической теории.Микроэкономика.Макроэкономика.Основы национальной экономики: Учебное пособие / Под ред.д.э.н., А.В.Сидоровича; МГУ им. М.В.Ломоносова.- М.: Изд-во «Дело и сервис»,2001.
  6. Макконнел К., Брю С. Экономикс.-М. Республика, 1992г.– Т.1. , Т.2.
  7. Пол Хейне. Экономический образ мышления.- М.: 1992

 

Қосымша әдебиеттер

  1. Андарова Р.К. Проблемы экономического роста в условиях рынка. Алматы, РИО ВАК РК Министерства образования и науки. 2000г.
  2. Атапханов К.А. Фискальная система государства: роль и вопросы  совершенствования. Алматы: Гылым, 1998г.
  3. Большой экономический словарь: 20000 терминов. Под ред. А.Н.Азрилияна.-4-е изд-е. М.: Институт экономики, 1996г.
  4. Борисов Е.Ф. Экономическая теория. Учебник.-М.: Юристь, 2000г.
  5. Валовой Д.В.  Рыночная  экономика.  Возникновение, эволюция и сущность. М. 1997г.
  6. Веттерберг Г. Новое общество. О возможностях общественного сектора.-М.: «Ad Marginem», 1999г.
  7. Долан Э., Линдсей Д. Макроэкономика.-С-Пб, 1994г.
  8. Долан Э. и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика.-Бишкек:  Туран, 1996г.
  9. Долан Э., Линдсей Д. Рынок: микроэкономическая модель.-М. 1993г
  10. Истаева А.А. Экономика и планирование коммерческого предпринимательство. Алматы,2000г.
  11. Учебник по основам экономической теории. В.Д.Камаев, М.В.Семенов, Д.Е.Сорокин, Ф.Ф.Стерликов и др.-Владос: Изд-во МГТУ им.Н.Э.Баумана, 1996г.
  12. Микроэкономика. Учебник/Под ред. Е.Б.Яковлевой.-Москва,  1997г.
  13. Мамыров Н. Макроэкономика. Алматы, 2000г.
  14. Назарбаев Н. Стратегия развития Республики Казахстан на период до 2030 года  (Казахстан-2030). Алматы, 1997г.
  15. Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики.-М., 2001г.
  16. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. –М. 1992г
  17. Смирнов Н.К. Всеобщее и основное противоречие собственности. -Алматы: Гылым, 2001г.
  18. Сорос Д. Кризис мирового капитализма, открытое общество в опасности.-     М., 1999г.
  19. Фикс Д.Ж. Стоимость и капитал М. Прогресс 1993г.
  20. Фишер С., Дорбуш Р., Шмалензи Р. Экономика: пер.с англ.со 2-го изд. –М.; «Дело ЛТД» 1995.
  21. Шишкин А.Ф. Экономическая теория. Учебник для студентов экономических специальностей вузов.-2-е изд-е. –М.Владос, 1996г.
  22. Харрис Л. Денежная теория. –М.: Прогресс, 1990г.
  23. Экономическая теория в вопросах и ответах. Учебное пособие для студентов вузов и преп. экономических дисциплин. Отв. ред. В.М.Белоусов.-Ростов-на-Дону: Феникс, 1998г.
  24. Экономика: Учебник / Под ред. Доц.А.С. Булатова.- М.; Изд-во БЕК 1997.
  25. Эклунд К. Эффективная экономика (шведская модель).-Москва, 1991г.

 


Информация о работе Тақырып. қазіргі кездегі экономикалық теория: пәні, әдістері, функциялары