Жеке меншік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2013 в 16:18, курсовая работа

Описание работы

Меншік экономикалық ресурстарды және тұтынушылық игіліктерді иелену үшін экономикалық агенттердің қатынастары болып табылады. Нақты анықтылық меншік құқықтарын бөлудегі өзгерістерге қарағанда, нарықтық экономиканың қызмет атқаруында түбегейлі мағынаға ие болады. Осы заманғы экономикалық әдебиеттерде меншік құқықтарының айқындылығы мен тұрақтылығы экономикалық өсудің басты факторы ретінде қаралады және тікелей сәтті экономикалық дамуымен байланыстырылады.

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 63.56 Кб (Скачать файл)

Мысалға, Ресей Федерациясының Азаматтық  кодексі 212 бабы 4  тармағында былай  делінген: «Меншік иелерінің құқықтары  тең деңгейде қорғалады». Бұл форма  – азаматтық кодификацияны әзірлеушілердің  ұқыптылық үлгісі. Олар түпнұсқа (авторлық), бірақ сол уақытта мәнін жоғалтпай–ақ Ресей Федерациясының Конституциясынан Азаматтық кодексінің 2 тармағының 8 бабына енгізілді («Ресей Федерациясында жеке, мемлекеттік және өзге де меншік  формаларын теңдей үлеспен мойындайды және қорғайды»). В.В.Чубаров Ресей  Федерациясының Азаматтық кодексінде 212 бабы 4  тармағында өзінің түсіндірмесін  пайымдаудан бастайды : «Барлық меншік иелерінің құқығы тең болып табылады (Конституции 8 баб)». Бұл қалай?! Меншіктің  құқықтық режимінің құрамы тек қорғалу  механизімімен ғана анықтала ма? Әрине, жоқ. «Құқықтық режим – құқықтық қаражат кешенін біріктіретін терең  мағыналы, мазмұнды құқықтық құбылыс. Олардың арасында құрамы мен қорғану  әдісінен, функционалдық институттан, принциптің арнайы әрекеті мен сипатынан  басқа, құбылыстарды ажыратуға көмектесіп, ерекше объектілер мен субъектілердің құрамы, пайда болу және тоқтатылу  өздік негіздері және т.б жатады. Бұл мемлекеттік заңдылықта дамып  жатқан тек қана бөлшектері мен көлеңкелі  тұстары.

Бірақ «заңгерлер құқық құралдарын іздеуге міндетті».

Қазақстан Республикасының Конституциясының  6 бабында былай делінген:

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік тең деп танылады және қорғалады.

2.  Жеке меншіктің қолдану міндеті - бір уақытта қоғам игілігі үшін  қызмет ету болып табылады. Жеке меншіктің оъектілері мен субъектілері, көлемі мен жеке меншік иелерінің өзіндік құқықтарын жүзеге асыру шегі және олардың қорғалуы заңмен анықталады.

3. Жер және оның қазба байлықтары, сулар, өсімдіктер мен жануарлар әлемі және өзге де ресурстар мемлекеттің меншігі болып табылады.Сонымен қатар жер заңмен белгіленген жағдайлар мен шектерде жеке меншікте болуы мүмкін.

 

 

2.2. ҚР-дағы жекешелендіру мен  оның кезеңдері

 

 

Жекшелендіру нарықтық экономиканың құрамдас бөлігі. Оның  мағынасы кең. Жалпы алып қарайтын болсақ, мемлекеттің  экономикаға  араласуын шектеп, өнім өндірушілердің шаруашылық және технологиялық  бастамасына жол ашу, жеке секторларды дамыту саясатын жүргізу. Бір сөзбен айтқанда экономиканы мемлекет иелігінен алу. Бұл жердегі басты міндет меншікті әркімге жеке-жеке таратып беру емес, ол  жаңа нағыз меншік иелерін қалыптастыру, экономиканың нарық арналарына көшуін қамтамасыз ету. Жекешелендіру бағдарламасы сайып келгенде өндіріс көлемінің ұлғаюына, материалдық құндылықтардың молаюына, республиканы мекендейтін барлық халықтардың әл-ауқатының жақсаруына қол жеткізетін болуға тиіс.

Елбасының темірдей ерік жігері мен  табандылығы, оның істің жағдайын  болжап, алдын-ала жұмыс бастау қабілеті ғана. Қазақстанда меншіктің ұлан  ғайыр реформасын қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік берді.                     

Еліміздегі ахуал оңтайлы бола қоймаған 1991 жылы Президент Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев Жоғарғы Кеңеске  “Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы” заңды  енгізіп, оның қабылдануына қол жеткізді.

Жекешелендіру меншікті мемлекет қарамағынан  алудың бағыттарының бірі, оның мәні меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне  беруде. Мемлекеттік және муниципалдық  кәсіпорындарды жекешелендіру:

  • азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарына;
  • кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығаратын бөлімшелерін;
  • кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін;
  • акционерлік қоғамдардың, cеріктестіктердің капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін.

Жекешелендіру процесі ұзаққа созылатын  процесс. Ал, Қазақстан Республикасындағыдай, дәл осындай әсіреқарқынды және жалпылық жекешелендіруді бұрынғы  социалистік мемлекеттің ешбірі жүргізген жоқ. Тіпті дамыған  нарықтық экономикасы бар елдердің өзінде жекешелендіру процесі жылдам іске аспайды. Мәселен, Жапонияда ол 10 жыл, Батыс Еуропа елдерінде 10–15 жыл  бойы жүрді.

Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы  мемлекет қарамағынан алу  және жекешелендіру  процесін екі кезеңге бөліп қарауға  болады; олардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа тұс келеді.

Республикада жасалынған бағдарламаға сәйкес жекешелендіру мемлекеттік  кәсіпорындар мен ұйымдарды жеке немесе аралас мемлекеттік-жеке акционерлік  компаниялар мен серіктестіктерге айналуы арқылы жүзеге асырылады. Жекешелендіруді  Қазақстан Республикасы мемлекеттік  мүлік және министрлікпен, ведосмстволары, жергілікті әкімдік қатысуымен оның аумақтық органдары бойынша Мемлекеттік  комитет жүзеге асырады.

Қазақстанда меншік реформасы екі  кезеңнен өтті. Бірінші кезең  1991 жылдан 1992 жыл аралығын қамтиды және негізінен сауда объектілерін сату  мен қызмет көрсету, сонымен қатар  мемлекеттік меншікті кәсіпорындардың  еңбек ұжымдарына беруге шоғырланды. Осы уақытта олардың 2500–ден аса ірі және 4000–ға жуық кіші кәсіпорындары экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті.

Бұнымен қоса, мемлекет иелігінен  алынудан өткен әр бесінші меншік жеке меншікте болды, соның ішінде көпшілігі  ауыл шаруашылығы, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларын  қамтыды. Реформаның екінші кезеңі 1993 жыл мен 1996 жылдың басында өтті. Республиканың  барлық кәсіпорындары қай салаға қатыстылығы мен қызметкерлер санына байланысты төрт топқа бөлінді, әр топ  үшін жекелендірудің әр түрлі әдістері қарастырылды.

Жекешелендірудің бағыттары:

• Жергілікті аукциондар арқылы кіші кәсіпорындарды сату;

• Орта және ірі кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;

• Жеке жобалар бойынша ең ірі кәсіпорындарды жекешелендіру;

• Ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашлығы өнімдерін қайта өңдеу секторын жекешелендіру.

Кішігірім жекешелендіру

Бұл бағдарлама қызметкерлер саны 200 адамға жуықты қамтитын кәсіпорындарды жекешелендіруді топшыланды. Азаматтар  кәсіпорынның негізгі құралдарын жергілікті пайдаланылмаған тұрғын үй купондары  мен қолма-қол ақшаға аукциондар арқылы сатып ала алады. Бағдарлама басынан көтерме және бөлшек сауда  мен қызмет көрсету кәсіпорындарына  бағытталды. Кішігірім жекешелендіру  шеңберінде 11мың объект сатылды, бұл  кішігірім жекешелендіруге тиісті объектілердің 2/3бөлігін қамтыды  және бір уақытта халықтың қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін маңызды сала –сауда, қоғамдық тамақтандыру мен қызмет көрсетуде  кәсіпорынның 84% жекешендірілді.

Кішігірім жекешелендіру 1997 жылдың ортасында  аяқталды және 14 000 көлемінде кәсіпорындар жекешелендірілді. 

Жаппай жекешелендіру.

Жаппай жекшелендіру бағдарламасы жекшелендірудің екінші кезеңінде  қарастырылды және 1993 жылда жүзеге асырыла бастады. Ол жекешелендіру  купондарының тұрғындар арасында таратылуына  негізделеді. Азаматтар купондарды арнайы инвестициялық қорларға салуға құқығы болды және кейін купондарды мелекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін пайдаланды. Жаппай жекешелендіру бағдарламасы ең алдымен, орта және ірі кәсіпорындарға есептелінді (200 ден 5000 ға дейін қызметкері бар).

Жеке жобалар бойынша жекешелендіру 

5000 жұмыскерлері бар және табиғи  монополиялар немесе өнеркәсіп  өндіру сияқты мемлекеттік маңызы  ерекше ірі кәсіпорындар жеке  жобалар бойынша жекешелендіру  бағдарламасының негізінде жекешелендірілуі  мүмкін.

Жалпы бұл санатқа 170–тей кәсіпорындар кіреді. Мұндай тәсілдеменің мақсаты  әр кәсіпорындағы жағдайды назардан тыс қалдырмау үшін шешім қабылдау болып табылады. Бұл жерде жаппай жекешелендіру бағдарламасына қарағандағы ерекшелік мемлекет пен жеке меншіктің үлесін анықтау үшін ешқандай үлгі жоқ. Сату әдістері компаниядан ерекшеленеді, бірақ басқармада халықаралық тендерлер мен келісімшарттар жасау көзделінеді.  

Ауыл шаруышылығы аумағында  және ауыл шаруышылығы өнімдерін  қайта өңдеу секторындағы жекешелендіру. 4000 көлемінде ауыл шаруышылығы кәсіпорындары  мен ауыл шаруышылығы өнімдерін  қайта өңдеу кәсіпорындары бар. Мемлекетті кәсіпорындар ұжымдастырылады  және жер ұжымның жеке мүшелері арасында бөлінеді.

Ауыл шарушылығы өнімдерін қайта  өңдеу секторындағы және агроқызмет көрсетудегі мемлекеттік кәсіпорындар осы бағдарлама негізінде ұжымға, жеке қызметкерлерге және ауыл шаруашылығы  өндірушілеріне акцияның өтуімен жекешелендіріледі. Мұнымен қоса баға инфляциямен өзгертіліп қолайлы деңгейде орнықтырылады. Бірнеше  ірі қайта өңдеу кәсіпорындарыжеке  жобалар бойынша жекешелендіру  Бағдарламасы негізінде сатылады.

Жаппай жекешелендіру бағдарламасы

Қазақстанның барлық азаматтары (балаларды  қосқанда) купондық кітапшалар алды, және материалдық жағдайдағы айырмашылығына қарай жартылай жәрдемақы төлеу  мақсатымен қала тұрғындарына 100 купоннан, ал ауыл тұрғындарна 120 купоннан есептелінді. 

Купондық кітапшалардың таратылуы  Ұлттық Банк жүйесі арқылы 1993 жылдың соңында  аяқталды. Жалпы көлемінде 15,5 млн. аса  купондық кітапшалар таратылды, яғни барлық халықтың 90% қамтыды.

Инвестициялық купондар иесінің атына  тіркелуге жатты және Чех Республикасында  қолданылған ваучерлік жекешелендіру  сияқты басқа біреуге беруге немесе сатуға болмады.

Купондар жеке жекешелендіру инвестициялық  қорларына (ИЖҚ) салым ретінде салынды  және сол купондар акцияларға айырбасталды. ИЖҚ өз кезегінде купондық аукциондарда мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алды. Тек 170-тей ғана лицензиялық  ИЖҚ аукциондарға қатыса алды.

Жаппай жекешелендіру бағдарламасына енгізілген кәсіпорындар бастапқыда 100% акциялары мемлекетке тиесілі акционерлік  қоғамдар ретінде қайта құрылды. Кейін акцияның 10% компанияның қызметкерлеріне  артықшылығы бар акциялар ретінде  тегін берілді. Осыдан кейін акцияның 51% және одан артық бөлігі купондық аукциондар арқылы ИЖҚ сатуға берілді, мемлектте көп дегенде 39 % қалуы  қажет болды.

1994 жылдың мамыры мен 1996 жылдың  ақпаны аралығында Қазақстанда  22 купондық аукциондарда 1700 кәсіпорындар  сатуға қойылды. Бұл аукциондарда  номиналдық құны 1261.5 млн. теңгені  құрайтын кәсіпорынның жарғылық  қорын ұсынатын акциялар шығарыла  бастады. Тұрғындарға бөлінген  купондардың жалпы саны - 1,5 миллиард  купонды құрады, соның ішінде 1131.5 млн. Купонды халық ИЖҚ өткізді.  Барлық жиналған купондар аукциондар  кезінде өтелді.

Егер жекешелендірудің экономикалық тиімділігі туралы сөз ететін болсақ, онда қазір нақты мыналарды атап айтуға болады: оның сенімділігі мен  қажеттілігі сондайлық, өткенді  көксеушілер кейде ауызға алатын алқылықтардың санын барша жұртшылық  мойындаған табыстар әлдеқашан артығымен  жауып кетті. Өткен он жылдағы жекешелендірудің табыстары ғана 220 миллиард тенге шамасында болды. «Сонымен жекешелендіру де өз межесін жетті. Еліне алып, мемлекетте не қалғаны да жұрттың көз алдында. Ырықтандыру жолында біз үлкен жетістіктерге жеттік» деп ашық айтты Президент Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты жолдауында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Жеке меншіктің экономикадағы  орны мен рөлі

 

 

Меншік құқығы кез келген қоғамның материалдық негізін – меншіктің  экономикалық қатынастарын бекітеді. Сондықтан да меншік және меншік құқығы қатынастары бір бірімен байланыста болатын категориялар. Меншік құқығы – меншіктің экономикалық қатынастарының бекіту формасы, заңды көрінісі болып  табылады. Меншік дегеніміз белгілі  бір тұлғалардың материалдық  игіліктерге өзіндікі ретінде қарауы, сондай-ақ оларға тиісті ретінде қарауы. Затында, бұл игіліктерге басқа  тұлғалар оларға бөтен және тиісті емес ретінде қарау тиіс. Меншік – материалдық игіліктердің бір  тұлғаларға (немесе олардың ұжымдарына) тиістілігін және барлық басқа тұлғалар үшін бөтен осы материалдық игіліктер  бойынша адамдар арасындағы қатынасын  білдіреді.

Азаматтардың меншік құқығы – материалдық  игіліктердің жеке қатынасын бекітетін  заңдық институты. Кез келген азамат меншік иесі ретінде оған қатысты  мүлкін, сонымен қатар тұтынушылық  сипатындағы мүлкін кәсіпкерлік, сондай-ақ заңмен шектелмеген басқа да қызмет үшін пайдалануға құқылы.

Экономикалық мағынада материалдық  игіліктерін жеке иелену – мүліктердің  бөлек адамдардың (азаматтардық) иілігіне өтуі. Бірақ бұған түрлі экономикалық қатынастар нәтижесінде жетеді. Біріншіден, жеке меншікке иелену өндірістік бола алады, яғни меншікті немесе жалға алынған  өндіріс құралдарда өңдірілген өнімін (еңбек нәтижесі) иелену бола алады. Бұл жағдайда жеке еңбекті немесе ұсақ жеке меншік қатынастары қалыптасады. Екіншіден, тікелей өндіріс процесінде қатысуынсыз бөтен еңбек нәтижесінде  өндірілген құралдарды жеке меншікке иелену. Бұл жағдайда ірі жеке меншік пайда болады. Үшіншіден, иелену өндіріс  процесінде емес тарату және қайта  тарату процесінде болуы мүмкін (бағалы қағаздардан алынатын табысы, мүліктік мұрагерлік арқылы өтуі және т.б. сияқты формаларда). Бұл жағдайда жеке меншіктің  экономикалық қатынастары – субъектінің  тікелей өндірістік қатынастарда емес, тарату қатынастарға қатысу нәтижесінен  пайда болады. Экономикалық категория  ретіндегі азаматтардың жеке меншігі  жеке иеленудің осы барлық формаларын қамтиды. Бірақ олардың арасындағы айырмашылықтарын ескеру керек. Азаматтардың өз меншігі ерекше пайда болу көзімен  сипатталады – өндіріс құралдары, сондай-ақ өндіріс нәтижелері бөлек  тұлғаларға емес, толық қоғамға (мемлекетке) немесе бөлек ірі ұжымдарға қатысты  жағдайларда қоғамдық өндірісіндегі  еңбегімен сипатталады.

Басқаша айтқанда, азаматтардың өз меншігі  қоғам меншігіне толық тәуелді, сондықтан да жеке кәсіпкерде еңбек  істейтін жалдама жұмыскерде пайда  болуы мүмкін емес. Сонымен қатар  өз меншігі өндірістік қажеттіліктері үшін емес, өзіне пайдалануға ғана арналған, осыған байланысты оның объектісі  ретінде өндіріс құралдары емес тек қана тұтынушылық объектілері бола алады, осыған орай өз меншігі тұтынушылық сипатын білдіреді.

Информация о работе Жеке меншік