Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 11:54, реферат
Жалпы орта білімдегі «Қоғамдық білім негіздері» пәнінің маңызы қоғамтанушы ғылымдардың қазіргі қоғамдағы рөлімен және олардың мемлекеттің және демократияның даму қарқынына әсерімен анықталады. Қоғамтанушы білімдер жалпы орта білімнің құрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың философиялық- әлеуметтанушы пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, ғылыми дүниетанымның қалыптасуына септігін тигізеді. Қоғамдық сана, қоғамдық байланыстар және қарым-қатынастар саласындағы адамзаттың, қоғамның және өркениеттің даму заңдылықтары туралы ғылыми және тәжірибелік білім, адамзаттың қоғамдық дүниесі (қоғам мен адам қоғамдық қызмет аспектілері).
Индустриялыдан кейінгі қоғамға өту. Қоғамдық даму жолдары мен формаларының көп түрлілігі. Дүниежүзілік қауымдастық: мемлекеттер, діндер, тілдер. Қазіргі өркениеттердің ерекшеліктері. Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) — қазіргі замандық өркениеттің мазмұнын айқындаушы фактор. ҒТП-нің қоғам дамуына әсері. ҒТП және материалдық өндіріс. Қазіргі заманның ғаламдық проблемалары: ұлтаралық және мемлекетаралық қатынастар, соғыс және бейбітшілік мәселелері; "Солтүстік-Оңтүстік" мәселелері, экологиялық апат қаупі және оны сейілту шаралары. Дүниежүзілік қауымдастықтың даму жолдары және болашағы. Қазіргі дүние жүзінің тұтастығы. Ғаламдастыру.
Қазақстан - дүниежүзілік қауымдастықтың құрамдас бөлігі. Жаңарулар өрісіндегі Қазақстан: әлемдік интеграцияға төте араласу, реформаның мазмұны және бағыттары, өтпелі кезеңнің қайшылықтары. Реформалар жағдайындағы адам факторы.
Адам және экономика ( 8сағат)
Адам өмірінің материалдық жағы. Қоғамның материалдық қамтамасыздығы. Экономиканың мәні және оның қоғам өміріндегі рөлі. Экономикалық жүйе. Микро- және макроэкономика. Банктер. Ұлттық және шетел валютасы. Капитал. Қаржы-несие саясаты. Ұлттық жиынтық өнім. Бюджет. Салық саясаты. Бағалы қағаздар. Инвестициялар. Дағдарыс. Инфляция. Экономикалық саясат. Экономикалық өрлеу. Халықаралық еңбек бөлінісі. Сыртқы сауда. Менеджмент негіздері. Маркетинг негіздері.
Қоғам өмірінің әлеуметтік аясы ( 3сағат)
Әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік орта. Әлеуметтік институттар. Әлеуметтік айырма. Әлеуметтік мүдде. Әлеуметтік белсенділік. Әлеуметтік еркіндік. Әлеуметтік саясат. Орта тапты қоғам құру жолдары: шағын және орта бизнесті дамыту. Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету. Өмірлік деңгей. Тіршілік минимумы. Әлеуметтік орнықтылық. Әлеуметтік жауапкершілік. Өмір салты. Маргиналдық мәселелері. Мемлекеттік және ұлттық сәйкестілік. Қала мен ауыл. Кенттену мәселелері. Демография: санаттары. Демографиялық саясат және оның мәні.
Қоғам өмірінің саяси аясы (12сағат)
Саясат және билік. Саяси реформалардың мәні мен мақсаты. Азаматтық қоғам. Саяси қақтығыс. Оппозицияға қатынас. Саяси жетекші және бұқара. Саяси мәдениет. Бұқараның саяси санасы. Саяси еркіндіктер мен құқықтар. Саяси діл. Идеология. Плюрализм. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси сананы өсіруде атқаратын рөлі. Саяси консенсус. Халықаралық қатынастар. Халықаралық саяси және әскери ұйымдар.
"Қоғам өмірінің мәдени-рухани аясы (9сағат)
Қазіргі Қазақстанның мәдениеті: ғылым, білім, көркем өнер. Мәдениеттің алдында тұрған проблемалар. Қазіргі замандық қоғам мәдениетінің даму динамикасы. Мәдени байланыстар: Шығыс және Батыс. Қазақтың ұлттық мәдениеті: ерекшелігі, дәстүр жалғастығы, эстетикалық сана мәселелері. Қазақстан халықтарының мәдениеті: мәдени қоғамдар. Дін мәдениеттің бір формасы ретінде. Дін және саясат. Дін және жастар. Мораль: негізгі ұстанымдары, практикалық бағдары, реттеуші мүмкіндігі. Моральдық қатынастар. Қоғамның моралі. Ұлттық мораль. Тұлғааралық қатынастар. Қақтығыстар және олардың шешілуі. Адам және ұжым. Іскерлік этикет.
ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
10-сынып
11-сынып
ІҮ. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасында орта мектепте берiлетiн бiлiмнiң мазмұны қоғамның үнемi динамикалы алға жылжуын және тұлғаның компетенттiлігiн – саяси сауаттылығын, демократиялық мәдениетi жоғары болуын, құқықтық белсендiлiгiн, азаматтық қоғам жағдайында өмiр сүре бiлуiн, дүниеге ғылыми көзқараспен қарай алуын қамтамасыз ететiн деңгейде болуы керек. Біздің мемлекетте және дүние жүзінде болып жатқан қазіргі заманғы әлеуметтік – экономикалық және саяси процестер өсіп келе жатқан ұрпақтан қоғамдық құнды ой – пікірлерді меңгеру қажеттілігін талап етеді.
Жаһандану және плюрализмді қалыптастыру жағдайында жеткіншек ұрпақты қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеп, оларда азаматтық ұстамдық қалыптастыру ерекше маңызды. Бұл – тарихи, отандық саяси -әлеуметтік ой –пікір жетістіктеріне қол жеткізуді қажет етеді.
Әр тарихи кезеңдегi бiлiмнiң мазмұны мен мәнi сол кездегi заманауи талаптардан туындайтындықтан бiлiм беру жүйесiнiң сипаты да оны реттеушi ресми құжаттар негiзiнде өзгертiлiп, жаңартылып, толықтырылып отырады. Қоғамдық білім негіздері пәнін оқытудың құқықтық-нормативтiк базасын пәннiң жалпыға мiндеттi мемлекеттiк бiлiм стандарты, базистiк оқу жоспары, тiлдi оқыту тұжырымдамасы және мемлекеттiк оқу бағдарламалары құрайтыны баршамызға белгiлi.
Жалпы орта білім стандартында "Қоғамдық білім негіздері" пәнінің маңызы қоғамтанушы ғылымдардың қазіргі қоғамдағы рөлімен және олардың мемлекеттің және демократияның даму қарқынына әсерімен анықталады. Қоғамтанушы білімдер жалпы орта білімнің құрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың философиялық-әлеуметтанушы пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, ғылыми дүниетанымның қалыптасуына септігін тигізеді.
Кез-келген деңгейдегі және күрделікті әлеуметтік жүйеде адам басты компонент ретінде көрініс береді. Әлеуметтік жүйе құрылымындағы орталық элемент болуына байланысты және тұлғалар мен адамдар ұжымдарының қызметінің мәні солардан көрініс беретініне орай, адам онда негізгі функция атқарады. Адам қоғамдық жүйе мен табиғат арасындағы өзара байланысты жүзеге асырады. Ол басқарудың да басты объектісі және субъектісі болып табылады. Адам - әлеуметтік ақпаратты тасушы, жаңартушы және пайдаланушы. Өмір аясының қайсысыңда қарастырылса да, адам негізгі зерттеу объектісі болып қала береді. Адамның әлеуметтік-психологиялық нышандары, оның биологиялық сапалықтарымен бірге, тұтас жүйе ретіндегі тұлғаның компоненттерін құрайды.
Философия, экономика, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, демография, кибернетика, логика, т.б. қоғамтанушы ғылымдардың зерттеу объектісінің елеулі кеңеюіне байланысты айқындалады.
Қазақстан Республикасындағы білім дамуының қазіргі кезеңі жүйедегі құрылымдық өзгерістермен, оның барлық салаларыңда реформалаудың ауқымды жүріп жатуымен және дүниежүзілік прогреспен қауышу, сонымен қоса, өз халқының рухани мүрасынан сусындау арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білімнің жаңа мазмұнының айқындалуымен сипатталады. Қоғамның саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік дамуының өтпелі жағдайында білім аясындағы әр жаңа қадам және жаңаны іздеуге ұмтылыстың терең философиялық-дүниетанымдық маңызы бар. өйткені, болашақ білім жүйесінің бүгінгі күйінен басталады. Қазіргі кезде білім жүйесінде мазмұңдық тұрғыдан алғанда білімді ізгілендіру мен демократияландыру бағытында үлкен өзгерістер жасалып жатыр.
Қоғамды демократияландыру, әлеуметтік, азаматтық және кұқықты мемлекет орнатуға бағыт алу жалпы білім беретін мектептерде "Қоғамдық білім негіздерін" оқытуды ең өзекті пәндердің бірі ретіңде алдыңғы лекке шығарып отыр.
Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өзгерістерге, ғылыми-педагогикалық дерек көздерге және фактілерге сүйене отырып, интеграцияланған пән бағдарламасы дайындалды. Отандық дәстүрлі білім беруге, халықаралық педагогикалық тәжірибеге, психологиялық-педагогикалық жаңа ойларға сүйене отырып жалпы адами құндылықтар басымдылығын, адамның өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуын, адами құндылықтарды, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр.
«Қоғамдық білім негіздері» оқу пәнінің мазмұнын және құрылымын таңдауда білім берудің негізгі деңгейі кіріктірілген және сабақтасқан принциптері негізінде құрылған.
Оқу пәнінің мазмұны оқытудың негізі мақсатты принциптеріне сәйкес құрылған,
«Қоғамдық білім негіздері» пәнінің ерекшелігі оның оқушылардың алған білімдерін жинақтаушы, қорытушы қызметіне сай, өзге пәндерде өтілетін материалдармен тығыз байланысты болып отырғандығында.
Біз қамтып отырған материал қоғам және гуманитарлық циклде енетін пәндермен ғана емес, жаратылыстану және дәл ғылымдармен, еңбек және өнер тобына енетін пәндермен тығыз байланыста болуы керек.
Пәнаралық байланыс білімнің толықтығын, тереңдігін қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. Дидактикалық талаптардың негізгілерінің бірі болып табылатын білімнің тұтастығы да осы пәнаралық байланыста жүзеге асырылады.Қосымша әдебиет, электрондық оқулықтар және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау білігі мен дағдыларын қалыптастыру
10 –11 сыныптарға арналған “Қоғамдық
бiлiм негiздерi” пәнi бойынша
оқу бағдарламасы нормативтiк
құжат ретiнде оқушыларды адам
және қоғам табиғаты туралы
негiзгi ғылыми бiлiмдермен