Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2015 в 18:51, реферат
Бронх демікпесі. Қазір бұл сырқат жақсы емделеді.Демікпе белгілері: тұншығу, химиялық құралдарға қарсы әсерлік. Тұрмыстық құралдар демікпені қоздыра түседі. Бронх пен кеңірдек тарылады. Сілекей тым көп бөлінетіндіктен дем алу қиындайды.Демікпенің басты белгілері:дем алудың қиындауы және жөтел. Тыныстың тарылуы үнемі болып тұрмайды, тек дене қимылы кезінде ғана. Бронхтардың тарылуы ауа кернеуге (эмфиземаға) апарып соғады.
Бронх демікпесі. Қазір бұл сырқат жақсы
емделеді.Демікпе белгілері: тұншығу, химиялық құралдарға қарсы әсерлік.
Тұрмыстық құралдар демікпені қоздыра
түседі. Бронх пен кеңірдек тарылады. Сілекей
тым көп бөлінетіндіктен дем алу қиындайды.Демікпенің
басты белгілері:дем алудың қиындауы және жөтел.
Тыныстың тарылуы үнемі болып тұрмайды,
тек дене қимылы кезінде ғана. Бронхтардың
тарылуы ауа кернеуге (эмфиземаға) апарып
соғады. Бұл – бронхтардың ісінуі.Ағзадағы
газ алмасу бұзылады. Бронхтардың серпімділігі
өзгереді, қосалқы инфекциялар түріндегі
асқынулар пайда болады.Бұл
сырқатты қалай емдеу керек? Әуелі оның себебін анықтап алу керек.
Деммен қабылдайтын гормоналдық дәрі-дәрмектер
қабылдау. Небулайзер қажетті заттарды
бүркеді, олар бронхтарға өтеді. Қабынуды
кетіретін дәрілер қабылдау керек. Қазіргі
кезде демікпе өте жақсы емделеді.Небула́йзер (лат. nebula — тұман, бұлт) – дәрілік заттарды
өте аз мөлшерде бүрке отырып, деммен қабылдата
емдеуге арналған құрылғы. Бронх демікпесін
және басқа да тыныс жолдары сырқаттарын
емдеу кезінде қолданылады.Небулайзерлердің
ЕПМ-лерінде жұмыс істеуге арналған орнатылмалы
және бронх демікпесі ұстамасын кетіру
үшін демікпесі бар адамдардың өздері
алып жүруге арналған шағын түрі болады.Бүрку
тәсіліне қарай компрессионды және ультрадыбысты
небулайзерлер болып бөлінеді.
Өткен жылдары елiмiзде демiкпемен ауыратындардың саны 4,5 миллион адамға жеткен. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерiне сүйенсек, соңғы сегiз жылда әлемде 150 миллионнан астам адам демiкпеге тап болыпты. Олардың 30 пайызы дәрi-дәрмектiң жетiспеуiнен ауруын асқындырса, экологияның бұзылуы да көп әсер ететіндігі анықталып отыр. Соның салдарынан демікпеге шалдыққандар арасында ерте көз жұматындар да баршылық.Демiкпе гректің «asthma» сөзінен аударғанда «тұншығу» деген мағынаны бiлдiредi. Науқас адам көп жағдайда жүректiң қысылуынан болатын тұншығудан зардап шегеді. Демiкпе ауыр жұмыс iстеп, жүгiргенде, қорыққанда, қуанғанда қалыпты физиологиялық процесс ретiнде байқалады да, көп кешiкпей басылып, тыныс алу қызметi алғашқы қалпына келедi. Демiкпе ауруының себептерi мен патогенезiне қарай өкпе демiкпесi және жүрек демiкпесi болып бөлінеді. Өкпе демiкпесінiң созылмалы түрi бронхит, бронхоэнтаза, өкпенiң қабынуынан немесе ағзаға суық тигеннен болатын ауру салдарынан (гайморит, фронтит) жиi кездеседi. Демiкпе қыс пен көктемде, желдi күнi, ауа райы күрт өзгергенде асқынады. Ауру адамға, көбiнесе, түнге қарай ауа жетiспейдi, демi қысылып, қақырығы түспейдi, кеудесi сырылдап, тыныс алу жолдары мен тамағы iсiнiп, тарылады.Үй iшiндегi темекі түтінінің 90 пайызы балалар демікпесіне ықпал етеді.Демiкпенi емдеу үшiн алдымен оның себебiн анықтап, ауру түрiне байланысты дәрiгердiң кеңесiмен ғана ем қолданған дұрыс. Демiкпе шұғыл медициналық жәрдем талап етiлетiн ауруға да жатады. Бронх демiкпесiн емдеудегi негiзгi жол — базистi терапия. Бұл — қабынуға қарсы ем. Оны арнайы дәрi-дәрмек қабылдау, ингаляция, иммунотерапия жасау арқылы емдейді.