Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2015 в 10:45, статья
Кондитер өнімдері – әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге болады. Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады. Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печенье, пряник, торт, кекс, орама (рулет), вафли, т.б. енеді. Кондитер өнімдері – жоғары калориялы тағам. Мысалы, 100 г. печеньеде 440 ккал, халуада 570 ккал, шоколад кәмпитте 550 ккал болады. Кондитер өнімдерінің құрамында қант көп (70%-ға дейін) болатындықтан ол ұзақ уақыт сапасын жоғалтпайды. Қағазға оралып та, оралмай да шығарылады. Кейбіреуі пластмасса не металл қораптарға салынады. Қазақстанда кондитер өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорындар: “Рахат” ААҚ (Алматы қ.), “Қарағанды кәмпиттері” ААҚ (Қарағанды қ.), “Баян сұлу” ААҚ (Қостанай қ.). Сондай-ақ барлық ірі елді мекендердегі кондитер цехтарында, шағын кондитер кәсіпорындарында дайындалады
Кондитер өнімдері – әдетте, құрамында қанты көп тағамдық өнімдер. Кондитер өнімдерінің жүздеген түрлері бар. Технологиясына және оған жұмсалатын шикізат түріне қарай негізгі екі топқа (қантты және ұнды) бөлуге болады. Қантты түріне карамель, кәмпит, шоколад, жеміс-жидекті кондитер өнімдері жатады. Ұннан жасалатын кондитер өнімдеріне печенье, пряник, торт, кекс, орама (рулет), вафли, т.б. енеді. Кондитер өнімдері – жоғары калориялы тағам. Мысалы, 100 г. печеньеде 440 ккал, халуада 570 ккал, шоколад кәмпитте 550 ккал болады. Кондитер өнімдерінің құрамында қант көп (70%-ға дейін) болатындықтан ол ұзақ уақыт сапасын жоғалтпайды. Қағазға оралып та, оралмай да шығарылады. Кейбіреуі пластмасса не металл қораптарға салынады. Қазақстанда кондитер өнімдерін шығаратын ең ірі кәсіпорындар: “Рахат” ААҚ (Алматы қ.), “Қарағанды кәмпиттері” ААҚ (Қарағанды қ.), “Баян сұлу” ААҚ (Қостанай қ.). Сондай-ақ барлық ірі елді мекендердегі кондитер цехтарында, шағын кондитер кәсіпорындарында дайындалады
Барлық кондитер өнімдері қантты немесе ұнды болып бөлінеді.
Қантты өнімдерге — карамель, кәмпит, шоколад, мармелад, паста, зефир, алуа, ирис, драже, шығыс тәттілері;
Ұнды өнімдерге — печенье, пряник, торт, пирожный, кекс, орама, вафли жатады
«Рахат» акционерлік қоғамы - 70 жылдық дара тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі.
Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы арақ - ликер зауыты алаңында соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген жабдықтармен шығарылды.
«Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған.
Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.
«Рахат» АҚ - сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетін адамдарға арнап арнай өнім шығаруды игерген Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға қуаттылығы төмен әрі қантты тең дәрежеде табиғи шикізатпен ауыстыру арқылы шығарылған шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атауы кіреді
«Рахат» АҚ-ның қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілерден өзгешелігі – алуан түрлілігімен айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдылық танытуы.
Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында ҚР ИСО 9001 - 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және іске қосылған.
Біздің өніміміз отандық нарықта ғана емес, таяу және алыс шет елдер нарығында да танымал. «Рахат» АҚ өз өнімдерінің ішкі нарықта ең жоғары деңгейдегі қол жетімділік саясатын жүзеге асыруда. «Рахат» АҚ сатылым географиясы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды, себебі компания 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін жолға қойған. Алматы қаласы бойынша өнім тарату ірі көтерме саудамен сатып алушылар, сондай-ақ фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы іске асырылады. Республиканың басқа өңірлерінде «Рахат» АҚ өнімдерінің қол жетімділігі фирмалық сапалы өнім сатумен айналысатын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорын) құрумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде «РАХАТ» АҚ өнімі қазақстан нарығында ғана емес, республикадан шеткері аймақтарда – Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан аумағына да тараған. ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өнімдеріне деген қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.
Компания тек тұтынушылар мүддесін ғана емес, өз жұмыскерлері туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін толыққанды және өнімді еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалуда. Бірінші және екінші ауысым жұмыскерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған асхана, жоғары санатты дәрігерлер қызмет көрсететін медсанбөлім жұмыс істейді, тренажер залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі саладағы мамандардың біліктілігін көтеру бойынша сабақтар үнемі өткізіліп тұратын оқу кластары бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған.
«Баян Сұлу» АҚ Қостанай кондитерлік фабрикасы
«Баян Сұлу» АҚ кондитерлік өнімдерді жасап шығаратын Қазақстан Республикасының ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. Фабриканың негізі 1974 жылдың желтоқсанында қаланған. Отыз жылдан асты өз тұтынушыларын ең тәтті және сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорын қарқынды түрде дамып келе жатқан үрдістермен бірге нық қадам басып келеді. Қазақстанның кондитерлік өнімдері нарығында көш бастап клее жатқан компанияның бүгінде бағындыра алмайтын белесі мен алмайтын асуы жоқ. Фабрика өндіру технологиясын жетілдірумен қатар қуаттылығын одан әрі арттырып келеді. «Баян Сұлу» АҚ-тың ұйымшыл ұйымы әрқашан заман талабына сай бәсекелестерден бір қадам алға жылжуға ұмытылып келеді. Өнім
Үнемі жаңарып, дамып отыратын «Баян Сұлу» АҚ-тың жоғары сапалы өнімдер қатары кез келген талғамға сай әр түрлі кондитерлік өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Біз сіздердің талғамдарыңызға сай заманауи нарықтың жоғары талабына жауап беретін көптеген таңғажайып тәттілерді ұсынамыз. Кәсіпорында 200-ден астам өнімдер жасап шығарылады.
Сапа
Өндірістің барлық сатыларында қатаң бақылау өнімнің жоғары сапасы мен оның сақталу мерзімін мейлінше арттыруға мүмкіндік бермек.
Іскерлік бедел
Кәсіпорынның жоғары іскерлік беделі Ресей, Украина, Белорусь, Германия, Польша, Нидерланды, Дания, Финляндия, Латвия, Литва, Израиль, Голландия және басқа да мемлекеттердің тауар жеткізушілерімен және ірі тауар өндірушілерімен тығыз әріптестік байланыс орнатудың кепілі болып табылады. Мінсіз кредиттік тарихы Акционерлік Қоғамның жауапкершілігі мен парасаттылығының жоғары дәрежеде екендігін көрсетеді. Компания Қазақстан кондитерлері қауымдастығының мүшесі болып табылады. «Баян Сұлу» АҚ-тың акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың акциялардың екінші санатындағы секторының ресми тізіміне енгізілген.
Демеушілік
«Баян Сұлу» АҚ Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегері «ТОБОЛ» баскетбол клубының (Қостанай қ.) құрылтайшысы болып табылады. Сондай-ақ, компания үнемі жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсетіп, «Жанұя»отбасы үлгісіндегі балалар ауылына қамқорлық етіп келеді. Және мүгедектер мен аз қамсыздандырылған азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға қол ұшын беріп келеді.
Әлеуметтік саясат
Біз өз қызметкерлеріміздің жағдайын жасауға тырысып келеміз. Кәсіпорында жемісті еңбек пен тиімді жұмыстар жасау үшін барлық жағдай жасалынған.
Біз ұжымның ұсыныс-тілегін ескере отырып, олардың барынша дамып, өздерін жетілдіруде кәсіби деңгейде өсулеріне әрдайым қолдауға дайынбыз.
Бәсекелестерге
Нағыз бәскелестік біздің ойымызша, нарықты дамыту, өндіретін өнімді жетілдіру мен өндіру процесін жақсартуға әсер ететін маңызды факторлардың бірі деп есептейміз. Бәскелестіктің арқасында тың идеялар пайда болып, ұзақ мерзімді жоспарлар дүниеге келетіні мәлім.
«Қарағанды Конфеттері» АҚ – даңқы тек Қазақстанға ғана емес, басқа да елдерге кеңінен танымал.
Фабриканың тарихи 1956 жылдың қараша айынан басталады, бірақ-та 1941 жылы Қарағандыға кондитерлік өнімдерді шығаруға Астраханнан арналған эшелон қондырғылармен келген кезінен басталатын да тирихи бар.
Қарағанды конфеттері әрқашан да өзінің сапасымен әйгілі. Өкінішке орай СССР-дың ыдырауымен, Ресеймен және тағы басқа елдермен экономикалық байланыстың үзілунен, оның жұмысы да ақсады.
Мемлекеттен 85% фабриканың акциясын сатып алған ағылшын компаниясы «Ю-Ай-Джи» 1996 жылдың мамыр айынан фабриканы басқара бастағында фабрика жаңаша дамуға мүмкіндік алды.
«Қарағанды Конфеттері» АҚ – Қазақстанда бүгінгі күнде тағам өнімдері өндірісінде алдағы кәсіпорындардың бірі. Фабрика кондитерлік өнімдердің 247 түрін шығарады. Фабрикада бір жылда – 12 000 тонна өнім шығарылады.
1996 жылдан бастап жаңа цехтар салынды. Жаңа техналогиямен шоколадты конфеттер өндiретiн жаңа шоколадты-бисквит цехы жұмыс iстейдi, бұнда «Лиса Алиса(Түлкі Алиса)», «Артемон», «Буратино», вафли, торттардың 10-нан астам түрлерi өндiрiледi.
«Пикник» үлпiлдек тәттiлерiн және «Хруст» чипсын үлкен ассортиментте шығаратын экструдер цехы ашылған. Қазiргi кезде цехта ертеңгiлiк құрғақ ас шығаратын қондырғылар iске қосылды, әр түрлi пiшiндегi, дәмдi және хош иiспен ерекшеленген дақыл өнiмдерiнiң түрлерiн кенейтуге жол бередi. Қазақстан бойынша бiр ғана көп қатпарлы батон шығаратын цех жұмыс iстейдi. «Пинг-Понг», «Гном», «Вампир», «Зиг-Заг», «Чемпион Йогурт(Йогурт Женімпаз)», «Чемпион Клубника(Құлпынай Женімпаз)», «Фламинго» конфеттерiн шығарады.
Фабриканың 45 жылдық мерейтойына (2001) байланысты пралине сияқты конфет шығаратын жаңа жүйе iске қосылды. Ендi онда «Мальвина», «Матрешка», «Винни-Пух», «Чунга-Чанга» сияқты жаңа конфеттерден басқа және бәрiне бұрыннан таныс «Белочка(Ақ тиын)», «Маска», «Каракум», «Красный мак(Қызыл көкнәр)», «Ну-ка, отними(Кәне тартып ал)» сияқты сүйiктi конфеттерi шығарылады.
2003 жылдан бастап шокаладтар өндiретiн көлемдi жүйе жұмысын бастады. Фабриканың технологтарымен «Сердечко(Жүрек)», «Бутылочка(Бөтелке)» және «Курочка Ряба» конфеттерiнiң құрамы оңделдi.
Мармеладты-шоколадты және бисквиттi-шоколадты цехтарын кенейту жоспарлануда. Мармеладты-шоколадты цехтың өндiрiс көлемiн екi есеге ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн глазурьлi және помадты конфеттер өндiру бойынша жаңа жүйе ашылды. Зефир, шоколадты зефир дайындау бойынша жүйенi iске қосатын жаңа иристi-шоколадты цех жұмысын бастайды.
«Қарағанды Конфеттері» АҚ – түрлі халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы. 2003 жылдың тамыз айында Мәскеу қаласында «Қазақстанның Ресейдегi күндерi» бағдарламасының шеңберiндегi көрмеге кондитерлiк фабрика қатысты. 2004 жылдың сәуiр айында Германияда өткен «Hannover-Messe 2004» халықаралық көрмеде Қазақстанның үздiк кәсiпорындарының құрамында. Фабриканың өзінің аккредитті сынақ орталығы бар, ол өздеріне сертификаты сынақтан кондитер өнімдері мен шикізаттарды сертификациялық сынақтан өткізулеріне мүмкіндік береді.
«Қарағанды Конфеттері» АҚ өзінің өнімдерін Қазақстанның барлық жерлерінде, өзінің дербес ұсынушылары, дүкендері, 12 қалалардағы қоймалары арқылы және Ресей мен Германияда таратады. Сіздерге әшекейленген қорабта, дәмді дәстүрлі және сапалы жасалған шоколадтар, вафельді-мармеладтар түртүрімен ұсынылады.