Өнімді сертификаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 14:49, реферат

Описание работы

Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімінің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім. Сертификаттау латыншадан аударғанда «дұрыс жасалған» «деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қандай талаптар қарастырылып отырғанын, сол талаптарға сәйкестігін бақылаудың түрін анықтап алу қажет. Бақылаулар, негізінен сынақ зертханаларында іске асырылады. Берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелі түрдегі тексеруді сәйкестік бағасы деп атайды. Сәйкестік бағасы сәйкестікке тексерумен, сәйкестікті қадағалаумен және сәйкестікпен қамтамасыз етулермен тығыз байланысты. Сертификаттау сәйкестікті бағалау бағытындағы іс-әрекеттің бірі болғандықтан, бұл салаға сәйкес келетін терминдер мен анықтамалар бар. Сәйкестікті бағалау – өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғандығының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады.

Файлы: 1 файл

Сертификаттау.docx

— 48.95 Кб (Скачать файл)

Қызмет көрсетуде  ерікті сертификаттау жүйесін қолдану  ережелері

Қызмет көрсету тек  қана ерікті сертификаттаудан өтеді. Қызмет көрсетуді сертификаттауды берушінің  өтініші бойынша олардың өздері қабылдаған құжаттардың талаптарына  сәйкестігін растау мақсатында аккредиттелген сертификаттау органы жүргізеді.       Аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыретті және құқылы екенін ресми танитын рәсім.            Көрсетілетін қызметті сертификаттау негізінде өнімді сертификаттауға ұқсас және ол мына ретте жүргізіледі:        1) Сертификаттау жөніндегі өтініш беріледі;      2) Өтініш қарастырылып ол жөнінде шешім қабылданады;   3) Сертификаттау сызбасы таңдап алынады;      4) Көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігі бағаланады;            5) Сертификат беру мүмкіндігі жөніндегі шешім шығарылады;   6) Сертификат беріледі;         7) Сертификатталған қызметті инспекциялық тексеру жүргізіледі.  Инспекциялық тексеру – аккредиттеу жөніндегі орган сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және зертханалардың аккредиттеу шарттарының сақталуын тексеру үшін жүргізіледі.      Көрсетілген қызметті сертификаттауда қолданылатын сызбалар 2-кестеде келтірілген.            1-сызба қызметтің сапасы мен қауіпсіздігі атқарушының (мысалы, экскурсия жетекшісінің, оқытушының, шаштараздың) шеберлігіне байланысты болғанда қолданылады. Шеберлікті бағалағанда және бақылағанда қызметке ерекше стандарт түрі – қызмет көрсетушілерге қойылған талаптар қолданылады.          2-сызбада қызмет көрсету процестерін мына белгілерге сүйене отырып бағалайды:             - процеске талаптар тағайындайтын құжаттардың  (нормативтік және техникалық құжаттардың) түгел болуына және дер кезінде жаңартылуына;  - қызметті көрсету процестерін метрологиялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, ақпараттық, құқықтық т.б. қамтамасыз етуге;   - процестің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына;      - күтушілер мен жұмысшылардың іскерлігіне;     - тарататын тауарлардың қауіпсіздігіне.       3-сызба өндірістік қызметті сертификаттауда қолданылады.   

                                                                                                   5-кесте 

Сызба №

Жұмысты орындауды, қызмет көрсетуді  бағалау

Жұмыс пен қызмет нәтижелерін  тексеру (сынау)

Сертификатталған жұмыс  пен қызметті инспекциялық тексеру

1

Жұмыс пен қызметті атқарушының шеберлігін бағалау

Жұмыс пен қызмет нәтижелерін  тексеру (сынау)

Жұмыс пен қызметті атқарушының  шеберлігін тексеру

2

Жұмысты орындау мен қызмет көрсету процестерін бағалау

Жұмыс пен қызмет нәтижелерін  тексеру (сынау)

Жұмысты орындау мен қызмет көрсету процестерін тексеру

3

Өндіріс жағдайын талдау

Жұмыс пен қызмет нәтижелерін  тексеру (сынау)

Өндіріс жағдайын тексеру

4

Мекемені (өндірісті) бағалау

Жұмыс пен қызмет нәтижелерін  тексеру (сынау)

Белгіленген талаптарға сәйкестігін  тексеру

5

Сапа жүйесін бағалау

Жұмыс пен қызмет нәтижелерін  тексеру (сынау)

Сапа жүйесін тексеру

6

Жұмысты орындау және қызмет көрсету сапасын тексеру

Өтінім декларациясын  қарастыру (құжаттармен қоса)

Жұмысты орндау және қызмет көрсету сапасын тексеру

7

Сапа жүйесін бағалау

Өтінім декларациясын  қарастыру (құжаттармен қоса)

Сапа жүйесін тексеру


 

4-сызба бойынша жұмыс пен қызметті орындаушы мекеменің (кәсіпорынның) мемлекеттік стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалайды. Бағалау жұмысты орындау және қызметті көрсету процестерін 2-сызбада көрсетілген белгілер бойынша жүргізіліп қана қоймай, сонымен қатар қызметке қатысты стандарттардың екінші ерекше түрі – кәсіпорындарды сыныптауды қолдана отырып кәсіпорынға белгіленген санаттардың дұрыстығын да қамтиды.           Бұл сызба бойынша мекеменің (кәсіпорынның) материалдық-техникалық базасының, қызмет көрсету жағдайының, нормативтік құжаттардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін аттестациялайды.    4-сызбаны қызмет көрету саласындағы ірі кәсіпорындарды сертификаттау үшін қолдану ұсынылады.        5-сызба өте қауіпті жұмыстар мен қызметтерді (медициналық, жолаушыларды тасымалдау, т.б.) сертификаттағанда ұсынылады. 5-сызба (және де 7-сызба) бойынша сапа жүйесін бағалауды ИСО 9000 сериялы стандарттары бойынша сапа жүйесін сертификаттайтын сарапшылар жүргізеді.              6 және 7-сызбалар жұмыс пен қызметтің белгіленген талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін өтінім – декларациясын және оған қоса ілестірілетін құжаттарды пайдалануға негізделген. Өнімді 9 және 10-сызбалармен сертификаттаудағы сияқты кәсіпорын бастығы (немесе жеке кәсіпкер) міндетті сертификаттау объектісінің белгіленген талаптарға сәйкестігін мәлімдейді.             6-сызбаны өз елімізде және шетелдерде өзін сапалы жұмыс пен қызметті жүргізе алатындығын көрсете білген шағын кәсіпорындардың жұмыстары мен қызметтерін сертификаттағанда қолданады.    7-сызбаны дайындаушыда сапа жүйесі бар болғанда қолданады. Жұмыс жүргізуді, қызмет көрсетуді бағалау жұмыс пен қызметті сапа жүйесінің стандарттарына сәйкестігін дәлелдеу мақсатында кәсіпорынды тексеру түрінде жүргізіледі.           Ерікті сертификаттауда 1-5 сызбалар қолданылады, ал 6 және7-сызбалар (сәйкестік декларациясын пайдалануға негізделген) ерікті сертификаттауда қолданылмайды.         Өнімді сертификаттаудағы сияқты барлық сызбаларда белгіленген талаптарға сәйкестікті дәлелдейтін сертификаттау жұмыстарынан  тыс алынған үстеме құжаттар пайдаланылуы мүмкін. Үстеме құжаттар – әлеуметтік зерттеулер нәтижелері, сараптамалық бағалау, өнімді сынау хаттамасы үкіметтік органдардың қорытындылары. Бұл құжаттар бағалау, ткесеру, жұмыс пен қызметті инспекциялық тексеру жұмыстарын қысқартуға негіз болуы мүмкін.            Жұмыстар мен қызметтің нәтижелерін тексеруде әлеуметтік және сараптамалық әдістер кеңінен қолданылады. Мысалы, дүкендерде, қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде қызмет көрсету деңгейін бағалау үшін ол жөнінде тұтынушылардан сұрау жүргізіледі. Жөндеу мекемелерінде тапсырыс берушілердің аты-жөндері жазылған кітапшаның көмегімен тұтынушылардың жөндеу және қызмет көрсету сапасы жөніндегі пікірлерін білдіреді.    Егер жұмыс пен қызметтің нәтижелерін бағалау мамандардың көмегін қажет ететін болса, онда оған тәжірибелі мамандарды-сарапшыларды қатыстырады, ал бағалау жұмыстарының нәтижелерін  шығару үшін эксперттік әдістер қолданылады.          Жұмыс пен қызметті сертификаттау жүйесінің ерекшелігі – сертификаттау жүйесінің құрылымында сынақ зертханаларының болмауы мүмкін, өйткені нәтижелерді тексеру үшін сынақ жұмыстарының қажеті жоқ. Қажет болған жағдайда сертификаттау органы бұл жұмысқа тіркеуден өткен сынау зертханаларын қатыстыруы мүмкін.

 

5. Сәйкестік сертификаттау мазмұны

Сертификаттау латыншадан аударғанда «дұрыс жасалған» деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қандай талаптар қарастырылып отырғанын, сол талаптарға сәйкестігін бақылаудың түрін анықтап алу қажет.   Бақылаулар, негізінен сынақ зертханаларында іске асырылады.Берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелі түрдегі тексеруді сәйкестік бағасы деп атайды.           Сәйкестік бағасын «үшінші жақтың» сынақтан өткізуінің нәтижесі бойынша анықтайды. «Тасымалдаушы» (бірінші жақ) мен «сатып алушыларға» (екінші жақ) тәуелсіз қызмет орнын «үшінші жақ» деп атаймыз. Сәйкестік бағасы сәйкестікке тексерумен, сэйкестікті қадағалаумен және сәйкестікпен қамтамасыз етулермен тығыз байланысты.  Сәйкестікке тексеру - өнімнің (процестің, қызметтің) қабылданған талаптарға дәлелдемелер бойынша сәйкестігін мақұлдау.   Сәйкестікті қадағалау - өнімнің (процестің, қызметтің) қабылданған талаптарға сәйкес жүмыс жасап жатқандығына көз жеткізудегі қайта бағалау. Сәйкестікпен қамтамасыз етілу - өнімнің (процестің, қызмет-тің) берілген талаптармен қамтылуы жайлы мэлімделуі болып табылады.   Өнімдер, үрдістер, жұмыстар, қызмет көрсетулер техникалық регламенттерге, стандарттарға немесе өзге де нормативтік құжаттарға метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгіленген үлгідегі сертификатты береді. Сәйкесітік сертификатты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган, белгіленген тәртіп бойынша серфикаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіміне тіркелуі тиіс.          Сәйкестік белгісі сертификатталған өнімді таңбалауға арналады. Сәйкестік белгілерін қолдану тәртібін стандарттау, метрология сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

 

Шетел өнімдерін  сертификаттау. Өнімді ұқсастыру

Тұтынушылардың қауіпсіздік  құқығы тек қана отандық емес, сонымен  қатар шет елдерден әкелінетін өнімдерді  де міндетті сертификаттау арқылы қамтамасыз етіледі. Өйткені еліміздің ішкі нарығында шетелдерден әкелінген  өнімдерді көптеп кездестіруге болады. Кейбір өнімдердің 40-60% және одан да жоғары бөлігі шетелдерден әкелінеді.        Міндетті сертификаттауға жататын өнімді шетелдерден әкелу үшін жасалатын келісімдерде олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін дәлелдейтін сертификаттары мен сәйкестік белгісінің болуы көрсетілуі керек.  Сертификаттар (декларациялар) және олардың танылуы туралы кедендік декларациясымен қоса кедендік рәсімдеуді іске асыратын органдарға ұсынылады және олар өнімдерді Қазақстанға жіберуге рұқсат беру үшін қажетті құжаттар болып табылады.         Шетелдерден әкелінетін кейбір өнімдер түрінің қауіпсіздіктің ерекше талаптарына – гигиеналық, ветеринарлық, т.б. сәйкестігін дәлелдеу талап етіледі.             Тез бұзылатын өнімдердің (ет, ет өнімдері, балық, балық өнімдері, сүт, сүт өнімдері, т.б.), яғни тасып әкелінуі мен сақталуы айрықша климаттық жағдайларды (температураны, ылғалдылықты, қысымды, т.б.) қажет ететін өнімдер кедендік рәсімдеуге және сертификаттауға кезектен тыс жіберіледі.   Қазақстанға тасып әкелінетін тауарлардың қауіпсіздігін дәлелдеу үшін оларға мына түрде кедендік бақылау жүргізіледі:      - сертификаттық сынақ өткізу арқылы;       - шетелдің сертификатын растау арқылы.      Шетелдердің сертификатын растау құқығы уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік ұйымдарына беріледі.         Егер шетелдермен сертификаттау нәтижелерін өзара тану туралы келісім болса және ол елдерден әкелінген тауарларға сол елдің сертификаты болса, онда олар біздің елд қайтадан расталмайды.       Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарларды сертификаттау оларды біздің елге алып келгенге дейін өткізілуі керек. Егер сынаушылар шетелдердің ҚР-ның аккредиттеу жөніндегі органдарында аккредиттеліп тіркеуден өткізілген мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізіміне тіркелген зертханаларда өткізілген болса, онда олар берген сынақ хаттамалары біздің елдің сертификатын алуға негіз болады.        Зертханаларды аккредиттеу үшін олар:       1) ҚР-ы кіретін халықаралық сертификаттау жүйесінде болуы қажет.   2) Шетелдің ұлттық жүйесіне кіруі қажет (Қазақстанның сол шетелдің ұлттық органымен өзара келісімі болса).        3) ҚР-ның сертификаттау жүйесіне кіргізілген болса.     4) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық келісімге кіретін елдердің сертификаттау жүйесіне кіретін болса.              Егер сәйкестік сертификаты оны берген елде жасалынбаған өнімге берілетін болса, онда мұндай сертификаттар танымайды да, өнім түгелімен қауіпсіздік сынағынан өтуі керек болады.        Сертификаттау органы сертификатты бергенге дейін қажет болғанда өнімнің нормативтік құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес екенін дәлелдеу үшін, оның барлық көлемі бойынша немесе кейбір көрсеткіштері бойынша қайта сынақ жүргізуі мүмкін.         Егер өнімді сертификаттау жөніндегі орган шетел сертификатын танымау туралы шешім қабылдаса, онда ол бұл жөнінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы мен оның өңірлік органдарын бас тартудың себептерін көрсете отырып, хабардар етуі керек.     Сертификаттауға қажетті сынаулар кезінде қауіпсіздігі дәлелденбеген шетелдік тауарларды кедендік органдар өткізбейді. Бұл жағдайда мына екі шешімнің бірі қолданылады: шетел тауары жөнелтушілерге қайтарылады немесе тауар кеден тәртібі бойынша жойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сәйкестікті растаудың 2 түрі бар:        1. Сәйкестікті ерікті растау – дайындаушының немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілген қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтініш берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.       2. Сәйкестікті міндетті растау – өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.   Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау (импорттық өнімдерге де) бекітілген.          Сертификаттау тәртібі ИСО/МЭК нұсқауларының жалпы принциптеріне сай болуы керек.         Қызмет көрсетуді сертификаттау үшін халықаралық, регионалдық және ұлттық стандарттардың талаптарын пайдаланады.       Тұтынушылардың қауіпсіздік құқығы тек қана отандық емес, сонымен қатар шет елдерден әкелінетін өнімдерді де міндетті сертификаттау арқылы қамтамасыз етіледі.           Сертификаттар (декларациялар) және олардың танылуы туралы кедендік декларациясымен қоса кедендік рәсімдеуді іске асыратын органдарға ұсынылады және олар өнімдерді Қазақстанға жіберуге рұқсат беру үшін қажетті құжаттар болып табылады.         Шетелдерден әкелінетін кейбір өнімдер түрінің қауіпсіздіктің ерекше талаптарына – гигиеналық, ветеринарлық, т.б. сәйкестігін дәлелдеу талап етіледі.             Егер шетелдермен сертификаттау нәтижелерін өзара тану туралы келісім болса және ол елдерден әкелінген тауарларға сол елдің сертификаты болса, онда олар біздің елд қайтадан расталмайды.  

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Қ.Сағадиев, А.Смағұлов, Б.Барақбаев, А.Қалиев       «Сертификаттау»                                                                                                             Алматы, 2000

2. К.Акишев, Г.Дарибаева            «Стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау»                                                                                 Астана, 2008

3. М.Т.Рақымжанова              «Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері»                                                                                Астана, 2008        

 

 

 


Информация о работе Өнімді сертификаттау