Қаржы нарығы және делдалдар реферат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 08:05, реферат

Описание работы

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.
Ақша қоры-мемлекеттің қолынд

Файлы: 1 файл

Қаржы нарығы және делдалдар реферат.doc

— 725.00 Кб (Скачать файл)

-ұлттық банктің халықаралық банк консрциумдарымен қарым-қатнасын реттеу, басқару болып табылады. Осы аталған міндеттер мемлекеттік органдар арқылы, өзара сыйластық, ынтымақтастық негізде қадағалау, бақылау міндетін жүзеге асырады.                                     Қай елде болмасын экономикалық дамуға байланысты міндеттер әрқашан қаржының қажет екенін алға қояды. Сонда қаржыны молайтудың ресурсы болмаған жағдайда не істеу керек? Міне, осындай қаржыға мұқтаждық жағдайында мемлекет-басқа бір шет елдерден қарызға қаражат алады. Экономикалық түсінікте бұл экспорттық несие деп аталады, бұл мемлекет шет елге тек өз тауарларын ғана емес, басы артық қаржысын да шығарады деген сөз. Сонымен, дүние жүзінде 70-жылдардан бастап дүниежүзілік нарыққа экспорттық несие шығару өріс алды. Экспорттық несие мемлекет қоры есебінен, сол сияқты жеке меншік банк, фирма қаражаттары есебінен құралады.

Экспорттық несие берудің  өзіндік ерекшеліктері бар. Мемлекет тарапынан берілетін экспорттық несие жағдайында сауда-саттық саласында  тауарлар, машина, құрал-жабдықтар сатылатын нарықта басымдылық алу мақсаты көзделеді. Сондықтан, мемлекеттер экспорттық несие жөнінде өзара қақтығыстарға жол бермеу, несие беру, несие алу ісін түсіністікпен, экономикалық өзара тиімділікпен жүргізу үшін келісім-шарт жасау әдісін қолданады. Осы шартта несие алу –беру ісін дұрыс ұйымдастыру, пайыздық ставка мөлшерін жарты жыл өткен сайын төмендету, несиені қайтарудың мерзімін дәл анықтау, несиеге қатысты жеңілдіктер беру мәселелері нақты көрсетіледі. Экспорттық несиенің осындай ерекшеліктеріне қарай несие алушы елдер үш топқа бөлінген. Ол елдер өзінің кірісі деңгейіне қарай – кірісі төмен, кірісі – орташа, кірісі – жоғары деп аталады. Осыған сәйкес ұлттық кірісі төмен елдерге несие төмен пайыздық ставкамен, ал кірісі жоғары елдерге-жоғары пайыздық ставкамен беріледі. Экспорттық несие алушы елдер осы белгіленген тәртіпті берік ұстауға басты назар аударып отырады.

Экспорттық несиенің жалпы көлемі мемлекттердің  инвестициялық  мүмкіндіктеріне байланысты анықталады. Әлемде 1981 жылы экспорттық несиенің көлемі 17,2 млрд/АҚШ/  доллар болды. Әсіресе, мұнай сататын елдерде басы артық қаржы көп болды. Сондықтан, олар экспорттық несие көлемін ұлғайтуға елеулі үлес қоса алды.

Бірақ 80-жылдардың ортасында  мұнайдың бағасы халықаралық саудада арзандап, оны сатудан алынатын қаржы мөлшері де азайды. Осының салдарынан Батыс елдерінде қарыз капиталына сұраныс арта түсті. Әсіресе банктер беретін несие көлемі күрт кеміді. Бірақ қаржыға деген сұраныс кеміген жоқ. Көптеген дамушы елдер несие жөнінде қарызды өтей алмау дағдарысына ұшырады. Осындай дағдарыстан шығу үшін, Латын Америкасы елдерінде 90-жылдары инвестицияны тікелей алу, бағалы қағаздар нарқын күшейту шарасы жүргізілді, . Экспорттық несие алушы елдер қарызын қайтарудың түрліше мүмкіндіктерін пайдалану негізінде дағдарыстан шыға бастады, өйткені ол елдер халықаралық банктерден жеңілделілген несие алу, өз өнімдерін сыртқы саудаға көбірек шығару сияқты мүмкіндіктерді пайдаланады. Мұнда ең бастысы әр ел өзінің экономикасын жақсы өркендетудің ішкі өндірістік резервтерін толық пайдалануға күш салды. Осы негізде сыртқы қарыздан құтылудың экономикалық шаралары жүзеге асырыла бастады.

несиенің келесідей  нысандарын кездестіруге болады:

несиенің келесідей  нысандарын кездестіруге болады:

 

 

Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі

1 Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы  банктердің ролі.

2 Коммерциялық банктердің  бағалы қағаздар бойынша операциялары

3 Коммерциялық банктер  бағалы қағаздар нарығында эмитенттер  және инвесторлар ретінде.

 

. Коммерциялық банк дегенiмiз не және оның мiндетi қандай?

     Коммерциялық  банк нарықтық экономикада несие  жүйесiнiң негiзгi буыны.Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал  айналымының үздiксiз қозғалысын  қамтамасыз ету,өнеркәсiп мекемелерiн,мемлекет  пен халықты несиелеу,халық шаруашылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады.

          Қазiргi коммерциялық банк – бұл тiкелей кәсiп орындарға,ұйымдарға,сондай ақ халыққа қызмет ететiн банiктердi бiлдiредi.

         Коммерциялық  банк деп – бұл жерде Қазақстан республикасындағы екiншi  деңгейдегi банктер туралы айтылып отыр.

   . Коммерциялық банк қандай  белгiлерiне байланысты жiктеледi?

     Коммерциялық  банктер мынандай белгiлерiне байланысты жiктеледi   

1 Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

  • мемлекеттiк
  • акционерлiк
  • жеке
  • пай қосу арқылы  жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
  • аралас, шетел капиталының  қатысуымен.          

 

  1. Операцияларының түрлерiне қарай:

- әмбебап, яғни экономиканың  балық салаларына бiрдей және  кең көлемде банктiк қызмет  көрсететiн банктер

  • Маманданған, яғни бiр ғана салаға  қызмет көрсететiн банiктер.
  1. Аумақтық белгiсiне қарай:
  • халықаралық
  • мемелекетаралық
  • ұлттық
  • аймақтық
  1. Салалық белгiсiне қарай:
  • өнеркәсiптiк банктер
  • сауда банiктерi
  • ауылшаруашылық банiктерi
  • құрылыс банктерi
  • басқа да банiктер
  1. Филиалдар санына қарай:
  • филиалсыз
  • көп филиалды.  

. Коммерциялық банк қызмет қалай ұйымдастырылады?.

Коммерциялық банiктiң ұйымдастырылу  құрылымы банктi басқару құрылымына және оның функциянолдық бөлiмшелерi мен әртүрлi қызметтерiнiң  құрылымына бөлiнедi.

     Басқару  органы пайда алу мақсатында  коммерциялық банктердiң қызметiне  тиiмдi жетекшiлiк етудi қамтамасыз  етедi. Банктiң құрылтайшылары басқару органына тiкелей қатысады.

 

 

  1.  Коммерциялық банктер қандай операциялар жұргізеді?

Пассивтiк операциялар негiзiнде банктiң ресурстары жинақталады. Сондыктан да пассивтiк операцилардың коммерциялық банктердiң қызметiндегi ролi жоғары.

      Банк  ресурстары пассивтiк операциялар  нәтижесiнде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс, қаржы және несие сөздiгiнде пассивтiк операциялар бұл несиелiк және активтiк операцияларды жүзеге асыруға арналған банктiң өз ресурсын құру  операциялары делiнедi.

Пассивтiк операциялар  көмегiмен банктер нарықтан несиелiк ресурстарды сатып алады.

Пассивтiк операциялардың мынандай формалары болады

  • коммерциялық банктердiң  бағалы  қағазды алғашқы эмиссиялауы.
  • Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту немесе құру
  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу
  • депозиттiк операциялар.

Сонымен банктiң ресурстары  2 топқа  бөлiнедi

1. Банктiң меншiктi  қаражаттары

   2.Банктiң тартылған қаражаттары

 

 Банктiң меншiктi қаражаттары - бұл ұзақ мерзiмдi активтерге  жұмсалымдардың басты көзi болып табылады

     Банктiң  меншiктi қаражаттары банктiң экономикалық  дербестiгiн және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететiн әртүрлi қорлар/ капиталдар/ мен бөлiнбеген пайда жиынтығы.

Банктiң меншiктi қаражатына жататындар:

  • Банктiң жарғылық капиталы
  • Банктiң резервтiк капиталы
  • қосымша капиталы және пайда есебiнен құрылған басқа қорлары.
  • Сақтандыру резервтерi
  • Бөлiнбеген пайдасы

 

Банк  жарғылық капиталы – банктiң  заңды тұлға  ретiнде  мiндеттi түрде құрылуын және өмiр  сүруiнiң экономика негiзiн құрайды.

Резервтiк қор –  банк қызметiнде пайда болуы мүмкiн  зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

Қосымша капитал –  негiзгi құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебiнен және белгiлi мақсатқа бағытталатын пайданы  бөлу нәтижесiнде  құрылады.

Арнайы қорлар болса  – негiзгi қорларды қайта бағалау  негiзiнде,

Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы  айырма нәтижесiнде құрылады.

     Бөлiнбеген  пайда – акциялар бойынша дивидендтi  төлегеннен кейiн  және резервтiк  қорға  аударғаннан қалған  пайданың бөлiгi.

 

Банктiң  тартылған қаражаттары - активтiк операциялар, оның iшiнде, несиелiк операциялардың  90  пайызға жуықтай ресурстарға деген қажетiн қанағаттандырады. Олардың ролi бiршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысы мен қатар халықтың тұтыну қажетiн қанағаттандырады.

Әлемдiк банктiк тәжiрибеден  барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсiлдерге байланысты  үлкен 2 топқа  бөледi

 1 - топ   депозиттер;

   2 - топ депозиттiк емес тартылған қаражат.

Тартылған қаражаттар iшiнде  ең көп бөлiгiн депозиттер құрайды.Депозиттер банк үшiн бiрден – бiр арзан  ресурс көзi болып табылады.

Депозит – бұл клиенттердiң, жеке және заңды тұлғаларды, банктегi белгiлi бiр шотқа салған және өздерi пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттiк емес тартылған  қаражат - бұл  банктiң қарыз түрiнде  немесе өз меншiктi қаражаттарын сату жолымен  тарататын  қаражаттары.

 

Активтiк  операциялар – бұл операциялардың көмегiмен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшiн және тде өздерiнiң өтемпаздығын қолдануды қамтамасыз ету үшiн орналастырады.

  • шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге әртүрлi қажеттерiн қанағаттандыру үшiн, қысқа, орта, ұзақ мерзiмдi несие беру.
  • Халыққа тұтынушылық несие беру, үй құрылысын жүргiзу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзiмде пайдалануға, мүлiк сатып алу.
  • құнды қағаздар сатып алуға несие беру
  • Лизингiлiк операцияға несие беру
  • Факторингiлiк операцияларға несие беру
  • Басқа банктерге несие беру, банк аралық несие

 

 7. Коммерциялық банктердiң басқа да қаржылық  қызметтерi

Лизингтiк операциялар, «лизинг» ағылшын тiлiнен  аударғаннннда жалға беру деген  ұғымды бiлдiредi, лизингтiк операция деп - ұзақ мерзiмде пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль,компьютерлердi)  жалға берудi айтады.

 Лиззинг  бiрнеше қызмет атқарады

1. Ол келесi қорларға    ақша   жұмсау,   яғни   қаржылардың формасы;

        2.  Бұл     өндiрiстi жаңа құрал - жабдықпен, алдыңғы техниикамен материалды  - техникалық қамтамасыз  етудiң анағұрлым прогресивтi  формасы.

      Лизингтiк мәмiледе 3 қатысушы болады: Олардың  өзра қатынастары мәмiлемен реттеледi:

    1. қатысушы мүлiк иесi ( лизинг берушi)

  2. мүлiктi пайдаланушы (лизинг алушы)                      

    3. Мүлiктi сатушы. Коммерциялық банкткрдiң басқа да қаржылық қызметтерi

 

 

8. Лизинг түрлерi.

Жедел лизинг - анағұрлым қысқа мерзiмге берiледi.

Оның объектiсi болып моральдiк тозу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал жабдықтар табылады

  Каржылық лизинг – анағұрлым ұзақ мерзiмге берiледi. Ол мерзiм машиналар мен құрал жабдықтардың амортизациялық тозу мерзiмiмен сәйкес келедi. Бұл жерде мәмiле аяқталмай, күшiн тоқтата алмайды, онда мүлiктi лизинг алушы мен сатып алушы мүмкiндiгi көрсетiлген.

Қалдық  құны бойынша лизинг – пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру,сондықтан лизинг объектiсi бастапқы құнымен емес,  қалдық  құны бойынша бағаланған.

 Лизингтiк бизнестiң  дамуы үшiн лизингке берiлетiн  арнайы лизингтiк компаниялар  құрылады, олардың негiзгi қаражат көзiне құрал жабдықтарды сатып алу  үшiн берiлетiн банктiк несиелер жатады.

Факторингтiк  операциялар – клиентпен төленбеген қарыздың талаптар, счет факторлар, векселдер, бойынша төлемдi талап ету құқын басқа банкiге беру.

Факторинг мәнi – банктер  өз клиенттерiнен төлем – құжаттарды, олардың  дебиторлардың  қарызын, пайыздық  сыйақы үшiн сатып алу.

 

 

9.Коммерциялық  банк ресурстарының ұғымы және  құрылымы.

        Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық  активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

        Нарықтық қатынастарға өту барысында  банктік ресурстардың құрылымында  біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік кпиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асығаны үшін алынған тауарлы – материалды құндылықтар жатады.

Информация о работе Қаржы нарығы және делдалдар реферат