Ақша нарығындағы тепе-теңдік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 13:03, реферат

Описание работы

Ақша – сауда-саттықта, келісімде қолданылатын қаржылық активтердің түрі. Ақшаға тән негізгі қасиет-олардың жоғарғы дәрежедегі өтімділігі, яғни төменгі деңгейдегі шығындармен және тез басқа активтерге ауыстырылу бейімділігі. Макроэкономикада көбінесе ақшаның үш функциясы бар деп айтамыз: 1) ауыстыру құралы, 2)құн өлшемі құралы, 3) қор жинау құралы.

Содержание работы

1. Ақша массасы
2. Ақша сұранысы
3. Ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы
4. Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Қорытынды

Файлы: 1 файл

ақша нарыгындағы тепе теңдік.docx

— 36.45 Кб (Скачать файл)

rs-акцияға болжанған нақты табыс

rb-облигацияға болжанған нақты табыс

πe-күтілген инфляция

W-нақты  байлық

 

Ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы 

Ақша  ұсынысының моделін тұрғызу үшін ақша ұсынысының құрамына кіретін компоненттерді қарастырамыз.

               МS=C+D

МS-Ақша ұсынысы

С-Қолма-қол  ақша

D-Депозит

Бұл формуладан көріп отырғанымыз ақша ұсынысының құрамына банк жүйесінен тыс қолма-қол  ақша және экономикалық агенттер сауда-саттықта пайдалана алатын депозиттер кіреді. Қазіргі кезде банк жүйелері депозиттердің  белгілі бір бөлігін ғана резерв түрінде сақтайды, ал қалған бөлігін  қарыз беруде пайдаланады. Банкке жаңа депозиттер түсіп тұратын болғандықтан, ақша ұсынысы өзгеріп отырады. Сондықтан  ақша ұсынысын төмендегідей теңдеумен  жазуға болады.

                              МS=(1/rr)D

  rr-банк  резервінің формасы

  D-депозитке  алғашқы салым

  1/rr-банк  мультипликаторы немесе депозиттер  мультипликаторы 

Ақша ұсынысының жалпы моделін Орталық банктің  маңызын және банк жүйесіндегі депозиттерден  ақшалардың белгілі бір бөлігін  қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Ол үшін төмендегі айнымалыларды  қарастырамыз.

  1. Ақша базасы (немесе күші, қуаты күшті ақшалар, резерв ақшалары) дегеніміз – банк жүйесінен тыс қолма-қол ақшалар және коммерциялық банктердің Ұлттық банкте сақталатын резервтері. Қолма-қол ақша ақша ұсынысының негізгі бөлігі болып есептеледі. Ал банк резервтері оларға жаңа депозиттер құруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, ақша ұсынысы көбейеді. Ақша базасын МВ деп белгілеп, жоғарыда айтылған анықтаманы ескере отырып ақша бағасының теңдеуін жазуға болады.

                           МВ=С+R

               С-қолма-қол ақша

               R-резервтік ақша

2) Ақша мультипликаторы – коммерциялық банктер жүйесінің айналыста ақша массасын көбейту үшін және жаңа зайымдар алу (немесе бағалы қағаздарды сатып алу) арқылы мерзімсіз салымдар сомасын көбейту үшін қолданатын резервтің артық бөлігі.

Ақша  мультипликаторы (m) – бұл ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы:

                   m=MS/MB     MS=m MB


Ақша  мультипликаторын депозит коэффициенті мен резерв нормасы арқылы белгілеуге болады.

                   m=MS/MB=(C+D)/(C+R)

Бұл теңдеудің  оң жағының алымын да бөлімін де

D-ға бөлсек, онда мультипликаторды былай жазуымызға болады:

                   m=(cr+1)/(cr+rr)

 cr-қолма-қол ақшаның депозитке қатынасын білдіреді, депозит коэффициенті деп аталады.

                      cr=C/D

Депозит коэффициенті (cr) көбінесе халықтың іс-әрекетіне  байланысты болады.

rr-қолма-қол  ақшаның резервке қатынасын көрсетеді  және резерв нормасы деп аталады.

                     rr=R/D

Резерв  нормасы (rr) Ұлттық банк тағайындайтын  міндетті резерв нормаларына және коммерциялық банктердің керекті сомадан жоғары ұстайтын артық резервтерінің шамасына байланысты болады.

Жоғарыда  айтылғандарды ескере отырып, ақша ұсынысын төмендегідей формуламен көрсетуге  болады.

              МS=(cr+1)/(cr+rr) MB

Ақша  мультипликаторы ақша бағасы  1 бірлікке өзгергенде ақша ұсынысы қалай өзгеретінін  көрсетеді. Ал депозит коэффициенті мен резерв нормасының жоғарылауы ақша мультипликаторын төмендетеді. Ұлттық банк ақша базасына әсер ету арқылы ақша ұсынысын бақылай алады. Ақша базасының  өзгеруі ақша ұсынысына мультипликативті түрде әсер етеді. Ақша ұсынысының өзгеруін екі этапқа бөлуге болады.

    1. Ұлттық банк жүйелері және халық алдындағы міндеттемелерді өзгерту арқылы ақша ұсынысының алғашқы модификациясын жасау.
    2. Коммерциялық банктер жүйесіндегі мультипликация процесі арқылы ақша ұсынысын өзгерту.

 

 

4.Ақша  нарығындағы тепе-теңдік

Ақша  нарығындағы тепе-теңдік үлгісін  тұрғызу үшін ақшаға деген сұраныс  пен ұсынысты бір графикке саламыз.

 

 

r*-нарықтағы  тепе-теңдік ставка. Ол ақшаға  деген сұраныс пен ұсынысты  қанағаттандырады.

      1. Пайыз мөлшерлемесі жоғарылаған уақытта ақша ұсынысы сұраныстан көп болады.
      2. Пайыз мөлшерлемесі төмендеген уақытта ақша ұсынысы сұраныстан аз болады.

Ақша массасының және пайыз мөлшерлемесінің тепе-теңдік мәнінің тербелуі ақша нарығының  экзогендік айнымалыларының өзгеруіне  байланысты болады: табыс деңгейіне, ақша ұсынысына. Графикте бұл сәйкесінше ақшаға сұраныс және ұсыныс қисықтарының жылжуымен көрсетіледі.

Егер ақша нарығындағы тепе-теңдікке табыс  деңгейінің өзгеруі әсер етсе, мысалы, ол жоғарыласа, онда ақшаға деген сұраныс (сұраныс қисығы LD оңға қарай жылжиды) және пайыз мөлшерлемесі жоғарылайды.

 

 

 

   r    LS



  r*2 ………………  LD(Y2)


 

  r*1 ………………  LD(Y1)


 


                  M/P

 

Ал егер ақша ұсынысы азайса, онда ақша нарығындағы тепе-теңдік пайыз  мөлшерлемесі жоғарылайды және керісінше.

 LSLS1




 

r2*………..


r*1 ………………

 

            M2/P       M2/P     M/P


 

Бұндай ақша нарығындағы тепе-теңдікті орнататын  және ұстап тұратын механизм экономикалық агенттердің белгілі бір айнымалылардың, мысалы, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне  әдеттегі сезімталдығын (реакция) көрсететін бағалы қағаздар нарығы жақсы дамыған  нарықтық экономикада жақсы жұмыс  істейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Қорытынды

  1. Ақша нарығы айналыстағы ақша массасы, ақша ұсынысы, ақша сұранысы, ақша агрегаттары, баға деңгейі, ақша мультипликаторы, пайыз мөлшерлемесі, инфляция қарқыны, депозит деген сияқты ұғымдарды біріктіреді.
  2. Айналыстағы ақша массасы 3 түрлі ақша агрегаттарымен анықталады: М1, М2, М3. Макроэкономикалық талдауда көбінесе М1, М2 қолданылады. Ақша агрегаттарының динамикасы көп факторларға байланысты, соның ішінде пайыз мөлшерлемесі көбірек қолданылады.
  3. Ақша сұранысын зерттеуде классикалық немесе сандық теория және Кейнс теориялары қолданылады. Классикалық теория ақша сұранысын негізінен нақты табыспен (У) байланыстырады, ал Кейнс теориясы негізгі фоктор пайыз мөлшерлемесі деп есептейді.
  4. Ақша ұсынысын анықтауға әсер ететін айнымалылар – ақша базасы және ақша мультипликаторы. Ақша мультипликаторы ақша базасы 1 бірлікке өзгергенде ақша ұсынысы қалай өзгеретінін көрсетеді.
  5. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті есептеу үшін ақша сұранысы мен ақша ұсынысын бір графикке саламыз. Оған екі фактор әсер етеді. Олар табыс көлемінің өзгеруі мен ақшаға ұсыныстың мөлшері және ақша мөлшері.

Қорыта келгенде, ақша нарығы дегеніміз – ақша сұранысы мен ұсыныстың теңдігі.

 

 


Информация о работе Ақша нарығындағы тепе-теңдік