Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 21:31, курсовая работа
Описание работы
“Ақшанын пайда болуы және мәні” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған. Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алу
Содержание работы
Кіріспе 3 1 Ақшаның пайда болуы және мәні 4 1.1 Ақшаның пайда болу тарихы 4 1.2 Ақша теориялары 7 1.3 Ақшаның түрлері 11 2 Ақша айналысы және қызметтері 16 2.1 Ақша айналысы мен заңы 16 2.2 Ақшаның базасы мен ақша массасы 19 2.3 Ақшаның қызметтері 22 3 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі 26
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері
бар: вексель, банкнота, чектер және несиелік
карточкалар.
Вексель – белгілі бір соманы
алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде төлейтіндігі
туралы борышқордың жазбаша қарыздық
міндеттемесін білдіреді.
Вексельдің екі түрі бар: жай
және аудармалы вексель.
Вексельдің түрлері «ҚР-дағы вексель
айналысы туралы» ҚР заңында мынадай
түсініктемелер берілген:
Жай вексель (соло) – вексельдің ұстаушыға
вексельде көрсетілген соманы белгілі
бір уақытта немесе талап етуге
байланысты төлеу туралы вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген
міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде
көрсетілген соманы белгілі бір
уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға
(эмитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға
(трассатқа) вексель берушінің (трассанттың)
еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы)сипаттайтын
вексель.
Трассат тратта бойынша төлеуге
келісімін бергеннен бастап, борышқор
болып табылады. Аудармалы вексель
келесі бетіндегі индоссамент (басқа
біреуге аударып жазу) көмегімен
айналыста жүре берді. Аудару туралы
қолдардың көбеюіне байланысты вексель
айналысы ұлғая түседі және мұндағы
әр индоссант вексель бойынша
міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель –
коммерциялық вексельдің түрлері ретінде
қарастырады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттердің
вексельді мынадай түрлерге бөледі:
қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.
Қаржылық (банктік) вексель – белгілі
бір ақша сомасын қарызға беруден
туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын
жабу мақсатында мемлекет тарапынан
шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық
вексель бойынша мемлекет борышқор
болып саналады.
Достық вексель – кейіннен банктен
оларды есепке алу мақсатында бір-біріне
беріледі.
Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз
етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Вексельдің мынадай өзіне тән
қасиетттері бар:
дерексіздік, яғни вексельде мәмлені нақты түрінің көрсетілмеуі;
дауыссыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрге төленуге тиістігі;
айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң
қабылданғанға дейін және одан кейін
де вексель айналысы дамып келеді.
Вексель айналысын бірінші болып
қолданушылардың қатарына Казкомерцбанк
тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл
банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау
бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және
5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін
айналымға шығарып, оларды несие
құралы ретінде клиенттеріне берді.
Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ,
сыртқы астық сатумен айналысатын
«Астық» акционерлік компаниясы
5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер
бойынша жеңіп алып, оны өзінің
жабдықтаушылары арасында төлем
құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант
ретінде « Қазақстан темір
жолы » ҰК-ның 200 млн теңге бағалаған
вексельдерін өтеді.
Мұндағы «домицилиант» - вексельде
көрсетілген төлемді жүзеге асыратын,
Вексельде делдал ретінде қатысатын
банк.
Банкнота (ағыл. сөзінде «bank-note»
аударғанда «банк билеті») – орталық
банктың айналысқа шығарған әр түрлі
номиналдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан
өзара ажыратылады. Банкнотаның
вексельден мынадай айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егерде вексель
мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал
банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа
жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке
кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі
кезде орталық банк шығаратындықтан, оған
мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиетте банкнотаны
екі түрге бөледі: классикалық
және жай.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның
алғашқы пайда болған формасы
ретінде алтынға еркін алмастырылатын,
яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық
банктің билеті.
Классикалық банкнотаның қағаз
ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:
жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның
айналыс құралы ретіндегі қызметінен
туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы
қызметінен пайда болған; эммисиалық әдісі
бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа
қазынашылық шығарса, ал банкнотаны Орталық
банк шығарады; қайтарылуына қарай – классикалық
банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына
байланысты Орталық банкке қайтарылса,
ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни
олар айналыста қала береді; ауыстырылуына
қарай – классикалық банкноталар банкке
қайтуына байланысты алтынға немесе күміске
ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан
ауыстырылмайтын болған.
Банкноталардың алтынға ауыстырылуы
тоқталғаннан бастап, банкнот алтынмен
қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік
қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті,
себебі орталық банктің вексельдік портфелі
көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге
толықты.
Жай банкнота – бұр қазіргі кездегі
айналысқа шығарылған Орталық банк
билеті.
Олар металлға алмастырылмайды, тек
қана Орталық банктің барлық активтерімен
қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі
айналыста жүрген орталық банктен
шығатын жай банкноталар алтынмен
қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың
белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе
несиелік негізі сақталған, сондай-ақ
олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына
бағынады.
Қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің
жай банкноталардың эмиссиялануының
мынадай үш жолын бөліп көрсетуге
болады: шаруашылық несиелеу жолымен;
мемлекетті несиелеу, яғни мемлекеттік
қарыздық міндеттемелердің орнына банкроттардың
шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз
тәуелсіздік алған жылдардың басында
экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде
1993 – 1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық.
Айталық, 1995 – 1996 жылдары бюджет тапшылығы
ЖІӨ-нің 5,5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары
республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға
жуығы Ұлттық банкінің Үкіметке берген
несиелері есебінен жабылғаны белгілі.
Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды,
оның бірі елімізде гиперинфляцияның
орын алуы; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын
қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы
қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық
резервтерін арттыру мақсатында айналысқа
қосымша ақша эмиссиялау жолымен.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда
коммерциялық банктердің құрылып, олардағы
ағымдық шоттарда бос ақшалай
қаражаттардың жинақталуына байланысты
несиелік және айналыс құралы ретінде
біршама кеш пайда болды.
Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда
болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті
ұстаушыға белгілі бір ақшалай
соманы төлеу туралы немесе басқа
ағымдық шотқа аудару туралы өзінің
банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
Ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша
алуға арналған төлем құралы;
Ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған,
бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға
беруге құқық береді;
Мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге
ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
Есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар
арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда
қолданылады;
Жол чегі – туристік сапарларға арналған
төлем құралы;
Кепілдендірілген чек – банктің чекте
көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін
сипаттайтын төлем құралы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:
біріншіден, ол банктен нақты ақшаны
алуға қызмет етеді; екіншіден; ол айналыс
және төлем құралы қызметін атқарады;
үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырылысу құралы.
Электрондық ақшалар – компьютер
торабының, ақпараттарды автоматты
түрде өңдеу құралдарын қолданатын
байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын
банктер және олардың клиенттері,
сатушылар мен сатып алушылар
арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка
формасында болады. Олар екі түрлі болып
келеді:
Дебеттік (төлем) карточка – банкте
арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент
арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы
қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы
қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар
мен қызметтер үшін төлеуге арналған
төлем құралы.
Кредиттік карточка – оның эмитенті
менкарточка иесі арасындағы келісімшартқа
сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар
мен қызметтер үшін төлемді жасауға,
не қолма-қол ақша алуға арналған
карточка.
Қазақстан Республикасындағы екінші
деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік
карточкалардың отандық және халықаралық
түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға
«Eurocard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және
т. б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған
дебеттік карточкалар да кеңінен қолдануда.
Мұндай карточкалардың шоттары көбіне
теңгемен ашылады.
2 Ақша айналысы және қызметтері
2.1 Ақша айналысы мен заңы
Қайта кезеңіне дейін “ақша айналымы”
мен “ақша айналысы” ұғымдары арасында
айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы
– шаруашылықтағы тауарларды өткізуге,
сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және
есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет
ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша
формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Яғни ақша айналасы деп қолма-қол ақшаның
қозғалысы танылды. Ал ақша айналым ұғымы
одан кең мағынада бергендіктен ол қолма-қолсыз
тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін
қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс
қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша айналысының объективті негізі
– тауар өндірісі мен тауар
айналысы болып табылады. Тауар өндірісі
тұсында тауарлар әлемі: тауар және
ақша бөліне отырып, олардың арасында
өзара қарама-қайшылықтар туады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің теңдеуіне
және жалпы ұлттық және дүниежүзілік
нарықтардың қалыптасуымен байланысты
капитализм тұсында ақша айналысы ары
қарай дами түседі. Сонымен ақша,
капитализм айналымына қызмет ете отырып,
барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы
мен айырбасына дәнекер болады.
Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни
тауардың ақшаға және ақшаның жаңа
тауар сатып алу үшін қолдануы,
ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни
айналыста болуына мүмкіндік
жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын
қайталап қоймайды. Бұл екі процесс
бір-бірінен жекешеленіп жүреді.
Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін,
айналыстан шығады және тұтынылады. Ал
ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс
құралы, әрі төлем құралы функцияларын
атқарады. Сонымен, тауарды сатудан
түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы
мұмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге
түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы
мүмкін.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар
бағаларының соммасынан әрдайым артық
болады. Ақшаның тек сату-сатып алумен
шектелмейтіні түсіндіріледі. Ақша еңбекақы,
зейнетақы, стипендия төлеу үшін, бюджетке
төлемдер аудару үшін, банктен қарыз алу
үшін және т.б. мақсаттар үшін қолданылады.
Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз
формаларының көмегімен тауар айналысы,
сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың
қозғалысы жүзеге асырылады.
Ақша айналысының құрылымына қолма-қол
ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз
ақшалар айналысы кіреді.
Қолма-қол ақшалар айналысы нақты
ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған
банкноталар, монеталар және қағаз
ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет
етеді. Ақша айналысын реттеудің
маңызды элементі – қолма-қол ақшаның
қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл
мәселе біздің елімізде кәсіпорындар
арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол
ақшаның қолдануын шектеу, есеп айырылысу
чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша
банкнотасын өндіруге байланысты өзінің
меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы
қома-қол ақшамен байланысты жағдайды
түбірімен өзгертті. Осыған байланысты
1992-1993 жж. қолма-қол ақшаның тапшылығы
тұсында енгізілген дерективті саясаттың
орнына республикамызда қолма-қол ақша
айналысын тұрақтандыру және басқарудың
экономикалық әдістерінің алғы шарттары
жасалынды.
Дамыған елдерде нақты ақшалар
айналысының едәуір бөлігін орталық
банктерден шығарылған бакнтік билеттер
құрайды. Ақша шығарудың кішкене бөлігі
(10%-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы
қазынашылықтың үлесіне тиеді.
Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар –
чектер, пластикалық карточкалар
электрондық аударымдар көмегімен
пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы
сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақща мен қолма-қолсыз
ақщалар арасында тығыз байланыс
пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның
бір айналыс сферасынан екінші біріне
өтіп отыруынан байқалады.
Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол
және қолма-қолсыз ақшалар болып
бөлінеді. Сондай-ақ: өнімді өндіру және
сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы
есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
таурлы емес сипаттағы есеп айырысулармен
байланысты ақша айналымы; ақша айналысы
бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және
металл, қағаз, несие ақшалар көмегімен
жүзеге асырылды.
Құн заңы және оның айналыс аясында
пайда болу формасы, яғни ақша айналысының
заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан
барлық қоғамдық формацияға тән болып
келеді. Құн формаларының дамуына
талдау жасай отырып, К. Маркс ақша
айналысының заңын ашқан болатын.