Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 19:41, реферат

Описание работы

Қазақстан нарықтық экономикада экономикалық қатынастарды дамытудың батыстық үлгісін таңдап алды. Алайда кеңес аралық байланыстардың бұзылуы, инфляцияның көтерілуі, жұмыссыздық енді ғана аяғынан тұра бастаған жас мемлекетке үлкен сынақ болды.
Экономикалық дағдарысты тұрақтандыру үшін, елдегі ақша айналымын бақылау мен айналымдағы есепті қамтамасыз ету керек еді. Осы кезде экономикалық құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік қаржы басқармасын реформалау қажеттіліктері туды.

Файлы: 1 файл

КАЗ-2.doc

— 15.50 Кб (Скачать файл)

 

Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы

Қазақстан нарықтық экономикада  экономикалық қатынастарды дамытудың  батыстық үлгісін таңдап алды. Алайда кеңес аралық байланыстардың бұзылуы, инфляцияның көтерілуі, жұмыссыздық  енді ғана аяғынан тұра бастаған жас мемлекетке үлкен сынақ болды.

Экономикалық дағдарысты тұрақтандыру үшін, елдегі ақша айналымын бақылау  мен айналымдағы есепті қамтамасыз ету керек еді. Осы кезде экономикалық құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік  қаржы басқармасын реформалау қажеттіліктері туды.

Осы міндетті мәселелерді шешу мақсатында 1994 жылы Қаржы министрлігі жанынан  Қазынашылық бас басқармасы құрылды. Бұл қаржылық жүйе мен бюджеттік  мекемелердегі бухалтерлік есептің  әдістемесі және сонымен бірге бюджеттік  басқарылу функциясы берілген бюджеттің атқарудағы бірден бір ұйым. Сонымен қатар, министрліктерде, ведомстваларда, кәсіпорындар мен ұйымдарда мақсатты және мақсатсыз пайдаланылған  бюджеттік қаражаттарды тексеруге және сонда фактілерді айқындаған кезінде мақсатсыз пайдаланған қаражаттарды қайтарып алуға құзыретті болды.

Бірінші кезекте аймақтардағы қазынашылық  жүйенің алғашқы құрылымдануы жасалды, Ұлттық банктің есеп-айырысу кассалары  қазынашылық басқарманың аумағына шоғырландырылды. Олар бюджеттік қаражаттың түсуін және оны мемлекеттік мекемелердің  шотына аударылуын қадағалап отырды.   Аумақтық басқарма ҚР Ұлттық банкі мекемесінің ағымдағы шоты мен шығындарын толық есептейтін заңды тұлға болып табылды.

1995 жылы Қазынашылық әлемдік  тәжірибеге сәйкестендірілген Қазақстан  Республикасы бюджетінің шығындары мен кірістерінің жаңа бюджеттік классификациясын жасап шығарды. Сонымен бірге қазынашылық жүйенің қызметтік бөлігін құрылымдады.

Сол жылы Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен Ұлттық Банкінің есеп айырысу  кассаларының орталығы Қазынашылықтың базасында құрылған Бюджеттік банктің қарауына берілді. Бұл банк -  бөлімдері мен облыстық қазынашылық басқармаларының бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді, бюджеттік ұйымдардың төлемдерінде жаңа технологияларды пайдалану бірнеше сатыға жоғары болды.

Қазынашылықтың қаржылық жүйесін  дамытуда ерекше айтылатын жұмыстарының бірі – ол 1996 жылы маусым айындағы Ұлттық банкте Қазынашылық бірлестігі шотын  ашу болып табылады. Оған мемлекеттік  және жергілікті бюджеттің ақша қаржылары  шоғырландырылды.  Қазынашылық БҚШ (Біріккен қазынашылық шоты) арқылы төлеу механизімін, бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктері жасады. Әр күн сайынғы БҚШ арқылы алынған ақпарат Қазақстан Республикасы Үкіметіне және басшылыққа жіберіледі.  Сондықтан да, күн сайын бюджеттің жағдайы: кірістер, шығындар, республикалық және облыстық қаржы құрылымындағы қалдықтар бақыланып отырады.

1998 жылдың қаңтар айынанда Бюджеттік  банкінің жойылуына байланысты, оның бюджетті атқару қызметтері  аумақтық қызынашылық органдарына  берілді. 



Информация о работе Қазақстан Респубикасының Қазынашылығы туралы