Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 23:48, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты. Нысанаға алынып отырған тақырыпты жан - жақты зерделеу. Қазіргі кездегі сақтандыруға қатысты заңнаманы қарастыра отырып, болып жатқан олқылықтарды ашып - көрсету. Қандай жақтан тежеу көруде, неліктен олардың дамуы әлі күнге дейін толық пісіліп жетілмеген? Осы және тағы басқа да сұрақтарға жауап табу. Шетел тәжірибесін қарастыра отырып, біздің елмізде оларға деген жетпей жатқан көмекті қарастыру. Курстық жұмыстың мақсаты сол тәжірибелерді танып біліп, жіберіліп отырған қателіктерді көрсету.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3

I. Сақтандырудың экономикалық мәні
1.1. Сақтандырудың экономикалық мәні, мазмұны, даму тарихи аспектісі…..5
1.2. Сақтандырудың түрлері, нысандары және ұйымдастыру ерекшеліктері...........................................................................................................8
1.3. Сақтандыру нарығының дамуының шетелдік тәжірибесі.........................10

II. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму жағдайын талдау

2.1. Сақтандыру ісін ұйымдастырудың құқықтық негіздері.............................14
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................19

III. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары

3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер..........22
3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары..................................................................................................................23

Қорытынды............................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................29
Қосымша…………………………………………………………………………30

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамуы.doc

— 343.50 Кб (Скачать файл)

Қазіргі кезде  компания Қазақстанның әрбір аумағында  өзінің білікті мамандары қаржылық агенттері бар. “БТА Өмір” іскерлігін жүргізгеннен бастап Қазақстанда көптеген адамдар өз өмірін әртүрлі апаттардан сақтап қалды.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай сақтандыру нарығы экономикаға пропорционалды дамып келеді. Бұл жағынан Қазақстанның сақтандыру нарығын дәстүрлі түрде дамытуы жөнінде үлкен мүмкіндіктері бар.

Ұзақ мерзімді жеке сақтандыруды дамыту үшін барлық жағынан қолайлы шарттар қарастыру қажет (экономикалық, қаржылық, құқықтық). Осының арқасында ғана еліміздің сақтандыру нарығы дұрыс жолға қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        ІІІ. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласының мәселелері және оларды шешу жолдары.

 

3.1. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелер.

 

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымдары санының көптігі мен жалпы көрсеткіштерінің өсуіне қарамастан, Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы эканомикада және халықтың өмірінде элі маңызды ролге ие болған жоқ әрі өзінің бастапқы даму сатысында тұр деген қорытындыға келуге болады.

Бүгінгі күні сақтандыру қызметінің сапасы төмен болып отыр, ал олардың тізбесі көптеген сақтандыру ұйымдарында негізінен ең аз шамада күш-жігер мен шығын жұмсай отырып, клиенттер тарту мүмкіндігі болатын міндетті сақтандыру түрлерімен шектелген.

Отандық сақтандыру компанияларының ірі шығынының  орнын жабу жөніндегі қаржылық мүмкіндіктері де қанағаттанарсыз, бұл сақтандыру ұйымдарын капиталдандыруды арттыру мен оларды ірілендіру туралы мәселені шешуді талап етеді. Қазақстанның қаржы регионының басқа бөліктердегі регионалдау тәжірибесі көрсеткендей, дәрменсіз қаржы ұйымдары индустрияның кейбір міндеттерін шеше алмайды және олардың халақаралық стандарттарға қол жеткізу айтарлықтай шектеулі.

Республикадығы  сақтандыру әзіріне инвестициялық климатты жақсартудың негізгі құралы, ол сақтандыру ұйымдарының өздері нақты институционалдық инвесторлар бола алмай отыр.

Қазіргі кезге дейін көбіне мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға бағдарланған сақтандырудағы халық белсенділігінің төмен болу проблемасы бар және сақтандыруға тиісті қызығушылық тудырмай отыр. Мемлекеттік бюджет есебін және сақтандыру арқылы халықты әлеуметтік қорғау түрлерінің қолдану алсын шектеу осы проблеманы шешуге ықшам етуі тиіс. Халықты мемлекеттік емес әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ең маңызды әлеуметтік құрал бола отырып, азаматттардың өмірі мен еңбек қабілеттілігін сақтау жөніндегі индустрия әлі күнге дейін тиісті түрде дамымай келеді. өмірді сақтандыру бойынша дамыған индустрия болмай, республикада жүзеге асырылып жатқан зейнетақымен қамтамасыз ету реформасынан толық пайда келуі мүмкін емес.

Істің қалыптасқан жағдай сонымен қатар сақтандырушы жеке түлғаларға және олардың жеке сақтандыру жөніндегі жұмыс берушілеріне қазіргі салық салу тұрғысынан да әсер етеді. Атап айтқанда, сақтандыру шартында көзделген салыған төлеудің мерзімін ұзарту тетігі пайдаланылмайды. Жеке жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін көбейтуге бағытталған сақтандыру ұйымдарының инвеститциялық кірістерінің жинақтаушы зейнетақы қорларынан айырмашылығы жиынтық жылдың кірісіне енгізіледі және табыс салығы ұсталатын болады.

Қазіргі жұмыс  істеудің сақтандыру ұйымдарының елеулі бөлігінде білікті мамандардың саны жеткіліксіз. Республиканың сақтандыру нарығындағы кәсіби сақтандыру делдалдарының ролі елеусіз. Қазақстанда қазір бар болғаны 6 брокерді сақтандыру компаниясы жұмыс істейді. Сақтандыру бойынша мамандарды оқытуды қазіргі заманғы жүйесін құру, сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларының қоғамдық біртестіктерін оны іске белсенді түрде қатыстыру қажет.

Сақтандыру  регионындағы мәселелердің елеулі бөлігі сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі туралы заң актілерінің жетілдірілілуінен туындайды. Атап айтқанда, азаматтық заңдардың жекелеген ережелері өмірді сақтандыру, жинақтаушы түрлері мен аннуитенттер жүйесін дамытуды ескере отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Сақтандыру  компанияларының қаржы тұрақтылығы транс қайта сақтандырусыз бола алмайды. Транс сақтандырудың көлемінің төмендеу тенденциясы қалыптасып келеді. Мемлекет жасаған жағдайлар, сақтандырушыларға өз активтерін өсіруіне, бірақта олар сақтандырушылармен қолданылмайды. Осы тенденцияны өзгерту үшін, сақтандыру компаниялырына нарықтық әдістермен әсер еткен жоқ. 18-бап 5-пункт «Сақтандыру ісі туралы» заңына сәйкес: Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру компанияларына берілетін, сыйақыларының максималды лимитін 80 пайызға төмендету.

Шетелдарде  қабылданатын қайта сақтандырудың  көлемін кеңейту, себебі шетелдерде қайта сақтандыру компанияларына берілетін және қайта сақтандырудан қабылданатын сыйақыларының арасындағы балансты сақтау керек. Сондықтан Қазақстандық сақтандыру компанияларының халақаралық сақтандыру нарығына белсенді араласуын ынталандыру керек.

        3.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы мәселелерді шешу жолдары.

Елімізде   сақтандыруды    дамытудың   негізгі    мақсаты   -   мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердІң мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толықтыруды орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру.

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтандыру қызметі нарығын саналы жаңа деңгейге көтеру жөніндегі шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мұндай міндеттерді шешу көзделді:

  • әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаларын нақтылау;
  • сақтандыруды қолдау аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін 
    нақтылау;
  • сақтандыру нарығының қазіргі заманғы инфроқұрылымын қалыптастыру 
    және оның қатысшыларының - сақтық ұйымы, сақтандыру брокері, сақтық 
    агент,   сақтанушы,   сақтандырушы,  пайда   алушы,   актуарий,   уәкілетті 
    аудиторлық ұйым, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты 
    кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды және жеке тұлғалардың 
    қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
  • халықаралық сақтандыруды ескере отырып, сақтық қадағалауының жүйесін ұйымдастыру;
  • сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттілігі бойынша талаптарды көшейту;
  • осы заманға сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
  • сақтандыру саласында кадрлар даярлау,  қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін арттыру.

Сақтандыруда  дамыту, өз кезеңінде заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және ақша-несие саясатын жетілдіруге, сақтандыру қызметін қадағалау сапасы мен сақтандыру ұйымдыры жұмысының сенімділігіне байланысты болады.

Қазіргі заманғы  сақтандыру нарығының толыққанды жұмыс  істеуі, сонымен қатар актуарийлер (сақтық міндеттемелерінің эканомикалық-математикалық есеп-қисабы саласындағы мамандар) институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді.

2005 жылғы 1 шілдеден бастап «Еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. (2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулар)

   Енді еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілсе, онда зиян шеккен қызметкер, ал ол қайтыс болған жағдайда, асыраушысынан айрылуына байланысты зиянды өтетуте құқығы бар адамдар мынадай төлемдерге:

  • мемлскетгік бюджеттен — мүгедектігі бойынша немесе асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік 
    жәрдемақыға;
  • егер зиян шеккен қызметкер әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, Мемлекеттік әлеуметтік  сақтандыру  қорынан төленетін әлеуметтік төлемге;
  • егер қызметкердің пайдасына жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру 
    шарты жасасылған  болса, сақтандыру компаниясынан немесе "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясынан сақтандыру төлемдеріне құқық алады.

Қабылданған Заңның негізгі  мақсаты еңбек (қызмет) міндеттерін  атқару кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыру төлемдерін жүзеге  асыру  арқылы қамтамасыз ету болып табылады.

Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген көлемде  өтеу міндеттерімен байланысты жұмыс берушінің мүліктік мүддесі болып табылады.

Жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу сақтанушының (жұмыс  беру-шінің) міндеті болып табылады. Сақтанушының Заңның осы талабын  орындауын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

Осы еліміздегі сақтандыру мәселелерін шешу үшін келесі шаралар жүргізілуі керек:

  • міндетті сақтандыру институтын дамыту;
  • шағын және орташа бизнес субъектілері үшін өзара сақтандыру жүйесін дамыту;
  • халық үшін өмырді сақтандыруды дамыту;
  • салық    заңдылығын    жетілдіру:    өмірді    сақтандыру    бойынша    кеткен шығындарды толық немесе бекітілген көлемінде шегерімдерге жатқызу;
  • мамандандырылған сақтандырушыларды даярлау жүйесін алыптастыру;
  • ауыр     жазатайым     оқиғалардан     сақтандыру     бойынша     мемлекеттік компанияларды құру. Оның міндетті дүлей апаттардан қайта сақтандыру желісін    құру,    соның    негізінде    ұлттық    сақтандыру    компанияларын банкраттіктен қорғау және сол апаттардың салдарын жоюына жұмсалатын мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту.Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметінің рыныгын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «сақтық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет қаулылары мен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау депортаментінің нормативтік актілерімен реттелініп отырады.

Қазіргі кезде  Қазақстанның сақтық нарығы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтық сақтандыру мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады (Қосымша Г).

 

Қорытынды

Сақтандыру - қоғамның эканомикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі.

Сарапшы мамандардың  пайымдауынша, эканомикалық қатынастардың жаңа жүйесін өткеннен кейін шығынды өтеудің тиімді механизмі әрі табыс көзі ретінде сақтандыруға деген объективті қызығушылығын арттыруға тиісті болатын.

Сақтандыру  мемлекетік саласының бір қатар мәселелерін шешуге және эканомикаға инвистиция салуға жәрдемдеседі. Сақтандыру компаниялары ел эканомикасына нақты ішкі инвесторлар бола алады.

Сақтық қызметі  сақтық ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады. Бұл қызметтен басқа ол қызметтін мынадай түрлерін: уәкілетті мемлекеттік органнның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тіртіппен инвестициялық қызметті; сақтандыруға тиісті жинақтаушы сақтық шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді; сақтандыру ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез-келген түрінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты келіп түскен мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; сақтандыру саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен жүргізуді; сақтау агенті ретінде сақтандыру делдалы болады; консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.

Біздің елімізде де сақтандыру саласын заңмен реттеп отыратын жалпыға бірдей ҚР Азаматтық Кодексі болып табылады.

Нарықтық  экономика шарттарында сақтандыру қаржылық тұрақтандырушы рөлін атқарады. Ол қоғамға кездейсоқ жағдайларда туындаған шығындардың барлығын өтеуге көмектеседі. Сақтандырудың басты атқаратын қызметі - халықтың қауіпсіздікке деген сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Ең алғаш сақтандыру келісім - шарттарын Ежелгі Сирияда, Индияда, Вавилонда, Палестинада табылған.

Қазіргі кезге  дейін көбіне мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға бағдарланған сақтандырудағы халық белсенділігінің төмен болу проблемасы бар және сақтандыруға тиісті қызығушылық тудырмай отыр. Мемлекеттік бюджет есебін және сақтандыру арқылы халықты әлеуметтік қорғау түрлерінің қолдану алсын шектеу осы проблеманы шепіуге ықшам етуі тиіс. Халықты мемлекеттік емес әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ең маңызды  әлеуметтік  құрал  бола  отырып,   азаматттардың  өмірі  мен  еңбек 

қабілеттілігін сақтау жөніндегі индустрия әлі күнге дейін тиісті түрде дамымай келеді. Өмірді сақтандыру бойынша дамыған индустрия болмай, республикада жүзеге асырылып жатқан зейнетақымен қамтамасыз ету реформасынан толық пайда келуі мүмкін емес.

Сақтандыру регионындағы мәселелердің елеулі бөлігі сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі туралы заң актілерінің жетілдірілілуінен туындайды. Атап айтқанда, азаматтық заңдардың жекелеген ережелері өмірді сақтандыру, жинақтаушы түрлері мен аннуитенттер жүйесін дамытуды ескере отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамуы