Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 10:20, реферат
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен келесі факторға тәуелді болып келеді:
1. Халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
2. Олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
3. Салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
4. Елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
Экономика , құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
СӨЖ
Тақырыбы : Қазақстан республикасындағы депозиттік нарықтың қазіргі жағдайы
Семей қаласы
2015 жыл
Коммерциялық банктер басқада шаруашылық қатынастағы субъектілер сияқты өзінің коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатың немесе ақша ресурстарының белгілі бір соммасын иеленуі қажет. Қазіргі таңдағы экономиканың дамуында ресурстарды қалыптастыру мәселесі аса маңызды мәнге ие.
Коммерциялық банктердің тартылған ресурстарының негізгі бөлігін депозиттер құрайды, ол дегеніміз жеке және заңды тұлғалардың сонмен қатар кәсіпорындардың, серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың белгілі бір шотқа және оларға банктік заңнама мен шот тәртібіне сәйкес қолдануға болатын банк клиенттерінің салған ақшалай қаражаттары.
Қазақстан Республикасында клиенттердің салымдары 01.12.2014ж. мәліметтер бойынша 11337млрд. теңге немесе жиынтық міндеттемелердің 71,2%-ын құрап, 2014 жылдың басынан бері өсу –15,2% болды. Заңды тұлғалардың салымдары 6950 млрд. теңге немесе клиенттер салымдарының 61,3%-ын құрап, 2014 жылдың басынан бері ұлғаю –17,9 % болды. Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы салымдарының үлесі жылдың басындағы 32,7%-дан есепті күнгі 46,6%-ға дейін өсті. Жеке тұлғалардың салымдары 4388 млрд. теңге немесе клиенттер салымдарының 38,7%-ын құрап, 2014 жылдың басынан бері ұлғаю –11,1% болды. Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдарының үлесі жылдың басындағы 44,0%-дан есепті күнгі 60,5%-ға дейін өсті.
Қазақстан Республикасының депозиттік нарығы тиімді дамыту стратегиясында ел ішіндегі жұмылдырылған қаражатты әрі қарай арттыруға жақын арада жағдай туғызу мүмкін болатын қаржы нарығының серпінді сегменті болып табылады.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған байланысты еліміздің депозит нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны, банктердегі салымдар көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне сенімділігінің артуынан байқалады. Екінші деңгейлі банктер үшін тартылған қаражаттар, өз меншікті қаражаттарына қарағанда орасан зор орын алады, себебі тартылған қаражаттар есебінен банктердің активті операцияларының басым көпшілігі жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Үкімет биыл экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге тиіс. Бұл орайда биылғы жыл қорытындысы бойынша, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмауға тиіс. Ұлттық банк пен Үкіметке 2014 жылғы 1 мамырға дейін инфляцияны орта мерзімді перспективада 3-4 пайызға дейін төмендетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, 2014 жылғы 1 маусымға дейін Қаржы нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын әзірлеуі қажет» - деп, елбасымыз, нақтылап Үкімет пен Ұлттық банктің алдына бірқатар міндеттер жүктеді
Осы орайда, қаржы тұрақтылығын сақтауда көптеген іс-шаралар, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Депозит нарығының дамуы қаржы нарығының дамуына тікелей әсерін тигізетінін атап өткен жөн. Өйткені, депозиттік мекемелер, капиталдарды қайта бөлуде делдал бола отырып, өндірістік жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбек өнімділігінің артуына көмектеседі. Қазақстан Республикасының депозиттік қызметінің құрылуына да көп уақыт болмаса да, нарықта белгілі тұрақтылығымен сипатталуда.
Қазақстандық депозит нарығында жинақтаушы депозиттің мынадай түрлері ұсынылады:
Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар екінші деңгейлі банктердің пассивтерінің негізі болып табылады. Коммерциялық банктерге халық сенімі артып отыр, соның нәтижесінде салымдардың мөлшері де артуда. Банктер депозиттерді әртүрлі шарттармен беруде. Бұлар балаларға арналған жинақ депозиттер, зейнеткерлерге арналған депозиттер тағы басқа.
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен келесі факторға тәуелді болып келеді:
Халықтың отандық қаржы жүйесіне сенімін арттыру міндетін жүзеге асыру және оның жинақталған ақшасын банк жүйесіне тарту мақсатында 1999 жылғы 15 қарашада “Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қоры” құрылды. Қордың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету.
2014 жылдың 1 желтоқсанындағы
жағдайға сәйкес, Қордың кепілдік
берілген өтемді төлеуге
Елімізде 2007 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енген «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР Заңы қабылданды. 2008 жылғы 23-ші қазанындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, бұл Заңда жеке тұлғалардың депозиттерінің кепілдендірілген өтем сомасын жеті жүз мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін көбейту қарастырылып, жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру сомасы 5 миллион теңгені құрады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметі пен Ұлттық Банкінің бірлескен мәлімдемесінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасын 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін арттыру қарастырылып отыр. Бұл дегеніміз, салымшылардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғауға, отандық банк жүйесіне жұртшылықтың сенімін арттыру және банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 25.12.2014 ж. №6 шешімімен жеке тұлғалардың шетел валютасында жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері 4%-дан 3%-ға дейін төмендетілді, жеке тұлғалардың ұлттық валютада жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы сыйақы мөлшерлемелері бұрынғы қалпында – 10 % мөлшерінде қалдырылды. Бұл шешім жеке тұлғалардың барлық депозиттері үшін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді [3].
Сонымен 01.12.2014ж. мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында клиенттердің салымдары 11337млрд. теңге немесе жиынтық міндеттемелердің 71,2%-ы (2014 жылдың басында–9 845 млрд. теңге немесе жиынтық міндеттемелердің 73,6%-ы), 2014 жылдың басынан бері ұлғаю –15,2% болды. Оны келесі 1-кестеден көре аламыз.
1-кесте. Қазақстан Республикасы банк секторы клиенттерінің салымдары |
Көрсеткіштің атауы |
01.01.2014 |
01.12.2014 | ||||
барлығы |
оның ішінде шетел валютасында |
үлесі, барлығына %-бен |
барлығы |
оның ішінде шетел валютасында |
үлесі, барлығына %-бен | |
Клиенттер салым дарының барлығы, оның ішінде: |
9 844,9 |
3 664,8 |
37,2 |
11 337,3 |
5 890,6 |
52,0 |
Заңды тұлғалардың салымдары |
5 895,5 |
1 927,4 |
32,7 |
6 949,5 |
3 235,2 |
46,6 |
Жеке тұлғалардың салымдары |
3 949,4 |
1 737,4 |
44,0 |
4 387,8 |
2 655,4 |
60,5 |
Дерек көзі: http://afn.kz/ |
1- кесте көрсеткіштері
бойынша заңды тұлғалардың
Жеке тұлғалардың салымдары 4388 млрд. теңге немесе клиенттер салымдарының 38,7%-ы (2014 жылдың басында –3949 млрд. теңге немесе клиенттер салымдарының 40,1%-ы), 2014 жылдың басынан бері өсу –11,1% болды. Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы салымдарының үлесі жылдың басындағы 44,0%-дан есепті күнгі 60,5%-ға дейін ұлғайды.
Қазақстан Республикасы банк секторының шетел валютасындағы салымдарының динамикасы 1-суретте көрсетілген.
Сурет 1. Қазақстан Республикасы банк секторының шетел валютасындағы салымдарының динамикасы
Коммерциялық банктерге әр аймақ, әр ауданда халықтың салымдары әр түрлі көрсеткіште келіп түседі, осыған орай жеке және заңды тұлғалардың банкке салған салымдары 2-кестеде көрсетіліп отыр.
2-кесте. Заңды жəне жеке тұлғалардың банктердегi салымдары, аймақтар кесіндісінде, млн.теңге.
Атаулары |
Салымдар барлығы |
Заңды тұлғалардың салымдары |
Жеке тұлғалардың салымдары | |||
01.01.2013 |
01.01.2014 |
01.01.2013 |
01.01.2014 |
01.01.2013 |
01.01.2014 | |
Республика бойынша, барлығы Оның ішінде: |
8830430 |
9147443 |
4945612 |
5241595 |
3884819 |
3905848 |
Астана қ-сы |
2592811 |
2601527 |
2165751 |
2164884 |
427060 |
436643 |
Алматы қ-сы |
3803454 |
3997119 |
1815516 |
2020891 |
1987938 |
1976227 |
Ақмола |
77274 |
81802 |
18721 |
21518 |
58552 |
60284 |
Көкшетау қ-сы |
69006 |
73628 |
16755 |
19807 |
52251 |
53821 |
Ақтөбе |
222437 |
222655 |
95068 |
93175 |
127369 |
129481 |
Ақтөбе қ-сы |
222437 |
222655 |
95068 |
93175 |
127369 |
129481 |
Алматы |
90894 |
95070 |
23675 |
26449 |
67219 |
68621 |
Талдықорған қ-сы |
54500 |
57853 |
12552 |
14685 |
41948 |
43168 |
Атырау |
228350 |
252402 |
137502 |
160393 |
90848 |
92009 |
Атырау қ-сы |
225620 |
249601 |
137495 |
160387 |
88125 |
89213 |
Шығыс Қазақстан |
243301 |
245708 |
57817 |
56871 |
185485 |
188837 |
Өскемен қ-сы |
177580 |
179229 |
43901 |
43308 |
133679 |
135921 |
Жамбыл |
71138 |
77230 |
18155 |
23404 |
52983 |
53826 |
Тараз қ-сы |
69340 |
74831 |
18007 |
23245 |
51333 |
51586 |
Батыс Қазақстан |
116872 |
114692 |
36014 |
32431 |
80858 |
82262 |
Орал қ-сы |
116872 |
114692 |
36014 |
32431 |
80858 |
82262 |
Қарағанды |
312379 |
315018 |
82356 |
80380 |
230024 |
234638 |
Қарағанды қ-сы |
248525 |
249251 |
65343 |
62133 |
183182 |
187118 |
Қостанай |
155842 |
156485 |
34545 |
33328 |
121296 |
123157 |
Қостанай қ-сы |
1372257 |
142433 |
25129 |
28662 |
112097 |
113771 |
Қызылорда |
103265 |
138628 |
62372 |
97341 |
40893 |
41287 |
Қызылорда қ-сы |
103265 |
138628 |
62372 |
97341 |
40893 |
41287 |
Маңғыстау |
353459 |
378423 |
257425 |
280261 |
96034 |
98162 |
Ақтау қ-сы |
307198 |
316642 |
212922 |
22298 |
94275 |
96344 |
Павлодар |
203013 |
211161 |
80965 |
86589 |
122048 |
124572 |
Павлодар қ-сы |
168891 |
177484 |
70404 |
77659 |
98487 |
99825 |
Солтүстік Қазақстан |
81320 |
83689 |
14451 |
16036 |
66869 |
67653 |
Петропавл қ-сы |
81320 |
83689 |
14451 |
16036 |
66869 |
67653 |
Оңтүстік Қазақстан |
174622 |
175833 |
45279 |
47643 |
129343 |
128190 |
Шымкент қ-сы |
174622 |
175833 |
45279 |
47643 |
129343 |
128190 |
Ескертпе: http://www.nationalbank.kz/ |
Информация о работе Қазақстан республикасындағы депозиттік нарықтың қазіргі жағдайы