Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 22:22, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................
6
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері..................................................................................................................

9
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі...............................................
9
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтері.......
12
1.3 Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану..........
19
2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қызмет ету механизмін талдау.......................................................................................................................
23
2.1 Ұлттық қорды қалыптастыруды және оны пайдалануды талдау...............
23
2.2 Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды талдау.........................
26
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының пайдалану бағыттары.....
30
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттарын болашақта қалыптастыру және пайдалану бағыттары...........................................................
39
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынын каражатын калыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы.........................................................................
39
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асырудағы Ұлттық қордың орны..............................................................................................
43
Қорытынды..............................................................................................................
61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................

Файлы: 1 файл

Doc.finance.doc

— 970.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе.....................................................................................................................

6

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері..................................................................................................................

 

9

    1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі...............................................

9

    1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтері.......

12

1.3 Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану..........

19

2 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қызмет ету механизмін талдау.......................................................................................................................

23

2.1 Ұлттық қорды қалыптастыруды және оны пайдалануды талдау...............

23

2.2 Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқаруды талдау.........................

26

2.3  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының пайдалану бағыттары.....

30

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттарын болашақта қалыптастыру және пайдалану бағыттары...........................................................

39

    1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынын каражатын калыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы.........................................................................

39

    1. Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асырудағы Ұлттық қордың орны..............................................................................................

43

Қорытынды..............................................................................................................

61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................

65




Кіріспе

 

 

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс - қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады.Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.

Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы  барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте,бір жылға жасалынады,бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша ролін айқындайды. 
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің  бірі. Ол экономикаға мемлекеттің  орталықтандырылған ақша қорын жасаумен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің  жиынтығы болып табылатын бюджеттік  механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады. 
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң). 
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн.

Бюджеттік жоспарлау  мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.

Бюджет және мемлекеттік  бюджет жүйесі жалпы ұлттық өнімді (ЖҰӨ) және ұлттық кірісті бөлу мен  қайта бөлу процесінде пайда болатын  экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады. Бюджет барлық сатыларына белсенді ықпалын тигізеді, өйткені кірістер мен шығыстардың сандық және сапалық формалары ретінде қатысатын бюджеттің дамуы мен жетілуін ең алдымен экономикалық қатынастардың дамуы мен жетілуі негізінде қарастыру қажет.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму түрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі  Ұлттық қордың рөлі мен мәні оның атқаратын функциялары бойынша да көріністе. Ұлттық қор жинақтаушы және түрақтаушы функцияларды іске асырады. Бірінші функциясы арқылы негізінде экономиканың шикізаттық секторы түсімдерінің белгіленген болігінен қүрайтын қаржы активтерін қорландыруды қамтамасыз етеді. Екінші функциясы мемлекетгік бюджет шикізаттық ресурстардың әлемдік бағалары конъюктурасының мемлекеттік қаржылар ахуалына әсерін тегістеуді қамтамасыз етеді. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында келесідей айтылған. Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін өзіндік бір "қауіпсіздік көпшігіне” айналды. Оның ендігі міндеті – тұрақтылық пен өркендеудің кепілі болу.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын қалыптасытру мен пайдалану  дүниежүзілік және ішкі товар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.

Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі  есебі мен есептемесі ұлттық валютамен  жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырылады.

Қор республикалық және жергілікті бюджеттдің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйысдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың, бонустардың, роялтилердің бектілген соммаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен қалыптасады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен мәселелерін қарастыру және оны пайдалану бағыттарын анықтау болып табылады.

Осы мақсатға жету үшін келесі міндеттер орындалды:

- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін қарастыру;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының мәні мен қызметтерін анықтау;

- Ұлттық қорды қалыптастырудың қайнар көзі және оны пайдалану ьағыттарын зерттеу;

- Ұлттық қорды қалыптастыруды  және оны пайдалануды талдау;

- Ұлттық қор активтерін  басқаруды талдау;

- Қазақстан Республикасы  Ұлттық қорынын каражатын калыптастыру  және пайдалану тұжырымдамасын жасау.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан  Республикасяның Ұлттық қоры табылады. 

Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудағы экономикалық қатынастар жиынтығы.

Берілген дипломдық жұмыстың жазылуына  Қазақстан Республикасының заңдық және нормативтік актілері, шетелдік және қазақстандық монографиялар, оқу құралдар мен оқулықтар, сонымен қатар, периодикалық басылымдағы мақалалар әдіснамалық негіз болып табылды.

 

 

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құрудың теориялық негіздері

 

    1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

 

 

Бюджеттік жүйе мемлекеттің  барлық қаржы жүйесінің маңызды  құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік  жүйе экономикалық категория ретінде  мемлекеттің орталандырылған ақша қорын бюджетті қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару орғандарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі. [1]

Бюджеттік жүйе құрылымында  Төтенше мемлекеттік бюджет пен  Ұлттық қор қарастырылады.

Елдің бюджеттік жүйесінің  орталық орнын келесі қаржы жылға  Қазақстан Республикасының заңымен  бекітілетін республикалық бюджет алады. Жаңа Бюджеттік кодекс бойынша  республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан  және мемлекеттік биліктің орталық орғандарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа түрлеріне де берілген. Олар жергілікті мемлекеттік орғандардың функцияларын қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.

Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мұндай бюджет тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағында төтенше немесе әскери жағдай жарияланса.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін томендетуге арналған.

Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізі келесі қаржылық қатынастары:

  • мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесі жөнінде;
  • мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржыландыру жөнінде;
  • мемлекеттің халықпен бюджет кірісін калыптасу және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде;
  • қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министрлігі, ¥лттык банк және т.б.);
  • мемлекеттіц шетелдік мемлекеттермен.

Қаржылық қатынастардың  барлық бұл формалары мемлекетпен  реттеледі, жетілдіріледі және белгілі  принциптер мен құқықтық нормалар негізінде басқарылады.[2]

Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасьшда басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудыц да негізгі принциптері болып саналады. Бюджеттік кодексте жоғарыда айтылған принциптердін әр біреуіне түсініктеме берілген.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық қор түсімі