Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2014 в 17:46, дипломная работа
Бүгінгі таңда қолма-қол ақшаны үйде немесе банк депозиттеріне орналастыру, сонымен қатар жылжымайтын мүлікке инвестициялаудан басқа Казақстан қаржы нарығы уақытша бос ақша ресурстарын орналастырудың жаңа балама әдісін, яғни институционалды инвесторлардың қызметін ұсынып отыр. Бірақ институционалды инвесторлардың барлығына ортақ жалпы мәселе институционалды инвесторлардың инвестициялық қызметін басқару жүйесінің жеткіліксіз дамуы. Инвестиция тартушы құралдардың жеткіліксіздігі институционалды инвесторлар активтерінің табыстылығының төмендеуін күшейте түсті. Бұны екі фактормен байланыстыруға болады: депозиттер мен барлық бағалы қағаздар категорияларына қатысты табыстылықтың жалпы төмендеуі және соңғы жылдар аралығында АҚШ долларына қатысты теңгенің девальвациясы. Бағалы қағаздар нарығында табиғаты жағынан нарықтық болып табылмайтын келісімдер де бар.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1
Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері........................................6
1.1
Бағалы қағаздар нарығы – экономиканы қаржыландырудың негізгі көзі.......6
1.2
Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың түрлері және олардың қызмет ету ерекшеліктері.........................................................17
1.3
Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі.................................................................................28
2
Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін және даму бағыттарын талдау...............................................36
2.1
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму жағдайы мен басымды бағыттарын бағалау............................................................................................36
2.2
Институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар портфелін басқарудағы негізгі қаржы-экономикалық шараларына талдау жасау...............................43
2.3
Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қаржылық қызметінің тиімділігін талдау.........................................................50
3
Нарықтық экономика жағдайында институционалды инвесторлардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерін дамыту жолдары.............57
Қорытынды..............................................................................................................64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................67
Қосымшалар.............................................................................................................71
ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары:
Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуын 3 кезеңге бөлуге болады:
1-кезең. 1998-2001 жылдар - жүйенің және оның қатысушыларының қалыптасу уақыты. Бұл кезеңде жүйеде қызмет ететін барлық қатысушылардың қызметін міндетті лицензиялау енгізілген болатын; зейнетақы активтеріне иелік ету жөнінде шектеулер белгіленді.
2-кезең. 2001-2004 жылдар реформалау тәжірибесі зейнетақы жинақтарының сақталуы мен ерікті зейнетақы тәсілдерін дамыту мәселелерін шешуді талап етті. Осыған байланысты іс-әрекет ететін заңнамаға келесідей толықтырулар енгізілді: инфляция деңгейін ескере отырып, ЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінің сақталуына мемлекеттік кепілдік енгізілді; еңбек жағдайлары ерекше қауіпті өндірістерде істейтін қызметкерлер үшін, жұмыс берушінің есебінен қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыру; зейнетақы алушының жасына және жеке зейнетақы шотындағы жинақтардың мөлшеріне қарай жинақтаушы зейнетақы қорларынан кесте бойынша берілетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың жаңа ережесі қолданысқа енгізілді.
3-кезең. 2005-2006 жылдар. Зейнетақы жүйесінде пайда болған мәселелерді шешу бойынша бірқатар шараларды атап өтуге болады. Қазіргі кездегі пайда болған мәселелер 2005 жылы қараша айында өткен V Қазақстан қаржыгерлерінің конгресінде қаралған сұрақтар мен оларды төмендету не жою ұсыныстары берілген болатын.
Осы ұсыныстарды қабылдау арқылы зейнетақы жүйесінің басты мәселесі болып табылатын зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысының төмен болу мәселесін шешуге болады.
2006 жылдың 1-ші шілдесінен бастап зейнетақы жүйесіндегі субъектілердің өзара байланысы өзгереді. Қазіргі жағдайда зейнетақы жарналары зейнетақы қорлар шотына аударылады, ал зейнет жасына жеткен кезде қор мемлекеттік орталыққа аударуы тиіс. Жаңа жобаға сәйкес зейнетақы жарналары мемлекеттік орталыққа аударылатын болады. Осыған байланысты зейнетақы жүйесінің келесідей міндетгерді шешуге жағдай жасалады:
Зейнетақы қорлары міндетті түрде компаниямен және кастодиан-банкпен келісімшартқа отыру қажет екенін атап айтқанбыз. Бірақ, егер ЖЗҚ мемлекеттің қойған талабына сай болса, онда ЖЗҚ өзі зейнетақы активтерін басқаруы бойынша құқықты алуға, сондай-ақ компаниямен келісімге отырмауға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік талаптар: меншік капиталы заңнамада көрсетілген деңгейде және қор құрылымында сәйкесінше лицензиясы бар білікті (квалификациялық) менеджерлердің болуы. Бұл талаптарға мемлекетте тек 2 қор сай. Олар «ГНПФ» ЖЗҚ және «Қазақстан Халық банкінің ЖЗҚ» болып табылады.
Әрине, бұл қорлар қызметінің одан ары ілгері дамуына септігін тигізеді. Себебі, компаниямен келісімшартқа отырғанда ЖЗҚ инвестициялық табыспен бөліcyге тура келеді. Сондықтан да инвестициялық табысты өзіне аудару қор пайдасының өсуіне әсер етеді.
Зейнетақы қорлары азаматтардың жинақталған қаражатын өсірту мақсатында зейнетақы активтерін инвестициялайды. Бірақ, салымшының құқықтарын қорғау мақсатында мемлекет инвестициялау объектілерін және олардың нормаларын бекітеді. Осы нормаларды орындамау жағдайында мемлекет лицензияны қайтарып алуға құқығы бар. Мемлекетіміздің және шетелдегі экономикалық, өндірістік жағдайларға байланысты инвестициялау нормалары жыл сайын өзгертіледі.
Қазіргі кезде негізгі сұрақ - бұл инвестициялық табыстың төмен болуы. Қаржыгерлер Конгресінде инвестициялық табыстың инфляция деңгейінен де төмен екендігін баяндаған болатын. Мұның негізгі 2 себебі бар:
Зейнетақы қорлардың өкілдері бұл мәселені шешу жолы ретінде келесідей ұсыныс берген – зейнетақы активтерін өндіріске, бизнеске, рейтингі жоғары емес компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсауына мемлекет тарапынан рұқсат сұрап отыр. Яғни, жоғарыдағы портфель нормасында зейнетақы қорлары ұсынған объектілерді енгізумен байланысты. Бірақ, зейнетақы активтері халық қаржысы болғандықтан үкімет тәуекелді жоғарылатпауға тырысады.
Барлық мемлекеттердің негізгі туындайтын мәселесі осы зейнетақы жүргізу бағыттарына байланысты болып келеді. Бір жағынан, өз азаматтарын әлеуметтік қорғау үкіметтің міндеті болып табылады. Екінші жағынан, нарықтық экономика үлгісін қабылдаған мемлекеттің шығыстары барынша үнемді пайдалануы қажет, ал мемлекеттік шығыстарды ақшаны эмиссиялау арқылы қаржыландыру экономиканың тұрақсыздығына әкелетінін түсінеміз. Әрине, зейнетақы жүйесінің шешілмеген жақтары да бар. Біздің мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік, өндірістік жағдайды ескере отырып, зейнетақы жүйесінің қосымша жаңа бағыттарын таңдауға ұмтылуы қажет.
1.3 |
Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі |
Бүгінгі жаһандану кезінде қазіргі экономиканың тұрақты әрі қарқынды жетілуі үшін бағалы қағаздардың әлеуметтік – экономикалық басымдылығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бағалы қағаздардың әлеуметтік – экономикалық тиімділігі және олардың экономикалық қатынастарының дамуы Қазақстан Республикасының ең маңызды және бүгінгі күннің талабы.
Бағалы қағаздардың тұрақты дамуы экономикалық өсуді қаржыландырудың ең қолайлы тетіктерінің бірі болып есептеледі.
Бағалы қағаздар нарығында негізгі қоғамға қажетті екі міндеттер шешеді:
Қазіргі техника мен телекоммуникациялардың дамуы капиталдың бір ұлттық нарықтан екінші нарыққа жедел түрде аударуға мүмкіндік туды. Алайда, бұл тек артықшылық ретінде ғана емес, сондай-ақ кемшілік ретінде қарастырылады. Себебі, ұлттық экономиканың басқа экономикадан тәуелділігі жоғарлайды, нәтижесінде ұлттық бағалы қағаздар нарығы тұрақсыз жағдайға әкелуі мүмкін.
Екінші жағынан, жаһанданудың салдарынан жеке ұлттық нарықтардың өзара бәсекелесі артады. Батыс экономистердің пікірінше, соңғы он жылдықтарда дамушы мемлекеттерде инвестициялық ресурстарға деген қажеттілік жоғарлайды. Бірақ, инвестицияланатын капитал көлемі әлемдік экономиканың қажеттілігінен төмен сипат алады.
Көптеген дамушы мемлекеттер үшін ұлттық экономикаға инвестиция тарту негізгі мәселе болып саналады. Осы мәселені шашуде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті артықшылықтар бар, оларды келесі топтарға бөлуге болады:
Әр факторлық жүйе инвестор үшін маңызды ақпарат болып табылады. Оның оң жағдайы инвестордың шешіміне тікелей тәуелді. Себебі, нарықты нарыққа капиталды жұмсау кезінде инвесторлардың инвестициялық тәуекелі бар.
Сондықтанда, Қазақстан Республикасының негізгі сұрағы ретінде ұзақ мерзімге экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік тәжіриебеде көрсеткендей, экономиканың нақты секторларына ауқымды инвестициялық ресурстарды тарту және оларды тиімді пайдалану механизмін ұйымдастыру арқылы бұл мақсатқа жетуге болады.
Осыдан, Қазақстан экономикасында бағалы қағаздар нарығының рөлі артады. Бағалы қағаздар нарығы республиканың экономиасына шағын инвесторлардың қаражаттарын тарту керек. Бағалы қағаздар арқылы қаражаттарды тарту инфляциялық емес әдіс болып есептелінеді.
Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының қалыптасу кезеңінен өтті. Кейбір элементтер бойынша даму серпініде байқалады. Мысалға, пайлық инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорлардың қызметтерін жатқызуға болады. Алайда, бағалы қағаздар нарығының негігі бағыты жеткілікті деңгейде жүзеге асырылмайды. Бағалы қағаздар арқылы шоғырланған қаражаттар өндіріс аясына жеткізілмейді. Оған келесідей бірқатар себептер бар:
Аталған себептерге байланысты, өндірістік салаларға бағалы қағаздар арқылы қаражат жұмсау мәселесі түындайды. Зейнетақы қорлары және банктердің бағалы қағаздарды эмиссиялау арқылы корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарына қаржы бөлу бірнеше сатылардан тұрады. Ал, бұл қаржы ресурстардың қымбаттылығына әкеледі. Сондықтанда, корпоративтік эмитенттер бағалы қағаздарды шығаруға қызығушылық танытпайды.
Ішкі инвестициялық ресурстарды тарту стратегиялық маңызы бар мәселеге жатқызылады. Экономикның нақты секторларына инвестицияны тартуды қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, қаржы дағдарысын алдын – алу үшін келесідей шаралар жиынтығын жүргізу міндетті:
Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығын, қажеттілігін байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгереді.
Алғашқыда, реттеу қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі атқарған. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөнінде Ұлттық комиссиясына қызметті аударған болатын. Бірақ, Үкіметтің қаулысымен, 2001-2004 жылдар аралығында ҚР Ұлтық банкі бағалы қағаздар нарығын реттеу органы ретінде өз жұмысын атқарған болатын. Тек, 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қаржылық қадағалау мен реттеу Агенттігі бағалы қағаздар нарығының жаңадан құрылған реттеуші орган ретінде бекітілді.
Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік реттеуді жүргізуіне байланысты. Бағалы қағаздар нарығын реттеудің құралдарын, әдістерін және бағыттарын таңдау нарыққа ғана емес, мемлекеттің бүкіл экономикалық жүйесіне әсер етеді. Бағалы қағаздар нарығын реттеу – бұл өкілетті қатысушылардың қызмет процесінде пайда болатын қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығын реттеу нарықтың барлық қатысушылары, ресурстары, қызметтері мен операциялары қамтылады. Реттеудің 2 негізгі үлгісі бар: мемлекеттік және өзін-өзі реттеу.
Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу тікелей және жанама түрде жүзеге асырылады. Тікелей мемлекеттік реттеуге келесілер жатады: нарық субъектілерінің қызметтеріне қатысты заңнамаларды шығару, нарық субъектілерін лицензиялау, инвесторларды қорғау шараларын жасау және т. б. жатады. Ал, жанама мемлекеттік реттеу мемлекеттің экономикалық тұтқалары және капиталдары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тұтқалар мен капиталдарға салық, ақша саясаты, мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік меншік, сыртқы экономикалық байланыстар жатқызылады. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы еліміздің егемендігін алғаннан басталды. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді негізінен 4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізетін және қадағалайтын органдарға байланысты.
Ескерту – ғылыми зерттеу нәтижесінде автормен құрастырылған.
Сурет 3. ҚР бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің қазіргі үлгісі.
3-ші суреттен көріп отырғанымыздай, қазіргі уақытта ҚР бағалы қағаздар нарығын реттеудің негізгі 4 мемлекеттік органдары бар. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бағалы қағаздар нарығындағы негізгі рөлі – бұл мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және мемлекеттегі қаржылық институттардың өтімділігін ұстап тұру. ҚР Ұлттық банк ЕДБ-дің актив бөлігіндегі өтімділікті сақтау арқылы өзінің бағалы қағаздарын шығару қызметін атқарады.
Информация о работе Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қызметін ұйымдастыру