Банкроттықтың пайда болу себептері. Банкроттықтың міндеті, мақсаттары. ҚР банкроттық туралы Заңға сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2013 в 15:03, реферат

Описание работы

Нарықтық экономикаға ену біздің қаржылық жаңа түсініктің – кәсіпорынның банкроттығы түсінігінің пайда болуымен сипатталады. Қаржылық тұрғыдан банкроттық кәсіпорынның қаржылық жұмысының апаттық тәуекелдікке баруын сипаттайды. Нәтижесінде ол белгіленген мерзімде кредитор жағынан қойылған талабын қанағаттандыра алмайды, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындай алмайды. Кәсіпорынның банкрот болуы бұл заңдылық факт болғанымен (кәсіпорынның банкрот болуын тек арбитраждық сот қана шешеді), оның негізінде қаржылық себептер жатыр. Олардың негізгілеріне жататындар: кәсіпорынның шаруашылық жұмысына бөгет жасайтын, кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының бұзылуы. Бұл апаттық тәуекелдің іске асырылуы, кәсіпорынның қаржылық оның активтерінен артық болуымен сипатталады.

Файлы: 1 файл

Банкроттықтың пайда болу себептері. Банкроттықтың міндеті, мақсаттары.ҚР банкроттық туралы Заңға сипаттама..docx

— 8.12 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

 

 

 

 

 

Банкроттықтың пайда болу себептері. Банкроттықтың міндеті, мақсаттары.ҚР банкроттық туралы Заңға сипаттама.

 

 

 

Орындаған:Сюмағанбетова Б.М.

                                                            Тексерген: Боранбаева Айнур

                                                            Тобы: Қаржы - 333, 3 - курс

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012ж

Нарықтық экономикаға ену біздің қаржылық жаңа түсініктің – кәсіпорынның банкроттығы түсінігінің пайда болуымен сипатталады. Қаржылық тұрғыдан банкроттық кәсіпорынның қаржылық жұмысының апаттық тәуекелдікке баруын сипаттайды. Нәтижесінде ол белгіленген мерзімде кредитор жағынан қойылған талабын қанағаттандыра алмайды, бюджет алдындағы міндеттемелерді орындай алмайды. Кәсіпорынның банкрот болуы бұл заңдылық факт болғанымен (кәсіпорынның банкрот болуын тек арбитраждық сот қана шешеді), оның негізінде қаржылық себептер жатыр. Олардың негізгілеріне жататындар: кәсіпорынның шаруашылық жұмысына бөгет жасайтын, кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының бұзылуы. Бұл апаттық тәуекелдің іске  асырылуы, кәсіпорынның қаржылық оның активтерінен артық болуымен сипатталады.

Кәсіпорынның бұндай қаржылық жағдайы «таза теріс құндылықты» (немесе таза тапшылықтың құнды), көрсетеді. Ол келесі формула арқылы анықталады:

ТТқс =ҚКс – Ас;

Мұндағы:

ТТқ – кәсіпорынның таза тапшылық құнының сомасы; 
Қк -  кәсіпорынмен пайдаланылған қарыз капиталының (оның қаржылық міндеттемесі) сомасы; 
А – кәсіпорын активтерінің сомасы

Ұзақ мерзімді кезеңдегі ақша ағындарының көлемінің елеулі теңгеоімсіздікте болуы. Бұл апаттық тәуекелді іске асыру ұзақ мерзімді ақша ағындарының көлемінің артуымен сипатталады және болашақта бұндай негативті үрдісті өзгерту екіталай.

Активтердің төлем өтімділігімен байланысты, кәсіпорынның кезекті қаржылық міндеттемелерінің оның қалдық ақша қаражаттарының кәсіпорын активтерінен артық болуымен сипатталады.

Қолданған себептердің сипаты көрсеткендей, кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігі оның банкроттығын заңдылық түрде анықталуы, көп жағдайларда қаржы менеджментінің нәтижесіздігі (тиімсіздігі) салдарынан болады.

Тұрақсыз экономика жағдайында, менеджерлердің біліктіліктің төмендігі және олардың қаржылық жұмыстарды агрессивті формада орындауға бейімділігі нәтиесінде банкроттық көбірек тарайды. Бұл дәрменсіз кәсіпорындардың қаржылық жұмыстарының терістігі салдарынан, кеңейтілген мемлекеттік реттеуді қажет ететін мәселе, үйткені еліміздің экономикасының дамуына әсерін тигізеді. Бұл терістік салдар келесі терістік жайларымен сипатталады:

  • Кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігі– табыст істейтін кәсіпорындар, олардың қауіпті қаржылық тәуекелдікті тудырады. Оларға жұмыс барысында барынша экономикалық шығынға ұшыратады. Бұл еліміздің экономикалық дамуына кеір әсерін тигізеді.
  • Қаржылық дәрменсіз кәсіпорын мемлекеттік бюджеттің табыстың бөлігінің және бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуын қиындатады және қаралған экономикалық әлеуметтік даму бағдарламасының орындалуын кешіктіреді
  • Оған берілген кредиттік ресурстар (тауарлық және ақшалай) сенімді пайдаланылмайды, қаржылық дәрменсіз кәсіпорын кәсіпкерлік салада қолданылатын капиталға жалпы табыстың нормасын төмендетуге ықпал етеді.
  • Қаржылық қиыншылықтарға байланысты өз шаруашылық жұмысының көлемін  қысқартуға мәжбүр болған бұндай кәсіпорында жұмыс орындарын қысқартады және қоғамдық өндірісте жұмыскерлер саны азаяды, нәтижесінде ел әлеуметтік шиеленісті күшейтеді. Жоғарыда айтылғандарға байланысты кәсіпорынның банкроттығы механизімін капиталды, өтімді пайдалану мақсатымен қайта бөлудің  пәрменді түрі ретінде қарастырған жөн.
  •  Банкроттықтың түсінігі оның әртүрлігімен сипатталады. Заңдылық  және қаржылық да кәсіпорынның банкроттығының келесі түрлерін қарастырады. Нақтылы банкроттық. Бұнда кәсіпорын алдағы кезеңде:
    • қаржылық тұрақтылығынан және 
    • төлем қабілеттігін 
    • қолданылған капиталдың нақты жоғалуына байланысты; қалпына келтіруге толық қабілеттігінің жоқтылығымен сипатталады. Капиталдан айырылудан апаттық  деңгейі бұл кәсіпорынға алдағы кезеңде шаруашылық жұмысын орындауға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде ол Заң бойынша банкрот болып хабарланады.
    • Техникалық банкроттық. Кәсіпорынның дебиторлық маңызын төлем мерзімін созуға байланысты төлем қабілетсіздік жағдайын сипаттайды. Бұл жағдайда кәсіпорынның дебиторлық қарызының мөлшері кредиторлық қарызының мөлшерінен артық болады, оның сомасы оның қаржылық міндеттемелерінің көлемінен біршама артық болады. Техникалық банкроттықта, кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарылса, оған сауықтыруды қысқаша, әдетте оны заңдылықпен банкроттыққа жіберіледі.
  • Қасақы іс-әрекетпен банкроттық. Ол әдейі басшылармен немесе кәсіпорын иелерімен оны төлемқабілетсіз етілуі, кәсіпорынға олармен экономикалық зиян шегуді, алдын ала біліктіліксіз  қаржылық басқаруды сипаттайды. әдейі банкроттық жасау фактілері анықталса, оларды қылмыстық ретпен жазалайды.
  • Жалған банкроттық. Кәсіпорынмен әдейі өзінің дәрменсіздігі туралы кредиторларды алдау мақсатымен олардан өз кредиттік міндеттемелерінің мерзімін ұзарту мақсатында кәсіпорынмен
  • Хабарлама жасайды. Бұндай қылмыстың ретпен қолданып, шара қолданылады.
  • Рыноктың теориясы 18 ғ. Адам Смит кезінде дамыған. Рональда Коуза жазған еңбектерінде фирмалардың экономикалық қатынастарын анықтаушы механизмдер және фирмалардың сыртқы дүниемен экономика қатынасы туралы қарастырылған.
  • Фирмалардың теория тұрғысынан банкроттық– дағдарыстың түрі ретінде қарастырылады. Кәсіпорындар әр түрлі дағдарыстарға душар болады (экономикалық, қаржылық, басқару) және банкроттық солардың біреуі ғана.Бұндай жағдайда банкроттықты– қаржылық дағдарыс деп түсінуге болады, яғни фирмалардың өз ағындағы міндеттемелерін орындауға қабілетсіздігі. Бұл айтылғандардан басқа фирма экономикасын дағдарысқа ұшырауы мүліктік (фирмасын материалдық ресурстары тиімсіз пайдаланылады).Басқару дағдарысы– адам ресурстары тиімсіз пайдаланылады – басшылардың компетентсіздігін басқару дұрыс.
  • Банкроттықтың мақсаты.Экономикалық әдетке сәйкес банкроттықтың мақсаты– кәсіпорынды қаржылық тұрақтандыру – дағдарысқа қарсы менеджментті қолдана отырып, оның ішінде бәсекелестікке сай келетін өнімдер өндіру, табыстылықты  арттыру және т.б.
  • Ұйымдық– құқықтың әдетке сай банкрттықтың мақсаты – банкроттық процедураларды жүргізу.  Бірақта, экономикалық және  ұйымдық – құқықтық мақсаттарын бір – бірімен ажыратуға болмайды. Егер қоғамда банкроттықтың ұйымдық –құқықтық механизмі болмаса, онда экономикалық өзінің тиімділікпен біршама айырылады. Банкроттық ткралы заң рентабельсіз жұмыс кіәсіпорындардың басшыларын «құбыжық» болып көрінеді. Оларға дұрыс жұмыс істеуге бағыттайды. Қолынан іс келмесе, орынды жас мамандарға беріп, орынды босатуға талап етеді.
  • Мұндай жағдайда экономиканы басқарушы құрылымардың ролін күшейткен жөн. Сонымен, дәрменсіздік режиміне ену өт жеңіл, ал одан шығу өте қиын.
  • Банкроттық процесті шешудегі міндеттері. 
    Сотқа дейінгі кезеңде, кәсіпорын қаржылық  дағдарысқа ұшырайын деп, дағдарысқа қарсы басқаруға кіретіндер:
  • Жаңадан өндірістік саясатты жүргізу;
  • өндірістің технологиясын жаңарту;
  • кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыру;
  • жаңа сату саясатын жүргізу;
  • басқарудың ұйымдық – құрылымын жетілдіру;
  • дағдарыстан шығу шараларын жасау.
  • Банкроттық — кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР “Азаматтық Кодексінің” 52-, 53-, 54-, 55-, 56-, 57-баптарында, “Банкроттық туралы” заңда (21.1.1997) көзделген. Осы актілерге сәйкес Банкроттық ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Алайда борышқор арызын соттың тиісті шешімінсіз кері қайтарып ала алмайды. Ал, ықтиярсыз Банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаларын жасырып қалу мақсатымен “жалған Банкроттыққа” ұшырау деректері де кездеседі. Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады. Егер бір ай ішінде мұндайлар табылмаса, кәсіпорынның Банкроттықғы туралы іс заң құжаттарында көрсетілген тәртіппен қаралады да кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып, таратылады.
  • Экономикалық, қызмет саласындағы қылмыс, коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, ірі зиянға немесе өзге де ауыр залалдарға апарып соғуы.
  • Коммерциялық ұйым басшысының немесе оның меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

Информация о работе Банкроттықтың пайда болу себептері. Банкроттықтың міндеті, мақсаттары. ҚР банкроттық туралы Заңға сипаттама