Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 19:49, доклад
Беларусь Республикасының қаржы жүйесін талдамас бұрын, қаржы жүйесі дегеніміздің өзі не? Соған қысқаша тоқтала кетсек, «Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті ақша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Елдің біртұтас қаржы жүйесі - тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тақырыбы: Беларусь Республикасының қаржы жүйесі
Алматы 2013ж
Беларусь Республикасының қаржы жүйесін талдамас бұрын, қаржы жүйесі дегеніміздің өзі не? Соған қысқаша тоқтала кетсек, «Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті ақша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Елдің біртұтас қаржы жүйесі - тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы. Қаржы жүйесі түрлі критерийлер бойынша сыныпталады. Қаржы жүйесі терминінің келтірілген анықтамасында қаржының мәндік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық үдерістегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы моделі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
-қаржылық қатынастардың жиынтығы;
-ақшалай қорлардың жиынтығы;
-басқарудың қаржылық аппараты.
Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Беларусь мемлекетінің қаржы жүйесі.
Беларусь Республикасы — Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жер көлемі — 207,6 мың км2. Халқы — 10 млн. 203 мың адам. Белоруссия ЖІӨ көлемі бойынша әлем мемлекеттері ішінде 61 орында. Астанасы — Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік басқарылуы тұрғысынан жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі — беларусь тілі. Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар жүреді. Діні — православие. Ақшасы — рубль. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Ұлттық жиналыс). Ол төменгі (өкілдер кеңесі) және жоғарғы (Республика Кеңесі) палаталарынан тұрады.
Беларусь Республикасының қаржы жүйесі басқа мемлекеттердің қаржы жүйесіне ұқсас болып келеді. Қаржы қатынастарының өзгешеліктеріне байланысты бұл жүйені 3 үлкен сфераға жіктеуге болады:
1. Жалпы мемлекеттік қаржы, яғни орталықтандырылған;
2.Шаруашылық жүргізуші
субъктілердің қаржысы,яғни
3. Мемлекеттің қаржы жүйесін басқару органдары.
Жалпы мемлекеттік қаржы – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъктілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс жасауы үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық байлықтың бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Құрамына: мемлекеттік бюджет, мемлекеттік арнаулы қорлар және мемлекеттік кредит кіреді. Ең маңызды бөлігі мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің орталықтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу. Мемлекеттік бюджеттің өзі жоғары бюджет және төменгі бюджет болып бөлінеді. Төменгі бюджет(жергілікті бюджет):
- алғашқы деңгейлі бюджет (ауылдық,поселктік,қалалық);
- базалық деңгейлі бюджет (аудандық және қалалық);
- облыстық деңгейдегі бюджет және Минск қаласының бюджеті.
Мемлекеттік борыш, мемлекеттік заем - мемлекеттің өтелмеген қарыздары, міндеттемелері, несиелері және оларға байланысты төленбеген пайыздары бойынша берешегінің жалпы сомасы. Тағы бір анықтамасы — мемлекеттің үкімет немесе орталық (ұлттық) банк арқылы жүргізетін қарыздарлық қатынасы. Бұл — басқа мекелерден, елдерден мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабу үшін алынатын қарыз. Барлық елдер экономикалық саясатты жүзеге асыру тетіктерінің бір ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланады. Мемлекеттік борыш бір жағынан, экономикаға ауыртпалық түсіреді және экономикалық жағдаяттың нашарлауына байланысты әсе түседі. Екінші жағынан, Мемлекеттік борыш пен бюджеттен қаржыландыру - экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы. Ол ақша айналысына, тұтыну, жинақ ақша, инвестиция деңгейіне тұрақтандырушы ретінде де, тұрақсыздандырушы ретінде де әсер етуі ықтимал, яғни экономикалық өсуге серпін беруі де, оны тежеуі де мүмкін. Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыштарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы борыштарға, мерзіміне қарай
- қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;
- орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін;
- ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - борыш түрлеріне бөлінеді.
Коммерциялық ұйымдар қаржысы - қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады. (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс кәсіпорындары байланыс, сауда т.б).
Бейкоммерциялық ұйымдар қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты қолдануы мен бөлуіне байланысты анықталады. (халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, көлік, денсаулық сақтау, қоғамдық ұйымдар, мәдени және ғылыми қызмет көрсету және т.б).
Үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігі. Азаматтар өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.
Кез-келген елдің қаржы жүйесі өзгеріссіз, тұрақты деп кесіп айтуға болмайды, себебі қоғамда болып жатқан экономикалық қатынастардың дамуы қаржы жүйесінің өзгерісіне алып келеді. Жалпы, қаржы жүйесі қаржы қатынастарының әр түрлі сфераларының құрылымы болып табылады және осы процесс нәтижесінде ақша қорлары құрылады және қажетті шараларға, нысандарға жұмсалынады, қолданылады. Беларусь Республикасында қаржы саясатын жүргізетін және қаржыны басқаруды жүзеге асыратын орталық орган Белорусь Республикасының Қаржы Министрлігі болып табылады. Қаржы аппараты - мемлекеттік аппараттың бір бөлігі. Қаржы жүйесінің құрамы көп жағдайда мемлекеттің құрылымына, яғни унитарлық немесе федерациялық мемлекет екеніне байланысты. Белорусь Республикасы унитарлы мемлекет. Сондықтанда Ресей Федерациясымен салыстырғанда Беларусияның қаржы жүйесінде біршама ерекшеліктер бар. Мысал келтіретін болсақ, Беларусия қаржы жүйесінің құрамында «биліктің федеральді органдарының қаржысы» атты звено жоқ және Ресейдің қаржы жүйесінде 30-дан астам бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар бар болатын болса, Беларусияда бұлардың саны біршама аз.