Дебиторлық қарыздар аудитінің негізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2015 в 18:22, реферат

Описание работы

Кәсіпорын шаруашылық қызметінде сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен, банктермен, жабдықтаушылармен, еншілес, тәуелді ұйымдармен, қызметкермен, бюджетпен, инвесторлармен және т.б. есеп айырысады. Есептеу әдісін қолдана отырып, нақты ақшасыз есеп айырысу жүйесінде дебиторлық қарыздардың пайда болуы заңды құбылыс. Дебиторлық қарыздар заңды және жеке тұлғалармен де пайда болады.

Файлы: 1 файл

АУДИТ.docx

— 22.07 Кб (Скачать файл)

Дебиторлық қарыздар аудитінің негізгі бағыттары

Кәсіпорын шаруашылық қызметінде сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен, банктермен, жабдықтаушылармен, еншілес, тәуелді ұйымдармен, қызметкермен, бюджетпен, инвесторлармен және т.б. есеп айырысады. Есептеу әдісін қолдана отырып, нақты ақшасыз есеп айырысу жүйесінде дебиторлық қарыздардың пайда болуы заңды құбылыс. Дебиторлық қарыздар заңды және жеке тұлғалармен де пайда болады.

Дебиторлық қарыздар – бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке тұлғалардың кәсіпорынға өткізілген өнімі және көрсетілген қызметі үшін тиісті қарыздары. Есеп айырысу операцияларын дұрыс ұйымдастыру ұйымының қаржыларының жоғары айналымдылығын қамтамасыз етеді, шарттық және есеп айырысу тәртібін нығайтады, оның қаржы жағдайын жақсартады.

Дебиторлық қарыздар пайда болу сипатына қарай екі түрге бөлінеді:

  1. Әдеттегі дебиторлық қарыздар
  2. Аяқталмаған дебиторлық қарыздар

Әдеттегі дебиторлық қарыздарға өндірістік бағдарламаны орындау барысында, сонымен қатар іс жүзіндегі есеп айырысу формалары бойына пайда болған қарыздар жатады (мысалы, шағым талаптар бойынша қарыздар, есеп берушілердің қарыздары және т.б.).

Аяқталмаған дебиторлық қарыздар деп есеп айырысу және қаржылық тәртіпті бұзу, есепті жүргізудегі кездесетін кемшіліктердің, материалдық құндылықтарды жұмсаудағы бақылаудың нашарлағандығының, жетіспеушіліктер мен қымқырулардың нәтижесінде пайда болған қарыздар аталады (мерзімінде төленбеген өнімдер, тауарлар, жетіспеушілік пен қымқырулар және т.б. бойынша іздеу мерзімі өтпеген қарыздар). Дебиторлық қарыздардың барлық түрлері бойынша іздеу мерзімі үш жыл.

Дебиторлық қарыздардың аудитінің мақсаты – кәсіпорында есеп айырысуды ұйымдастырудың дұрыстығын бағалау, дебиторлық қарыздардың пайда болуының заңдылығын, оның дұрыстығын және өтеудің ақиқаттығын растау.

Дебиторлық қарыздарды тексеруде аудиторлардың негізгі міндеттері мыналар:

    • Кәсіпорынның балансында көрсетілген дебиторлық қарыздардың сомасының заңды негізделгенін және ақиқаттығын тексеру;
    • Есеп айырысу және қаржылық тәртіптің ережелерінің сақталуын тексеру;
    • Жөнелтілген қорлар үшін алынған сомаларының дұрыстығын, оларды есептен шығарудың толықтығын, есеп айырысу операцияларының болғанын растайтын құжаттардың барын және олардың рәсімдеудің дұрыстығын тексеру;
    • Дебиторларға шағым жасаудың уақытылы және дұрыс рәсімделуін, сонымен қатар бұл істің қозғалысын бақылауды ұйымдастыруын және келтірілген зиянды және басқа есеп айырысу өзара қарым-қатынасынан болған қарыздарды іздестіруді ұйымдастыру тәртібін тексеру;
    • Есеп айырысуларды тәртіпке келтіру, дебиторлық қарыздарды төмендету бойынша кепілдемелер құрастыру.

Аудитор дебиторлармен есеп айырысуды тексере отырып, балансты дебиторлық қарыздардың дұрыс көрсетілгенін анықтауы мүмкін қажет. Бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыздардың есептік кезеңінің соңындағы және есептік кезеңнің басындағы қалдықтарының «Қысқа мерзімді активтер» және «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімдерінде дұрыс көрсетілгенін тексереді.

«Қысқа мерзімді активтер» бөлімінде қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар мынадай баптар бойынша көрсетіледі:

  • 1210 - Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары, мұнда мерзімі бір жылға дейінгі өткізілген(сатылған) өнім және көрсетілген қызмет үшін сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша операциялар, және сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары;
  • 1220 «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары», мұнда еншілес ұйымдармен өткізілген активтер мен көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу бойынша мерзімі бір жылға дейінгі операциялар және еншілес ұйымдардың басқа да кредиторлық қарыздары;
  • 1230 - «Қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары», мұнда қауымдасқан және бірлескен ұйымдармен өткізілген активтер мен көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу бойынша операциялар, мерзімі бір жылға дейінгі, қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары;
  • 1240 - «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары», яғни филиалдардың шоттарына ақша қаражаттарының түсімі және есеп шығарылуы бойынша операциялар, және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары;
  • 1250 - «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары» - қызметкерлердің дебиторлық қарыздарының қозғалысымен байланысты:
  • Активтерді сатып алуға, қызметті төлеуге, іс-сапарларға және басқаларға есеп берушілер есебіне берілген ақша қаражаттары;
  • Қызметкерлерге берілген қарыздар(заем), ұйымға қызметкерлермен келтірілген материалдық зиянды (жетіспеушілік (кем шығу), қымқыру, бұзылу және басқалар), өтеу бойынша есеп айырысулар, және қызметкерлердің басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздары;
  • 1260 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар», ағымдағы кезеңге операциялық және қаржылық жал бойынша ағымдағы жалгерлік төлемдерді жүзеге асырудағы шығындар;
  • 1270 - «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» - дебиторлық қарыздардың қозғалысымен байланысты:
  • Акциялар (қатысу үлесі) бойынша есептелген дивидендтер;
  • Қаржылық жал, берілген заем (қарыздар), сатып алынған қаржы инвестицияары, сенім басқарма, және басқа да есептелген сыйақылар бойынша операциялар;
  • 1280 - «Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар» - мерзімі бір жылға дейінгі басқа да дебиторлық қарыздар бойынша аталған топтарда көрсетілмеген операциялар, мысалы, сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға алынған вексельдер бойынша қарыздар;
  • 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» - күмәнді талаптар бойынша резервтің құрылуы және қозғалысы мен байланысты операциялар. Аудитор 1 бөлім – бойынша дебиторлық қарыздарды тексеруде көңілді іздеу мерзімі өткен қарыздар мен сомаларды уақытылы іздеуге бөлуі қажет.

Дебиторлық қарыздар ұзақ мерзімді активтерде келесі баптар бойынша көрсетіледі:

  • 2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді қарыздары» сатып алушылар және тапсырыс берушілермен өткізілген активтер және көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар бойынша мерзімі бір жылдан жоғары операциялар;
  • 2120 «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» - еншілес ұйымдармен өткізілген активтер мен көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу бойынша мерзімі бір жылдан жоғары операциялар және еншілес ұйымдардың басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары;
  • 2130 – «Қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» - қауымдасқан және бірлескен ұйымдармен өткізілген активтер және көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу бойынша мерзімі бір жылдан жоғары операциялар, және қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары;
  • 2140 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» – филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары есепке алынады;
  • 2150 «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздары» – қызметкерлердің дебиторлық қарыздарының қозғалысымен байланысты қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздары (заем) бойынша операциялар, сонымен қатар ұйымның қызметкерлерімен келтірілген мерзімі бір жылдан жоғары материалдық
  • 2160 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» – қаржылық жал бойынша алдағы кезеңге жалгерлік төлемдерді жүзеге асыру бойынша шығындар, және жал бойынша басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар;
  • 2170 «Алынуға тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар» – ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздардың қозғалысымен байланысты қаржылық жал, берілген қарыздар (заем), сатып алынған қаржылық инвестициялар, сенімді басқарма бойынша есептелінген сыйақылар бойынша операциялар және басқа да алынуға тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар;
  • 2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар» – басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар бойынша аталған топтарда көрсетілмеген операциялар, мысалы, сақтандыру ұйымдарында сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін алынған вексельдер бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар.

Аудитор баланстың баптары бойынша қарыздардың тиісті қалдықтары дұрыс көрсетілгенін анықтауы қажет. Бұл үшін есеп айырысуды көрсетуге арналған шоттар мен аналитикалық есеп регистрлерінің мәліметтерін 11 журнал-ордердің немесе ведомость – машинограмманың, «Бас кітаптың және баланстағы тиісті дебиторлық қарыздардың баптарының қалдықтарымен әрбір есеп айырысудың түрі бойынша қалдықтарын салыстырады, сонан соң есеп айырысудың әр түрін тексереді».

Аудитор дебиторлық қарыздарды тексеруді дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу мағлұматтарын сараптаудан бастау керек. Сатып алушылармен, есеп беруші – тұлғалармен, кәсіпорынның қызметкерлерімен және басқа дебиторлармен есеп айырырысуды түгендеу тиісті құжаттар бойынша қалдықтарды және бұл шоттардағы сомалардың негізделгенін мұқият тексеруден тұрады. Аудитор мен түгендеу комиссиясының мүшелері дебиторлық қарыздардың пайда болуының себептері мен айыпкерлерін, оның пайда болуының ұзақтығын; алудың ақиқаттығын; яғни салыстыру актілерінің немесе дебиторлар өз қарыздарын мойындайтын хаттың барын; іздеу мерзімінің ұзақтығы (үш жыл) өтіп кеткен жоқ па; қарыздарды іздеу үшін қандай іс-шаралар қабылданғанын, дебиторларға жасалған шағым-талаптардың дұрыстығын, шағымдардың шарттық міндеттемелермен бекітілгенін (расталғанын), бұл қарыздарды іздеудің сот тәртібінде ұсынылғанын анықтайды.

Есеп айырысуды түгендеу нәтижесі актімен рәсімделеді. Мұнда түгендеу жүргізілген шоттардың атаулары, дебиторлық қарыздардың сомалары, үмітсіз қарыздар, іздеу мерзімі өткен дебиторлық қарыздар көрсетіледі. Қарыздардың бұл түрлері бойынша есеп айырысуды түгендеу актісінде дебиторлардың атаулары мен мекен-жайы, қарыз сомалары, не үшін ол қарыздар, қай уақыттан және қай құжат арқылы көрсетілген, келтірілген анықтама тіркелінеді. Іздеу мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздар бойынша анықтамада бұл мерзімнің өтіп кеткеніне айыпты тұлғалар көрсетіледі.

 

 

 


Информация о работе Дебиторлық қарыздар аудитінің негізгі бағыттары