Каржы нарыгы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:20, реферат

Описание работы

Қаржы нарығына ақша нарығы, капиталдар нарығы және құнды қағаздар нарығы кіреді. Ақша нарығында бір жылдан аз уақыты бар қысқа мерзімді қаржы құралдары айналады. Капиталдар нарығында ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады. Құнды қағаздар нарығы ақша нарығының және капиталдар нарығының бөлігі болады, өйткені онда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады.

Содержание работы

І.Кіріспе
1 .ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
2 .ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
3 .ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ІІ.Қорытынды
ІІІ.Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

кр каржы нарыгы реферат.docx

— 39.39 Кб (Скачать файл)

 

          Жоспар:

І.Кіріспе

1 .ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

2 .ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

3 .ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ  НАРЫҒЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ІІ.Қорытынды

ІІІ.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қаржы нарығына ақша нарығы, капиталдар нарығы және құнды  қағаздар нарығы кіреді. Ақша нарығында  бір жылдан аз уақыты бар қысқа  мерзімді қаржы құралдары айналады. Капиталдар нарығында ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады. Құнды  қағаздар нарығы ақша нарығының және капиталдар нарығының бөлігі болады, өйткені онда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады. 
Ақша нарығына келесі бөліктер кіреді: қолдағы ақша нарығы, қысқа мерзімді қазына міндеттемелер нарығы, қысқа мерзімді сауда міндеттеме қағаздар (вексель) нарығы. Ақша нарығына қарыз алушының ағымдағы қызметін қамтамасыз етуге пайдаланатын қысқа мерзімді несиелерді де жатқызуға болады; өндірісті кеңейтіп, заман талабына сай етіп жетілдіру үшін пайдаланған несиелер капиталдар нарығына жатады, яғни ақша нарығы оның қатысушыларының қысқа мерзімді қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал капиталдар нарығы – олардың ұзақ мерзімді қажеттіліктерін. Капиталдар нарығында ақша қорлары 1 жылдан көп уақытқа тартылады. Осы бөліктегі қаржы құралдарын ұзақ мерзімді және орташа мерзімді несиелер мен орташа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдар мен орташа мерзімді және ұзақ мерзімді сипатты құнды қағаздар – облигациялар мен акциялар. Уақытша пайдаланбайтын қорлардың шоғырлануы және пайда табу үшін олардың бір іске салынуы қаржы нарығында құнды қағаздардың айналысы арқылы жүзеге асырылады. Құнды қағаздар – нарықта дербес айналысы бар, сату-сатып алу және де басқа мәмілелердің объектісі ретінде бола алатын, мүліктік құқықтарды көрсететін ерекше құжаттар. Құнды қағаздар нарығы аясында меншік қатынастары іске асырылып, экономикалық өсудің қаржы көздері қалыптасып, инвестициялық қорлар шоғырланады. Қаржы нарығының бұл бөлігі нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес инвестициялық қорлардың қайта бөлуін іске асырып, оларды экономиканың келешегі бар және кірісті, пайдалы салаларына жұмылдыруын (шоғырлануын) қамтамасыз етіп, экономикалық жүйенің барлық субъектілеріне ақша капиталын алуға жеңілдік жасайды. 

 

 

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.

Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді.

Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға  бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді ойнайды. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде  қолданылады.

Қаржы нарығы кез  келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.

Сондықтан, қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу мехенизмінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының қызметінің жиынтығын білдіреді.

Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:

  • реттеушілік – оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
  • ақпараттық – қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
  • бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының құйылымын экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ете отырып, қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
  • коммерциялық – қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
  • баға белгілеу – қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Нарықтардағы  сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъекті  ретіндегі үш тобы бар:

  • үй шаруашылығы (жеке тұлға);
  • меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер;
  • мемлекеттік басқару органдары.

Қаржы нарығының  қызметін анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:

  • қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;
  • монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;
  • бағалы қағаздарға инвестиция жұмсауы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарының тұрақты өсуі.
  • Әрбір елге мазмұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған кейбір түрлерін қарастырып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрылымын анықтауға болады.
  • Г.С. Сейтқасымовтың жетекшілігімен жазылған оқулықтағы қазақстандық ғалымдар тобының көзқарастары бойынша қаржы нарығының құрылымы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын, дербес қызмет етуші нарықтардан тұрады.( Ақша нарығы, Ссуда нарығы, Бағалы қағаздар нарығы)

 

С. Ковалевтың түсіндірмесіне орай, қаржы нарығының келесі жіктеуі  келтірілген, сондай-ақ сызбада келтірілген  нарықтарға қысқаша сипаттама беруге болады.

 

 

Ақша нарығы. Ақша қаражаттар қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.

Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалай депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.

Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарды шоғырландыру арқылы әр түрлі мақсаттары үшін заңды және жеке тұлғаларға несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.

Валюта нарығына Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның рөлі үлкен.

Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жағымды әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады.

Сақтандыру және зейнетақы қызметтерінің нарықтары. Бүгінгі таңда зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары біздің еліміздегі нарықта өз қызметін жүзеге асыратын негізгі қаржы делдалдары болып табылады.

Бүгінгі таңда  қаржы нарығы саласында жетекші  орынға ие әлемдік рейтингтік агенттіктер  бар.

ҚР Ұлттық банкі  өз шешімдерін қабылдау үшін нақ осы  компаниялардың рейтингілерін пайдаланады.

Рейтинг мәндерінің трактаты

A.M. Best Co

Moody’s

Standard & Poor’s 

Duff & Phelps

Weiss

Ең жоғары сенімділік

A++, A+

Aaa

AAA

AAA

A+

Жақсы сенімділік

A, A-

Aa1; Aa2; Aa3

AA+; AA; A1

AA+; AA; AA-

A; A-

Өте жоғары сенімділік

B++, B+

A1; A2

A+; A

A+; A

B+; B

Жоғары 
сенімділік

В; B-

A3

A-

A-

B-

Қанағаттанарлық сенімділік

C++, C+

Baa1; Baa2; Baa3

BBB+; BBB; BBB-

BBB+; BBB; BBB-

C+; C; C-

Төмен 
сенімділік

C, C-

Ba1; Ba2; Ba3

BB+; BB; BB-

BB+; BB; BB-

D+; D; D-

Өте төмен сенімділік

D, NA-7

B1; B2; B3

B+; B; B-

B+; B; B-

E+; E; E-

Сенімділіктің болмауы 

E, F, NA-10, NA-11

Caa; Ca; C

CCC+; CCC; CCC-

CCC+; CCC

F

Банкроттық 

   

CC; C; D

DD

 

 

Қаржы нарығының  түрлері 
Экономиканы қаржылық басқаруының халықаралық теориясы мен тәжірибесінде қаржы нарығының 2 негізгі нысанын айырады: 
- ұйымдасқан; 
- ұйымдаспаған. 
Ұйымдасқан қаржы нарығы – банктер мен биржалар белгілеген (анықталған) ережелер бойынша қызмет жасайтын нарық. 
Ұйымдаспаған қаржы нарығы – басқа жолдар арқылы қаржы активтердің айналыс аясын білдіреді: қаржы делдалдар, инвестициялық компаниялар арқылы және т.б. 
Қаржы нарықтар қаржы құралдары жиналған қор иесінен қарыз алушыға «құйылатын» көптеген әр түрлі «жолдардан» тұрады. Бұл жолдар теория бойынша 2 негізгі топқа бөлінеді: 
1 топ – тура қаржыландыру жолдары, яғни жинақ меншіктенушіден қарыз алушыға тікелей ауысатын жолдар бар. 
2 топ – жанама қаржыландыру жолдары, яғни жеке шаруа қожалықтардан фирмаларға қарай қаражаттар ерекше институттар – қаржы делдалдар арқылы ауысып, өтеді. 
Тура (тікелей) қаржыландырудың 2 негізгі тәсілі бар: күрделі қаржыландыру және қарыз алу жолымен қаржыландыру. Күрделі қаржыландыру бойынша инвестицияларды жүзеге асыру үшін осы кәсіпорын иелігіне үлестік қатысу құқығына айырбас ретінде кәсіпорын ақша қаражаттарын алады. 
Қарыз алу жолымен қаржыландыру бойынша кәсіпорын иелігіне үлестік қатысу құқығының жоқтығы және осы қаражаттарды белгіленген пайызбен төлеу жөнінде міндеттемеге айырбас ретінде кәсіпорын инвестицияларды жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарын алады. 
Қаржы нарықтарының жіктеуі әр түрлі белгілер бойынша жасалады. (1 кесте). 
Қаржы нарығы алғашқы (бастапқы), қайталама және үшінші болады. 
Алғашқы (бастапқы) нарықта жаңа шыққан қарыз міндеттемелер орналасады. Әдетте бұл ірі инвестициялық институттардың көмегімен іске асырылады. 
Қайталама нарығында шығарылған құралдар сатылады және сатып алынады. Бұл нарық инвесторлар жағынан сұраныстың алғашқы нарықтағы белгіленген құралдар ұсынысынан асып кету нәтижесінде пайда болады. 
3-ші нарық – туынды қаржы құралдарымен жасалатын сауда. Бұл нарықтың тез дамуының негізінде өзінің көп түрлілігімен қаржы нарығының дамуын ынталандыруына арналған жаңа құралдардың пайда болуы жатыр. 
Қаржы нарықтарының негізгі қатысушылары: 
- инвесторлар – олардың рөлінде пайда алу мақсатында тиісті нарықтарға бағытталған уақытша пайдаланбайтын қорлары бар заңды және жеке тұлғалар, мемлекет болуы мүмкін); 
- делдалдар – олардың рөлінде арнайы қаржы құрылымдар (банктер, сақтандыру компаниялар, қор нарықтарының, инвестициялық қорлардың және т.б. кәсіби қатысушылары болуы мүмкін; 
- пайдаланушылар – олардың рөлінде тиісті қаржы нарығында әр түрлі негіздерде өздеріне керек (қажет) қаржы қорларына ие болып, оларды пайдалану үшін құқығын төлейтін мемлекет немесе заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. 
Операцияларда қатысу сипаты бойынша нарық субъектілері 2 санатқа бөлінеді: тура және жанама қатысушылар. Қаржы нарығының тура қатысушыларына сәйкес нарықтардың биржа мүшелері жатады. Олар мәмілелерді өз шоты есебінен немесе биржа мүмкіндігінде жоқ тұлғалардың тапсырмасы бойынша жасайды. Биржа мүшелігі жоқ тұлғалар жанама қатысушылар сипатына кіреді. Нарықтағы операцияларда қатысудың мақсаттары мен себептері бойынша нарық қатысушылары хеджерлер мен саудагер, алып-сатарларға жіктеледі. 
Хеджер – ол бағамдық тәуекелдерді, трансфертті тәуекелдерді, өз активтерін немесе нақты мәмілелерді сақтандыратын тұлға. 
Саудагер, алып-сатар – ол негізгі активтердің бағамдық құнында болып қалуы мүмкін айырмашылығының есебінен пайда түсіргісі келген тұлға. Саудагерлер (алып-сатарлар) келісім-шарттарды сатып алады (сатады), оларды кейін жоғары (төмен) бағамен сату (сатып алу) үшін. Олар трейдерлер мен арбитражерлерге бөлінеді. 
Трейдер – бір не бірнеше келісім-шарттардың бағамдық тұрақсыздығынан пайда алатын тұлға. 
Арбитражер – әр нарықтардағы бағамдар айырмашылығын пайдаланып, бір активті бір уақытта (бір мезгілде) әр түрлі нарықтарда сатып-сатып алу есебінен пайда түсіру. Арбитражер активті арзан биржадан сатып алып, басқа биржада қымбатқа сатады. Баға айырмашылығы оның пайдасын құрайды. 
Инвесторларды түрлері бойынша 2 негізгі нарыққа қатысушылар тобына бөлуге болады: жеке және институционалдық инвесторларға. 
Жеке инвесторлар – ол құнды кағаздармен операцияларды жүзеге асыратын жеке тұлғалар. 
Құнды қағаздарды сатып алып, пайда түсіру жолымен олар өздерінің валюталық жинақтарын көбейтуге ұмтылады. 
Соңғы кездің маңызды үрдісі – институционалды инвесторлардың санды және сапалы өсуі. Оларға банктер, мемлекеттік мекемелер, халықаралық қаржы институттар, зейнетақы және сақтандыру қорлар мен компаниялар, ірі бірлестіктер, инвестициялық қорлар жатады.

Қаржы нарығына ақша нарығы, капиталдар нарығы және құнды  қағаздар нарығы кіреді. Ақша нарығында  бір жылдан аз уақыты бар қысқа  мерзімді қаржы құралдары айналады. Капиталдар нарығында ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады. Құнды  қағаздар нарығы ақша нарығының және капиталдар нарығының бөлігі болады, өйткені онда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады. 
Ақша нарығына келесі бөліктер кіреді: қолдағы ақша нарығы, қысқа мерзімді қазына міндеттемелер нарығы, қысқа мерзімді сауда міндеттеме қағаздар (вексель) нарығы. Ақша нарығына қарыз алушының ағымдағы қызметін қамтамасыз етуге пайдаланатын қысқа мерзімді несиелерді де жатқызуға болады; өндірісті кеңейтіп, заман талабына сай етіп жетілдіру үшін пайдаланған несиелер капиталдар нарығына жатады, яғни ақша нарығы оның қатысушыларының қысқа мерзімді қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал капиталдар нарығы – олардың ұзақ мерзімді қажеттіліктерін. Капиталдар нарығында ақша қорлары 1 жылдан көп уақытқа тартылады. Осы бөліктегі қаржы құралдарын ұзақ мерзімді және орташа мерзімді несиелер мен орташа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдар мен орташа мерзімді және ұзақ мерзімді сипатты құнды қағаздар – облигациялар мен акциялар. Уақытша пайдаланбайтын қорлардың шоғырлануы және пайда табу үшін олардың бір іске салынуы қаржы нарығында құнды қағаздардың айналысы арқылы жүзеге асырылады. Құнды қағаздар – нарықта дербес айналысы бар, сату-сатып алу және де басқа мәмілелердің объектісі ретінде бола алатын, мүліктік құқықтарды көрсететін ерекше құжаттар. Құнды қағаздар нарығы аясында меншік қатынастары іске асырылып, экономикалық өсудің қаржы көздері қалыптасып, инвестициялық қорлар шоғырланады. Қаржы нарығының бұл бөлігі нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес инвестициялық қорлардың қайта бөлуін іске асырып, оларды экономиканың келешегі бар және кірісті, пайдалы салаларына жұмылдыруын (шоғырлануын) қамтамасыз етіп, экономикалық жүйенің барлық субъектілеріне ақша капиталын алуға жеңілдік жасайды. 
Қаржы нарығы құрылымының анықтауында басқа да көзқарас орын алады. Ол бойынша қаржы нарығына айналыстағы қолма-қол ақша нарығы, несиелі капитал нарығы (несие нарығы) және қор нарығы кіреді. 

 

Қорытынды

ҚР мемлекеттік реттеу органдарының қаржылық есеп берулерді  ұсынудың белгіленген тәртібіне  сәйкес қаржы нарығының құрылымын  келесі құрылымда көрсетуге болады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қаржы рыногін мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері» туралы Жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр, № 872)  
2. ҚР Президенті Н.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан, 2006-2 наурыз 
3. Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін белгілеу-Актілер жинағы,2003 N8. 
4. «ҚР ұлттық банкі туралы» ҚР заңы.-Егемен Қазақстан, 1995,5шілде. 
5.Банковское дело / Под ред. Колесникова В.И. — М., 1995. 
6.Шеденов Ө.Қ.Жалпы экономикалық теормя.-Ақтөбе,2004. 
7.Ақша,несие,банктер.-Алматы,2001. 
8. Мамыров Н. Макроэкономика Алматы, 2003 ж 
9. Райымқұлұлы С. Экономикалық теория негіздері. Шымкент, 2005 ж.

Информация о работе Каржы нарыгы