Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 15:46, курсовая работа
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер. Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы тауар – ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады.
Кәсіпорындар қаржысы
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда, материалдық өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. Өйткені нақ сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер. Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы тауар – ақша қатынастары мен құн заңының нәтижесінде құралады. Тауар — ақша қатынастарын қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің алуан формалары айқындайды. Жеке тауар өндірушілердің еңбек бөлінісінің дәрежесі әр түрлі, дербес кәсіпорындарды, олардың құрылымдық бөлімшелерін айқындайды. Жекеленген тауар өндірушілер өздерінің еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды немесе тауардың құнын көрсететін ақшаға сатады. Бұл қатынастар жиынтығы тауар – ақша қатынастары болып табылады.
Кәсіпорындардың қаржысы ақша түрінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі процестерін көрсетіп, экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға қолданады. Кәсіпорындар, ұйымдардың дұрыс жолға қойылған қаржысынсыз экономикалық дамуы мүмкін емес. Кәсіпорындардың қаржысы халық шаруашылығын басқару жүйесінің, экономиканы өзгертудің аса маңызды құралы. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы мыналар: кәсіпорындар, ұйымдар, бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау тұргын үй – коммуналдық қызметін жүзеге асырушы шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың ( оның ішінде ұжымдық шаруашылықтардың халыққа қызмет көрсетудің, байланыстың, қоғамдық тамақтандырудың) қаржыларын қамтиды. Халық шаруашылығындағы әрбір саладағы қаржының техникалық экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын айырмашылықтары бар. Сонымен бір мезгілде халық шаруашылығындағы салалардағы кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың негізгі принциптері бірдей, өйткені, бірыңғай экономикалық заңдар, ортақ принциптерге негізделген.
Шаруашылық субъектлердің қаржысының қалыптасу негіздері
Шаруашылық субъектлердің
қаржылары — қаржы жүйесінің құрамдас
бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектлердің
қаржысы ақшалай нысанда қалыптасып, өндіріс
процесін ұлғайтуға бағыттала отырып,
оның экономикалық заңдар негізінде жүзеге
асырылуына ықпал етеді. Сонымен қатар
олар халық шаруашылығы одан әрі дамытуға
қажетті ақшалай қаражаттың жиынтықтарын
пайдалану мен бөлістіруде қолданылады
Шаруашылық субъектлердің қаржысының
бөлістірушілік функциясының ерекшелігіне
жеке қаржылар айналымындағы бекітілген
нормативтер негізінде (салық мөлшерлемелері,
амортизациялық аударымдар, банк несиесінің
мөлшерлемесі)өндірілген өнімнің құнының
айналымына қатынасуы ұдайы өндіріс процесіне
қатынасуы жатады.
Шаруашылық субъектлердің
қаржысының бақылаушылық функциясы кәсіпорын
экономикасында маңызды орынды алады:
себебі қаржылық бақылаусыз шаруашылықты
жүргізу мүмкін емес. Қаржы басқада экономикалық
тетіктермен біріге отырып, экономиканы
басқару үрдісінде, өндірісті арттыруда
және еңбек, материалдық, табиғи және қаржылық
ресурстарды мақсатты түрде пайдалануды
жүзеге асыруда маңызды рөлді атқарады
Осыған орай, шаруашылық субъектлердің
қаржысы дегеніміз ақшалай қаражаттарды
пайдалану мен бөлістіруге қатысты және
өнім мен қызметі өндіру мен өткізуге
байланысты экономикалық қатынастар болып
табылады.
Қайта бөлістіруде кәсіпорында
бірнеше ақшалай қаражаттардың көздері
қалыптасады:
Жарғылық капитал – кәсіпорын
құрылтайшылар жарнасы негізінде құрылған
жағдайда орын алады. Ол сыртқы айналым
қаржылары мен айналым активтерін қаржыландыруға
бағытталған.
Мақсатты қаржыландырулар және бюджеттік
түсімдер – заңдарда қарастырылған жағдайларда
жүзеге асады.
2. Коммерциялық негізде қызмет жасайтын кәсіпорындардың қаржысы
Кәсіпорын экономиканың негізгі
буыны ретінде нарық жағдайындағы ақша
–тауар қатынастарының дамуы жағдайында,
әр түрлі меншік нысаны түрінде қалыптасады.
Кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық нысандарының
қалыптасуы олардың қаржыларының ұйымдастырылуында:
капиталдың қалыптасуы, өндірістік-шаруашылық
қызметтің қаржыландырылуы, шаруашылық
нәтижелерін бөлістіруде ерекшеліктердің
маңызын қамтамасыз етеді.
Коммерциялық қызметтің мақсатына
пайда алу жатады. Коммерциялық негізде
материалдық және материалдық емес өндіріс
аясындағы кәсіпорындардың көптеген түрі
қызмет жасайды: коммерциялық банктер,
сақтандыру ұйымдары, басқада қаржылық
сектордың ұйымдары мен мекемелері( жинақтау,
депозиттік, инвестициялық қорлар, бағалы
қағаздар мен сауда делдалдық қатынастарды
жүзеге асыратын көптеген мекемелер),еркін
қоғамдық қорлар мен трасттық компаниялар
және т.б. Коммерциялық ұйымдардың қаржыларын
ұйымдастыру бір қағида негізінде жүзеге
асырылады. Бұл типтегі кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржыларын ұйымдастырудың
қағидаларына коммерциялық есеп-айырысу,
жоспарлылық, меншік нысандарының тең
жағдайы және қаржылық резервтердің болуы
жатады. Кәсіпорын қаржылық- шаруашылық
қызметінде белгілі бір мақсатқа арналған
қаржылық қорларды құрып, пайдаланады.
Қорларда ақшалай қаражаттар барлық уақытта
қозғалыста түсіп, айналысқа келіп, шығынға
жұмсалады. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы
ең маңызды қорларға келесілер жатады:
жарғылық, резервті, жинақ, валюталық,
жөндеу, еңбек ақы қорлары. Кәсіпорындар
өздері жеке қорларды да ұйымдастыра алады.
Мысалы, медициналық сақтандыру, жекешелендіру,
мүшелік жарна қоры, өндірістік және инфрақұрылымдық
қор.
3.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің
қаржылары.
Коммерциялық емес қызметтердің
көптеген түрлері бар және олар келесі
бағыттардан тұрады:
1) мемлекеттік басқару және жалпыға тән
мемлекеттік қызметтер;
2) қорғаныс саласы;
3) ішкі және сыртқы қәуіпсіздікті сақтау;
4) төтенше жағдайлар бойынша;
5) білім;
6) денсаулық сақтау;
7) халықты әлеуметтік қолдау;
8) фундаментальды ғылым;
9) мәдинет пен өнер;
10) қоршаған ортаны қорғау;
11) қала мен ауылдық мекендерді қолайлы
жағдайларды қалыптстыру (жарық беру,
көгалдандыру, жол, көпір.);
12) Қоғамдық ұйымдар мен мекемелер;
13) қайырымдық қорлары.
Қызметтің негізгі ерекшеліктеріне пайда
алу емес, қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз
ету жатады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржыландыру
көздеріне келесілер жатады:
- мемлекеттік бюджет есебінен;
-комммерциялық емес ұйымдардың жеке қаржылары;
-банктердің несиелері;
-әр түрлі гранттар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті
Экономика және ақпараттық технологиялар факультеті
Экономика және менеджмент кафедрасы
Тақырыбы: «Кәсіпорын қаржысы»
Орындаған: Қуанышбай Мөлдір.
5В050800 Есеп және аудит.
Көкшетау – 2013